Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Разработка классного часа к Дню знаний на казахском языке

Разработка классного часа к Дню знаний на казахском языке


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Бейбітшілік және келісім сабағы

Тақырыбы: Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр

Сабақтың мақсаты: Мемлекетімізде бейбітшілік және келісім, бірлік және тұрақтылық негізі – Елбасының «2050-Стратегиясы», жаңа индустрияландыру, «Нұрлы жол», «Мәңгілік Ел» үздік бастамалары аясында оқушылардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейту. Ел тарихын білу. Этносаралық және мәдениетаралық коммуникацияны дамыту, ұлттық мінез, ұлттық намыс, рухани-адамгершіліктерін қалыптастыру.

Өз атамекеніне деген сүйіспеншілікке, қазақстандық патриотизмге және тағаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Н. Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер, Қазақстан туралы бейнетаспа, интербелсенді тақта.

Сабақтың түрі:

  1. Сабақтың барысы: 1. Шаттық шеңбері.

  2. Миға шабуыл.

  3. Топқа бөлу.

  4. Үй тапсырмасы. Жобаларды қорғау.

  5. Кіріспе сөз

  6. Мәтінмен жұмыс.

  7. Бейнефильм.

  8. Суретте не белгіленген?

  9. Топтық жұмыс. 100 нақты дәлел.

  10. Эссе «Мен өз елімнің патриотымын»


1. Шаттық шеңбері. Әр оқушы тұрып ,«Менің атым Айнұр, мен 11 сыныпта оқимын. Мені бәрі біледі, бірақ менің сәнді көйлектерді өзім тігіп киетінімді ешкім білмейді» деп таныстырады.

2. Миға шабуыл. Жауап берген оқушы түсі ұнаған көк, сары немесе жасыл стикер алады.

1. Қазақстан үшін 2015 жыл қандай жыл?

  • Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл

  • Қазақстан Республикасы Конституциясына 20 жыл

  • Қазақ хандығына 550 жыл

  • Ұлы Жеңіске 70 жыл

2. ҚР конституциясы қай жылы қабылданды? (1995 ж 30 тамызда)

3. Конституцияға кімдер бағынады?

4. Қазақстан азаматы ретінде қандай құқықтарың қорғалады?

5. Қазақстан халық Ассамблеясы қай жылы құрылды?

6. Ассамблеға кім төрағалық етеді?

7. Қазақ хандығы қай ғасырда құрылды? (ХV ғасыр)

8. Алтын адам қай жерден табылған? (Есік қаласынан)

9. Тіл туралы Заң қашан қабылданды? (1997 жылы 11 шілдеде)





3. Топқа бөлу. Стикердің түріне қарай көк - Көк байрақ, сары - Алтын адам және жасыл - Жасыл желек.

4. Үй тапсырмасы. Жобаларды қорғау.

  • Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл.

  • Қазақстан халық Ассамблесына 20 жыл.

  • «100 нақты қадам» ұлт жоспары.

  1. Кіріспе сөз. Бірлік барлық қиындықтарды жеңуге қабілетті күш. Ортақ міндеттерді шешу кезінде әркім өз өмірін жақсартуға тырысады. Ынтымағы жарасқан ел ғана ертеңгі күнге сенімді. Біртұтас мығым ұлт – кез келген тарихи жағдайларда өркендеудің кепілі. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жолдауында: «Толысқандықтың жаһандық сынынан өту үшін біздің топтаса білуіміз қажет. Біз барлық қазақстандықтар арасындағы сенімді нығайтуға тиіспіз! Бір-бірімізге тағатты болуымыз керек! Бұлар Қазақстанның болашағына кілттер. Этносаралық келісім ол өміршеңдік оттегі», – деп ерекше атап көрсетті.

Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Қазақстанда бірегей және халық бірлігінің осы кезге дейін еш жерде қайталанбаған моделі қалыптастырылды. Қазақстан халқы Ассамблеясы жиырма жыл аралығында қазақстандағы барлық этностардың достық, тағаттылық және мәдениеті мен дәстүрін бірге дамыту идеясы іске асырылған қоғамды үйлестірудегі өзекті тетік қызметін атқарып келеді.

Қазақстан көптеген елдердегі әлеуметтік күйзелістер мен ғаламдық тұрақсыздықтың өсуі аясында орнықты және сенімді түрде дамуда.

Мемлекет басшысының «2050-Стратегиясы», жаңа индустрияландыру, «Нұрлы жол», Бес институтиционалдық реформа, «Мәңгілік Ел» сияқты үздік бастамалар – бұлар көп жылға бұрын есептелген ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын мега-жобалар. Оларды тек қуатты бүкілхалықтық механизм ғана іске қосуға қабілетті. Болашақ біртұтас ұлт осындай бола алады.

  1. Мәтінмен жұмыс.

Тақырыпты ашу мақсатында сендерге екі мәтін беріледі. 5 минут ішінде оқып, ойларын қағазға түсіріп, топта талдау.

1 Қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің қазақстандық моделі

Бірлік барлық қиындықтарды жеңуге қабілетті күш. Ортақ міндеттерді шешу кезінде әркім өз өмірін жақсартуға тырысады. Ынтымағы жарасқан ел ғана ертеңгі күнге сенімді. Біртұтас мығым ұлт – кез келген тарихи жағдайларда өркендеудің кепілі. Сонымен бірге, озық елдер қатарына қосылуды сезіну әрбір қазақстандықта бейбітшілік пен тұрақтылық үшін ортақ жауапкершілік туындатты.

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жолдауында: «Толысқандықтың жаһандық сынынан өту үшін біздің топтаса білуіміз қажет. Біз барлық қазақстандықтар арасындағы сенімді нығайтуға тиіспіз! Бір-бірімізге тағатты болуымыз керек! Бұлар Қазақстанның болашағына кілттер. Этносаралық келісім ол өміршеңдік оттегі», – деп ерекше атап көрсетті.

Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Қазақстанда бірегей және халық бірлігінің осы кезге дейін еш жерде қайталанбаған моделі қалыптастырылды. Қазақстан халқы Ассамблеясы жиырма жыл аралығында қазақстандағы барлық этностардың достық, тағаттылық және мәдениеті мен дәстүрін бірге дамыту идеясы іске асырылған қоғамды үйлестірудегі өзекті тетік қызметін атқарып келеді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы сондай-ақ ағымдағы жылы 20 жылдығы атап өтілетін жаңа Қазақстан Конституциясын қабылдау бойынша бүкілхалықтық референдум бастамасын көтерді. Осы жылдар ішінде Ассамблея Мәжіліс депутаттарын сайлау құқына ие конституциялық органға айналды. «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заң қабылданды, әлемде баламасы жоқ және ол еліміздің болашағы үшін өте маңызды, себебі оның нормалары біздің ұлтаралық саясатымыздың негізін қалыптастырады.

Қазақстандық модель барлық халықаралық қауымдастықтың жоғары бағасына ие болды. БҰҰ-да тұсаукесері табысты өтті және 60 тілге аударылды. Барлық әлем үшін ол қоғамдық тұрақтылықтың өнегесі, 100 этнос пен 17 конфессия мүдделерінің тепе-теңдігін сақтау мен нығайтудың үлгісі болды.

Қазақстан Республикасында оқыту толығымен өзбек, ұйғыр, тәжік және украин тілдерінде жүргізілетін 88 мектеп жұмыс жасайды. Қазақстанда 108 мектепте 22 этностың тілдері жеке пән ретінде оқытылады. Мұнан бөлек, 30 этностың тілі оқытылатын мамандандырылған 195лингвистикалық орталық ашылған.

Ақпараттық өрісте 35-тен артық этникалық газет, журналдар белсенді жұмыс жасайды. Ең ірі 6 этникалық республикалық газет мемлекеттің қолдауымен жұмыс істейді. Газеттер мен журналдар 11 тілде шығады, радиохабарлар – 8 тілде, ал телехабарлар – 7 тілде жарияланады.

2. Қазақстан халқы Ассамблеясы — 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган Жиырма жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды.

Заңға сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясы ол – заңды тұлға құрылмай, Қазақстан Республикасының Президенті құратын, мемлекеттік ұлттық саясатты әзірлеуге және іске асыруға ықпал ететін мекеме.

Ассамблеяның мақсаты қазақ халқының топтастырушы рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негізінде қазақстандық азаматтық бірегейлікті және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде Қазақстан Республикасында этносаралық келісімді қамтамасыз ету болып табылады.

Ассамблеяның негізгі міндеттері

  1. этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді және толеранттықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау;

  2. халық бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамның негіз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту;

  3. қоғамдағы экстремизмнің және радикализмнің көріністері мен адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қысым жасауға бағытталған әрекеттерге қарсы тұруда мемлекеттік органдарға жәрдемдесу;

  4. азаматтардың демократиялық нормаларға сүйенетін саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыру;

  5. Ассамблеяның мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу үшін этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруді қамтамасыз ету;

Қазақстан халқының ұлттық мәдениетін, тілдері мен дәстүрлерін өркендету, сақтау және дамыту болып табылады. Қазақстан халықтарының ассамблеясы ел бірлігін сақтауға үлес қосқан  доктрина

7. Қазақстан туралы бейнефильм. Оқушылар фильмді мұқият тыңдап, қажетті деректерді қағазға жазып отыруы керек.

8.Суретте не белгіленген? Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы.

9. Топтық жұмыс. 100 нақты дәлел. Әр топ берілген тақырыпқа нақты дәлелдер келтіреді. Үлкен форматтағы А3 қағазына ретімен 3 минутта жазып шығу керек

Көк байрақ тобы – Тарихи дәйектер. Тәуелсіздік алғанға дейінгі Қазақстан халқының жайы.

Алтын адам тобы – «Бірлік пен тұрақтылық негізі – Қазақстан жетістіктері (асулары)».

Жасыл желек тобы – «Еліміздегі бейбітшілік және келісімнің негізі – Елбасы бастамалары (жобалары)».


10. Рефлексия.Эссе «Мен өз елімнің патриотымын» 2 мин.

Қорытынды. Қазақсан туралы бейнеролик қосылып, баяу музыка ойнап тұрады. («Менің елім»әні. Сөзі Н.Назарбаевтікі,әні Б.Тілеухановтікі).

Оқушылар шығармалары тыңдалады. 3 мин.

Жүректен-жүрекке. Ыстық лебіздерін білдіріп, сабақты аяқтау.1 мин.

hello_html_5e877b88.gif


1 Қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің қазақстандық моделі

Бірлік барлық қиындықтарды жеңуге қабілетті күш. Ортақ міндеттерді шешу кезінде әркім өз өмірін жақсартуға тырысады. Ынтымағы жарасқан ел ғана ертеңгі күнге сенімді. Біртұтас мығым ұлт – кез келген тарихи жағдайларда өркендеудің кепілі. Сонымен бірге, озық елдер қатарына қосылуды сезіну әрбір қазақстандықта бейбітшілік пен тұрақтылық үшін ортақ жауапкершілік туындатты.

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жолдауында: «Толысқандықтың жаһандық сынынан өту үшін біздің топтаса білуіміз қажет. Біз барлық қазақстандықтар арасындағы сенімді нығайтуға тиіспіз! Бір-бірімізге тағатты болуымыз керек! Бұлар Қазақстанның болашағына кілттер. Этносаралық келісім ол өміршеңдік оттегі», – деп ерекше атап көрсетті.

Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Қазақстанда бірегей және халық бірлігінің осы кезге дейін еш жерде қайталанбаған моделі қалыптастырылды. Қазақстан халқы Ассамблеясы жиырма жыл аралығында қазақстандағы барлық этностардың достық, тағаттылық және мәдениеті мен дәстүрін бірге дамыту идеясы іске асырылған қоғамды үйлестірудегі өзекті тетік қызметін атқарып келеді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы сондай-ақ ағымдағы жылы 20 жылдығы атап өтілетін жаңа Қазақстан Конституциясын қабылдау бойынша бүкілхалықтық референдум бастамасын көтерді. Осы жылдар ішінде Ассамблея Мәжіліс депутаттарын сайлау құқына ие конституциялық органға айналды. «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заң қабылданды, әлемде баламасы жоқ және ол еліміздің болашағы үшін өте маңызды, себебі оның нормалары біздің ұлтаралық саясатымыздың негізін қалыптастырады.

Қазақстандық модель барлық халықаралық қауымдастықтың жоғары бағасына ие болды. БҰҰ-да тұсаукесері табысты өтті және 60 тілге аударылды. Барлық әлем үшін ол қоғамдық тұрақтылықтың өнегесі, 100 этнос пен 17 конфессия мүдделерінің тепе-теңдігін сақтау мен нығайтудың үлгісі болды.

Қазақстан Республикасында оқыту толығымен өзбек, ұйғыр, тәжік және украин тілдерінде жүргізілетін 88 мектеп жұмыс жасайды. Қазақстанда 108 мектепте 22 этностың тілдері жеке пән ретінде оқытылады. Мұнан бөлек, 30 этностың тілі оқытылатын мамандандырылған 195лингвистикалық орталық ашылған.

Ақпараттық өрісте 35-тен артық этникалық газет, журналдар белсенді жұмыс жасайды. Ең ірі 6 этникалық республикалық газет мемлекеттің қолдауымен жұмыс істейді. Газеттер мен журналдар 11 тілде шығады, радиохабарлар – 8 тілде, ал телехабарлар – 7 тілде жарияланады.




2. Қазақстан халқы Ассамблеясы — 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган Жиырма жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды.

Заңға сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясы ол – заңды тұлға құрылмай, Қазақстан Республикасының Президенті құратын, мемлекеттік ұлттық саясатты әзірлеуге және іске асыруға ықпал ететін мекеме.

Ассамблеяның мақсаты қазақ халқының топтастырушы рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негізінде қазақстандық азаматтық бірегейлікті және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде Қазақстан Республикасында этносаралық келісімді қамтамасыз ету болып табылады.

Ассамблеяның негізгі міндеттері

  1. этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді және толеранттықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау;

  2. халық бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамның негіз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту;

  3. қоғамдағы экстремизмнің және радикализмнің көріністері мен адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қысым жасауға бағытталған әрекеттерге қарсы тұруда мемлекеттік органдарға жәрдемдесу;

  4. азаматтардың демократиялық нормаларға сүйенетін саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыру;

  5. Ассамблеяның мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу үшін этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруді қамтамасыз ету;

Қазақстан халқының ұлттық мәдениетін, тілдері мен дәстүрлерін өркендету, сақтау және дамыту болып табылады. Қазақстан халықтарының ассамблеясы ел бірлігін сақтауға үлес қосқан  доктрина








57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 15.09.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров178
Номер материала ДA-046574
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх