Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Конспекты / Разработка классного часа "Достық"

Разработка классного часа "Достық"


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:














hello_html_54748333.gif

hello_html_m10184a60.gif











hello_html_339b63c8.gif

















Тақырыбы: « Достық »

Мақсаты: Достық туралы терең түсінік бере отырып, адал достыққа, шынайылыққа баулу. Достық, сыйластық туралы пікірлесе отырып, оқушылар арасында достық сезім қалыптастыру.

Көрнекі құралдар: Ақ қағаздар, тағам ( тұссыз ), түсті қарындаш, фломастерлер.

Әдісі: Ойын сабақ

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі


Құрметті оқушылар, ұстаздар, ата-аналар.

Бүгінгі Қазақстан Республикасына ассамблеясына 20 жылына орай дайындаған 1сынып оқушыларының «Достық» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер.

ІІ. Қызығушылықтарын ояту

Дос болайық бәріміз, Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз, Атсын күліп таңымыз.

  • Балалар, мына тағамды татып көріңдерші, дәмі туралы не айтар едіңдер? ( дәмсіз, тұзсыз)

  • Балалар, ендеше өмірде доссыз адамды да осы тағамға ұқсатуға болады.Доссыз адам өмірінің мәні, сәні болмайды, тағамның тұзсыз дәмі болмаған секілді.

- Сонымен, балалар, «Доссыз адам – тұзсыз тағам!» деп бекерге айтылмаған. Ендеше, « ДОС » сөзіне дәм кіргізейікші, ол қандай болу керек, ол кім? Оның қазір көркі болмай, шуақсыз көңілсіз күндей, оған қасиеттер кіргізіп нұрын шашардай күндей етейікші. ( тақтада берілген күн « ДОС » сөзіне « шуақтарын » жазу )

Жолдас Адам , сыр бөлісетін адам

сенімді ДОС көмекші, мені өте жақсы түсінетін адам

қамқоршы қиындықта бірге болар

қандай жағдай болмасын бірге болатын адам

  • Ендеше, бір-бірімізбен қол алыса отырып, өз әнімізді айтайықшы.



« Сиқырлы орындық » жаттығуын орындау. Ортада тұрған орындыққа бір оқушы отырады. Қалғандары сол оқушының ұнамды жақтарын айтады.

Сахналау: « Тақтаға қағылған шеге »

- Өткен заманда бір кісінің өте бұзақы, сотқар мінезді баласы болған екен.Баласының бұл мінезіне кейіген әкесі күндердің бір күнінде оны шақырып алып, былай дейді.

Әкесі: -Міне, мұнда тақта мен шеге, балға қойдым.Сен енді күнде қаншама адамды ренжітсең, тақтаға сонша шеге қағып жүр. Апта соңында тағы сөйлесеміз.

  • Аптаға толмай бала 3 күнде 37 шегені бірден қағып тастайды, апта соңында тақта толып, баланың шегесі таусылады.

Баласы: - Әке, мен тәртіпті бала болғым келеді. Ол үшін не істеу керек?

Әкесі: - Ендеше, күнде қанша адамды сыйласаң, сонша шегені алып тастап отыр.

  • Бала айтқанын істеп, шеге бір күнде 2-3, екінші күні тағы көптеу, солай барлық шегені тауысады.Сонда әкесі келіп:

Әкесі: - Балам, мұның жақсы, түзелгенің ғой.Бірақ мына тақтайдың беті алғашқыдай бола ма? Қанша тырыссаң да, енді оның бетіне дақ қалды.

Бұзақылық істелмес бұрын әр нәрсені ойланып істеу керек.

Қорытындыға келейік. Қалай ойлайсыңдар, бұзақылық болу керек пе?

Сыныптың ішінде сондай сотқар, бұзақы оқушы бар ма?

Бұзақы болсаңдар не істер едіңдер, қателеріңді қалай түзер едіңдер?

( кешірім сұрап, тәртіпті оқушы болу керек )


Тапсырмалар


Бұл қағаздың мәні бар. Әрқайсысында жазылған буындарды біріктірсе сөз шығады.


1 бала: О-тан Дос тық ұл тық

2 бала: Мек-теп сы нып о қу шы


Келесі тапсырма суреттер астындағы нүктелер орнына қажет әріптерді жаз.


Әт..ш Бал..пан Қ..з Т...рғай К...гершін Қ..рлығаш


2. Келесі тапсырма: Сөздерді буынға бөліп оқу.


Шеше, көке, нағашы, қалам, ақын, жазушы.


3. Келесі тапсырма: Ребусты шешу.


Үй рек, жүз ім, Гүл нұр, Гүл сім, Ай гүл, ине лік, т он, қ он ақ, к үш, бес ік.


4. Келесі тапсырма:Суреттерді көріп, ертегілердің атын еске түсірейік.


5. Келесі тапсырма: Дауысты дыбыстардың астын сызу. Ол тапсырма барлығына беріледі.


Біздің сыныпта алты оқушы бар.

Әр партада екі оқушыдан отырады.

Қоңырау соғылды.

Балалар сыныпқа кірді.

Мұғалім келді.

Оқушылар орындарынан тұрып сәлемдесті.


«Кім тапқыр?» «С», «Ж»


Достық жайында кім қандай мақал- мәтелдер біледі екен?

  1. Біреу жаныңа жолдас, біреу малыңа жолдас

  2. Дос басқа қарайды, дұшпан аяққа қарайды

  3. Достық қымбат өмірде

  4. Дос жылатып айтар, дұшпан күлдіртіп айтар

  5. Дос сыртыңнан мақтар, дұшпан көріне мақтар

  6. Күлме досыңа, келер басыңа

  7. 100 сом ақшаң болғанша, 100 досың болсын

  8. Сыйласаң – сыйлы боласың

  9. Бірлесе көтерген жүк жеңіл

  10. Түсінесе білу – жақсы қасиет

  11. Доссыз адам тамыры жоқ ағашпен тең

  12. Заттың жаңасы жақсы, Достың ескісі жақсы

  13. Дос адам артық сұрамайды

  14. Дос достың кемшілігін кешіре береді

  15. Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас


«Кім тапқыр?» «С», «Ж»




Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады екен?

Қазір әр қайсыларың гүлді алып Отандарына деген тілек білдіріп, қонақтарға сыйлап. Менің қасыма келе қойыңдар.

Балалар Отанымызда қандай ұлт болса да, барлығымыз бір шатырдың астында тұрмыз.



Қорытынды: - Сонымен, балалар, біздің сынып қандай? Сынып арасында сыйластық, достық қатынас орнаған ба? Бүгін не туралы өттік? Дос дегеніміз не? Сабақ сендерге ұнады ма?

Осымен сынып сағатымыз аяқталды? Барлықтарың жақсы қатыстыңдар, көптен-көп рақмет. Мен сендерге өте қуаныштымын.












57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 21.02.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Конспекты
Просмотров61
Номер материала ДВ-475085
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх