Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Сынып сағаты "Ер есімі - ел есінде"

Сынып сағаты "Ер есімі - ел есінде"



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: Ер есімі-ел есінде

Мақсаты: Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ұл-қыздарды еске ала отырып, оқушыларды ерлікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу.


Мұғалім: 1941-1945 жылдардағы соғыстың ерлікке толы қаһарлы жылдары барған сайынбізден алыстап тарихқа кетіп барады.Бірақ сол бір естен кетпес жылдар бізден неғұрлым алыстаған сайын халықтың ғажайып ерлігі соғұрлым аса ұлы болып көрінеді. Соғыс жалыны басылғана 70 жыл өтсе де, оның өртінің лебі әлі сезіледі. Қан майданға қатысып, қанын төккен аяулы ата-әкелеріміздің есімдері тарих төрінде айшықтала

түсуде. Жеңіс күніне орай 4-сынып оқушыларының әзірлеген «Ер есімі ел есінде»

атты әдеби - музыкалық монтажды назарларыңызға ұсынамыз.


Мерей: Война — жесточе нету слова.

Война — печальней нету слова.

Война — святее нету слова.

В тоске и славе этих лет,

И на устах у нас иного

Еще не может быть и нет.

Ән «Священная война»

Марат: Отан деп қазақ та майданға аттанды,

Тот басқан қылыштар суырылды қынаптан.

Ең соңғы зор майдан – қан майдан басталды,

Зорлықтың, қорлықтың діңгегін құлатқан.

Азамат: Адам – тарих! Адам кешкен жолын ұқ,

Неше ұрпақ күнтізбеден алындық.

Бүкіл жерді бүркеп ұстап зұлымдық,

Қанша қан мен тер ұрттады зұлымдық.

Сұрапылдан дауа таппай шерленген,

Әлем демін әрең алды шеңберден.

Ажыратып қанды қара шеңберден.

Жарып шықты қарғыс пенен дозақтан.


Еркежан: Мөлдір аспанды бұлт қаптады. Шаттық әнді қайғылы үнге, нұрлы күнді қара түнге айналдырмақ болды. 1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия Кеңес Одағына опасыздықпен шабуыл жасады. Бұл халық үшін ауыр кезең болды. Отанымызға қатерлі күн туды. Дүниедегі бейбітшілік бағына сұрапыл соғыс қаһарын төкті. Отанымызды қорғау үшін еліміздің көптеген ер-азаматтары майданға аттанды.Барлық жұмыс соғыс талабына сай ұйымдастырылды. Партизан отряды құрылды. «Бәрі де, майдан үшін» деген ұран тасталды. Еңкейген кәрі, өрімдей жас, еңбектеген балаға дейін елі, жері, Отаны үшін арпалысты.

Е.Мәншүк: Оқ боранды күні түні,

Жапты жерді от қарып,

Алға қарай ұмтылды,

Батыр қазақ Тоқтаров.

Туын жықпай қолдағы,

Өжет болды ел үшін,

Кеудесімен қорғады

Ар намысын елінің.

Даламыздың гүлісің,

Балауса гүл, балғын қыз,

Жанын қиып, халқы үшін,

Жанып түскен оқ жұлдыз.

Мәңгі жасап жерде енді

Биік бол деп таулардан

Сенің балғын бейнеңді,

Жасап қойдық мәрмәрдан.


Асар: Сілкінтіп зеңбіректер көктің жүзін,

Оқ борап снарядтар қаққанда ызың.

Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған,

Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.

Қыр қызы орындады берген антты,

Халқына адал болу ердің салты.

Елі үшін қасық қанын аямаған

Жүректе мәңгі өшпейді Мәншүк аты.

Бақыт деген келер дәйім күреспен,

Бақыт үшін қарт бабалар күрескен.

Бақыт үшін арпалысты әкелер,

Тек бақытқа қол созумен ұл өсті.

Ән « Балалар соғысты көрмесін!»

Т.Мәншүк:Көк түтінге көмемін деп көгімді,

«Ес жидырмай еземін»,-деп елімді.

Келді фашист жеңе алмады бірақ та,

Бақыт үшін қаншама қан төгілді.

Көрші үйіне қара қағаз келіпті,

Қайран аға қан майданда өліпті.

Ерлігіне ескерткішті орнатып,

Жолдастары басына гүл қойыпты.

Е.Мәншүк: Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен, ата-бабаларымыздың ерлік істерін құрмет тұтып, еске алып, аруақтарына бас иеміз.Ер есімі-ел есінде. Кір жуып, кіндік кескен жері үшін, аялап, әлпештеп өсірген елі үшін, жанған отқа түсіп, жалын кешкен, ер азаматтар ешқашан ұмытылмайды. Олар тарихта өшпес із қалдырды.


Т.Мәншүк:Екі дүние айқасты

Майдандасқан алаңда.

Фашисттерді шайқаста

Езгіледік табанда,

Бейбітшілік орнаттық

Күн ортақ барлық адамға.

Жеңіс келді далама

Жеңіс келді қалама

Жеңіс келді әке боп,

Елдегі бар балаға.

Жеңіс келді ән болып,

Келді ауылға сән-көрік.

Жеңіс келді алақай,

Тойып жейтін нан болып.


Мерей:Өлімге қарсы шапқан ойланбастан,

Ордасын фашизмнің ойрандасқан.

Айқаста арыстандай аға тұтқан

Айрылдым қапияда қайран достан

Сиреп бара жатыр-ау майдандастар

Қынқ демей кеше тағдыр ауырына,

Біртіндеп кетіп бара жатыр қаруластар,

Шыдамай күздің қара жауынына.

Денесін шұрқ-шұрқ ақ тескенде,

Қасқайып, дес бермеген от кешкенде,

Ал бүгін кетіп жатыр қаруластар,

Шыдамай кәрі қуыспен беттескенге.

Туғандар Отан даңқын асырмаққа,

Бөлеген жапан түзды жасыл баққа.

Сарбаздар кетіп жатыр, өзі өсірген

Мидасын мирас етіп жас ұрпаққа.


Жалғас: Тағдырлары бұлақтай тоғысқан

Талай боздақ оралмады соғыстан...

Топырақ та бұйырмады достарға

Туған жерден — ежелгі ата қоныстан.

Алапаттан аман есен оралған

Бақыттырақ болғаным ба олардан?

Бәлкім олар бақыттырақ шықты ма?

Жастығын да ала жатты — жоқ арман!

Айтарым көп: айта алмаймын тауысып,

Бір толғамнан бір өлеңге ауысып,

Қайран ерлер қара жерге сыймайтын

Мен солармен күнде жүрем қауышып...


Алихан: Өрт болып, лаулап тұтанған,

Жалау боп жаны ел кегін

Қан боянды жас арман,

Қалдырып бізге жүрегін.

Соғады мәңгі сол жүрек,

Жалаңаш қолмен от қалап,

Елім деп, дарқан өмір деп,

Сауырылған қыннан көк болат.

Сұр бұлттың аққан жасындай

Ажалды оқпен ноқталап,

«Алғалап!» тартар ғасырдай

Болған сондай батыр қыз,

Бағы үшін жастық, кәрінің,

Болайық сондай бәріміз,

Бағы үшін адам жанының!

Е.Мәншүк: Бауыржан, Мәлік, Талғаттар,

Таңдаулы болып қалды аттар.

Қаншама олар аттастар,

Сәби бар, шәкірт, солдат бар.

Аттары әнге ұласқан

Нұркен боп ашық тұр аспан.

Табылар Мүншік, Әлия

Қарасаң әрбір сыныптан.

Атынын сай боп мәніне

Өсуді ойлар бәрі де.

Батырлар аттас балалар

Дүниеге келер әлі де.


Асар: Қалғымаса шекарада тұрған ер,

Айналмайды ешқашанда мұңға шер.

Ескерткіштер орнатады тек қана

Бейбіт өмір салтанатын құрған ел!

«Тыныш заман болсын елдің көгінде»

Деп батырлар басын тіккен өлімге.

Солар үшін Отан-Ана бейнесі

Бой көтерді Астананың төрінде.

Ана-жүрек көкірегінді күй қылған,

Үміті оның көздің жасын тыйдырған.

Көрші, міне, алтын кесе ішіне

Аналардың ақ тілегін сыйдырған.

Көз салғанда жүрегіңе дарып нұр,

Тебірініске бөлінесін анық бір.

Қан майданнан ұлын күткен ананың

Жанарында үміт оты жанып тұр!

Ән «Көк тудың желбірегені»

Ақниет:Биік ұш бейбітшілік көгершіні,

Асып өт нелер мұхит, не бір шыңды,

Қаққанда қанатыңды бірге естілсін,

Әлемге жас ұрпақтың өршіл үні.

Ер азамат, еңбек, ерлік, ел ерікті,

Еңбектің өрнегімен жер көрікті.

Мыңдаған Қазақстан күрескері,

Жеңіске жеткізді елін, ерлер ері.

Қақ жүрегім дүрсіліңді ұлғайт сен,

Жеңісіңді бар әлемге, күнге айт сен.

Не десең де, сенің сөзің қуатты

Қаптап көкке абырой мен бақ-құсың,

Самға, самғай бер менің Қазақстаным!


Еркежан: Уақыт көші озды алшақ,

Соғыс өтті қанқұйлы.

Жеңіс жайлы толғансақ

Өткен тарих жаңғырды.

Майдангерлер сиреді,

Қалды ол жылдар жырақта.

Елге ауыр тигені

Ұмытылмас бірақ та.

Соғыс бұлты түнеріп,

Көктің жүзін торлады.

Жасады ерлер ұлы ерлік

Ұлы Отанды қорғады.

От пенен оқ, көк тұман,

Қайтпас қайсар саңлақтар.

«Ел үшін!»- деп кешті қан

Бауыржандар, Талғаттар.

Отан үшін өлді ерлер,

Әкелген жоқ аз қайғы.

Ұмытпайды ерлерді ел,

Мәңгілік от маздайды.

Тыныштыққа не жетсін,

Мереке бұл қымбатты.

Жетім қалған бөбектің

Жасын Жеңіс құрғатты!

Ән: «Атамекен»

Мұғалім: Гүл тұнып тұр-ау қырларда,

Құлпырып тұр-ау мамырың.

Тыныштық өмір бұл маңда

Алды екен қайдан тамырын?

Мәңгіге кетіп жатыпты,

Сан ерлер бізден алыстап.

Жеңіспен келген бақытты

Ұрпақтарына табыстап.

дей келе Жеңіс күніне арналған әдеби монтажымызды аяқтаймыз.

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет.







57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 06.10.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров13
Номер материала ДБ-240539
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх