Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Разработка классного часа на тему "Оралмасын қайта бұл күндер"

Разработка классного часа на тему "Оралмасын қайта бұл күндер"

  • История

Поделитесь материалом с коллегами:



Тақырыбы: Оралмасын қайта бұл күндер ...

Мақсаты:

1.Оқушыларға Ұлы Отан соғысы туралы білдіру.Оның тарихы туралы айту.

2.Кеңес әскерлерінің Ұлы Отан соғысындағы ерлігін дәріптеу.

3.Қазақстан жауынгерлерінің Ұлы Отан соғысындағы ерлігін үлгі ету.

4.Тылдағы Қазақстан, ондағы адамдардың ерен еңбегінен мысалдар келтіру, ұғындыру.

5.Ерлікке баулу.

6.Еңбекке тәрбиелеу.

7.Отансүйгіштікке тәрбиелеу.


Өту барысы: Оқушыларды 2 топқа бөлу./майданда, тылда/ Өз тақырыптарын қорғау. Біріге қорытындылау.


Көрнекіліктер:

1.Ұрандар

«Россия – кең байтақ, бірақ шегінуге жол жоқ – артымызда Москва!»

«Бір қадамда кейін шегінбейік! Біз үшін Еділ – ел шеті!»

«Отан – ана шақырады»

«Бәрі де майдан үшін! Бәрі де жеңіс үшін».

2. Жамбыл Жабаевтың портреті.

3. Гүлдер, шарлар.

4. Тақырып «Қанмен, жаспен боятпалық келер тарих бір бетін...».

5. «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа өнеге».

6.Қазақстандықтар майдан шебінде.

7.Қазақстан тылда.

8.Партизан жазушылар кітаптарының көрмесі.

9.Үнтаспаға жазылған әндер.

10.Қабырға газеті «Ұлы Жеңіске 70 жыл».

11.ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Ұлы Жеңіске арналған сөзі.


1.Бүгінгі тәрбие сағатымыз соғыс ардагерлеріне өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдағандарға, қан майданда әкелері мен ұлдарынан, бауырларынан айырылған әрбір жанұяға, қайтып оралмаған қаһармандарды еске алуға, бізге бақытты бейбіт өмір әперген, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналады.

2.Біз үшін Жеңіс күнінен асқан қысбат мереке жоқ. Әрбір көктем бізді ойша осынау ұмытылмас әрі көптен күткен күнге – 1945 жылдың 9-шы мамырына қайта оралтады. Неге соғыс тақырыбы кітаптар мен фильмдерде, өлеңдер мен әндерде жалғасын табуда?

Иә, соғыста қираған қалалар мен селолар әлдеқашан қалпына келтірілді. Бірақ соғыс салған жара әлі жазылған жоқ.

3.Бұл қалай болып еді?

Иә, 1941 жылы 22 маусымда Фашистік Германия Кеңес Одағына соғыс ашты. Тарихта бұл соғыс Ұлы Отан соғысы деп аталды. 1941 жылың 22 маусымы 1945 жылдың 9 мамырынанқандай алыс еді...

«Священная война» үнтаспадан тыңдау.

«Отан-ана шақырады» ұранын көтеру.

4. Ол кезде Қазақстан Кеңес одағының құрамында еді. Отанын қорғауда қазақстандықтар майданда және тылдағы еңбекте ерен ерлігімен танылды. Мәскеу үшін болған шайқаста қазақстандық 28 батыр жауынгердің ерлігі ерекше.

5. Олар 28 еді. 1941 жылдың 16- қарашасы немістер Москваға Волокалом бағытында ұрысқа шықты. Дубосеково разъезіндегі 1075 атқыштар полкі 4-ротасының 2 взводы тұрған бекініс шебіне жаудың 30 танқісі шабуыл жасады. Соғыс тарихында асқан ерлікті бейнелейтін бұл ұрыста 28 панфиловшының 23-і қаза тапты. 28-дің 22-сі қазақстандықтар еді. Ал, Бауыржан Момышұлының жауынгерлік ерлігі мен қолбасшылық дарыны аңызға айналған.

6.Орыс, қазақ, қырғыздан

Құрылған бұл шағын топ,

Жауға үрей туғызған

Жайпап түсер жалын боп.

Даңқ қосып даңқына

Сұрапылға төтеді,

Борыштарын халқына

Ерлігімен өтеді.

7.Ленинград қаласын қорғауда Сұлтан Баймағамбетов кеудесімен жау дзотын жауып, соғыс тарихында теңдесі жоқ ерлік көрсетті.

Көрініс: Жауынгердің басы таңылған, оң қолындағы автоматын төмен түсіреді. Ол бірте басын көтеріп мұңлы әуенге құлақ түреді. Ілулі домбыраға қол созады. Домбыраны алып орнына автоматты іледі. «Жас қазақ» әні орындалады.

8.Адамзат аңсап күткен күн,

Сұрапыл соғыс біткен күн.

Жеңістің туын тіккен күн,

Нұр мерекесі – көктемнің!

Еділ жағалауындағы қазылған окоптарда жатып сұрапыл шабуылға шыққан жаудың бетін қайтарғандар үшін Жеңіс күні сен әлі алыс едің!

Ұран көтеру:

«Бір қадам да кейін шегінбейік!

Біз үшін Еділ –ел шеті»

9. 1942 жылы күзде Сталинград қаласы үшін шайқас жүріп жатқанда Батыс Қазақстан облысында да соғыс жағдайы жарияланады. Бірақ Кеңес әскері фашистік Германия әскерінің біздің жерімізге дейін жетуіне жол бермеді.

10. Сталинград үшін болған соғыста Қазақстанның 5 атқыштар, 1 атты әскер дивизиясы, 1 танк атқыштар бригадасы, 1 миноментті полк қатысып ерлікпен шайқасты.

11. Жеңіс күні! 1418 күнге созылған азаттық күрестің соңғы күні! Аспан көгін салюттер шұғылаландырған, құшақтарға көктем гүлдері толған, көптен күткен Ұлы күн! Бірақ блокадағы Ленинград іргесіндегі, қоршаудағы қаланы кеудесімен қорғағандар үшін бұл күн әлі қандай алыс еді...

12. Қоршауда қалған Ленинград тұрғындарын жігерлендіру үшін Жабыл атамыз «Ленинградтық өренім» атты жыр жазды.

13. Ленинградтық өренім,

Мақтанышым сен едің,

Нева өзенін сүйкімді,

Бұлағымдай көремін...

(Өлең оқылады.)

14.Жеңіс әлі алыс болғанымен, соғыстың әрбір күні батырлық пен батылдыққа, ерлікке ұласып Ұлы Жеңісті жақындатқан жекелеген жеңістерсіз өткен жоқ.

15. Соғыс көптеген ерлердің атын, есімін елге танытты. Майдандағы ерліктері үшін қазақтардың 199 жауынгеріне «Кеңес Одағының Батыры» атағы берілді.

Олардың ішінде Әлия Молдағұлова, Талғат Бигелдинов, Мәншүқ Мәметова, Төлеген Тоқтаров, Мәлік Ғабдуллин, Сергей Луганский сияқты батырлар бар.

(«Әлия» әні орындалады.)

16.Қазақстандықтар партизан қозғалысына да қатысты. Белоруссия, Украина сияқты жау әскерлерінің қолында қалған жерлерде партизандар күрес жүргізді. Солардың қатарында Қасым Қайсенов, Әди Шарипов сияқты батыр партизандар да болды. Олар майданнан оралған соң соғыс күндеріне крнап кітап жазды.

«Бәрі де майдан үшін! Бәрі де Жеңіс үшін» ұраны көтеріледі. Еліміз төрт жыл бойы осы ұрандармен өмір сүрді. Әйелдер, қарттар, жас өспірімдер тылда тәулігіне 12-14 сағатқа дейін еңбек етті. Сөйтіп жеңіс күн санап жақындай түсті.18.Қазақстан майдан үшін қару-жарақ шығарды. Жауынгерлерді азық-түлік киім-кешекпен қамтамасыз етті. Шығанақ Берсиев, Ыбырай Жақаев сияқты көптеген еңбек адамдары жеңіс үшін аянбай тер төкті.

19.Қазақстанның өнер адамдары майдан шебінде қонцерт берді. Олардың ішінде Роза Бағланова да бар.

20. 1941-1945 жылдары Қазақстанда 460 зауыт, фабрика, кәсіпорындар салынды. Онда соғысқа қажетті мина, снаряд, радио құралдары, техника шығарылды.Сонымен қатар мыс, көмір, металл өндірілді.Қарағанды шахтасында 4 жыл ішінде 34 миллион тонна көмір өндірілді.

21. 1945 жылдың 30 сәуірінде Рейхстаг үстінде барлаушылар Р.Қошқарбаев пен Булатов тіккен жеңіс жалауы желбіреді. Рейхстагқа шабуылға шыққандардың көпшілігінің өз жалаулары болатын. Батырлардың өзі былай деп еске алатын.

Көрініс: Жауынгер Р.Қошқарбаев атынан сөйлейді.

22. 30 сәуір күні қатардағы жауынгер Григории Булатов екеуміз Кенинплац алаңы арқылы бораған оқ астында алға еңбектедік, менің қойнымда химиялық қарындашпен асығыс аты-жөніміз жазылған, ал төменіректе «674» полкіміздің нөмірі қойылған- қызыл жалау.

Жалауды біз Рейхстагқа кіре берістегі ортадағы бағанаға бекіттік.Ал біздің шабуылшы топтарымыз уйдің сол жақ қанатын ұрыспен алғанда, біз өз жалауымызды екінші қабаттың терезесінен желбіреттік.

23. « День Победы» әні орындалады. 1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры, біздің елімізде Герман фашизмінің қанқұйлы шабуылы бастаған қүні, оның күйреп жеңілген күні. Жеңіс!

24. 1418 күн

Рас, жабық тұрғаны кеңсеміздің

Рас, Рас.

Төмен түскені еңсеміздің.

25. Сүйінші, халқым, сүйінші

Сүйіншіге сүйінші.

Шаттан ата-анамыз,

Шаттан ата-бабамыз.

Кек қайтарып фашистен,

Соғыс бітті Жеңіспен.

26. Шіркін-ай, сол күнгі таң неткен нұрлы,

Бір бұлт жоқ мөлдір аспан мүлгіп тұрды.

Көшеге жұрт ағылып таң сәріден

Бірін-бірі құшып-сүйген, жүзі нұрлы.

27.Жеңдік қой жауды,арман не, құрбым,

Күркіреп күндей өтті ғой соғыс

Келемін қайтып, өлеңімді айтып,

Қайда екен, қайда, дариға-ай сол қыз!?

(Оқушылар түгел тақтаға тақырыптың жанына шағады.)

28.Ешкім де ұмытылған жоқ еш нарсе ұмыт қалған жоқ. Біздің ауылдағы соғысқа 248 азамат аттанды.Оларды 121-і майдан даласынан оралган жоқ. Отан қорғауға қатысқан жерлестеріміздің есімдері оларға арналған ескерткіште жазулы тұр.

30. Мезгілсіз өлген ардагер ұлдар айбыны

Желбіре тулар,

Толықсып тұрса май гүлі.

Қуану керек! Қуану керек! Десек те

Ұмыту қиын қайғыны.

31.Сынып жетекшісінің қорытындылау сөзі.






Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 16.01.2016
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров141
Номер материала ДВ-344414
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх