1360086
столько раз учителя, ученики и родители
посетили официальный сайт проекта «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
Добавить материал и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015

Скидка 0%

112 курсов профессиональной переподготовки от 3540 руб.

268 курсов повышения квалификации от 840 руб.

МОСКОВСКИЕ ДОКУМЕНТЫ ДЛЯ АТТЕСТАЦИИ

Лицензия на осуществление образовательной деятельности №038767 выдана 26 сентября 2017 г. Департаменотом образования города Москвы

Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыРазработка классного часа на тему "Кездесейік жыл сайын сағынышпен"

Разработка классного часа на тему "Кездесейік жыл сайын сағынышпен"

Международный конкурс

Идёт приём заявок

Подать заявку

Для учеников 1-11 классов и дошкольников

16 предметов

библиотека
материалов

Кездесейік жыл сайын сағынышпен

Ән « « орындайтын Аманжол.


1-жүргізуші:Данияр

Құрметті ұстаздар!

Бүгін сіздер осыдан 10жыл бұрын осы мектепті бітірген мектеп түлектерінің кездесу кешінің куәсі болып отырсыздар.Өз таңдауларын жасаған 32 оқушының есею, өзгерту, жаңарту, даму кезеңіндегі кездесу.


2-жүргізуші:Сабина

Бұл кездесу-арада жылдар өткенде лүпілдеген бала жүрегінің қуанышын немесе мектептен алыстап қалған кездегі толғанысын, немесе достарынан жырақта жалғызсыраған кездегі сағынышын бөлісер балалық шақтың кездесуі болмақ.

1-жүргізуші:

Жаны толқып, лүпілдеген жүрегі,

Бойы өсіп, ойы толқып тұр енді.

Сендерсіңдер болашақтың тірегі-деп ортаға кешегі -шәкірт,студент,ал бүгінде кәсіп иес і болған қонақтарымызды қошеметпен шақырайық:

Әуешева Әйгерім, Байтасова Мадина, Байқасов Ерқанат, Дүзелбаева Индира,Ерманов Қайрат, Жантасов Қуаныш,Жаркенова Айна, Жұмаған Аманжол, Жұмабаева Сабина, Ибраева Жанар, Кемелова Гүлназ, Кенжеғара Айдана, Куваничова Жарқынай, Қазымбекова Зарина, Қарсақбай Әйгерім, Қуанышбаева Анар, Нсанбаева Әлия, Нүрпейісова Әсел, Сақтағанов Бейбіт, Сәруарова Ақшолпан, Сейдахметова Диана, Дюсебекова Маншүк, Ахметханова Жансая, Досымхан Данияр, Бикенов Арман, Джанабаева Гүлмира, Баекенова Әсел, Келембаев Мейрам , Қапанов Шоқай, Муслипова Гүлдина,Мажитов Бекзат, Муслипова Мадина.

1-жүргізуші:

Сендер мамансыңдар, бірақ мектеп өмірі сендер үшін мәңгі ертегі. Емін еркін асыр салып ойнаған, балалықтың базарын жалықпай шарлаған бал күндер, тәтті күндер, сыңғырлаған қоңырау үнін асыға күтетін алаңсыз шақтар артта қалды.Содан бері аттай он жыл да өте шыққан екен.Бұл кездесуге немен келдіңдер?

Аманжол: Сыныптастарға деген сағынышымызды ала келдік.

Әсел: Ұстаздарымызды өнерімізбен қуантқалы келдік.

Гүлмира: Тойдың басы болсын деп шашуды да ала келдік, Данияр.

Қуаныш: Гүлмира дұрыс айтады, қыздар шашуларың қайда? Шашу шашып, ән айтып, би билеп бүгін бір ұстаздарды қуантайық.

( 3 қыз шашу үлестіреді )

Индира: Ал,жігіттер,қыздар, тұрмайық ! Ұстаздарға деген сағынышымызды жүрекжарды әнімізбен, биімізбен көрсетейік.Қане,бастайық!

(әр жерден дауыстар: дұрыс айтасың,бастасақ,бастайық! бәрі шығып кетеді)

1-жүргізуші:

Ұстаз деген ұлы тұлға, білім нәрін себетін,

Ақыл беріп ой-санаға мейірімін төгетін.

Шәкірттерін әрқашан биіктерден көрсем деп,

Ізгі ниет, үмітпен ақ батасын беретін.


Ұстаздарға мың алғыс жетелеген біздерді,

Ұмытпайды шәкірттер ұлы тұлға сіздерді.

Өмір-өзен арнасымен шықсақ қанша биікке,

Есімізден шығармаймыз ұстаз салған іздерді.

2-жүргізуші:

Нұр құйды ма сәби-гүл-әлди елі,

Жүрегіңде қасиет бар киелі...

Шәкірттерге ұстаздар дәріс берсе,

Сіз ұстазға үйреттің тәрбиені

1-жүргізуші:

Құрметті Ғалымжан Әубәкірұлы, Айман Ағытайқызы, Раушан Хамитқызы, Бибігүл Алдабергенқызы мына бір әсем ән сіздердің құрметтеріңізге орындалады.Қабыл алыңыздар!

( оқушылар қоңырау төсбелгісін тағады,ән орындайтын Анар)


1-жүргізуші:

Ал, ұстаздар, білім берген ақ ордам,

Адалдық пен ізгіліктен жаралған.

Ақ батаңды шәкіртіңе бер бүгін,

Орындалсын сенде оянған бақ арман

2-жүргізуші:

Қолыңа қалам ұстатып,

Жаныңды нәзік түсінген.

Қарызсың алғаш Ұстазға,

Алғашқы әріп үшін сен.

1-жүргізуші:

Бастауыш сыныптағы алғашқы ұстаздар Кендірова Ұлмекен Қоқырайқызы,Нсанбаева Гүлнар ,Ерекешева Ұлмекен Тілемісқызы, Балахметова Камшат Исламқызы –орындарыңыздан бір көтеріліп көрінсеңіздер.(қоңырау төсбелгісін тағады)

Сіздерге арнап шәкірттеріңіз би дайындап келіпті,бірге тамашалайық!

(ортада Әсел, Индира, Гүлназ –би)


2-жүргізуші:

Ұстаз ,сенсің адалдықты үйреткен,

Ұстаз, сенсің жамандықты күйреткен.

Ұстаз, сенсің жақсылықты ұран ғып,

Ұстаз, сенсің мені жұртқа сыйлы еткен


1-жүргізуші:

Сырттан құр не десек те

Төселдірген есепке

Мына ән-сыйды түлектің

Алғысы деп есепте - деп келесі тыңдайтын ән Математика,физика пән мұғалімдері Күнеділова Мейрамкүл Нұрқанқызы мен Құсайынов Досбол Төлеуханұлына арналады. Қабыл алыңыздар.


(төсбелгі тағылады, ән орындайтын Гүлмира)


1-жүргізуші:

Әр шәкірттің сезімі бір, әні бір,

Шаттық пенен қайғы, мұңға жаны бір.

Балғын шәкірт жүрегінен жол тапқан,

Ұстаз бенен мейірімнің мәні бір.




2-жүргізуші:

Мұғалім –ұстазысың балалардың,

Болашақ ғалымдардың, даналардың.

Өмірде сенің алар орныңды,

Бірі де жеткізе алмас балалардың-деп ортада отырған алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Тоқбаев Самат Болатұлына, ДЕНЕ шынықтыру пәнінің мұғалімі Қапаров Қаһарман Мұхамеджанұлына, машинатану пән мұғалімі Досанов Қайыр Макешұлына әзіл-думанды арнаймыз.

(төсбелгі тағылады, КВН)

1-жүргізуші:

Жарқылдап, кездесуге келген асыл жандар,

Гүлдей боп көзімізге басылғандар.

Қол жетпес арманды іске асырғандар.

Ұстаздар асыл жандар, асыл жандар!

2-жүргізуші:

«Білімді бол, оқы, үйрен»-деп өсірді,

Жақсылыққа баулып та жүр не түрлі.

Бала үшін бәйек болған күн-түні,

Құрметтейік, «Ұстаз» деген есімді

1-жүргізуші:

Олай болса сондай асыл жандар химия пән мұғалімі Баймолдина Жанар Балтабайқызына,биология пән мұғалімі Оразбекова Күлпаш Қапарқызына келесі қыздарымыздың әні сіздерге арналады.Қабыл алыңыздар!

(төсбелгі тағылады, ән Гүлназ,Индира)

1-жүргізуші:

Анаңдай бастан сипайтын,

Жауар бұлтқа да ұқсайтын.

Ақылшың болып кей сәтте,

Өмірдің жолын нұсқайтын.

Ажырамай халықтан бір елі сіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

Ән арнаймыз құрметпенен өзіңізге

Түлектерге арналсын тілегіңіз.-деп келесі әсем ән аяулы сынып жетекшілеріміз Мұхамеджанова Орынбасар Шаруанқызы мен Фаткуллина Данагүл Сайлаубайқызына арналады.Қабыл алыңыздар!

(төсбелгі, ән орындайтын Сабина)


1-жүргізуші:

Әр жыл сайын қаруланттың біліммен,

Алға дәйім мені бастап өсірдің

Нәр аламын, аяулы ұстаз, үніңнен

Ардақтысың мектеп-алтын бесігім.

2-жүргізуші:

Орыс тілі, ағылшын тілі ортақ тіл деп білеміз,

Бар ұстазға арналатын жыр егіз.

Шәкірттерің сүйіктісі болсын деп

Ұстаздарым, сізге, айтамыз біз лебіз.

1-жүргізуші:

орыс тілі пән мұғалімі Нұрханова Ляззат Серікбайқызына,ағылшын тіл пән мұғалімдері Қожагельдина Зәуре Көбенқызы мен Фаткуллина Айнұр Дәндібайқызына би-шашу.

(ортада Әсел, Индира, Гүлназ –би)



1-жүргізуші:

Өміріне серік еткен үмітті,

Еңбегімен еліне ол сүйікті.

Өзгелердің бақыты үшін тер төгіп,

Өзгелерге тілеп жүрер биікті.

2-жүргізуші:

Олай болса келесі ән информатика пән мұғалімдері Досов Марат Талғатұлына, Карбаев Төлеген Жұмабекұлына, мектептің әлеуметтік педагогі Ермұханбетов Батырхан Сейдахметұлына, психолог Сақауов Батыржан Базылұлына арналсын.

(төсбелгі, ән Әлия мен Айдана)

1-жүргізуші:

Ұстаз деген білім кені, жыр кені,

Ұстаз деген ғылымның ең үлкені.

Ұстаз деген тәрбиеші адамға,

Ұстаз деген даналардың мекені

2-жүргізуші:

Ендеше келесі әсем қыздарымыздың биі тарих пән мұғалімі Баймолдина Жібек Балтабайқызы, география пән мұғалімі Ахмет Гүлзият Оналбайқызы және өзін-өзі тану пән мұғалімі Акижанова Әсел апайдың құрметіне орындалмақ..


1-жүргізуші:

Қабыл алыңыздар! (төсбелгі.би)


1-жүргізуші:

Мектеп, мектеп,менің жарқын көңілім

Мектеп,мектеп, шаттық толы өмірім

Мектеп,мектеп,әнім болып төгілдің

Мектеп ,мектеп ана болып та көріңдің.

2-жүргізуші:

Сенен ыстық алтын ұя таппадым

Өзіңде өтті балғын бала шақтарым

Қоштасамыз қимастықпен біз енді

Бетке алған соң балалықтың бақтарын.

(ортада Гүлмира мен Бекзат,екінші шумақтан бастап вальс,соңғы қайырмасында барлығы ортаға шығады.)

1-жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, аяулы түлектер! Міне, бүгін біз осыдан 10 жыл кейін мектепке келіп аяулы ұстаздарымызбен сағынышты кездесуімізді осылай елестеттік.Бірақ осы күнге жетіп, біздің қуанышымызды бөлісе алмай бақилық болып кеткен ардақты ұстаз,аяулы сынып жетекші Досанова Алма Амандыққызын еске алмай кете алмаймыз!

2-жүргізуші:

Тағдырға салар шара бар ма? Жатқан жеріңіз жайлы, топырағыңыз торқа болсын деп бір минут үнсіздік жариялаймыз.

(1минут үнсіздіктен кейін тақпақтар оқылады)

1-жүргізуші:

Мектебімнің басшысы да тірегі

Барлығы оны мейірбан деп біледі

Әрқашанда басшы демей ол өзін

Ортамызда күліп ойнап жүреді.



2-жүргізуші:

Құттықтау сөз мектебіміздің директоры Ерішев Ғалымжан Әубәкірұлына беріледі.

(сөз сөйлейді)


1-жүргізуші:

Тек жүректен арналар сөзіміз де,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

Сөз берейік құрметпен өзіңізге,

Шәкірттерге арналсын тілегіңіз

2-жүргізуші:

Құттықтау сөз директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Уалина Айман Ағытайқызына беріледі.(сөз сөйлейді)


1-жүргізуші:

Абзал жансыз биік тұлға байсалды

Құшақ жайып біздерді де қарсы алды.

Түлектерге жарқын тілек білдіріп,

Құттықтайды Бибігүл апай баршаңды.(сөз сөйлейді)

2-жүргізуші:

Білімді шәкірттерін аялаған

Жақсылығын ешкімнен аямаған

Саялы бақ, жанашыры жас ұрпақтың

Ағай біздің аяулы, ардақты адам-деп келесі құттықтау сөз кезегі Батырхан ағайда

1-жүргізуші:

Ұрпақсыз шәкірттерге бақ келген бе?

Бапкерсіз тұлпарларға бап келген бе?

Он бір жыл сыныбы үшін жанын салған,

Сөз кезегі-жетекші бапкерлерде.

2-жүргізуші:

Ортаға алғашқы ұстаздарымыз Ұлмекен апайды,Камшат апайды,Ұлмекен апайды және Орынбасар апай мен Данагүл апайды шақырамыз

(сөз сөйлейді)

1-жүргізуші:

Бірге жүрген көп жыл бірге ойнаған,

Балалықтың қызығына тоймаған.

Құрбыларың тілек айтар сыныптас,

Бірге оқыған көп жыл бірге ойлаған.

2-жүргізуші:

Сөз кезегі ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

(сөз сөйлеп альбомды апарып директорға табыстайды)

1-жүргізуші:

Төлеген Айбергеновтың сөзімен айтқанда, кездесу деген сағыныш екен.Ендеше жыл сайын сағынышпен кездесейік.

2-жүргізуші:

Кездесу үшін қоштасу керек.Олай болса кездескенше аман сау болайық,құрметті ұстаздар және 2013 жылғы түлектер!


Курс профессиональной переподготовки
Тьютор
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Приглашаем принять участие МЕЖДУНАРОДНЫЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ «ИНФОФОРУМ» Осталось всего 50 мест на очное участие! Подать заявку Очное участие Дистанционное участие Курс повышения квалификации (36 часов) + Сертификат участника “Инфофорума”

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Психолого-педагогическая компетентность педагога»
Курс повышения квалификации «Использование мини-проектов в школьном: начальном, основном и среднем общем и среднем профессиональном естественнонаучном образовании в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Воспитание и социализация учащихся в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Сетевые и дистанционные (электронные) формы обучения в условиях реализации ФГОС по ТОП-50»
Курс повышения квалификации «Управление конфликтами в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогические аспекты профессиональной компетентности педагогических работников в условиях реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Тьюторское сопровождение обучающихся в системе инклюзивного образования»
Курс повышения квалификации «Содержательные аспекты профессионального и личностного развития педагогических работников в рамках реализации профессионального стандарта»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогическая диагностика в современном образовательном процессе»
Курс повышения квалификации «Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Разработка адаптированных образовательных программ в условиях ФГОС СПО»
Курс повышения квалификации «Техники креативного мышления как инструмент формирования общих компетенций по ФГОС»
Курс повышения квалификации «Методы интерактивного обучения»
Курс повышения квалификации «Современные тенденции цифровизации образования»
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.
17 курсов по пожарно-техническому минимуму
Обучение от 2 дней
дистанционно
Удостоверение
Программы актуальны на 2019 г., согласованы с МЧС РФ
2 500 руб. до 1 500 руб.
Подробнее