Инфоурок Классному руководителю КонспектыРазработка классного часа на тему «Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан»

Разработка классного часа на тему «Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан»

Скачать материал

Күні: 11.12.15ж.

Тобы: ПМХИ-3

Пәні: Кәсіптік қазақ тілі (ашық тәрбие сынып сағаты)

Мұғалім: И.К.Абдигалиева

Тақырыбы: «Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан»

Мақсаты: 1) Оқушыларды елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға, еліміздің тәуелсіздігінің паш ететін түрлі тарихи оқиғаларды зерделей отырып, егемен елімізге қамқор болу, мемлекетімізді одан әрі нығайту, еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін ұғындыру.

2)Оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Еліне, Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

 3) Оқушылардың өз бетінше ізденуін қадағалу және білімдерін жетілдіру.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, математика, жаратылыстану.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта,слайттар.

Той-шашу: Домбыра жырымен. Мұғалім: Құрметті қонақтар және әріптестер тәуелсіз күні құтты болсын баршаңызға!!!

Көрініс сахнасы: Қыз ұзату және келін түсу(3 қыз рөлде ойнайды, қыз ұзату әні орындалады және Беташар әні орындалады).

Кейіпкерлер: Айжан-келін, Сандуғаш-той әнін орындаушы, Баянсұлу-енесі.

Ән шашу: П-3тобының студенті: Қызтуғанова Ұлбосын «Туған елім» әнін орындайды.

                           1.  Кіріспе бөлім.

Әнұран орындалады.Слайттар көрсетіледі.

Мұғалім: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары.Талай ғасырлар бойы ата-бабаларымыз еркіндік пен тәуелсіздік таңын аңсап келген. Иншаллах олар көксеген арманға ХХ ғасырдың соңына қарай қол жеткіздік. Соның арқасында бүгінгі таңда өз бағыт-бағдарын ұстанған, өркениет елдер мойындаған жеке мемлекетке айналдық. Биыл тәуелсіздігімізге 24 жыл.

Танғажайып атында дәл табылды,
Табылда талай жұртқа танылды,
Туған елім, көкке жетті көк туын
Сен,  Тәуелсіз мемлекетсін кәдімгі!(Айжан оқиды).

Біздің Қазақстан егеменді ел, тәуелсіз мемлекет. Біздің егеменді еліміздің тәуелсіздік  алғанына 24 жыл болып қалды. Балалар, сендер Тәуелсіздік алдық  дегенді қалай түсінесіңдер? (балалар жауабы: Тәуелсіздік алдық  дегеніміз – өзіміздің жеріміз, еліміз, теңдігіміз, Туымыз, Елтанбамыз, Әнұранымыз, теңгеміз бар).
Мұғалім: Дұрыс айтасындар, балалар. Ал Тәуелсіздік мерекесіне арналған  қандай тақпақ білесіңдер?

Бабамның да арманы,
Осы еді ғой аңсаған,
Тәуелсіздік тандары
Бақ береді баршаға(Наргиз оқиды).
Көк туымды қолыма
Бүгін берік ұстадым
Түсті бақыт жолыма
Менің Қазақстаным!(Мақпал).
Мұғалім: Біздің Қазақстанда көп ұлттар  тұрады. Олар қалай тұрады екен?
(балалар жауабы:  Олар бір — бірімен дос, тату тұрады.)
Ортақ бізге бір Отан,
Төбемізде бір аспан
Барлық  ұлттын баласы
Достығымыз жараскан(Валерия оқиды).
Домбыра жыры.Рахима орындайды.

Мүғалім: Әр мемлекеттің өзінің елбасшысы бар. Біздің Қазақстанның елбасы кім? (балалар жауабы)
Елімде бейбіт тыныш заман болсың,
Тілеймің  әр адамға бақыт қонсын,
Елімнің ел ағасы, елбасшысы
Нұрсұлтан Назарбаев аман болсын!(Сандуғаш).
Мүғалім: Әр мемлекеттің өзінің белгілері бар. Балалар, сендер сүйікті Отанымыздың  қасиетті белгілерін, рәміздерін білесіңдер ме? (балалар жауабы)
 Дүрыс, мемлекеттін рәміздері:  елтанба (герб), ту (флаг), әнүран (гимн) жатады. Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы,
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды
Осыған байланысты оның қадір-қасиетін оқушылар бойына сіңіру, ұғындыру мақсатында «Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан» атты ашық  тәрбие сағатын өткізіп отырмыз. Тәрбие сағатымыз сайыс түрінде өтеді. Әділ қазылар алқасымен таныс болайық. Сайысымыздың шарттарымен таныс болайық.

         Сайыстың шарттары:

1.     Мақал-мәтел айту

2.     Бәйге

3.     Поэзия минуты

4.     Үй тапсырмасы

5.     Жеті жұмбақ

6.     Тілек айту       

Оқушылар екі топқа бөлінеді, әр топтың өз атауы бар. Бірінші топ-Бірлік, ал екінші топ-Болашақ тобы. Әр топтың өз эмблемалары бар.

Тәуелсіздік жолында талай жандар құрбан болып, елім деп еңіреп өткені белгілі. Талай кезең қиын-қыстау, қуғын-сүргінді ата-бабаларымыз басынан кешті. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев: «Біз Қазақстанның тәуелсіздігінің оңайлықпен келмегенін біліп оны қадірлеуіміз керек. Әрбір Қазақстанның азаматы мақтанышпен Елтаңбаны, Әнұранды, Туды көтеруі керек. Әрбір азамат өз Отаны үшін еңбек етуге, жанын қиюға міндетті»-деген.

     Туған жердей жат жердің болмайтыны – ақиқат,

Оған көңілің ешқашан толмайтыны – ақиқат.

Алтын торда алтын құс өсірсең де, бұлбұл құс

Өскен бағы болмаса, қонбайтыны – ақиқат, - деп сайысымызды бастаймыз.

І бөлім.  Біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең, олар үшін туған жерді қасиет тұту қанға сіңген мінез,ежелгі дәстүр.Бұл таным жанымызға ана сүтімен тараған, ана тілімен дарыған. Біздің мақал-мәтелдеріміз, нақыл сөздеріміз туған жерді, Отанды ардақтауға толы. Алғашқы сайысымыз мақал-мәтел айту. (Туған жер, Отан, батырлық, ерлік туралы өздеріңіздің дайындап келген мақал-мәтелдеріңізді айтыңыздар).

Би билеу. Қарлығаш өзбек биін билейді.

ІІ бөлім. Бәйге. (Сұрақ-жауап). Екі топ осы сұрақтарға слайд-шоу арқылы көрсетіп,түсіндіреді.

1. Қазақстанның  астаналары болған қалаларды ата.

1919-1925жж .Қазақстанның астанасы-Орынбор қаласы,

1925-1929жж. Қызылорда қаласы.

1929-1997жж. Алматы қаласы.

1997ж. Ақмола қаласы Астана атанды.

1998ж. Ақмола атауы Астана болып өзгертілді.

      Бүгін әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздер бар. Мемлекеттік рәміздер бұл халық бірлігінің белгілері. Қазақстан Республикасының да өз рәміздері бар. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - әрбір азаматтың міндеті.

2.Мемлекеттік рәміздерді атаңыз?(Елтаңба (герб), ту (флаг), әнүран (гимн) жатады). Осы рәміздер туралы жеке түсінік берейік(слайттар арқылы оқушылар түсіндіреді). Мынау Қазақстан Республикасының туы. Тудың түсі аспанның түсіне ұқсайды – көк, ортасында күн шуағы. Астында қыран құс  ұшып келе жатыр.  Қазақстанда тұратын барлық  халықтардың  өмірі күндей  жарқырап, қырандай  самғай берсін дегені.  

3.Тудың авторын атаңыз? Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік  туының авторы сүретші Шәкен Ниязбеков).
4.Елтаңбаның авторы кім? (Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік  елтанбасының  авторлары сәулетшілер Шота Уалиханов пен Жандарбек Мәлибеков).
5.Әнұранның сөзі мен әнін кімдер жазған? (Сөзі:Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Әні: Шәмші  Қалдаяқов)     

6.Қазақстан қашан тәуелсіз ел болды? (1991 жылы 16 желтоқсан)

7.Ұлттық валютаны айтыңыз? (теңге)

8.Ата заңымыз қашан қабылданды? (1995ж.30тамызда)

9.Республика күнін айтыңыз.(25 қазан)

10.Алматының орталық алаңындағы «Тәуелсіздік монументі» ескерткіші қай жылы, кім үшін қойылған, ол туралы не білесіз? (1996ж. 16 желтоқсанда).

ІІІ бөлім. Поэзия минуты. Өз елін мақтанышпен жырлаған ақын –жазушыларқаншама?! Келесі сайысымызда оқушылар өлеңді мәнерлеп оқу бойынша бақ сынасады.

Бұдан кейін Атамекен слайд-шоуын тамашалайды.

IV бөлім. Үй тапсырмасы. Қазақтың салт-дәстүрлері. Қандай? Мысалы: Қыз ұзату, Үйлену тойы, Шідехана, Бесікке салу, сүндет тойы, Бесікке салу, Мүшел жас т.б. 

Төбетей ойынын ойнайды. Музыка қосу және тоқтату арқылы.

V бөлім. Жеті жұмбақ. (7 пәннен сұрақтар қойылады).

1.   Тарих. 1986 жылы болған «Желтоқсан оқиғасының» болу себебі?Себебі: Қонаевты қызмет орнынан алып тастау және орнына озге ұлт адамын қою.Соған байланысты Алматыда көтеріліс болды.

2.     Қазақ тілі. Тіл туралы заң қашан қабылданды?(1989ж. 22 қыркүйек)

3.     Әдебиет. (5 асыл іс, 5 дұшпанды атаңыз)


Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ, 
Еріншек, бекер мал шашпақ – 
Бес дұшпаның, білсеңіз. 
Талап, еңбек, терең ой, 
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз. 
4.     Ағылшын тілі. Сөйлемді аудару. Мен Ойыл селосында  тұрамын. I live in the village Aiyl

5.     Орыс тілі. Сөйлемді аудару. Мен туған  жерімді жақсы көремін. Я люблю свой родной край.

6.     Математика. 04.06.1992 сандары нені білдіреді?Бұл жылы Тәуелсіз Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалауы, елтаңбасы, әнұраны туралы. ҚР заңдарына қол қойылды.

7.   География. Қазақстан қай материкте орналасқан және шектесетін мемлекеттерді атаңыз. (Еуразияда және 5 елмен шектеседі, яғни Ресей Федерациясы, Қытай, Түрікменстан, Қырғызстан,Өзбекстан).

Бұдан сон, Жаса Қазақстан әніне слайд-шоу көрсетіледі.

VІ бөлім. «ХХІ ғасырға ақ тілек» бұл бөлімде оқушылар өз тілектерін арнайды. Қорытынды: Жеңімпаздарды анықтап, марапаттау. Сөз әділ қазылар алқасына беріледі.

Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,

Көк туымды қалайша құлатармын.

Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,

Бәріміз баласындай бір атаның.

Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,

Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.

Халқымның ахуалы дұрыс болсын.

          Отанымыз әрқашанда тыныш болсын! – деп «Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан» атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

 

 



 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Разработка классного часа на тему «Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по экономической безопасности

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 822 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.02.2016 681
    • DOCX 19.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абдигалиева Индира Какимашовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9775
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 126 человек

Курс повышения квалификации

Уверенность, уверенное поведение, воспитание волевых привычек, развитие учебной мотивации у детей и подростков

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 247 человек

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 752 человека из 74 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 979 человек

Мини-курс

Архитектура мира: от Крита до Австралии

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Экономика и управление

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовый риск-менеджмент

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе