Инфоурок Другое Другие методич. материалыРазработка мероприятия «Ерлік, рух, отаншылдық, ұлттық намыс...»

Разработка мероприятия «Ерлік, рух, отаншылдық, ұлттық намыс...»

Скачать материал

«Қостанай каласы әкімдігінің білім

 бөлімінің М.Хәкімжанова атындағы

№20 орта мектебі» ММ

Увалеева Ж.И.

 

 «Ерлік, рух, отаншылдық, ұлттық намыс...»

Тәуелсіздік пен Желтоқсан оқиғасына

 арналған ой-талас

 

Мақсаты: оқырман бойындағы алуан-алуан тамаша қасиеттерді одан әрі дамытып, оларды Отанын, елін, жерін сүюге баулу. Туған жерінің түйір тасына дейін қадірлеуге, кейінгі ұрпаққа кен-байлығын ортайтпай, гүлденген елін әлемге танытуға өз үлесін қосуға тәрбиелеу. Рухани дүниесі бай, интеллект деңгейі жоғары, білімді де білікті ұрпақтың жүрегіне мейірімділік пен ізгілікті ұялату.

Күтілетін нәтиже: Оқырман бойынан – ділмар тілді шешенді, қажетін көңілге тоқыған білімпазды, өмірдің қыр-сырына ой толғай қарайтын еркін ойлы азаматты тану.

Көрнекі құралдар: Ту, Елтаңба, Әнұран және қанатты сөздер жазылған плакаттар.

 

Кітапханашы: Армысыздар, қымбатты оқырмандар мен ұстаздар!

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,

Жұртым менің не қиындық көрмеді?

Жылап тұрып Аналарым бұл жолда,

Сан перзентін қара жерге жерледі.

   Тарих беттерін парақтасақ, қазақ халқы өзінің тарихында талай қанды қырғындарды, зорлық-зомбылықтарды бастан өткерді. Талай жылғы ашу-ыза осыдан 23 жыл бұрын Алматы қаласында болған жастар ереуіліне әкелді.

   Тарихымызда ерекше орны бар, бәріміз куәсі болған, халқымыздың қасіреті мен ар-намысына, сонымен бірге мақтанышына айналған 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі қазақ халқын дүние жүзіне танытты.  Желтоқсан оқиғасы халқымыз үшін қайғылы да қаралы күндер болып саналғанмен, тарихымыздың шежіресіне алтын әріптермен жазылды. Оның ел санасын оятудағы, тәуелсіздікке талпынтудағы мән—маңызы өте зор. Уақыт өткен сайын жанымыз бен тәнімізге сол күндерде түскен жара жазылып, айығып келеді. Тек Қазақстанның ғана емес, дүниенің алтыдан бір бөлігіне құдіреті жүріп тұрған империяның күйреуіне, еліміздің, сандаған ғасырлар бойы жүзеге аспаған тәуелсіздігіне қол жеткізуде бастау болған желтоқсан көтерілісі, біздің тарихымыздан өзінің лайықты орнын алды десек артық айтпағанымыз болар еді.

    Уақыт қалайда шындықты жер бетінен жасырғысы келгенмен, адалдық үні ақыры жарып шықты. Бүгінде Желтоқсан оқиғасын – үстемдік саясатқа мойынсұнып,  қалғып, қараңғылана бастаған  халықты оқыс оятқан озық ойлы оқиға деп бағалаймыз. Ол ел еңсесін езген жоқ, елдігін көтерді, санасынан ұлттық  рухы өше бастағандарға саңылау енгізді, ата-бабаның қанымен, жанымен қорғаған қасиетті жерінің құнын арзандатушыларға қатал сабақ болды. Ол жеңіліс емес, жеңіс еді! Ендеше, халқы үшін басын қатерге тіккен абзал аға-апаларымызды 1 минут үнсіздікпен еске алайық.

І жүргізуші: Ел межесі – елулік десек, өркениеттің ұлы көшіне ере алатындай ұрпағымыз - өздеріңізбен өтетін «Ерлік, рух, отаншылдық, ұлттық намыс...» атты ой-таласымызды бастаймыз.

... Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,

Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға.

Әр адамда өз анасынан басқа да

Ғұмырына етер мәңгі астана,

Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада

Болу керек құдіретті төрт ана:

Туған жері – түп қазығы, айбыны,

Туған тілі – сатылмайтын байлығы,

Туған дәстүр, салт-санасы – тірегі,

Қадамына шуақ шашар үнемі.

Және туған тарихы, еске алуға қаншама

Ауыр әрі қасіретті болса да.

ІІ жүргізуші:

Төрт анаға әнін жалғай алмаған,

Пенделердің басы қайда қалмаған?

Төрт анасын қорғамаған халықтың,

Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған.

Қасиетті бұл төрт ана – тағдырыңның тынысы,

Төрт ана үшін болған күрес – күрестердің ұлысы!

                                                                М.Шаханов

      Елдік қасиеттер аспаннан түспейді, жоқтан пайда болмайды. Өзі туған топырақ тозаңы және ана сүтімен ұйыған ұлтжандылық сыртында өскен ортасы мен азамат ретінде қалыптастырған қоғамы дарытар терең де текті дүниетаным негізінде ғана түзіледі. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу ісін жаңа мемлекеттік идеологияның аса маңызды міндеттерінің  бірі ретінде алға тартуының сыры да осында жатыр.

І жүргізуші: Патриоттық сезімнің нысаны мен қайнар көзі – Отан десек, оның мазмұны – туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар. Олардың адам көкірегіне жылылық, жақындық, туысқандақ сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің қайнар көзіне айналуы патриотизмге тәрбиелеудің арқауы болады. Тәлім-тәрбиелік мұраларымыздың ішкі бастауларына кіретін рухани дүниелер бұлармен ғана шектелмейді.

 ІІ жүргізуші: Шынайы патриотизм – жалпы азаматтық құндылықтардың маңыздысы болғандықтан, басқа халықтарға, ұлттар мен ұлыстарға сыйластықпен, ізгі ниетті адамгершілікпен қарауды көздейді. Қазақстан сияқты көп ұлтты мемлекетте жекелеген этностар өкілдерінің ұлттық патриотизмі елде тұратын барлық  халықтың ортақ патриотизмімен тұтас байып отырады. Өйткені «халық» деген ұғымға мемлекеттегі барлық адам, яғни ұлттар, ұлттық топтар сияды.

І жүргізуші:  «Патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығының қоғамдық-мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз – жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқаша айтқанда, патриотизм мемлекет деген ұғымды жеке адаммен, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасты білдіреді». Бұл – халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының сөзі.

Кітапханашы: Ендеше, балалар, «патриотизм дегенді қалай түсінесіңдер?» деген алғашқы сұрақты талқылау арқылы ой-таласты бастайық. (қатысушылар жеке-жеке өз пікірлерін айтып шығады).

ІІ жүргізуші: Ерлік – табиғат сыйы емес, ең алдымен, өзінің ар-намысында және азаматтың қасиетті абыройын ұятқа қалдырмай, опасыздық пен масқара болу сезімінен қорғай отырып, адамның ең ұлы сезімін – азаматтық парызын орындау үшін, осындай адамгершілік теңдікті өзіңмен сайысқа түсе отырып тұтас ұжым өмірінің игілігіне ғана емес, оның қауіп-қатерін де бөлісіп, саналы түрде қауіп-қатерге бас тігу.

Кітапханашы: Қазақ ұлтына етене жақын қасиет – «ерлік туралы не дер едініз?» деген сұрақты талқылау үшін өздерінізге кезек берейік.

(қатысушылар жеке-жеке өз пікірлерін айтып шығады).

І жүргізуші: Қимыл-әрекет есебін тәуекелдеумен үйлестіре алушылық – батылдық десек, ол қаншалықты қатал, мейірімсіз болса, бауырларына, еліне, халқына, отбасына соншалықты мейірімді, жұмсақ, ақкөніл болып келеді.

Кітапханашы:  Ой-таласымыздың келесі сұрағы «батылдық дегенді қалай түсінесің?»  дегенге жауап іздеп көрейікші.

(қатысушылар жеке-жеке өз пікірлерін айтып шығады).

ІІ жүргізуші:

«Адал ұлдан не пайда, -

Ел намысын қорғауға,

Ер намысын қолға алып,

Қару-жарақ тағынып,

Тәуекелге бел байлап,

Атаның жолын құмаса?!» - деп халқымыздың қаһарманы Бауыржан Момышұлы айтқандай, тегімізден жалғастығын тауып келе жатқан тектілігімізді жалғастыра береміз деген тұжырымдарыңыз баршамыздың болашаққа деген сенімімізді кәміл етті.

І жүргізуші: Батырлардың қалқаны болған табандылық – зор ерлігімен аты шыққан қаһарман адамға тән қасиет. Табаңдылықтың нәтижесінде ғана батырлықты жасауға болды. Ол атадан балаға мирастық жолмен берілмейді, жүрегі мен білегінің күшімен ала алады. Соңдықтан, «табандылық дегеніміз не?» деген сұраққа жауап іздеп көрейікші.

 (қатысушылар жеке-жеке өз пікірлерін айтып шығады).

ІІ жүргізуші: Адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі, кісілік сипаты – қайсарлық.  Алған бетінен қайтпайтын,  өмір жолында кездескен қиыншылыққа мойымайтын өршіл мінезді болу көбіне адамның ерік-жігеріне, болмыс-бітіміне, қажыр-қайратына, төзімділігіне байланысты болады.

   Келесі ортаға түсер сұрағымыз – «өжеттілік пен қайсарлықты қалай түсінуге болады?»

(қатысушылар жеке-жеке өз пікірлерін айтып шығады).

    Яғни қайсарлық – адамның тіпті мүмкін емес деген жағдайдың өзінде абыройымен өлімге бас тігуге тәуекел етушілік, игілікті құлшыныс деп айтуға болады.

І жүргізуші: Жалпы, батырлық қазақ халқының қанында бар қасиет. Бұл қасиет халқымыздың қадір-қасиетін, ұлттық мінезін, патриоттық сезімін аласартпайтын жақсы рухани қазыналардың бірі.

    Бүгінгі ой-таласқа қатысушылар патриотизм, ерлік, батылдық, табандылық, қайсарлық сияқты адамға тән тамаша қасиеттерді ашып айта білді. Осы бес қасиеттің өзін адам қолының саусақтарына теңеп көрейікші. Бес саусақ жұмыла жұдырық болса бітірмейтін ісі, алмайтын қамалы болмас.

  Яғни, «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген халық мақалы жадымызға оралып тұр.

    Құрметті ой-таласқа қатысушылар, әрбір адамға рухани байлық болатындай «Ерлік, рух, отаншылдық, ұлттық намыс...» тақырыбындағы патриоттық ой-таласқа қатысып, пікір білдіргендеріңіз үшін үлкен ағысымызды білдіреміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Разработка мероприятия «Ерлік, рух, отаншылдық, ұлттық намыс...»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист сварочного производства

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 973 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.05.2016 1448
    • DOCX 47.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Увалеева Жумагуль Исабековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Увалеева Жумагуль Исабековна
    Увалеева Жумагуль Исабековна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5621
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Мини-курс

Эффективные стратегии текстовых коммуникаций в бизнесе

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление личной продуктивностью менеджера

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие предметно-практических действий, игровых навыков и математических представлений у детей раннего возраста

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе