Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Разработка мероприятия "Тәуелсіздік - бастауы бар бақыттың"

Разработка мероприятия "Тәуелсіздік - бастауы бар бақыттың"



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

Тәуелсіздік - бастауы бар бақыттың


1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар!

Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жыл асыл,

Егемендік – ел бақыты, ертеңі

О, халайық, құтты болсын қуаныш!

2 – жүргізуші:

Қазақстан егеменді ел, байрақты ел

Бағы жанған қуаты мол, айбатты ел.

24 жыл мойындатқан әлемді,

Жаратқаным, әр қазаққа қайрат бер.

Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 24 жылдығына арналған «Тәуелсіздік бастауы бар бақыттың » атты мерекелік іс-шарамызды ашық деп жариялаймыз!

Әнұран орындалады.


1 - жүргізуші:

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 24 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз.

2 – жүргізуші:

Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.


Ансамбль:


1 - жүргізуші:

Тәуелсіздік бастауы бар бақыттың,

Тәуелсіздік ұлтың менен ұраның,

Шартарапта шаттығыңдай азаттық,

Ғасыр сүйіп тұрғандайын ғажап күн.


2 – жүргізуші:

Құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директоры Бейсенбаева Жаннұр Манашқызына беріледі.


1 - жүргізуші: ЖОЛДАУ АЙТЫЛСЫН:

2 – жүргізуші:


Ән: Бастауыш сынып оқушылары «Егемен» әні

1 - жүргізуші:

Ел болдық ерік алдық астаналы,

Енді кімнен қазағым жасқанады.

Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі

Нұрсұлтанның атымен басталады.

2 – жүргізуші:

ТӘУЕЛСІЗДІК ШЕЖІРЕСІНЕ КӨЗ ТІГЕЙІК:

1 - жүргізуші:

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіздігі жарияланды.

2 – жүргізуші:

1991 жылы 1 желтоқсанда еліміздің тұңғыш Президенті сайланды.

1 - жүргізуші:

1992 жыл 4 маусымда Қазақстан Жоғарғы кеңесі мемлекеттік рәміздерді бекітті.

2 – жүргізуші:

1992 жыл 8 мамырда Қазақстан Ұланы құрылды.

1 - жүргізуші:

1992 жыл 11 желтоксанда Әнұран қабылданды.

2 – жүргізуші:

1993 жылы 28 кантарда Тәуелсіз Қазақстанның бірінші конституциясы қабылданды.

1 - жүргізуші:

1993 жылы 15 карашада Ұлттық ақша теңге айналымға енді.

2 – жүргізуші:

1995 жылы 30 тамызда жалпы халықаралық референдумда қазстан конституциясы қабылданды.

1 - жүргізуші:

1996 жылы 16 желтоксанда Алматыда Тәуелсіздік монументі ашылды.

2 – жүргізуші:

1996 жылы еліміздің астанасы Ақмола қаласына көшіріліп, 2007 жылы Астананың тұсаукесер тойы болды.

1 - жүргізуші:

2007 жыл қазақ тілін қолдау жылы.

2 – жүргізуші:

2015 жыл Қазақстанда Ассамблея жылы болып саналды.

1 - жүргізуші:

2015 жыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 24 жылдық мерейтойы қарсаңында қазақ хандығының 550 жылы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы , Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл және Ассамблеяға 20жыл толып отыр.

2- Жүргізуші:

Қына көктеп қоңыр қырдың тасына,

Бастағандай көгім бұгін ашыла.

Еңсесі тік, тәуелсіз ел болдық біз,

Бақыт қонды қазағымның басына.

Дей келе Тәуелсіздік күніне арналған көрініске кезек береміз.


Көрініс: (Нурдаулет, Нурберген, Жанибек, Ислам, Арман, Ансар).




1-Жүргізуші:

Басқаға жалтақтайтын күннен кеттік,

Бар байлығымыз өзімізге бұйыратын еттік.

Қоғамның саяси тұрақтылығы мен бірлігіне жеттік,

Қысқасы, тәуелсіз ел болудың ең қиын белесінен өттік.

1-4 сынып оқушыларының тақпақтары:Азат, Дина, Біржан, Маргұлан, Жеңіс, Аида, Оразбек.


ТРИО «НАЗГҮЛДЕР»


2-Жүргізуші:

Бұл күнді күтіп батырлар жанын қиысты

Бостандық алып күмбірлеп кетті күй ішкі

Ержүрек ұлы, қайсар қыздары бар қазақ

Мәңгілік азат халық болуға тиісті.


7-сынып: « » би.


1-Жүргізуші: Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның Тәуелсіздігі бейбіт жолмен келді, бұл азаттық үшін алысқан мың мыңдаған азаматтардың қанының өтеуі.

2-Жүргізуші:

Бұл бүкіл тарихында өзгелерге қиянат жасау дегенді білмеген халықтың пейілінің қайтарымы» деген. Тәуелсіздік ата бабамыз елін, жерін қасық қаны қалғанша қорғап, күресуінің арқасында келді.

Монолог: «Тәуелсіз Қазақстан» (Салтанат).


Квартет (Ислам, Арман, Айсұлу, Айсұлу).

1-Жүргізуші:

Елбасымыз биылғы жылғы өз жолдауында: «Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік ел болу үшін бізде бәрі бар. Тәуелсіздіктің туын желбіретіп, тұғырын нығайтқан біздің тарих алдында жүзіміз жарқын. Біздің тірегіміз- Тәуелсіздік, тілегіміз- тұрақтылық, білегіміз- бірлік! »

2-Жүргізуші:

«Мен халқыма сенемін! Көк байрағымызды алтын қырандай еліміз қанатын кеңге жайып, асқар биіктерден көрінсін. Барды бағалап, жоқты жасай білген жасампаз жұртымыздың көк байрағы әрдайым биікте желбіресін» деген болатын.

Екеуі бірге: АЛҒА ҚАЗАҚСТАН!!!


1-Жүргізуші:Егемендік сенің абыройың, намысың, иығыңдағы қалқаның, маңдайыңдағы жұлдызың, төбеңдегі айбарың, қабағыңа біткен айбарың. Ендеше, халқым, егемен, тәуелсіз еліміздің ғұмыры ұзақ болсын! Дей келе тәуелсіздік күні мерекесіне арналған «Тәуелсіздік бастауы бар бақыттың» атты мерекелік іс шараны жабық деп жариялаймыз.


ӘНҰРАН ОРЫНДАЛАДЫ.


2-Жүргізуші: Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік ағайын.

1-Жүргізуші:Назарларыңызға рахмет! Мереке күндерде жолыққанша!

Екеуі бірге: қош сау болыңыздар.









.



















































1991 жылдың 1 желтоқсанында Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақтан Республикасының Президенті етіп сайлады.

  1. Нұрдана:

1991 жылы 16 желтоқсандаҚазақстанРеспубликасыЖоғарғысессиясы «Тәуелсіздемократиялықжәнеқұқықтықмемлекет» депжариялады.

  1. Ақжол:

1992 жылынаурыздаҚазақстанРеспубликасыБіріккенҰлттарұйымынамүшеболды.

  1. Ақбөбек:

1992 жылы 8 мамырдаелімізді қорғайтын қуатты Республика Ұланы құрылды.

  1. Нұржол:

1992 жылы 4-ші маусымда ел президентіҚазақстанРеспубликасыныңмемлекеттікжалауы, Елтаңбасы, Әнұранытуралы заңға қол қойды.

  1. Мәрлен:

1992 жылықазанайындатұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады.

  1. Оларбек:

1993 жылы 15 қарашадатөлтеңгеміздүниегекелді.

  1. Балнұр:

1995 жылы 28 қаңтардаТәуелсізҚазақстанРеспубликасыныңтұңғыш «АтаЗаңы» қабылданды.

  1. Бибарыс:

1997 жылыДүниежүзікартасындажаңа «Астана» қаласыпайдаболды.

  1. Жанна:

1997 жылы 1-ші шілдеде «Тілтуралызаң» қабылданып, оның 4-ші бабында «ҚазақстанРеспубликасыныңмемлекеттіктілі – қазақтілі» екеніжазылды.

  1. Алина:

Қазақстан – көпұлттымемлекет. КеңбайтақОтанымыздаынтымағыжарасқанжүзотызданастамұлт пен ұлысөкілдері татулықта өмір сүруде.

  1. Әліби: Қазақстан – зайырлымемлекет. Мемлекеттіңсаяситұрақтылығы мен гүлденуі 9 бөлімнен, 98 баптантұратынАтазаңныңорындалуынабайланысты. АтаЗаңымыз – Қазақстаназаматарыныңқұқықтарын, бостандықтарын, олардыңәлеуметтікдамуы мен гүленуінқорғайды.

  2. Райымбек:

Қазақстан – унитарлымемлекет. Ол 14 әкімшіліктерриториялық облысқа бөлінген. Елімізіңқойнауыкүміс пен алтынға, жайлауытөрттүлікмалға, қамбасыастыққа, дастарханынанға толы.


  1. Мейірбек: Алматы – жеріжайсаңоблыс, Ақтөбеніңақтарысы мол ырыс.

  2. Жансая: Атырау – мол Қазақстанныңмұнайы, Жамбыл – жайлау, қазыналы, шұрайлы.

  3. Ақат: Жезқазған –кенбұзылмағанқаймағы, Көкшетаудыңкөп-көгілдіраймағы.

  4. Қаламқас: Қарағанды – қараалтынныңқоймасы, Қостанай- құт, қызылбидайқоймасы.

  5. Ержан: Қызылорда – күрішті, сыр сағасы, Орал – көне Ақжайықтың жағасы.

  6. Жансая: Өскемен- өршығыста Алтай аясы, Павлодар – қараЕртістіңсаясы.

  7. Ақат: Қызылжарым – солтүстігіморманды, Семей – аңыз, Шыңғыстаудайқорғанды.

  8. Айкөркем: Талдықорған – жержаннаты, көпбағы, Астана – Арқада астық алқабы.

Шымкент – ыстық оңтүстігім мақталы.

Хор – «Атамекен»


  1. Әліби: Тарихы бар дастанымдайерліктің,

Дәстүрі бар үлгісіндей елдіктің

Қазақстан - алтын бесікОтаным,

ҰлыОрдасытатулық пен теңдіктің.


  1. Айкөркем: Қазақеліжелбірепкөкбайрағың,

Гүлгеорандыауылың мен аймағың.

Нұрсұлтаныңбиіктергесамғады,

Олкөрсеткеннұрлыжолдан таймағын.


  1. Жансая: Тәуелсіздік - рухы күшті ғажап күн,

Арттақалдыбоданболғаназапкүн.

Елім, жерім, қазағымдептебіренем,

Өйткені мен - тәуелсізбіназатпын!


  1. Ақат : Ендімінеқазағымныңтаңыатты,

Нұрғабөлеп, жырғабөлепалапты.

Әротбасы, әрбірқазақ, әрадам,

Тәуелсіздіксақтауүшінжауапты.


  1. Қаламқас: Бақтыңқұсыәрадамғақоныпбір, -

О, тәңірім, біздібаққажолықтыр.

БүгінмінеТәуелсіздік, ағайын!

Әр қазақтың жүрегінде соғып тұр!


Асқақ та, абыройлымерекелеріңізқұттыболсын! Аспанымызашық, болашағымызжарқынболсын! Көңіл қойып тыңдаға






4 сценари16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған
«Тәуелсіз елім - Қазақстаным» ертеңгілік сценариі
Мақсаты :
1. Білімділігі: Балалардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру.
2. Тәрбиелігі: Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру. Қоғамның бір мүшесі ретінде адам өмірі мен жақсы тұрмыстық құндылықтарын ұғындыру, жауапкершілік сезімдерін ояту. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылығы: балалардың өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту.
Көрнекілігі:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә. Назарбаевтың портреті, слайд, желтоқсан құрбандарының суреті. Жалаушалар.
2. Нақыл сөздер жазылған плакаттар.
3. Шарлар, гүлдер, музыкамен жабдықталған.

Тәрбиеші сөзі:
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар және балалар. Біздің тобымыздың"Тәуелсіз елім – Қазақстаным” атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер! -Бүгін біз Қазақстанымыздың Тәуелсіздік алған күнін тойлағалы отырмыз. Бәрімізге мейрам құтты болсын!!!
«Күншуақ» тобы мен «Балауса» топтарының ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер.
Балалар ән ырғағымен залға кіреді.
Әнұран айтылады.
Сәлемдесу рәсімі

Тәрбиеші сөзі:
Біз тәуелсіз елдің түлегі болғанымызға шексіз қуанамыз. Біздің отанымызды әлем таныды. Осы сәтте Отан туралы еріксіз ойға берілесің. Бұл ұғымның аясы кең. Отан – далаң, орман, тауың, ауылың мен астанаң.
Отан әр жұмыр басты пенденің киелі мекені, жер басып жүрген әр тіршілік иесінің шексіз байлығы. Тәй-тәй басқан нәресте де, еңкейген қария да оның бір мүшесі.

-Біздің балаларымыз «Отан» туралы өлең айтып берсін.
Тәрбиеші сөзі:
Қазіргі кезде сендер ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырсыңдар.

Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.
16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.
Бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке.

- Балалар, біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз. Оның бір көрінісі желтоқсан оқиғасы.
Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп, солардың бірі – Қайрат Рысқұлбеков. Ол қыршын жасын қиды. Оған үлкен айып тағылды.
Ерлігіңе қуанам да, сүйінем,
Қайрат аға рухыңа мен иілем.
Бәйшешектің солғанына ах ұрсам,
Әділ жанның қазасына күйінем.
Қазір сіздердің назарларыңызға желтоқсан оқиғасында әділдік үшін күрескендердің бірі – Қайрат Рысқұлбеков, ендеше Қайрат жайындағы көріністен үзінді тамашалаңыздар.

КӨРІНІС

Тәрбиеші сөзі:

Осыдан 20 жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңына жастар жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.
Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.
Бас алаңда ел жосқан,
Жастар қаны жуған түн.
16 желтоқсан-
Тәуелсіздік туған күн!

-Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз.
Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар.

-Енді балалардың тәуелсіздік мейрамына жаттаған тақпақтарын тыңдайық. (балалар тақпақтарын айтады)

Тәрбиеші сөзі:
-Енді бір ойын ойнап жіберейік.
Ойын: «Күш сынасу»

Тәрбиеші: біздің балаларымыз «қара жорға» биін билеп берсін.
Би: «Қара жорға»

Тәрбиеші: Отан туралы өлең оқып беру

«Болса екен қазақ баласы»
Ертеңі өсіп елімнің
Сабырлысы болса екен
Ар-ұятты айбатты
Азулысы болса екен
Батыл, берік орнықты
Байсалдысы болса екен
Алғыр, зерек, мейрімді
Ақылдысы болса екен
Тапқыр, шешен талапты
Өнерлісі болса екен
Ойшыл, өткір, дарынды
Білімдісі болса екен
Сергек, іскер, сезімтал
Саналысы болса екен
Парасатты намысты
Отаншылы болса екен
Болса екен қазақ баласы
Ел ішінде өсетін
«Қайсарлығы қалтқысыз Махамбет қой» – десетін
Ізгіліккке леп едім
Жақсылыққа сеп едім
Тәуелсіз елдің ертеңін
Осылай көрсем деп едім - деп осындай отаншыл бүлдіршіндеріміз аман – есен өсе берсін.
Олай болса балалар, «Отан» әнін бірге тамашалайық
Ән: «Отан»
Тәрбиеші: Ал құрметті қонақтар осындай әдемі тілектермен, әндерімізбен бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Сіздерге тағыда мейрамдарыңыз құтты болсын. Аспанымыз ашық болып, Қазақстанымыз гүлдене берсін!

Тақпақтар

Қайраттай қайсар ұлдардың
Жанымен келген еркіндік
Жазира мен ляззаттың
Арымен келген еркіндік
Қасірет пен қайғының
Бәрімен келген еркіндік

Он алтыншы желтоқсан
Ел мерейі тасыған
Қазақ деген қалың жұрт
Бәрін кешті басынан

Әр қазақтың есінде сақталады
Желтоқсандық өрендер ақталады
Ел намысын қорғаған сарбаздарым
Ерліктерін мәңгілік сақталады.

Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн

Көк аспанда тулардың
Желбіреген күні - бұл,
Елім деген ұлдардың
Елжіреген күні - бұл.

Елдігімнің – реңі,
Тендігімнің – тірегі
Мүддесінен халықтың
Ажырамас бір елі.
Алтын заңым – арай таным!

Әділеттің ұраны,
Ақиқаттың шырағы.
Тыныштықтың туы боп,
Зор салтанат құрады.

Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын,
Алдымызда барлық үміт ақталсын
Тату – тәтті бірлік болып қашанда
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.

Енді міне біз тәуелсіз ел болдық
Басқалармен терезесі тең болдық
Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай
Отан үшін болуға да құрбандық

Дүбірлетсін өңірді
Дүбірлесін дүлділі.
Қазақдегенелімнің
Құттыболсынбұл - күні!




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 30.01.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров158
Номер материала ДВ-394377
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх