Инфоурок Другое КонспектыРазработка на тему: "Менің елім - Мәңгілік ел"

Разработка на тему: "Менің елім - Мәңгілік ел"

Скачать материал

Сынып сағатының тақырыбы: «Менің елім – Мәңгілік ел»

 

 

Абитаева Асем Жамбылқызы

«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №43 орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ағылшын тілі пәні мұғалімі

 

Мақсаты:  Қазақстан-2050 «Қазақстан-мәңгілік ел» туралы түсінік беру. Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Барша қазақстандықтардың мақсаты, мүддесі, тағдыры бір екендігін ұғындыру. Оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту.

 

Көрнекілігі: Мемлекеттік рәміздер, суреттер, мақалдар, слайдтар.

 

Барысы

Кіріспе сөз: Туған өлке туралы өлеңдер оқу.

1-оқушы:    Отан-жерім,

Отан-суым,

Отан қуат, нәр береді.

Отан - ұран,

Отан - туым,

Отан мәңгі гүлденеді!

2-оқушы:   Отан-сенің ата-анаң,

Отан-досың, бауырың.

Отан - өлкең, астанаң,

Отан - аудан, ауылың.

3-оқушы:    Отан - тарих,

Отан - тіл,

Жасаған елің, ер халқың.

Отан - өлең,

Отан - жыр,

Көтерген көкке ел даңқын.

4-оқушы:    Отан - осы, достарым,

Көңілге мұны түйе біл.

«Отан» деп өс, жас қауым,

Оны ардақтап сүйе біл!

5-оқушы:    Алтын дәнді даласы бар,

Ақ күмістей қаласы бар.

Неткен сұлу, неткен көркем!

Осы менің туған өлкем!

6-оқушы:    Түлігі өскен алуан-алуан,

Төс, алқабы малға толған.

Неткен сұлу, неткен көркем!

Осы менің туған өлкем!

 

- Балалар, біздің туған өлкеміз қалай аталады?

- Қазақстан

- Қазақстан қандай мемлекет?

- Тәуелсіз, егеменді мемлекет. Қазақстанның жері - кең-байтақ. Батыстан шығысқа қарай үш жүз мың шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай бір мың жеті жүз шақырымға созылып жатыр. Қазақстанның табиғаты әр түрлі. Мұнда тау да,өзен де, шөл де бар. Атамекен! Туған жер! Отан! «Ел тағдыры - ер тағдыры» демекші, елім деп еңіреген, кіндік қаны тамған туған жерін еріксіз жыр – жұмбақ қисса - дастанға қосып, қаншама жаугершілік заманның куәсі болған, ұлы қазақ хандығының 550 жылдығына орай, елім, ұлы Алаш теңдессіз дана - Қазағым туралы өзімнің қысқаша қылқалам туындыларымды ой елегімнен өткізбеске болмас деп бел будым. Сонау 550 жыл бұрын іргетасы қаланып, сұрапыл сан мыңдаған ғасырлардың басты кейіпкері - қайтпас қайсар қазақ хандығының аты мәңгі өшпес құнды дүние екені хақ. Ел басқарған би де, болыс та, таққа отырып, данышпан ақылгөйлігімен, тыс жаудан қорғай білген қайырымды хан да, даудың түйінін риясыз шеше білген ауыл ақсақалдары да дүйім қалың қазағымның маңдайына қонған алтынның сынығындай өлшеусіз бақ екені сөзсіз. Осы орайда Жұбан Молдағалиевтің мына олең жолдарын айтқым келіп отыр.

Мен - қазақпын мың өліп, мын тірілген.

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Мен - қазақпын, ажалсыз анамын мен,

Құрсағыма сыйдырам даланы мен.

Пәк сәбимін бесікте уілдеген,

Дәуірлермен құрдаспын, данамын мен.

Менің елім - төрткүл дүниеге әлем назарын аудара білген, қызыға да, қызғанышпен де, көз тіккен ұлы қазақтың қаны кеудемде, қазақ баласы болып туғаныма аллаға шексіз ризамын. Ел ел болып, мықты тұғыры беки бастаған кезде, Тәуке хан, Есім хан, Қасым хан, Жәңгір хан, Абылай хан, Әбілхайыр хандар әділдігімен таққа иелік етсе, Төле би, Әйтеке би, Қазыбек билер халық түйінін дау дамайсыз шеше білді. Жоңғар шапқыншылығының хандық құрсауынан аман қалып, елдің сана - сезімін ұшқындата оятып, ағартушылықпен сара жолға бет бұрған, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов сияқты тума - талант дарабоздары қазақ екені ұлы мәртебе емес пе?... Алты алаштың азулы зияткерлері - Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Шәкәрім Құдайбердиев, Тұрар Рысқұлов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов сынды атышулы арыстар қазақтың жақұт - гауһары екенін мақтан тұтамын.

Адамзаттың ұлы да даналары,

Болған еді 37 - нің құрбандары.

Халық жауы атанып атты бәрін,

Ел үмітін ақтаған жанаттары.

Тебірентіп, толғанып, мен жырлаймын,

Өтті ғой талайлардың тарландары.

Өзді - өзі балта шауып басына,

Құртып алды қазақтың алаштарын.

Бейімбет, Сәкен, Ілияс,

Мағжанда бар қиғаш қас.

Жер жүзіне паш етер,

Қазақ деген ұлы жас.

Аталардың рухына,

Тағзым еттім иіп бас.

Назым, Құртқа, Гүлбаршын атқа қонған,

Маңғыстаудың Ақбөбегі тарихта қалған.

Ұлжан, Зере, Домалақ, Айшабибі,

Динаның домбырасында күй боп тартқан.

Көркіне мінезі сай, осы бір көздің жауын алатындай қазақтың сұлу ару - аналарының аты алтын әріппен мәңгі өшпес болып қалды. Атам қазақ айтса сөз бермес, Бурабайдай Оқжетпес, шүйліккен қыран құстың қанатындай дес бермесі айдан анық. 70 жылдай орыстың құрсауында болып, егемендікке қол жеткізе алмай, бір ағымға тәуелділікке бас идік. Ұлы Отан соғысы жылдары да, Қазақстаннан аттанған небір саңлақтар кеудесін оққа тосып, Отан үшін, ел үшін еріксіз өлім құшты. Қазақтың қос жұлдызы Мәншүк пен Әлия да қазақ қыздарына үлгі боларлықтай ерен ерліктерін паш етті. Менің өз ойымнан жазып отырған, бұл туындым қазақ халқының иненің көзіндей бір бөлшегі екені құба – құп. Егер де Желтоқсан оқиғасы болмағанда ше?.... Ызғарлы сол бір желтоқсанның аш бөрідей азулы араны айбат шекпегенде, жабулы қазан жабулы күй кешпесі даусыз еді. Егеменді ел деп, соғады жүрегі дүрсілдеп, қазақ жастары келеді, алаңға үймелеп демекші, Желтоқсан жастарының қазақ халқына алып берген егемендігінің бастар бұлағының қайнар көзін ашып берді десек артық айтпаған болар едік. Осы бір тарихи шежіреден кейін, 1990 жылдар қазақ халқы үшін жаңа өмірдің құтты қадамы орнағандай іспеттес болды Мәншүк пен Әлия да қазақ қыздарына үлгі боларлықтай ерен ерліктерін паш етті. Менің өз ойымнан жазып отырған, бұл туындым қазақ халқының иненің көзіндей бір бөлшегі екені құба – құп. Егер де Желтоқсан оқиғасы болмағанда ше?.... Ызғарлы сол бір желтоқсанның аш бөрідей азулы араны айбат шекпегенде, жабулы қазан жабулы күй кешпесі даусыз еді. Егеменді ел деп, соғады жүрегі дүрсілдеп, қазақ жастары келеді, алаңға үймелеп демекші, Желтоқсан жастарының қазақ халқына алып берген егемендігінің бастар бұлағының қайнар көзін ашып берді десек артық айтпаған болар едік. Алтын қақпаның айқара ашылуы - бүкіл ғаламшардың назарына жол ашты. Киелі қазақ даласы құнды дүниенің, сарқылмас мол қазына байлықтың түп тамырына айналды. Қазақстан осыншама аз уақыттың ішінде әлем жұртшылығын өз өне бойындағы мінсіз қасиетімен баурап алды. Нұр - ағаның бастауымен іске асып, зор нәтижеге сарқылмас сарқыраманың суындай, міз бақпас жасыл нуындай, таусылмас кәусар бұлақтай бастау болатын игі істер тізбегі ұшан - теңіз. Елбасының елге сілтер ерен естілігінің оң орамы алып бәйтеректің жапырағының жайқалып өсуіне қазақ халқының үлесі ерен. Сондықтан да мен болашағы мол шексіз дария, келешегі кең, мөлдір бұлақтай, айнадай Алаштың азулы Қазақ азаматы болғаныма мақтан тұтамын! Ұлы елім - Қазағым мәңгі – мәңгі жасай берсін! Менің елім – мәңгілік ел екеніме сенемін! Қазағымның болашағы жарқын болсын! Біз қазақтың баласы, мақтан тұтар панасы, Нұр – ағаның бастауы, Нұрлы жолдың айнасы. Олай болса, тек білімді болайық!

- Ендеше, балалар, өз білімдеріңді ортаға салайық!

- ҚР-сының мемлекеттік тілі қандай?

 - Қазақ тілі.

 - Қазақстан Республикасының өз Ата Заңы бар. Тамыз айының 30 жұлдызы Ата Заңымыздың қабылданған күнін тойлаймыз.

- Барша қазақстандықтардың құқығы осы заң аясында қорғалады.

1-оқушы:   Құқығымды қорғаған,

Ата заңды қолға алам.

Оның әрбір бабымен

Әділеттік орнаған.

2-оқушы:    Құқығыңды білгейсің,

Тәртіпті боп жүргейсің.

Заңды білсең қашанда,

Жаман өмір сүрмейсің.

3-оқушы:    Елдігімді сақтаған,

Бар үмітті ақтаған,

Ата заңым әділ деп

Барша жұртқа мақтанам.

- Иә,балалар, «бала бол, дана бол бәріңе заң біреу-ақ».

- ҚР-сының мемлекеттік рәміздерін атаңдар.

- Ту, Елтаңба, Гимн.

4-оқушы:    Рәміздерім елдігімнің белгісі,

Білу керек бала дағы ең кіші.

Рәміздерім Гимн ,Ту, Елтаңба,

Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.

5-оқушы: Мемлекеттік туға сипаттама беру.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы-тік бұрышты көгілдір мата. Тудың ортасында шұғылалы күн бейнеленген. Оның астында қалықтап ұшқан қыран құс бейнесі алтын түсті бояумен берілген. Матаның сол жағында ұлттық өрнек салынған тік жолақ бар. Тудың ені-1 метр, ұзындығы-2 метр. Тудың авторы: Шәкен Ниязбеков. ҚР-сының сыйлығының лауреаты, еңбек сіңірген суретшісі.

6-оқушы:    Желбіресе көк туым,

Көтерілер шоқтығым.

Қазақты әлем таныды,

Егеменді ел боп бүгін.

7-оқушы:    Таңдай қаққан шартарап,

Көк туымда барша бақ.

Қыран самғап барады,

Күнді иыққа арқалап.

8-оқушы:    Көк туымнан нұр алдым,

Сол қыранға сыңармын.

Ерікті елдің еншісі –

Еркіндігі қыранның.

9-оқушы:    Еліміздің жалауы

Желбірейді аспанда.

Бар әлемге танылып,

Биік тұрар қашанда!

10-оқушы: Елтаңба туралы сипаттама беру.

Қазақстанның Мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясындағы шаңырақ бейнеленген. Елтаңба толық шеңбер кескінін береді. Ол тіршілік,мәңгілік белгісі. Шаңырақ-отбасы амандығының бейбітшілік пен тыныштық айғағы,елімізде тұратын барлық ұлттардың ынтымағының белгісі. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған оны аңыз- әңгімелердегідей қанатты пырақтар көмкеріп тұр. Жылқы-пір тұтар қазақ халқы үшін айрықша қасиетті жануар. Елтаңбаның жоғарғы жағында орналасқан бес бұрышты жұлдыз біздің 11 құшағымыз бен жүрегіміз бес құрлыққа ашық екенін көрсетеді. Ал көк түс аспан барша әлемнің халықтарына ортақ деген сөз. Бұл біздің жер бетіндегі барлық елдермен бейбітшілікте, достық пен бірлікте, өмір сүргіміз келетіндігін баяндайды. Елтаңбаның авторлары: Ш. Уәлиханов ҚР еңбек сіңірген архитекторы, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Жандарбек Мәлібеков- сәулетші.

11-оқушы: Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбат,әдемі!

Тұнығындай көңілдің,

Ортада - аспан әлемі.

12-оқушы: Құт,береке-шаңырақ,

Орын алған ол төрден.

Қанатты қос арғымақ,

Екі жақтан көмкерген.

13-оқушы: Тәуелсіздік жолында,

Талай-талай тер тамған.

Билігім өз қолымда,

Еркіндігім - Елтаңбам.

14-оқушы: Мемлекеттік Гимнға сипаттама беру.

Мемлекеттік Гимн - халық жүрегінің лүпілін танытып, адамдарды патриоттық сезімге бөлейтін музыкалық бойтұмар іспеттес. Оның әуенінен Отанға деген сүйіспеншілік, атамекенге шексіз берілгендік аңғарылса, сөзінен рухани жан дүниемізді танытар ұлттық қасиетіміз бен бейбіт пейілімізді, досқа ашық құшағымызды еркіндікке құштар, кең көңіліміз жақсы көрініс тапқан. Мемлекеттік Гимн-егеменді еліміздің туы мен елтаңбасының сазды баламасы. 2006 жылы ҚР-сының жаңа гимны қолданысқа енді. Гимнның сөзін жазған: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов. Гимнның әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов.

15-оқушы: Батырлыққа уызынан жарыған,

Ер түркіні байрағынан таныған.

Өзі ақын, өзі әнші халықта,

Кім айта алар, болмаған деп - Әнұран.

16-оқушы: Жаңа қала, жас қала,

Болды бүгін бас қала.

Ол – сүйікті Астана.

Қанат жайған көсіле

Алатаудың төсінде.

Алып қала – Астана.

 

Қорытынды бөлім: Сендер де ертең еліміздің көркеюіне өз үлестеріңді қосасыңдар,бірің сәулетші, бірің, дәрігер, бірің құрылысшы, тағы да басқа маман иесі болып, елді гүлдендіре түсесіңдер деген сенімім мол. Сонымен, «ел болам десең бесігіңді түзе» демекші, мәңгілік ел болу үшін осы отырған бүлдіршіндеріміз аман болып, болашақтары жарқын болсын деп тілейік! Құжаттық қысқаша мазмұны: Қазақстан-2050 «Қазақстан-мәңгілік ел» туралы түсінік беру. Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Барша қазақстандықтардың мақсаты, мүддесі, тағдыры бір екендігін ұғындыру. Оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту. Қазақстанның жері-кең-байтақ. Батыстан шығысқа қарай үш жүз мың шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай бір мың жеті жүз шақырымға созылып жатыр. Қазақстанның табиғаты әр түрлі. Мұнда тау да, өзен де, шөл де бар.

Қазақстан Республикасы 1991 жылдың 16 желтоқсанында тәуелсіз ел болып жарияланды. «Тәуелсіз» деген сөз ешкімге тәуелді емес, дербес, яғни, өз мәселелерін өзі шешетін, өз байлығын өзі басқара алатын мемлекет. Қазақстан Республикасын еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басқарады. Елбасымыздың биылғы жылғы халқына жолдауында баршамыздың мақсатымыз, мүддеміз, тағдырымыз бір, сондықтан да мәңгілік ел болуымыз үшін бірлікте, татулықта болуымыз қажет деген болатын. Қазақстан - мәңгілік ел болуы мына отырған сендердің де қолдарыңызда, ол үшін сіздер берген білімді одан әрі игеріп, ізденіп өз қажеттіліктеріңе жұмсап отырасыңдар, ел ертеңі - білімді ұрпақ деп тегін айтылмаған. Ұрпағымыз білімді,тәрбиелі, саналы болған жағдайда ғана еліміз көркейіп,гүлдене түсері сөзсіз. Олай болса, тек білімді болайық!

 

http://baq.kz/foto/8dd7424626b99c1c63c024c480411b08.jpg

http://baq.kz/foto/8dd7424626b99c1c63c024c480411b08.jpg

http://baq.kz/foto/8dd7424626b99c1c63c024c480411b08.jpg

 

 

http://baq.kz/foto/8dd7424626b99c1c63c024c480411b08.jpghttp://strategy2050.kz/storage/realise/0a/6f/b6/9b/6f/0a6fb69b6f172bb94514511176012a40.jpghttp://strategy2050.kz/storage/realise/0a/6f/b6/9b/6f/0a6fb69b6f172bb94514511176012a40.jpg

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Разработка на тему: "Менің елім - Мәңгілік ел""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Главный бухгалтер

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 776 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.01.2016 2173
    • DOCX 311.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абитаева Асем Жамбыловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абитаева Асем Жамбыловна
    Абитаева Асем Жамбыловна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9543
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой