Инфоурок Русский язык Другие методич. материалыРазработка на тему: Мукагали

Разработка на тему: Мукагали

Скачать материал

Әлі талай жыр болып жазыларсың

(тәрбие сағаты)

 

Мақсаты :

        Мұқағали Мақатаев өмірі мен шығармашылығы туралы таныстыра отырып, өлең -жырларының  мазмұнын ашу.

         М.Мақатаев шығармаларының саз өнерімен үндесуін көрсету.

         Ақынның шығармалары арқылы шындықты, сұлулықты қадірлей білуге тәрбиелеу.

 

Жоспары :

     1. М. Мақатаев өмірі мен шығармашылығы туралы.

     2. Поэзия –жүрек тілі (ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу).

3.     Презентация

4.     Мұқағалидің өз дауысы.

      5  Фильм

Барысы :

Мұғалім: Армысыздар,құрметті студенттер!

9-ақпан- қазақтың ғасырда бір туылар ғажайып ақыны М.Мақатаевтың туған күні.Мұқағали атамыздың туған күніне орай ұйымдастырылып отырған «Әлі талай жыр болып жазыларсың» тәрбие сағаты ашық.

  Бүгінгі тәрбие сағатта ақын өлеңдері мен поэмаларынан үзінділер оқылып,ақын туралы презентация мен фильмдер көресіздер..

  Сынып жетекші:.

1)Қазақтың әйгілі ақыны Мұқағали Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы Нарынқол ауданы Қарасаз кеңшарында дүниеге келген. Мұқағалидың әкесі Сүлеймен шаруа адамы болған. Бастауыш сыныпты Қарасазда оқып, орта мектепті аудан орталығы Нарынқолда интернатта оқып бітіреді. Мектепте оқып жүрген кезде ең алғашқы өлеңдерін жаза бастаған болатын. 1948 жылы мектепті жақсы аяқтап, алғаш рет Алматыға шет тілдер институтының неміс тілі факультетіне түседі. Бірақ өз жағдайы, ауылдағы екі анасы мен қос інісінің жағдайы оны оқудан шығуға мәжбүр етеді. Сөтіп, ол ауылға қайтып келеді, үйленеді, ауыл мектебінде мұғалім болады. Кейін 1962 жылы маусым айында Алматыға көшіп келіп, осы жерде өзінің көптеген шығармаларын дүниеге әкелген.

2)Презентация: Ия,Мұқағали –ғажайып,ақиық,сыршыл,гуманист ақын.Ол бізге көрінбейтін бояулардан,бізге естілмейтін құпия дыбыстардан  тоят алатын жұмбақ ақын.

  ХХ ғасырдағы қазақ поэзиясында қара өлеңнің құдіретін паш еткен Мұқағали Мақатаев жыр сүйер әр жүрек түкпірінен мәңгілік орын тепкен ақын. Мұқағали өлеңін оқыған адам одан өзінің мұңын, ренішін, қуанышын, жалпы айтқанда өзінің өмірін көреді. Себебі, Мұқағали –шыншыл поэзия жасаған ақын. Оның поэзиясы- халықтың жан жүрегі мен көңіл күйі.

(Бейнетаспадан Мұқағали атамыздың өз даусымен оқылған  өлеңдер тыңдалады).

 

 Мұқағали жырлары өз туған жерінің тамаша табиғатын, мейірімге толы жан сезімдерін айтып, ойды шарықтатуға, келешекке үлкен үмітпен қарауға тәрбиелейді. Ақынның туған жеріне деген сағынышын «Қарасаз» өлеңінен көруге болады.

   Мұқағалидың 10 жасында әкесі соғысқа аттанады. Бала кезінен еңбекке ерте араласып, тез есейді. Жесірлердің көз жасын, әкесінен қара қағаз келген жетімдердің мұңын, бейнетті өмірді көрді. Мұқағали сол кезден бастап өлең шығара бастаған екен. Ең алғаш әкесіне арнап «Әке аманаты» өлеңін жазды.

------  Мұқағали Мақатаев кезінде ән жайында: «Бүгін де халық әнді көп айтады. Шүкір, өлеңді сүйетіндер де аз емес. Бірақ жақсы әнге жақсы өлең қосылса, бір ғажап қой» деген екен. Сол айтқанындай Мұқағали сөзіне жазылған көптеген әндер дүниеге келген-ді. «Ән көңілдің ажары» кезеңі бойынша Мұқағали сөзіне жазылған әндер орындалады. Соның бірі Мадина Ералиеваның орындауындағы «Есіңе мені алғайсың» өлеңін бейнетаспадан тыңдайық.

- «Ана, сен бақыттысың» 

- «Арулар»

- «Сенің көзің»

Фильм:  Мұқағалидың ерекшелігі-ешқандай әлемге,шеңберге сыймайтындығында. Мұқағалидың басқа ақындардан артықшылығы-табиғи талантында,ойының кеңдігінде,қазақтың қара сөзінің қаймағын бала кезінен қанып ішкендігінде.

 

  Мұқағали Мақатаев 1000 –нан астам өлең жазып, Ильич,Райымбек,Аққулар ұйықтағанда тәрізді  тағы да бірқатар поэма –толғаулар, көркем аудармалар қалдырды.Ақын қай тақырыпта жазса да,жан жүрегімен тебіреніп,ақылдың шабытпен,суреткерлік шеберлікпен жеріне жеткізе жазады.

2-жүргізуші:  Талай түскен ақын жаны талқыға ,

Сөйтіп жүріп сыр ақтарған халқына

Мұқағали тек қана ақын болатын

Сауысқандар атанғанда «Қаршыға»

Тірлігінде шекпен келмей,шен алмай

Еңбегінің қызығын да көре алмай,

От боп жанып өмір кеткен ақынға

Мәңгілік қып өмір берген өлеңді –ай,-деп Айтақын ағамыз жырлағандай,өлеңінен рухани азық күш жинап,қажетіне қарай халқына бақыт сыйлаған ақиық ақынымыз ешкімнен кезінде енші сұраған емес.

 

ҚОРЫТЫНДЫ :

   Мұқағали Мақатаевтың көзінің тірісінде  11 жинағы,1 таңдамалысы шығып,халыққа кеңінен мәлім болса да ресми өкімет орындары тарапынан лайықты бағасын алмады.Тек өмірден кеткеннен кейін ғана жан-жақты мойындалып,1 томдық,3 томдық кітаптары жарық көріп,50-60 жылдық мерейтойлары Республика көлемінде кеңінен аталып өтті.

Ғасыр ауысар тұста Қазақстан Жазушылар Одағының шешімімен Мұқағали «Ғасыр ақыны» атанды.

 Тас жүректі тілімен тілімдеген ұлы ақын есімі қазақ халқымен бірге ғасырдан ғасыр асады.Әлі сан мың жас толқын Мұқағалидың жыр теңізінде  жүзіп,қара өленнің түнығынан дәм татады.Таңдайына бал шырындай сөз маржаны сіңгенде,ана тілінің  уызын сезініп тамсанады.Қазір біздің буын дәл сондай күйде.

  «Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім» дегенді ақын тегін айтпаған.Ал, өлеңі өлмегенде өзінің де мәңгілік ғұмыр кешетініне сенген.Ендеше, «Күпі киген қазақтың қара өленің,шекпен жауып өзіне қайтарған»ұлы рухына әрдайым бас ие жүрелікші.

«Жүрегінен жұлдызша тұмер ойған» ақынның өлеңдері шарықтай беретініне сеніміміз мол. Өлең «Фариза»- Одесхан Ерлан оқиды.

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Разработка на тему: Мукагали"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Овощевод

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 340 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.02.2016 749
    • DOCX 29.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Байзак Айгуль Сануаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Байзак Айгуль Сануаровна
    Байзак Айгуль Сануаровна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4194
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Русский язык: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель русского языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 19 человек

Курс профессиональной переподготовки

Русский язык: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель русского языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 88 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 254 человека

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания предмета «Родной (русский) язык» с учетом реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 234 человека из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 167 человек

Мини-курс

Жизненный цикл продукта и методология управления проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Преодоление фобий: шаг за шагом к свободе от социальных источников страха

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Эффективная корпоративная коммуникация

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе