Инфоурок Начальные классы КонспектыРазработка на тему "Қосындыны санға көбейту"

Разработка на тему "Қосындыны санға көбейту"

Скачать материал

Ашық сабақ

Пән:Математика                                                          

Мұғалім:Бекетаева Н.У

Сабақтың тақырыбы: Қосындыны санға бөлуді  қайталау.

Мақсаты:Оқушылардың  қосындыны санға бөлу тәсілдері  туралы   алған білім, білік, дағдыларын пысықтау.

Міндеттері: 1.Қосу  және бөлу  амалдарына  байланысты берілген есептерді

тез және   дұрыс есептеуге дағдыландыру

2.Танымдық қабілеттерін арттырып,ойлау қабілеттерін дамыту.

 3. Пәнге деген қызығушылығын арттыру ,зеректікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Қосындыны санға бөлуді біледі,қарапайым теңдеулерді шеше алады, сөз  есептерді шығарады, қосу мен азайтудың кестелік жағдайы біледі.

Түрі: ойын сабақ

Типі:пысықтау сабағы

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап ,топпен жұмыс, жеке жұмыс,   әңгімелеу, ой қозғау, деңгейлік тапсырмалар, СТО стратегиялары,7 модуль,АҚТ,тест,сурет.

Сабақтың барысы: 

І. Ұйымдастыру кезеңі.  Психологиялық дайындық

-Екі көз не үшін керек?
Жақсыларды көру үшін.
-Екі қол не үшін керек?
Елге көмек беру үшін.
-Екі құлақ не үшін керек?
Ақыл, кеңес тыңдау үшін.
Олай болса балалар бүгінгі сабақта жақсы қатысып, өз білімімізді көрсетейік.
Зейінділік ойыны:
ОИеАЫІӘҢАЭЮБЕАОЫк жазбасындағы Е әрпінен басқа барлық дауысты дыбыстарды сызып тастаңдар. Қандай сөз шықты? (еңбек).
ОИтАЫІӘлАЭЮЫЕПОЫӘО жазбасындағы Аәрпінен басқа барлық дауысты дыбыстарды сызып тастаңдар. Қандай сөз шықты? (талап).
ОИБАЫІӘАЭЮлЕАОЫіоАӘМЭЮ жазбасындағы І әрпінен басқа барлық  дауысты дыбыстарды сызып тастаңдар. Қандай сөз шықты? (білім).

ОйБАӘАЭЮлЕАОЫіоАӘМЭЮ жазбасындағы й,і  әрпінен басқа барлық  дауысты дыбыстарды сызып тастаңдар.  Қандай сөз шықты? (  жүйрік ).
І топ «Еңбек»
ІІ топ «Талап»
ІІІ топ «Білім»

IY топ « Жүйрік »
ІІ Миға шабуыл.
Үй тапсырмасын сұрау.«Сен-маған, мен-саған» ойыны.

Математика керек әр күнге,   

Математика қажет өмірде

   Математиканы оқимыз          

  Миымызға тоқимыз

-Барлығыңа сабақта сәттілік тілеймін!

Математика- ғалымдар патшасы деген екен Абай атамыз.Яғни,математиканы білсек  барлығын да біледі екенбіз.

Бүгінгі сабағымызды  смайликтер  арқылы бағалап отырамын. Тапсырмалар төрт  қатарға бөлініп беріліп отырылады.

Қатар бойынша жинаған ұпайларыңыз смайликтер арқылы есептеледі.

ІІ. Үй жұмысын тексеру:

 №5 есеп ,51- бет топтардан 1-оқушыдан оқиды.

40+  32 : 8 = 9              300 + 200 :5 = 100

5х 6+ 27 =57                 500-400х 3 =300

800- 800= 0                    1х 500:1 =500

ІІІ Миға шабуыл. «Қайталау –білім анасы »өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қойылады.
І топ «Еңбек»
1.Көбейтудің компаненттерін ата
2. Көбейтудің қандай қасиеттерін білесіңдер?(Ауыстырымдылық,Терімділік

Үлестірмелік)

3. 3-тің кубы нешеге тең? 3х3х3 =27

ІІ топ «Талап»
1.Бөлудің компонентерін ата
2.1 дм неше см бар?

3. Көбейтудің терімділік қасиеті дегеніміз не -Көршілес көбейткіштерді олардың көбейтіндісімен алмастыруға болады.

ІІІ топ «Білім»

1. 1 тәулікте неше сағат бар?
2.1сағатта неше минут бар?

3. Көбейтудің үлестірімділік қасиеті дегеніміз не-Қосындыны санға көбейту үшін әр қосылғышты сол санға көбейтіп,сонда шыққан көбейтінділердің мәндерін қосуға болады.

IY топ « Жүйрік »
1.Көлемді қалай табамыз?
2.2-нің кубы нешеге тең?

3. Периметрді қалай табамыз?Барлық қабарғаларын қосамыз.

IV.Жаңа сабақ

 -Дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді жазамыз.

Ақпанның 18-і.     Сынып жұмысы.

Көркем жазу.18 саны

1) Математика-ермек емес балалық,

    Математика-көрегендік, даналық.  

Математика-құрметтеуге лайық,

Кел, балалар, мұны жақсы ұғайық!-дей келе бүгінгі қосындыны санға бөлуді қайталау сабағымызды бастаймыз.

Ең бірінші қосындыны санға бөлудің ережесін есімізге түсірейік.

Қосындыны санға бөлудің екі тәсілі бар
1-тәсіл Бірінші қосылғыш 6-ны 3-ке бөлеміз,екінші қосылғыш 9-ды 3-ке бөлеміз.Нәтижелерін қосамыз.6:3+9:3=2+3=5
2-тәсіл Ең алдымен жақшаның ішін орындаймыз.Шыққан нәтижені санға бөлеміз
(6+9):3=15:3=5
Демек,қоосындыны санға бөлу үшін,әр қосылғышты осы санға бөліп,нәтижелерін қосуға;қосындының мәнін тауып,оны осы санға бөлуге болады.
Оқулықпен жұмыс.  Топпен жұмыс

Мерекелік концерт дегеніміз не?

Концерт - алдын ала арнайы жасалған бағдарлама бойынша музыкалық, әдеби-хореографиялық және сахналық шығармаларды көпшілік алдында орындау;

 Оқулықтың 52- бетінен бастайық.

  № 1.Есепті шығар.(ауызша орындау)

         Әрқайсысында-14 оқушы

         Бөлінді-10топ-7 қатарға

        Әр қатарға-? оқушы

Ш: (14∙10):7=20оқушыдан

Ж:Әр қатарға 20оқушы отырған.

Суретпен жұмыс (суретке қарап сөз есеп құрастыр)

ә)Қызыл телпек-24к

Маймақ аю-18к

Тең бөлінді-7балаға

Әр балаға-?кәмпит

Ш:(24+18):7=42:7 =6 (к)

Ж:Әр балаға 6 кәмпиттен тиді.

5 жолды өлең құрастыру.(бала,кәмпит,аю,қыз)
1. Зат есім. Кім?
2. Сын есім. Қандай?
3. Етістік. Не істейді?
4. 4 сөзден құралған сөйлем.
5. Балама сөз.

“Бірлік бар жерде,тірлік бар” 2 –есеп Өрнектің мәндерін тап.Тақтаға әр топтан шығару.

 І топ еңбек                                                                              

(80+16):8=80:8+16:8=10+2=12                                     

(900+60+9):3=900:3+60:3+9:3=300+20+3=323                   

 ІІ топ талап

(900+12):3=900:3+12:3=300+4=304  

 (800+28):4= 800:4+28:4=200+7= 207              

ІІІ топ білім          

(600+60+8):2=600:2+60:2+8:2=300+30+4= 334   

(70+14):7= 70:7+14:7=10+2= 12                

IY топ жүйрік

(60+12):6=60:6+12:6=10+2= 12

(600+30):6=600:6+30:6=100+5= 105        

“Білгің келсе тауып көр”

5-есеп.Теңдік тура болатындай етіп,амал таңбаларын және жақшаларды қой:

Топтық жұмыс бірлесе отырып тапсырманы шешеміз.

1-топ.100 -100 :100 =0

2-топ.900- 0: 900= 1

3-топ. 700 :7-100= 0

4-топ.(64 :8)  -32: 8 =4

Сергіту сәті: видео көрсету

“Ойлана тап” Шығармашылық тапсырма:«Қошақанға көмектес!Топпен жұмыс.

(9  + 9) : 9=2               

(9 -9):9 =0                 

(9+9)х9 =162

“Кім шапшаң”№6. Бос тор көзді толтыр:Тақтамен жұмыс

1-топ.1сағ 33с=99с

           1сағ 18мин=78с     

2-топ. 1сағ 16мин=76сағ

            2тәул 14сағ=62сағ

3-топ. 1сағ 12с=72с

           2тәул 14сағ=62сағ

4-топ. 1сағ 18мин=78с

            1сағ 33с=99с

Логикалық сұрақтар Топпен жұмыс
1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3 кг)
2. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
3. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)
1. Бөлменің төрт бұрышында бір-бір мысықтан отыр.әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар? (4мысық)
2. Асханаға 100 кг пияз және одан 3 есе артық картоп әкелінді. Асханаға неше кг картоп әкелінді? (300 кг)

«Кім жылдам» 2 минут уақыт ішінде неше теңдеу шығарамыз.Жеке жұмыс

С ∙ 3 = 150         150: а = 30       х: 3 = 50

с=150:3               а=150:30          х=50х3

с=50                    а=5                х=150

50 ∙ 3 = 150         150: 5 = 30       150: 3 = 50

с*4=280            280: а=40            х: 4=60          240: а=40 
с=280: 4
            а=280: 40           х=60*4          х=240: 4
с=70
                  а=7                     х=240              х=60
70*4=280
         280: 7=40         240: 4=60         240: 60=40 
Жеке жұмыс   Тест. Көбейтудің қасиеттерін қайталау.

1. с · 6 = 360

А. 60                                        Б. 2100                            В. 6

2. 42 : 3 =

А. 4                                          Б. 24                               В. 14

3. Көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік қасиеті

А. Қосындыны санға көбейту үшін әр қосылғышты сол санға көбейтіп, сонда шыққан көбейтінділердің мәндерін қосуға болады 

Б. Көршілес көбейткіштерді олардың көбейтіндісімен алмастыруға болады.

В. Көбейткіштердің орнын ауыстырғаннан көбейтіндінің мәні өзгермейді.

4. Көбейтудің ауыстырымдылық  қасиеті

А. Қосындыны санға көбейту үшін әр қосылғышты сол санға көбейтіп, сонда шыққан көбейтінділердің мәндерін қосуға болады 

Б. Көршілес көбейткіштерді олардың көбейтіндісімен алмастыруға болады.

В. Көбейткіштердің орнын ауыстырғаннан көбейтіндінің мәні өзгермейді.

5. Көбейтудің терімділік  қасиеті

А. Қосындыны санға көбейту үшін әр қосылғышты сол санға көбейтіп, сонда шыққан көбейтінділердің мәндерін қосуға болады 

Б. Көршілес көбейткіштерді олардың көбейтіндісімен алмастыруға болады.

В. Көбейткіштердің орнын ауыстырғаннан көбейтіндінің мәні өзгермейді.

Үйге тапсырма:  № 7, 53бет.  54бет шығармашылық есеп

Топтастыру стратегиясы.
«Математиканың  пайдасы» деген сөзге топтастыру жасау.

V. Сабақты қорытындылау:
- Бүгін қандай тапсырмалар орындадық?
— Өткен тақырыптарды қайталадық.
— ойындар ойнау арқылы тапсырмалар орындадық.
— Есептер шығардық.
— Тақтамен жұмыс жасадық, лездік сұрақтарға жауап бердік.
– Балалар, сендер есептеу, ойлау қабілеттерің ұшқыр, шапшаң, епті, білімді екендеріңді ойын барысында көрсеттіңдер
VІ. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.
Оқушылар«5» болсын алар бағамыз,Білімнен бақыт табамыз.
Өнер, білім көп алып,Өсе берсін санамыз.
-Сендерге, рахмет болашақтарың жарқын болсын!
Мына өлең жолдарымен сабағымызды аяқтаймын:
Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан
Математикаға орын берсең басыңнан
Барлық ғылым соған үйір болады
Досың солар табылатын қасыңнан.

 

 

 

                                                   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                        

                                  

 

      

               

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Разработка на тему "Қосындыны санға көбейту""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Музыковед

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 942 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.10.2016 631
    • DOCX 25.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бекетаева Набира Умурзаковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бекетаева Набира Умурзаковна
    Бекетаева Набира Умурзаковна
    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13087
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Развитие предметных навыков при подготовке младших школьников к олимпиадам по математике

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 101 человек

Курс повышения квалификации

Продуктивность учебной деятельности младших школьников общеобразовательного учреждения в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 224 человека из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 059 человек

Курс профессиональной переподготовки

Математика: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель математики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 125 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 180 человек

Мини-курс

Принципы эффективного использования аграрных ландшафтов

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Раннее развитие: комплексный подход к развитию и воспитанию детей от 0 до 7 лет.

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек

Мини-курс

Продажи и управление клиентским опытом: стратегии и аналитика

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе