Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Разработка классного часа на тему "Тәуелсіз елім Қазақстан!" (1 класс)

Разработка классного часа на тему "Тәуелсіз елім Қазақстан!" (1 класс)



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Күні: 14.12.15

Сыныптан тыс сабақ: тәрбие сағаты

Тәрбие сағаттың тақырыбы: Тәуелсіз елім Қазақстан!
Тәрбие сағатының мақсаты:

1.Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жеңістіктерімен таныстыру,әлем таныған ел екенін дәлелдеу,білімдерін кеңейту.
2. Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту.

3. Отанын сүюге,ел тарихын білуге,еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге,отанымыздың  байлығын қорғауға,елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының әдіс – тәсілдері: түсіндіру, ой қозғау, сұрақ – жауап, сөзжұмбақ, әңгімелесу.

Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері,Қазақстан Республикасының рәміздері:Туы,Елтаңбасы,Әнұраны.Н.Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер, Қазақстан туралы әндер.


Тәрбие сағатының барысы: 

І. Кіріспе бөлім. Ұйымдастыру кезеңі.

- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Отырыңдар!

Бүгінгі тәрбие сағатымызды Қазақстан Республикасының әнұранынан бастаймыз. Орнымыздан тұрамыз.

(Әнұран айтылады)

- Жақсы, отырыңдар!

Ой қозғау стратегиясы
Қазақстан туралы не білеміз? Мен Қазақстанда тұрамын. Мен Қазақстанда білім алып жатырмын.Мен еліммен мақтанамын.Елімнің гүлдене бергенін қалаймын.
Мұғалім сөзі. Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ.             Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді.Мыңдаған жылдық тарихы бар.Қазақстан тәуелсіздік алды. 
Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.
16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып,Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.
Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.

ІІ. Негізгі бөлім.

- 1986жылы 16-желтоқсанда таңертең, Алматыда жаппай толқу басталды. Жастар алаңға жинала бастады. Алаңда «Біз қазақ, ежелден еркіндік аңсаған», «Әрбір ұлтты өз көсемі басқарсын», «Тәуелсіздік керек»,-деген ұрандар айтылды.

Көптеген студент жастар түрмеге қамалды, оқу орнынан шығарылды. Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира тағы басқалары сияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан болды.

Видеоролик көрсету «Желтоқсан құрбандары»

-Дүниені дүрсілкіндірген 1986 желтоқсан оқиғасының қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков 22-ақ жыл ғұмыр кешті. Елінің болашағы, бостандығы егемендігі үшін күресті.

(Қайрат Рысқұлбеков туралы видео көрсету)

Сол желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі. Мәңгілік егемендікті алып келгеннің арқасында, дүние жүзіне танымал ел болдық.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 1996жылы 9-желтоқсан Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы еріліп, айрықша ерекшелік белгісі мен «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззат, Ерболға тағы басқа желтоқсанға қатысқан жастарға «Желтоқсан қаһарманы» атағы берілді.

Желтоқсан құрбандарын еске алайық

(1-минут үнсіздік)

Оқушылар тақпақтар айтады.
 
Оқушы:   Атыңнан айналайын егемен ел,               «Туған ел» суреті
                   Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
                   Мерейің құтты болсын Қазақстан!
                   Ғасырлар тойы болшы келе берер!
Оқушы:   Мерекең құтты болсын егемен ел,
    
Терезең барлық елмен тең ерен ел.
  
Бабалар мәңгі бақи арман еткен,
     Теңдікті,бостандықты иеленгендер.
Оқушы:    Бостандық құтты болсынерікті ел,
                  Айдын көл, көк майсалы көрікті жер
                  Бостандықты аңсаған батырлардың
                  Әруағына бас ұрып, тәу еткен жер.
Оқушы:   Егемен елімнің ертеңі деп,
    Елбасы баға берді жастарыма
    Оқу оқы, білім ал, елің үшін
    Еңбек ет тыным таппай, жан аяма.
Оқушы:      Халқымның мақтанышы - алып тұлға.        «Бәйтерек» суреті
                    Әлемнің назары ауды Ақ ордаға
  
 Бәйтерек – көкке қолын созып тұрған,
    
Ұқсайды менің асқақ арманыма.
 Оқушы:      Ел болдық егеменді, теңдік алып,
  
 Бар әлем қазақ елін болды танып
    
Қайнауы кенге толы Қазақ елі,
    
Жыл сайын келеді өсіп қанат жайып.
«Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә Назарбаев» суреті.
Оқушы:        Ел болдық ерік алдық астаналы
    Енді кімнен қазағым жасқанады?    
    Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
    Нұрсұлтанның атымен басталады.
Оқушы:        Жаралдық молшылықтан толы ағыстан
    Жолың бар жақсылықты қалап ұшқан
    Ғасырдың биігіне шықтың ту боп,
    Көркейген елім менің – Қазақстан!
«Астанаға саяхат»  суреттер көрсетіледі.
Оқушы:         Көз қуанып күн сайын көркеміне,
    Көңіліміз сенеді ертеңіне    «Астана» суреті
    Қазақстан – алып ел, төрі Астана,
    Таңым ғана лайық ел төріне.
 Оқушы:         Кең далалы, кең пейілді қазақпыз,       
    Құл емеспіз, еркі жанбыз, азатпыз
    Ел намысын ешбір жанға бермейиіз,
    Өмірді алға бастырамыз өрлейміз.
Оқушы:          Отаным – Қазақстан туған жерім,
    Мұнай мен газ болады асыл кенім
    Көркейтіп бір өзіңді келе жатқан,
    Артамыз елбасына үлкен сенім.
Оқушы:    Ұлттық өрнек мұрамыз
    Адастырмас мұраттай
    Нық көтеріп тұрамыз
    Жалауды біз құлатпай.

Суретпен жұмыс.
- Бүгін әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздері бар.
Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба, Әнұран. Бұл халық бірлігінің белгілері.Қазақстан Республи-       касының да өз рәміздері бар.Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - әрбір азаматтың міндеті.
 Оқушы
:  Бұлт баспасын күнімді                        «Ту» суреті
    Тарылмасын өрісім.
    Биік ұстау Туымды-
    Қасиетті борышым.
Мұғалім: Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы ортасында шұғылалы күн, оның астын-                         да қадықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Бұл түс- ашық аспанның,тыныштықтың белгісін көрсетеді.Тудың ортасындағы алтын күн – баршаға ортақ, бәрі-             не нұрын шашып, сәулесін төгеді.Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік тіршілік атаулыға ортақ.       Алтын күнді қанатымен жебеп, өрге көтер»п ұшып бара жатқан қыран құс – ерлік белгісі. Матаның          сол жағында ою - өр негі бар тік жолақ орналасқан. Бұл қазақ елінің әшекейі. Алтын күн, Қыран              және ою- өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен бай – берекесі, тыныштық пен байлықтың        белгісі.
Оқушы:         Желбірейді шалықтап
    Қазақстан жалауы
    Көкке қыран қалықтап,
    Қанат қағып барады.
Оқушы:             Мен қазақпын, ұланымын қазақтың
    Тәуелсізбін, егеменмін азатпын
    Көк байрағым тұр көгімде желбіреп
    Алатаудай көкке өрлеген азатпен
 Оқушы:             Бабам тұлпар жаратты    «Елтаңба» суреті
    Құлынын да танып ақ
    Тұлпар барда қанатты
    Шайқалмасын шаңырақ.
Оқушы:         Тәуелсіздік көркі ол да,
                        Өрке ниет өрінде
                        Нұр төгеді Елтаңба
                        Ақ Орданың төрінде.
Мұғалім: Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнелеген.Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған.Жарық жұлдыз – Ота-          нымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан  нұр шашып тұрғанын бейнелейді.Қанатты тұл-                пардың баламалық мәні қазақтың аңыз ертегісінен алынған. Аңыз бойынша қанатты тұлпарға мін-                   ген алып батыр алты қанат аспанға ұшып, жеті қат жер астында түсіп халықты қасіреттерден азат еткен,еліміздің азаттығы мен жеңімпаздығының белгісі.Бидай сабақтары тоқшылықты, молшылық-                 ты білдіреді. Ал төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу еліміздің ежелден әлемге танымал                    екенін көрсетеді.
Оқущы:         Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға
    Жасы тұрмақ, шығады екен қарьты аңға         
    Қалай оның елтаңбасы болмайды
    Түлегіне дейін салса ен – таңба?!
Оқушы:     Енді бүгін өлген Туым тірілді
                    Әнұраным жалғап алды ғұмырды
                    Босағада қалып келген Елтаңбам
                    Баяғыша төріме кеп ілінді.       
Оқушы:     Батырлыққа уызынан жарыған
    Ер түркіні байрағынан таныған
    Өзі ақын, өзі әнші халықта
    Кім айта алар
    Болмаған,- деп - Әнұран?!
Мұғалім: Кез келген мемлекеттік рәміздің ең маңыздысы - Әнұран. Әнұран   мемлекеттік салта-              натты ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың  мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі              өмірі мен келешек арманы айтылған.

ІІІ бөлім: «Тәуелсіз ел Қазақстан» сайыс

ІІ бөлімді қорытындылау:

Балалар желтоқсан оқиғасы қашан болған?

Желтоқсан оқиғасына қатысқан қандай апа ағаларымызды білеміз?

ҚР тәуелсіздігін қай жылы алды?

Сыныпты үш топқа бөлу. Сандарды ретімен орналастыру арқылы топ аттарын шығару.

8

2

4

7

1

3

5

9

6

А

А

А

Т

Қ

З

Қ

Н

С

1-топ: «Қазақстан» тобы

3

8

1

5

2

6

4

7

М

Р

Р

З

Ә

Д

І

Е

2-топ: «Рәміздер» тобы

5

3

1

6

4

2

Н

Т

А

А

А

С

3-топ: «Астана» тобы

Сайыс кезеңдері:

Сұрақ жауап: Үш топқа үш сұрақтан қойылады.

Шығармашылық тапсырма: Үш топқа топтық шығармашылық тапсырма беріледі.

«Сөз құрастыру»: Үш топқа ортақ тапсырма беріледі.

Тәуелсіз 23 жыл туыңды биік ұстадың,
Көтерді халық уақыттың қатал қыспағын.
Көшіңді бастап бақытты болашағыңа,
Жасай бер, жаса, Тәуелсіз Қазақстаным!-дей отырып бүгінгі сайысымызды бастаймыз. Қатысушы сайыскерлерге сәттілік тілейміз!Тәуелсіз елдің ұландары екендіктерінді көрсетесіңдер деген сенімдемін.

1-кезең: Сұрақ жауап

1-топ: «Қазақстан» тобы

Қазақстан Республикасының президенті кім?

Біз қайда тұрамыз? (ҚР, Қостанай облысы, Рудный қаласы)

Біздің елімізде қакндай байлықтар бар? (мұнай, көмір, бидай, алтын, т.б)

2-топ: «Рәміздер» тобы

ҚР мемлекеттік рәміздерін ата

Әнұранның авторлары кім? Сөзін және әнін жазған кімдер? Жұмекен Нәжімеденов, Назарбаев Н.Ә

Елтаңбаның авторы кім? Не бейнеленген? Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов.

Тудың авторы кім? Не бейнеленген? Шәкен Ниязбеков

3-топ: «Астана» тобы

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қайда тұрады?

Астана қаласында қандай әдемі ғимараттар бар?

Біз қандай елміз? (тату, дамыған тәуелсіз)

2-кезең: Шығармашылық тапсырма

1-топ: «Қазақстан» тобы

Ребус «Отан»

Біздің Отанымыз Қазақстан

2-топ: «Рәміздер» тобы

«Тәуелсіздік» сөзінен сөз шығару

Сіз, ел, кілт, екі, ет, әуелі, із, дәу, елу, кісі, елдік.

3-топ: «Астана» тобы

«Бәйтерек» суретін құрастыру және сол туралы қысқаша мәлімет беру

3-кезең. Қазақстан деген сөзден сөздер құрау.

Қорытынды: Осымен бүгінгі сынып сағатымыз өз мәресіне жетті. Біз бүгінгі сағаттан өзімізге көр нәрсе алдык, көр нәрсе ойымызға түйдік. Тәуелсіздік бізге оғайлықпен келген жоқ! Қазақ елі үшін, ұлты үшін, жері үшін, тәуелсіздік үшін жанын қиған аға апаларымыз біздің мәңгі жүрегімізде! Тәуелсіздік таңы елімізде мәңгіге атсын!




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 12.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров90
Номер материала ДВ-448192
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх