Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / Разработка на 8-ое марта
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Разработка на 8-ое марта

библиотека
материалов

«Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы» 

Мақсаты:
 
-мерекелік көңіл-күйін құру
 
-анасына, әжесіне сыйластық тәрбиелеу, махаббат тарту
 
-ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру
 
-балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру
 
-өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.
 
Мұғалім: Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар!

Бүгін алғыс айту күні. Бәріңізге рахмет! Өмір сыйлаған Аллаға рахмет, дүниеге әкелген ата-анамызға рахмет! Көздеріңіздің нұрындай балаларыңызды маған сеніммен тапсырып алдыма әкелгендеріңізге рахмет!

Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналар мен ажарлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса. Олай болса бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы да осы қасиетті Ана есімі болмақ! «Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы» - атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады. 
Енді балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар. Қошеметпен балаларды шақырайық.
 

Санат: Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар 
Аналардан туған небір даналар.
 
Ана деген тіршіліктің тірегі,
 
Армысыздар, қасиетті аналар!
 
Нурдаулет: Қайырлы таң! 
Қайырлы күн! 
Күліп шықты күн бүгін
 
Мерекелі осы күн!
 
Дидар: Бүгінгі көктем күнінде, 
Барлық адам қуанар,
 
Аналарды мейраммен
 
Құттықтайды балалар.
 
Расул: Өзің мені өсірген, 
Айналайын ақ әжем.
 
Тентек болсам кешірген
 
Шөлдедің бе дана әжем.
 
Мұғалім: Ана, Ана, Ана! Не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді. Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түбінде ұлы сезім жатыр десеңізші! Сезім мен қасиетті, бар махаббат пен шапағатты сыйдырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлейтін жан бар ма екен өмірде?! Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтімен жаралған.
Ерзат: Ақ қабақты анашым 
Күн сәулелі анашым.
 
Әлпештеген баласын,
 
Айналайын анашым.
 
Қайсар: Әр сөзімді жаттаған, 
Жүрегімде сақтаған.
 
Анашым деп мақтанам,
 
Айналайын ақ анам!
 
Көктем келді шуақты,
 
Балаларды қуантты.
 
Алақай-ау, алақай!
 
Құстар сайрап, бақтар жайнап,
 гүл атты! 
Өркен: Анамды мен жақсы көрем, 
Айтқан тілін алып жүрем.
 
Қасымда анам жүргенде, 
Шаттанып ойнап- күлем!
 
Еркебұлан: Мен үшін не керек – бәрін іздеп табасың. 
Айналайын анашым, жұмысыңа барасың.
 
Қайтып мені көргенде,
 
шын сағынып қаласың.
 
Мұғалім: Қандай бала болмайық, 
Анамызға балдаймыз,
 
Көтерейікші көңілін
 
Ән салайық бәріміз.
 
Ән «Аяулы анашым»

1 .Кішкентайдан мені аялап өсірген

Осы күнге мені еңбекпен жеткізген

Осы күнге мен деп ұйқысыз өткізген

Аяулы анашым

Қайырмасы:

Аяулы анашым ақ сүт берген маған

Бұл өмірге жоқ қой сенен артық адам

Анам бар деп мәңгі ән айтып мақтанам

Аяулы анашым, аяулы анашым

2. Міне мен де өстім сы жасқа келдім

Анамның ақ сүтін ақтар жасқа жеттім

Анам бар деп мен де мақтанып жүремін

Аяулы анашым

Қайырмасы:

Аяулы анашым ақ сүт берген маған

Бұл өмірге жоқ қой сенен артық адам

Анам бар деп мәңгі ән айтып мақтанам

Аяулы анашым, аяулы анашым


Аяулы анашым ақ сүт берген маған

Бұл өмірге жоқ қой сенен артық адам

Анам бар деп мәңгі ән айтып мақтанам

Аяулы анашым, аяулы анашым, ауялы анашым

Ойын «Ананың алақанынан тану» Ал, қазір маған 4 қыз анасымен ортаға шығады.

Мұғалім: Ой балалар, балалар 
Ойналық та күлейік
 
Қане енді бұралып
 
Би билеп те берейік
 

Би билейді 

Нұрдаулет Еркебұлан өзбек

Өркен Дидар үнді

Расул Ерзат орыс

Қайсар Санат лезгинка

Қара жорға

Мұғалім: «Бала тілі – бал дегендей» балалардың шын көңілінен шыққан, жүрек жарды аналарына деген балалардың жылы лебіздерін, тілектерін қабыл алыңыздар.

Хормен барлығы: Жанымызды жайнатқан
Сіздерсіз ғой аналар
Зор денсаулық мол бақыт
Тілейміз біз балалар!
Өздерінің қолдарынан дайындаған аналар мен қыздарға деген сыйлықтарын тапсырады
Ән «Құстар әні»

Жаз өмірін, мәз өмірін қысқартып,

Бара жатыр, бара жатыр құс қайтып.

Зымырайды менің бала кезімдей,

Бір жалт етіп, өте шыққан, өте шыққан сезімдей.

Бір жалт етіп, өте шыққан, өте шыққан сезімдей.


 Құстар, құстар сызылтып ән салады.

Сол әнімен тербетеді даланы.

Ал адамдар кұліп бастап өмірін,

Кетерінде жылай да алмай, жылай да алмай қалады.

 

Біздің жаққа бауыр басып кеткен бе?

Тамаша әнмен келіп еді көктемде.

Өскен жерге сыймай кетіп барады,

Өскен жерін қимай кетіп, қимай кетіп барады.

Өскен жерін қимай кетіп, қимай кетіп барады.

1 сахналық көрініс «Әжесі мен Бағлан» Қабдікәрім Ыдырысов.
- Жүрегім кім менің?
- Мен!
- Тірегім кім менің?
- Мен!
- Сәнім кім менің?
- Мен!
- Ботақаным, бағлан қозым,
Не деген тәтті баласың өзің!
Ой, қарғам менің!
- Жоқ, әже, қарғаң мен емес!
Жо... жоқ, қарға болмаймын,
Керегі жоқ ондайдың.
Қарға «қарқ - қарқ» етеді,
Алысқа ұшып кетеді.
Қасыңда боп әрдайым,
Мен ешқайда бармаймын.

2 сахналық көрініс

  • Мен ұйықтарда көзіме көзілдірік киіп жататын болдым

  • Неге? Ол не үшін керек?

  • Соңғы кездері көзім бұлдарып, дұрыс түс коре алмай жүрмін. Сондықтан түсімдегілерді анық көрейін деп әдейі көзілдірік киіп жатамын

3 сахналық көрініс

Мергеннен бір досы:

  • Осы сен мылтық атарда бір көзіңді жұмып алатының не?

  • Үйбай-ау, сен өзің қызық екенсің ғой. Енді екі көзімді бірдей жұмсам, аңды қалай көрем?

4 сахналық көрініс

  • Кезінде әке-шешемді бекер тыңдамаппын. Қазір соған қатты өкініп жүрмін.

  • Әке-шешең не деп айтып еді?

  • Қайдан білейін? Айтып тұрмын ғой, тыңдамаппын деп!

5 сахналық көрініс

  • Менің балам сонда ақылды үй сатады. Өткенде бір досына Астанадан пәтер сыйлады.

  • Менің де балам көлік сатумен айналысады, ол да досына қымбат көлігін сыйлады.

  • Ой, менің балам банкте істейді, несие береді. Жақында бір досына процентсіз отыз жылға несие беріпті.

  • Не айтып жатырсыңдар?

  • Бала туралы.

  • Ееееее, менің балам өте дарынды не істейтінін білмеймін, бірақ астанада пәтері мен су жаңа қымбат көлігі бар. Ол аз болғандай банктен отыз жылға процентсіз несие алыпты.

