Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Разработка классного часа на тему " Тәуелсіздік - тұғырым " ( 2 класс )

Разработка классного часа на тему " Тәуелсіздік - тұғырым " ( 2 класс )



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Тәуелсіздік – тұғырым!


С.Камбарбекова, М.Қашғари атындағы жалпы орта

мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласы, Қарнақ ауылы.



Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Отан, туған жер, тәуелсіздік туралы түсінік беру;

Дамытушылық: Еріктілікті дамыта отырып, патриоттық, адамгершілік сезімдерін бойына сіңірген шығармашылық қабілеті дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру;

Тәрбиелік: Оқушыларды елін, жерін, тілін құрметтеуге, Отанды сүюге, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, туған жерін қорғауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: интеграцияланған ашық тәрбие сағаты.

Көрнекілігі: ҚР мемлекеттік рәміздері, Қр Конституциясы, ҚР картасы, қабырға газеттері, бүктемелер.

Техник құралдар: мультипроектор, компьютер.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру:

1. Мұғалімнің кіріспе сөзі.

2. ҚР мемлекеттік Әнұраны орындалады.

3. Психологиялық дайындық:

- Балалар, кім ата-анасын жақсы көрсе, бір рет қол соғады.

- Кім ауылымызды жақсы көрсе, екі рет қол соғады.

- Кім мектебімізді жақсы көрсе, үш рет қол соғады.

- Кім Отанымызды жақсы көрсе, төрт рет қол соғады. (оқушылар ду қол шапалақтайды)

Мұғалім:

- Рахмет, балалар. Демек, сендер Отанымызды қатты жақсы көреді екенсіңдер.

ІІ. Негізгі бөлім:

Мұғалім:

Отан – адамның түп-тұқияны, ата-бабаларынан бері қарай кіндік қаны тамып, өсіп-өніп келе жатқан жері. Қай елдің адамы болсын, өз Отанын дүниедегі ең қымбатты, ең қасиетті, ең аяулысы – Анасына бөлейді. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны – Қазақстан Республикасы. Қазақ жері – бір шетінен екінші шетіне дейін құс қанаты талатын ұланғайыр кең өлке. Ол Солтүстігінде Ресеймен, шығысында Қытай Халық Республикасымен, оңтүстігінде Қырғыз, Өзбек, Түркімен елімен, ал батысында Әзербайжан Республикаларымен шектеседі (картадан көрсету).

1991 жыл 16 желтоқсанда Қазақстан өз тәуелсіздігіне ие болды. Сендер Тәуелсіз Қазақстанда дүниеге келген бақытты балаларсыңдар. Олай болса, қазір Тәуелсіз еліміз туралы видеоүзіндіні тамашалайық.

  1. Мультипроектордан Қазақ елі туралы көрініс көрсету.

  2. Би. «Билейік»

  3. Отан туралы өлеңдер.

Дилдора: Отан дейміз өсірген елімізді,

Отан дейміз туған жер, атамекен.

Биік тау, орман-тоғай, көлімізді,

Отан дейміз кең – байтақ астананы.

Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.

Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ

Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

Умид: Байтақ елім – Қазақстан- Гүлістан,

Жұлдыздары жарқыраған Шығыстан.

Бар әлемге дастархан боп жайылған,

Барлық ұлттың тілін тауып ұғысқан.

Тауларың бар аспанымен тілдескен,

Айдарынан салқын самал жел ескен.

Махфуза: 20 жыл толды тәуелсіздік алғаныңа,

Халқым, міне жеттің бүгін арманыңа.

Тойладық тәуелсіздік мерей тойын

Нық басып болашақтың таңдарына.

Шахзад: 20 жыл! Тәуелсіз елміз! 20асу!

Алыс-жақын елдерменен санасу.

Құдай өзі көрші қылған ұлттармен,

Барлық мемлекеттермен санасу.

  1. Сахна көрінісі: «Отан деген не өзі?» (мұғалім мен оқушылар)

Тимур: -Апай, Отан деген не өзі?

Мұғалім: Мектеп- білім ошағы,

Саған ашар құшағын.

Шахризад: - Апай, Отан деген не өзі?

Мұғалім: Отан деген отбасың,

Ата-анаң, құрдасың.

Диляр: - Апай, Елордамыз қай қала?

Мұғалім: Елордамыз Астана,

Зәулім үйлер қаншама.

Мақсат: -Апай, біздің қала қай қала?

Мұғалім:Қаратаудың тәжі ол

Әсем қала Кентау ғой.

Тілегім бар сіздерге

Құлақ түрің біздерге:

Тілеймін, бүлдіршіндер өсе берсін,

Ұстаздар да білімдерін бере берсін

Еліміздің дамуына үлес қосқан

Нар тұлғалы ағалардай бола берсін- деп мультипроектордан Елбасы Н.Ә.Назарбаевтің портреті көрсетіледі.

  1. Ән «Елім». Хор.

Мұғалім: Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алған соң, 1992 жылы 4 шілдеде мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар: ҚР туы, елтаңбасы және әнұран.

Мемлекеттік рәміздерді білу, қрметтеу, олардың авторларын білу, сипаттап беру, жаттан айта алу әр біріміздің борышымыз.

  1. Мемлекеттік рәміздер туралы мәлімет беру: Нигара, Сардар, Иззатулла. (мультипроектордан ҚР туы, елтаңбасы, әнұраны көрсетіліп тұрады)

  2. Өлеңдер:

Шахризад: Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды.

Севинч :Алтын қанат көмкерген

Шаңырақ бар, уық бар,

Әсем бейне көрінген

Жай бейне емес, ұғып ал.

Диляр: Мағыналы, сымбатты,

Бар осындай белгіміз

Маған, саған қымбатты

Елтаңбасы ол елімнің.

Мақсат:Әнұраным –жан ұраным,

Айтар әнім, сөйлер сөзім,

Туған жерім, сағынарым

Жүрсем егер дүние кезіп

Тимур: Тауымыздың көне күннің

Даламыздың байтақ үні.

Ол әні ғой жүрегімнің

Мың қайталап айтқан мұңы.

  1. Би. «Баба-оппа».

Мұғалім: 1995 жыл 30 тамыз Республикалық референдумда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. Конституция – 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Ата Заңымыздың 30- бабында «Балалар мектептерде тегін оқытылады» деп айтылған. Сондықтан да біз мектепте тегін оқып, білім аламыз. ( мультипроектордан ҚР Конституциясы көрсетіліп тұрады)

Ән. «Жас ұрпақ»

  1. Отан туралы өлеңдер

Жавахир: Жаны жайсаң ер мінез жұртым менің,

Жүрек болып кеудемде дүрсілдедің

Ата-бабам аңсаған азаттықтың,

Жеңісі мен жемісі – бұл күндерім.

Нозли: Көгінде тұр көк байрағың желбіреп,

Елтаңбаға қараймыз біз елжіреп.

Әнұранды шарықтата шырқаймыз,

Бабаларды еске алып ержүрек.

Сардар: Енді бүгін көк байрағым желбіреп,

Әнұраным жалғап алды ғұмырды.

Бабалардан мұраға қалған Елтаңба

Баяғыша кеп төріме ілінді.

  1. Би.

  2. Ән. «Отан»

  3. Қабырға газетін түсіндіру.

  4. Ән. «Туған күн»

ІІІ. Қорытындылау.

Мұғалім: «Отан отбасынан басталады», «Отан үшін отқа түс, күймейсің», «Туған жерге туың тік» деген халқымыздың дана нақылдары бар. Біз осындай тәуелсіз, бейбіт елде өмір сүріп жатқанымызды мақтан тұтамыз. Өзіміздің жақсы оқуымыз, үлгілі тәртібімізбен Отанымыздың өсіп-өркендеуіне өз үлесімізді қосамыз. Құрметті, оқушылар, бүгін бүкіл қазақ елі тойлап жатқан бейбітшілік пен жасампаздықтың, келісімнің, тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған тәрбие сағатымызды қазақ халқының ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтің «Үш бақытым» өлеңімен аяқтаймыз.

Үш бақытым.

Ең бірінші бақытым халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.

Ал, екінші бақытым- тілім менің,

Жас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші- Отан деген,

«Кім мықты?» десе біреу, «Отан» дер ем.

Оты сөнген жалғанда жан барсың ба,

Ойланбай-ақ, келдағы от ал менен.



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Краткое описание документа:

По данному материалу классного часа на тему " Тәуелсіздік - тұғырым " для 2 класса я провела свой открытый классный час. План состоит из 3 частей. В вводной части дети ознакамливаются с темой классного часа и с целью урока. в основной части учитель объясняет ученикам что такое Родина, почему мы её любим и бережём, что мы должны делать что бы наша страна процветала. Ученики отвечают на вопросы учителя, поют песни про родину, про школу, про дружбу. По рисункам познакомятся с символами нашей страны. в конце все дружно поют песню " День рожденье " ( про независимость страны).

Автор
Дата добавления 29.09.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров209
Номер материала ДВ-019688
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх