Инфоурок Классному руководителю КонспектыРазработка классного часа на тему "Ұраным-намыс, туым-бірлік!"

Разработка классного часа на тему "Государственная символика РК"

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: «Мемлекеттік рәміздердің айшықтары»

 

Сабақтың мақсаты:

 а) Мемлекеттік рәміздер,олардың пайда болу тарихы  туралы оқушылардың білімдерін тереңдете отырып, саяси және құқықтық  сауаттылықтарын арттыру;  мемлекеттік рәміздердің қазіргі таңдағы  мәртебесінің төмендеп кетгендігін айқындау, рәміздердің маңыздылығын  ұғындыру;

ә) Мемлекеттік рәміздерді құрметтей алатын, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан жеке тұлға дамытуға жағдай туғызу;

б) Рәміздерді құрметтеу арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу, елін, жерін сүюге баулу,түрлі сала мамандықтарына бейімдеу.

 

Сабақтың көрнекілігі: ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың портреті, ҚР-ның рәміздері туралы буклет,экран,проектор, презентациялар.

 

                                                             Сабақтың барысы: 

 

 1. Ұйымдастыру кезеңі.Мұғалімнің кіріспе сөзі.

           2. Үй жұмысы.Топтар ортаға шығып жобаларын қорғайды.

            -Рәміздер және олардың пайда болу тарихы  туралы мағлумат

            -Мемлекеттік рәміздердің халыққа танымалдығы

            -Мемлекеттік рәміздердің пайдаланылу тәртібі

            - Мемлекеттік рәміздер қорланған  жағдайдағы жауапкершілік

           3.Мемлекеттік рәміздердің мәртебесін көтеру жолдары.

           4. Қорытынды сөз.

 

                            

1.Кіріспе

 

Құрметті оқушылар! Бүгінгі сабағымыз тәуелсіз Отанымыздың ұлттық мақтанышы – мемлекеттік рәміздерге арналады. Онда мемлекетіміздің рәміздері туралы білімдерімізді толықтырып, құрметтеуге үйренеміз. Кез келген мемлекеттің айшығы – мемлекеттік рәміздері екені белгілі. Біз де бүгінгі сабағымызды еліміздің Гимнімен бастайық.

 

-Гимн орындалады

 

Өмірге келген әр жаңа мемлекеттің өз «іңгәсі» бар. Олкөтерген туы мен елтаңбасы, асқақтата әуелеткен әнұраны. Еркіндікке ұмтылған елдердің бәрі де өз даусымен сөйлеуді, өз үнімен жар салуды армандайды. Сол жұлдызды сәт туған кезде өз болмысымен тіршілік кешу мүмкіндігі пайда болғанын, саяси бостандық алғанын шын сезінеді.

Мемлекеттік рәміздербелгілі бір елдің өзінше өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман-аңсарын, басқалармен байланыс мұратын білдіретін бел­гі. Тәуелсіздік деген қасиетті ұғым мәдени нышандар тілінде де сөйлейді.

Олар мәдениет тіліндегі ас­тарлы ұғымдардың маңызды элементтері ретінде халқымыздың тарихында жаңа кезең бастал­ғандығын жария етіп, рухани төлбастауларға және өзіндік даму жолына берік бетбұрыс жаса­ғандығын білдіреді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 4 маусымдағы №3827 Жарлығына толықтырулар енгізіліп, 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні ретінде аталып өтетін болды.

1992 жылы 6 маусым күні тәуелсіз еліміздің тұңғыш мемлекеттік рәміздерінің тұсаукесер салтанаты өтіп, сол күні Президент сарайы мен Парламент Үйінің төбесіне Ту көтерілді, Елтаңба орнықты. 6 ай өткен соң 1992 жылы 11 желтоқсанда Мемлекеттік Гимннің мәтіні бекітілді.

«Біз Тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы-осы»,- деген Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың арнау сөзін Қазақ елінде тұратын және оны өз отаным деп білетін әрбір азамат жүрегінің терең түкпірінде сақтап, қашанда жадында ұстауы керек. Бұл баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік борышымыз! Әрине, мемлекеттік рәміздерімізді қастерлеп, қасиеттеу үшін, алдымен мемлекеттік рәміздер туралы терең түсінік болуға тиісті.  Мемлекеттік рәміздер де белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман-аңсарын, басқалармен байланыс мұратын білдіретін белгі.  Сонымен, бүгін өмір сүріп отырған үшінші мыңжылдық ғасырынан, сонау алғашқы адамзат пайда болған ерте кездерге ауысамыз да, мемлекеттік рәміздер туралы білімімізді сарапқа саламыз.

Қазақ жерінде ту қашан пайда болды?

Ту көтерген батыр бабалар бейнесі сонау ерте замандарда жартаста сызылған суреттерде айқын бейнеленген. Көне ұғымдарды былай қойғанда, аттары бүгінге дейін жеткен Мөде, Бумын және Елтеріс, Жәнібек пен Керей, Қасым мен Есім хан, Тәуекел мен Тәуке, Әбілқайыр мен Абылай сынды ел билеушілеріміздің, қол бастаған баһадүрлеріміздің қай-қайсысының да өз байрағы болғаны мәлім.

 

-Сөзді Тарихшылар  тобына берейік.

 

 «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» құжаты мемлекет пен қоғамды тығыз байланыстыратын құндылықтардың мазмұнына терең үңіліп, оның мән-мағынасына жаңаша көзқараспен қарауға ұмтылдыратын маңызды дүние. Міне, осы тұрғыда Қазақстан Республикасының рәміздері – Мемлекеттік туы, Елтаңбасы және Әнұранының қазақстандық біртектілік пен бірлікті дамытудағы құдіреттілік қасиеттерін жете ұғынатын боламыз. Мемлекеттіліктің басты нышанын білдіретін рәміздердің мағыналық мазмұнымен қатар, олардың қабылдану және бекітілу тарихын да білу қоғам үшін маңызды. Түптеп келгенде Мемлекеттік рәміздер ұлттың, мемлекеттің бай тарихының құнды белгісі ретінде халыққа және елге қызмет жасайды. Мемлекеттік рәміздеріміз арқылы елімізді бүкіл әлемге танытуға болады, өйткені онда халқымыздың бүкіл бастан кешкен тарихы, бүтіндей мәдениеті жатыр және болашақтың болмысы бар. Сондықтан рәміздер халқымыз үшін отансүйгіштік сезімнің бастау көзі бола алады.Ал жерлестеріміздің патриоттық сезімдерінің деңгейін жеткізу үшін ортаға келесі топ оқушыларын шақырамыз.

 

-Сөзді Журналистер  тобына берейік.

 

Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауында:«…Біз ұлттың тарихи санасын қалыптастыру жұмысын жалғастыруымыз керек. …Бүкілқазақстандық бірегейлік біздің халқымыздың тарихи санасының өзегіне айналуға тиіс.» деген болатын. Ендеше, мемлекеттік рәміздер біздің тарихи жадымыздың бейнесі және ақиқат құндылықтарымыздың бірегей факторы болып табылатыны сөзсіз.

Атақты зерттеуші Освальд Шпен­глер айт­қандай, бүкіл мәдениеттің бірлігі жалпы тілі мен оның сим­волдарына негізделеді. Әр халық, мемлекет төл символдарын қа­лып­тастырып, қастерлейді, идеялық жә­не иден­тификациялық тұрғыдан соның төңі­ре­гіне топтасады. Ұлттық саяси сим­вол­дар­дың аяққа тап­та­луы­на жол бермейді. Ресми пат­риоттық символдар, әнұрандар ұлттың кез келген жердегі визиттік кар­точ­касы іспетті.Осы мәселеге қатысты ақпарат алу үшін ортаға келесі топты шақырамыз.

     

  -Сөзді Бақылаушылар және Заңгерлер  топтарына берейік.

 

      

 

5. Топтық жұмыс. «Төбеңнен елдік нұрын тұрған құйып, өмірде ешнәрсе жоқ Тудан биік» ұраны аясында әр топ Мемлекеттік рәміздерді қастерлеп құрметтеу жолында қандай шараларды ұйымдастыруға болатындығын талқылап, жариялайды.

 

     

Мұғалімнің қорытынды сөзі.

Елбасы белгілеп берген, бес институтционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамын қамтыған Ұлт жоспарының «Біртектілік пен бірлік» бөліміндегі алты қадам (85-қадамнан 90-қадамға дейін) қалыптасқан елдік құндылықтарға жаңа серпін беруге негізделген. «Мәңгілік Ел» мегажобасының аясында қазақстандық қоғамның жаңа сапалық сипаттағы келбетін қалыптастыру, рухани-мәдени санаттағы құндылықтарымызды дұрыс түсіну, оны қабылдаудың тың үлгілерін жасау және жаһандық кеңістікке барынша танымал ету – Ұлт жоспарындағы «Біртектілік пен бірлік» бөліміне енгізілген қадамдардың басты идеясы.

Мемлекеттік рәміздер – мем­ле­кеттің ар-намысы, ұлттың айнасы, халықтың та­ри­­хымен тамырлас жан дүниесі. Ол саяси символ ретінде бір күнде пайда бола қалмайды, ұзақ жыл бойы қалыптасады. Сондықтан оларды қадірлеп қастерлеу, жастар арасында мақтанышпен үгіттеу, оларды қорлауға жол бермеу- еліміздің тәуелсіздігін сақтап қалудағы  негізгі қадамымыз.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Разработка классного часа на тему "Ұраным-намыс, туым-бірлік!""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор по маркетингу

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 198 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.11.2015 882
    • DOCX 374.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Есбаева Флория Алмасовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Есбаева Флория Алмасовна
    Есбаева Флория Алмасовна
    • На сайте: 9 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 3
    • Всего просмотров: 14213
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 786 человек из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 977 человек

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 90 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 249 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 87 человек

Мини-курс

Психология аддиктивного поведения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 31 человек

Мини-курс

Практика гештальт-терапии: техники и инструменты

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 306 человек из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 63 человека

Мини-курс

Стратегии брендинга и лояльности потребителей: изучение современных тенденций и подходов

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе