325208
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 5.520 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1.200 руб.
Престижные документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ ДО 70%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО сейчас!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок")

ИнфоурокНачальные классыДругие методич. материалыРазработка на тему "Менің елім"

Разработка на тему "Менің елім"

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

«Менің Елім – Менің Президентім» тақырыбы

негізінде шығармашылық жұмыс.


Тақырып: Еліңді таны жас ұлан.


Қазақстан тарыхын оқытуда қазақ әдебиеті материалдарынан пайдаланудың мақсаты туралы көп пікірлер болуы мүмкін. Себебі Қазақстан тарихы жане қазақ әдебиеті пәндерінің өзара бір-біріне ұқсастығы және пәнаралық байланыстылығы мысал бола алады.

Қазақ тарихын ежелден бастап, қазіргі күнге шейін болған тарихын үйренуде қазақ әдебиеті де жазбаша және заттай деректер қатарында үлкен рөл атқарады.

Өйткені қай халық болмасын, әр бір халықтың өзіне тән өткен тарихын жыр ететін әдебиетінің барлығы белгілі. Сол сияқты қазақ халқының де ғасырлар бойы қайғы – қасіретті кездерді паш ететін ғажайып әдебиеті бар.

Ежелгі ескі заманнан бастап, кешегі кеңестік кезең келмеске кеткенге дейінгі ұланғайыр мерзім – мезгілдер аралығында Ұлы Дала төсінде не бір кемел ойлы кемеңгерлер ғұмыр сүріп, көшпенділер өркениетіне өлмеусіз үлес қосқанын бүгінге ешкім де бекерге шығара алмайды. Адамзат қауымдастығы үшін тарих дегеніміз тіпті де жалпылама бұлдыр ұғым емес. Әрбір халықтың ұлт ретінде қалыптасу, өсіп - өну жолында өз басынан өткергені, кешкен тыныс – тіршілігі, талайғы тағдыр – талай соқпақ – сүрлеуі бар. Үш мың жылдық дәуір – дәурен сырларын қойнауына бүгіп жатқан бұл Далаға тіл бітсе, Олжас ақын жырлағандай, «момын қырдың бетіне былш – былш ұрып» арқыраған арғымақтар тұяғының дүсіре мен сарнай ұшқан садақтар жебесінің зуылы, айға шығалған ақ найзалар мен ай балталар жарқылы жадында жаңғыра сес беріп, жапан түздер түпкірінен жасанған жауға қарсы күн астына күңіреніп жортқан баһадур жасақтар сұсы бой көтере түрегелер еді. Мемлекеттік шаңырағы бірде тікейіп, бірде құлап скифтердің тұңғыш патшасы Тарғытайдан қазақтың соңғы ханы Кенсарыға дейінгі уақыт кеңістігінде тасқын судай сапырылған сақ, ғун, түркі, оғыз – қыпшақ ұрпақтары ұзақсонар тауарихын найзаның ұшымен ғана емес, ақыл – парасат күшімен де аңыз - әпсаналарына айшықтап кеткен. Ендеше, ұлттың ұлы тұлғаларын білу – тарихи тамырыңды тану, сол арқылы қазіргі заманға лайықты көзқарасыңды, Отаншыл сана – сезіміңді қалыптастыру деген сөз!

Ондай дарабоз даналарымызды ұлттық Руханият ұстыны тұтып, ұлығылып отырмақ парыз. Олар ұлы Әуезов сөзімен айтқанда, «бір кезде бел көрінсе, келер ұрпақ тарихына: өз тұсына көрсетіп кеткен көмегімен, орнатып кеткен туымен, тастап кеткен үлгісімен, нұсқап кеткен бетімен енді бел ғана емес, биік тұрғы боп, асқар тау боп көрінеді...».

Хунну тәңірқұты Муде, адамзат тарихындағы Аттила, дала данышпаны Анахарсис, Отырардан шыққан ойшыл Әл – Фараби, көк түркілер көсемі Тоныкөк, қобызшы дәдем Қорқыт, тұнғыш тіл маманы Қашқари, имандылық уағызшысы Иассауи, дүниетаным дүлдүлі Баласағұн, тарихтан сыр тартқан Дулати, айбынды қолбасшы Бейбарыс, түгел сөздің түп атасы Майқы би, толғауы мен тоғыз ханды тоқтатқан сыпыра жырау, Бұқар жырау және Асан Қайғы, кеңес сұрар кемеңгер Кетбұға..

Ендігі кезде бұлардың «тастап кеткен жол – үлгісінің, аманат тағылым – ғибратын зердеге түймейінше, елдік руханиятымыздың төрт құбылысы түгел болмайды. Тіпті, әріге бармай-ақ, ХХ ғасыр басында ағартушылық салада қажымас қайрат жұмсап, қазақ жоғының қуғыншысы боп, бір өзі бар білімінің басын қосқан Ұлт Ұстазы, адамдық диқаншысы Ахмет Байтұрсын ұлының, Ахаң айналасындағы ардақты Алаш арыстарының асыл ой қазынасын ақи-тақи танып алдық па?! Сол бабамыздың: «Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек, - деген көрегендігі қазір де көкейкесті емес пе?!».

Осы баяндамада қазақ әдебиетіндегі жарқын жұлдыздар яғни ақын және жазушылардың қысқаша болса да өмірбаяны мен шығармалары, олар нені жыр еткендіктері жайлы оқушыларға мағлумат беру көзделінген.

Дәлірек айтқанда мақсат: оқушыларды Қазақстан тарихы пәніне деген қызығушылықтарын арттыру үшін, қазақ әдебиетімен де таныстыру; пәнаралық байланыстығын нығайту арқылы тарихи білімдерін күшейту; оқушыларды Отансүйгіштік рухында тәрбиелеумен әдебиетті сүюге үндеу; оқушылардың ішкі дүниесіне тақырыптар айтарлықтай күштірек жетіп бару үшін (ТСО) ТОЖ ден пайдалану арқылы қазақ тарихы және әдебиеті пәндерінің беделін көтеру. Бірақ та тек қазақ әдебиеті пәнінен емес, еңбек, ән, бейнелеу өнері сияқты пәндермен де байланыстыру мақсат етілген.

Мысалы 8-сыныптың Қазақстан тарихында «Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресу» атты тақырыпты оқушыларға түсіндіре келе, жоңғар хандары қазақ жеріне дүркін – дүркін шабуыл жасағаны, шапқыншылықтың ең бір ауыры – 1723 жылы болғаны жайлы балаларға әр жақтама терең мәлімет беруге болады. Сол кезде ел қонысынан, мал мүлкінен айрылды. Ұлан – байтақ қазақ жерінің күншығысы мен оңтүстігінен Сыр бойына қарай шұбырған мың сан халық. Мұндай шұбырған елдің қанды жасынан туған, қайғысына жер жүзіндегі бірде – бір әуен тең келмес атақты «Елім – ай» әні дүниеге келгенін айта кетуіміз шарт.

Оған дейін ақ май мен табақ – табақ етті тауыспай жейтін қазақ халқы енді құлазыған қу даладан жаужұмыр, алғыр, қозқұйрық секілді нәрі бар шөптермен қоректенді. Қайың ағаштың қабығын сыдырып, бетіндегі желімін жеп, «Қайың сауған» деген атаққа ие болды. Осылайша қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деп аталған халықтың ұлы апаты басталғанын төмендегі жыр арқылы бейнелеу мүмкін:

Қаратаудың басынан көш келеді,

Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.

Елім – ай, елім – ай.

Қарындастан айрылған жаман екен,

Екі көзден мөлдіреп жас келеді.

Елім – ай, елім – ай.

Мына заман қай заман, қысқан заман,

Басымыздан бақ – дәулет ұшқан заман.

Елім – ай, елім – ай.

Шыбырғанда ізіңмен қар борайды,

Қаңтардағы қар жауған қыстан жаман.

Елім – ай, елім – ай.

Бұл ән - әрине 1723-1729 жылдардағы Жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақ халқының басына төнген қауіп – қатер, азап – қиыншылықты, туған жер, өскен елді тастап, босқын болған елдің мұң-зарын жырлаған тарихий өлең. Бірақ та ол соңғы кездерге дейін «Халық жыры» деп танылып келді. Шынында оның авторы - әйгілі Қожаберген жырау Толыбайұлы болатын. Ол керей руынан шыққан аты аңызға айналған Толыбай сыншының баласы. Осы күнгі Солтүстік Қазақстан облысында Жамбыл ауданындағы «Толыбай жалы» деген жерде туылған (1673-1726). Ол – жоңғар басқыншылығын өз көзімен көріп, жауға тойтарыс беруде үлкен ерлік, күш-қайрат көрсеткен кісі.

Жоғарыдағы тарихи кезеңде қазақ халқына құрып кету қаупі төнді. Ел басына ауыр күн туды. Бейбіт халық егілді. Жазықсыз жандардың қаны төгілді. Халық дағдарды. Сонда қазақ халқы бірліктің керегін түсінді. «Дауға барсаң бірің бар, жауға барсаң бірің бар» деген мәтел осы түсте шықса керек. Сол кезде өзінде қазақ ішінде суырылып сөйлейтін шешендер, ту ұстайтын батырлар, елді ерлікке шақыратын жыршылар көп болсын.

Осындай қиын – қыстау заманда халық өз арасынан елі үшін, ар-намыс үшін, Отаны үшін елін, жерін, қорғайтын ерлер, батырлар шақырады. Сондықтан да Бұқар жырау өзінің толғауларының бірінде:

Қаракерей Қабанбай,

Қанжығалы Бөгенбай,

Шаншақ ұлы Жәнібек,

Серке қара Тілеуке,

Қарақалпақ Құлашбек,

Тігіден шыққан Естербек,

Шапырашты Наурызбай,

Құдаменді Жібекбай.

Бақ, дәулеті басында

Серкебай мен Шүйкенбай,

Тансықожа, Мамыт бар,

Қасқара ұлы Молдабай,

Қатардан жақсы қалдырмай

Айнақұл, Бәті ішінде

Өңкей батыр жиылып,

Абылай салды жарлықты, - деп көрсетеді.

Жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақ халқының жоқ болып кету қатерінің алдын алатын, басшылық ететін қайраткерлер – көсемдер керек болды. Бұл міндетті орындауға кейбір хандар, мәселен, Тәукехан үлес қосты.

Әсіресе Абылай ханның еңбегі ерекше болды. Ол өз түсінде қазақтың игі жақсыларының – билердің, шешендердің, батырлардың, жыраулардың басын қосты. Барлық мәселені бірігіп, ақылдасып шешті. Бүкіл қазақтың басын біріктірді. Соның нәтижесінде қазақ халқы елін де, жерін де тұтас сақтап, тәуелсіз халық болып сақталып қала бергенін оқушыларға жан-жақты мәлімет беруіміз керек.

Бұл тарихи тұлғаның балалық шақтарын төмендегі Бұхар жыраудың жырлары арқылы да оқушылардың сана – сезіміне жеткізуіміз мүмкін.




Эй, Абылай, Абылай,

Сен мені көргенде.

Тұрымтайдай ұл едің,

Түркістанда жүр едің.

Әблмәмбет патшаға ,

Қызметші болып тұр едің.

Сен қай жерде жүріп жетіктің,

Үйсін Төле бидің

Түйесін баққан құл едің.

Әрине, Бұхар тұлғалаған адамдар ішінде ерекше дәріптелі бейнеленетін хан Абылай. Ол ел тұтқасы, халық қамқоры жоқ – жігіттердің жоқшысы. Жырау хан Абылайды жеті эасар бала шағынан бастап, батыр боп қамал бұзып, хан тағына отырған кездерін сатылап баяндайды. Одан кейін қазақ елін басқарып, дегеніне жеткенін, елге сыңылген айтулы еңбектерін төмендегідей дәріптейді:

Хан Абылай атандың,

Дүниеден шықпай мініңіз.

Алтын тақтың үстінде,

Үш жүздің басын құрадың.

Жетім менен жесірге,

Ешбір жаман қылмадың.

Әділетпен жүрдіңіз,

Әдетті іске кірдіңіз.

Арманың бар ма, хан ием...

Ақылың бар хан едің,

Мұның түбін ойлағын.

Абылай Бұхардың арман аясынан орын алған әдл төре, білгір басшы, қазақтың бәріне түгел қызмет еткен, үш жүздің ұйтқысы.

Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан, ханым-ай,

Қайырусыз жылқы бақтырған, ханым-ай,...

Қалыңсыз қатын құштырған, ханым-ай,...

Ал Бұхар жыраудың өзі туралы айта кететін болсақ, ол 2122 ғасыр әдебиеті көрнекті өкілінің бірі болатын. Әкесі – Қалқаман белгілі батыр. Бұхар Қалқаман үлы өзінің үзақ өмірінде бірнеше ханды көріп, талай-талай тарихи оқиғаларды басынан өткізген. Ол өз толғауларында сол түстағы аса ділгер көкейкесті мәселелерге жауап іздеп, соның жоқшы – жыршасы бола білді.

Ол Абылай ханға үлкен үміт артып, оның ел басқарудағы саясаты мен жорықтарын қолдап отырған.

Жыраудың еңбектері арқылы біз Абылайды өзгеше дипломат болғандығын аңғаруымызға болатындығын оқушылар білу керек.

Қысқасын айтқанда бұл баяндамаға тиісті сөздер, ой – пікірлер көп. Қазақ мәдениетінің сонау көне заманнан бері жасап келе жатқан халықтың туындылары, тарихи тұлғалардың тарихи жырлары аз емес. Сан – салалы өлең – жыр, асыл сөз үлгілері, асқақ ән, сәнді де сазды төгілген күй – көркемөнер саласындағы халық мұрасының куәсі. Дәуірлік мәні бар поэзия туындылары, әдеби шығармалар – халқымыздың рухани байлығы болатын.

Әрбір ұлт мәдениетінің өзіндік өсу, қалыптасу жолы және өзіндік сипаты болады. Қай елдің тарихы да, әдебиеті де болиасын ол өз халқына ғана тән қәсиеттерді, оның басынан кешкен тарихын, саяси – экономикалық қүбылыстарын, әдет, салт, тұрмыс ерекшеліктерін бейнелейді.

Демек біз мұғалімдер өткен көне змандардағы еліміздің тарихын түсіндіруде қазақ әдебиеті материалдарын қолдану арқылы осы кезге лайық Қазақстанымыздың жаңа Отаншыл азаматын тәрбиелеуіміз керек.

Қазақстан тарихы пәнінде қазақ әдебиеті материалдарын көбірек қолданып отыруның да өзіне тән пайдалы жақтары көп екенін білеміз. Мұндай сабақтар арқылы оқушыны Қазақстан тарихы қызығушылығын арттырған боламыз, қазақ әдебиетін сүюге үйретеміз, осы күндегі саяси процестерді талдап, пікірлеуге үйретеміз және де Отаншылдық сезімін дамытқан боламыз.

Ойткені әрбір мемлекеттің дамуы үшін сол мемлекетте берік Отаншыл идеология қалыптасқан болыу керек деп ойлаймын. Біздің мемлекетте бір ғана идеялогия болуы тиіс, бұл – Отансүйгіштік, елжандылық сезімі. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы оның мемлекеттік рәміздерін, атазаңын құрмет түтуы парызы әрі міндеті. Онымен бірге осы күндегі бәсекеге толы қоғамда, ел басымыз идеасымен айтқанда бәсекелесіп өмір сүруіміз керек. Дәлірек атқанда біз мүғалімдер қоғамда бәсекеге лайықты әрі отансүйгіш жеке тұлғаны қалыптастыруымыз керек.































Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Ханғали Сүйіншалиев «Қазақ әдебиетінің тарихы». Алматы. «Санат» 1997ж.


  1. «Қазақ әдебиеті». Энциклопедия. Ред.алқа. «Білік» баспа үйі, Алматы, 1999 ж.


  1. «Дала даналары» Ред.алқа. Қазақстан даму институты, Алматы. 2001 ж.


  1. С.Қирабаев, Қ.Мирзалиев. «Қазақ әдебиеті» Алматы. «Рауан» 1998 ж.


  1. «Қазақстан ұлттық энциклопедиясы» Ред.алқа. 1-2 том. Алматы. 1999 ж.


  1. «Қазақ өнері» Ред.алқа. «Білік». Алматы. 2002 ж.


  1. «Батырлар жыры» 1-2-3-4-5-6 томдар. Алматы. «Жазушы» 2000 ж.


  1. Әділхан Байбатша. «Қазақ даласының ежелгі тарихы». Алматы. «Санат» 2001 ж.

Общая информация

Номер материала: ДВ-281522

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Роль педагога в реализации концепции патриотического воспитания школьников в образовательном процессе в свете ФГОС второго поколения»
Курс повышения квалификации «Роль педагога в реализации концепции патриотического воспитания школьников в образовательном процессе в свете ФГОС»
Курс повышения квалификации «Сетевые и дистанционные (электронные) формы обучения в условиях реализации ФГОС по ТОП-50»
Курс повышения квалификации «Профессиональная компетентность педагогов в условиях внедрения ФГОС»
Курс повышения квалификации «Система образовательной организации в начальном общем образовании в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогические аспекты профессиональной компетентности педагогических работников в условиях реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Организация инклюзивного обучения в сфере образования»
Курс повышения квалификации «Мотивационное сопровождение учебного процесса младших школьников «группы риска» в общеобразовательном учреждении»
Курс повышения квалификации «Система работы учителя-дефектолога при обучении и воспитании детей с особыми образовательными потребностями (ООП) в общеобразовательном учреждении»
Курс повышения квалификации «Разработка адаптированных образовательных программ в условиях ФГОС СПО»
Курс повышения квалификации «Видеотехнологии и мультипликация в начальной школе»
Курс повышения квалификации «Сурдопедагогика: организация обучения, воспитания, коррекция нарушений развития и социальной адаптации глухих, слабослышащих, позднооглохших обучающихся в условиях реализации программы Ф
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика преподавания в начальных классах компенсирующего и коррекционно-развивающего вида»
Курс профессиональной переподготовки «Оказание психолого–педагогической помощи лицам с ОВЗ»
Курс повышения квалификации «Формирование и развитие ключевых компетенций школьников в интересах устойчивого развития региона»

Благодарность за вклад в развитие крупнейшей онлайн-библиотеки методических разработок для учителей

Опубликуйте минимум 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Сертификат о создании сайта

Добавьте минимум пять материалов, чтобы получить сертификат о создании сайта

Грамота за использование ИКТ в работе педагога

Опубликуйте минимум 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Свидетельство о представлении обобщённого педагогического опыта на Всероссийском уровне

Опубликуйте минимум 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Грамота за высокий профессионализм, проявленный в процессе создания и развития собственного учительского сайта в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Грамота за активное участие в работе над повышением качества образования совместно с проектом "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Почётная грамота за научно-просветительскую и образовательную деятельность в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную почётную грамоту

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Онлайн-конференция Идет регистрация