Мұғалім: Барлық ана баласымен бақытты, барлық бала ата – анасымен бақытты.
Ана деген сөзді де
Апа деген сөзді де
Әке деген сөзді де
Аға деген сөзді
Хормен: Ойлап тапқан балалар!
Күнім, жаным дегенді
Құлыншағым дегенді
Ботақаным дегенді
Айналайын дегенді
Толған айым дегенді
Хормен: Ойлап тапқан аналар!

Ойын. «Мақалдарды жалғастырыңдар».

1. Ауылдан асқан байлық, ________ қымбат қазына жоқ. /кітап/ 2. Талапсыз жас, Қанатсыз_________. /құс/ 3. ________ қылығымен көркем. /қыз/ 1. Білім-теңіз,_______ кеме. /мектеп/ 2. _______ көңілі балада. /ананың/ 3. Сөз тапқанға ________ /қолқа жоқ/ 1)Жақсы сөз . /жарым ырыс/ 2)Ине көзінен сынады________ /шешен сөзінен сынады/ 3)Ала сөйлеп, үлыққа жаққанша, Адал сөйлеп, ________/ жүртқа жақ / 1. Балаға өз тіліңмен сөйлеме, / өз тілімен сөйле./ 2. Жолдасы жоқ жігіттің / Олжасы жоқ. / 3. Тұр-тұрдан хабар келсе, / ¥йкыдан маза кетеді. / 1. бар үйдің жеңгесі сүйкімді. / Кызы / 2. Екі аяқтыда бажа тату, . / төрт аяқтыда бота тату./ 3. Бас жарылса, бөрік ішінде, /Кол сынса, жең ішінде./ 1. Өле жегенше, /бөле же./ 2. Туа жаман жок, /Жүре жаман бар./ 3. Ағаш тамырымен мықты, /Адам досымен мықты.
Мұғалім: Дүниедегі құдіреттің бәрі, ананың тілегі, ананың жүрегінің мықтылығы арқасында жүзеге аспақ. Ал, ақ самайлы, аяулы да, ардақты әжелеріміз болмаса, аналарымызға да, бұл жарық дүние есігін ашпас еді.

Санат: Көктем келер гүлін алып, жазда келер жырын алып – деп ән мәтінінде айтылатындай, нұрлы шуағы мол наурыз айы туып, ардақты аналар мен ару қыздарымыздың төл мейрамы 8 – наурыз мерекесімен құықтаймыз.

Ерзат: Сіздер ер – азаматтардың қолқанаты, тірегі мен жүрегі болып табыласыздар. Аналарымыздың, қыздарымыздың көңілдері көктемнің шуақты күніндей мейірім – шапағатқа бөлене берсін. Әлемнің жарығын сыйлаған аналардың мерекелері құтты болсын.
Өркен:Айналдым «ана» деген асыл аттан
Шуағын бар әлемге шашыратқан
Ойнап жүрген құлынын даладағы
Үйде отырып даусынан ажыратқан
Ән «Мама»

Солғанша гүлім көзде тұнып

Ана деп ән салам

Жүрейін мейлі жүзге толып

Бөбекпін мен саған Ана--ана--ана Мәңгі дос сен ғана Абзал ана ана Көңілің кең дала

Дарасың сен маған Данасың сен маған

Мақтанатын, мархабатым, махаббатым


Сол үшін ана есіміңмен

Ел ана деп адам

Тербеледі бесігіңмен

Жер ана деп адам Ана--ана--ана Мәңгі дос сен ғана Абзал ана ана Көңілің кең дала

Дарасың сен маған Данасың сен маған

Мақтанатын, мархабатым, махаббатым

Қарызбын әжім, ақ шашыңа

Көзіңнің жасына

Өзіңсің бақыт бақшасы да

Өмірдің басы да

Ана--ана--ана Мәңгі дос сен ғана Абзал ана ана Көңілің кең дала

Дарасың сен маған Данасың сен маған

Мақтанатын, мархабатым, махаббатым

Ана--ана--ана

Мәңгі дос сен ғана

Абзал ана ана

Көңілің кең дала

Дарасың сен маған

Данасың сен маған

Мақтанатын, мархабатым, махаббатым

Мархабатым, махаббатым

Дидар: Қыз өссе - елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі демекші - 8 наурыз мерекесі, қыздарымыздың да, мерекесі.
Қыз емес қыздың аты қызыл алтын
Көрінер толған айдай жүзі жарқын
Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес
Халқының сақтай білген, ізгі салтын

Ойын: «Әр түрлі жағдаяттардан шешім таба білу»

Аналарға арналған: 1. Сіздің үй шаруасымен қолыңыз тимей жатыр еді. Балаңыз келіп әртүрлі сүрақтармен мазаңызды ала берді. Сіз не істейсіз? Сұрақтарына жауап бересіз бе, алде қолыңыздың тимей жатқанын айтып бетін қайтарасыз ба? 2. Балаңыз сынып жиналысы болатынын екі күн бұрын ескертті. Бірақ күйбең тіршіліктермен есіңізден шығып кетеді. Бармаганыңызды қалай түсіндіресіз? 3. Сабақтан кейін балаңыз ескертпестен жолдас қызының үйіне ойнауға барады. Сіздің іздемеген жеріңіз қалмай қатты уайымдап отырғанда қызыңыз келеді. Сіз не істейсіз?

Қыздарға арналған 1. Кұрбыңды ойнап жүріп орынсыз ренжітіп алдың. Сен өзіңнің кінэлі екеніңді біліп тұрсың, Не істейсің? 2.Сен күні бойы ойнап үйге берілген тапсырманы орындамай келдің. Мұғалім сенен неге орындамағаныңды сұрады. Сен не деп жауап бересің? 3.Ата-аналар жиналысы болатынын анаңа айтуды ұмытып кеттің. Ертесіне мұғалімің ата-анаңның неге келмегендігін сұрады. Сен не деп жауап бересің?

Еркебұлан: Менің әжем, бұл әже
Айтқан сөзі дәл әжем
Аман болса көреді
Қызығымды әлі әже

Расул:

Нурдаулет: Құтты болсын осы шаттық күніңіз
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз
Қуанышты жүзіңіз бен әрдайым
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз
Мұғалім: Жаңбырменен жер көгереді
Батаменен ел көгереді – деп барлық аналарға, әжелерге Қайсар бата беремін деп отыр.
Қайсар: Жаманшылық болмасын
Ардақ біткен жар болып
Ару ана қолдасын
Отбасының ордасын
Періштелер қорғасын
Тіккен әрбір отауға
Тәңірім, жақсылық жолдасын!
Бақыт – ашып қақпасын
Мәңгі – бақи жаппасын
Бәле – жала отбасын
Іздесе де таппасын

Хормен барлығы: Жарқыраған қызыл гүлдей
Болсын әсем өміріңіз
Сәуле шашқан әсем күндей
Көтерілсін көңілдеріңіз

Мұғалім: – деп сіздерге отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық, осы мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін.
Осымен біздің мерекеміз аяқталды. Қымбатты да аяулы аналар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам осы отырған сіздер. Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын, әрқашан аман болайық!!

Сау болыңыздар! 

Бекітемін.

Мектеп директоры: Ж.Е.Жумакулов.


Тексерілді.

Тәрбие ісінің меңгерушісі: Б.А.Омирова.



hello_html_77008d1d.gif







2015-2016 оқу жылы

Сынып жетекшісі: Т.С.Садвакасова.









hello_html_780cd237.jpghello_html_m191ad408.jpghello_html_224910c6.jpghello_html_m67e5bb29.jpghello_html_m1f643787.jpghello_html_m338604f5.jpghello_html_m6a5d9741.jpghello_html_6fe189a5.jpghello_html_m78c0394a.jpghello_html_77008d1d.gifhello_html_7b33f903.jpg


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-034386

Похожие материалы