Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Разработка на тему"Алғыс айту парызым"

Разработка на тему"Алғыс айту парызым"

  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:


Талдықорған қазақ-түрік жасөспірімдер лицей- интернаты














«Алғыс айту парызым»

Алғыс айту күніне арналған

тәрбие сағаты.






















2016ж.

«Алғыс айту парызым» – атты Алғыс айту күніне арналған

тәрбие сағаты.

Мақсаты: Балалардың « Сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру;

Міндеттері:

  • ата-ананы, асыл тұлға ұстаздарды құрметтеуге, үлкен- кішіге деген сүйіспеншілігін , сыпайылық қарым-қатынасын дамыту;

  • әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:

Суреттер көрмесі, слайд, видео.


1-жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты балалар, құрметті қонақтар және ұстаздар! «Алғыс айту парызым» атты Алғыс айту күніне арналған тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!


2- жүргізуші:  

Елбасы Жарлығымен 1 наурыз - Алғыс айту күні болып жарияланды.

Адам өз ісіне қанағаттанып, сүйсінген кезде ризашылық сезімге бөленеді. Сондықтан «Өмірге риза болып, алғыс айт“ деген сөз орынды. Ризашылық дегеніміз адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі. Өзіне жасалған жақсылыққа ризашылық білдіруді алғыс дейміз. Алғыс –адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.

Адам өзінің өмірге келгеніне қуанып, риза болады. Қолындағы барын қанағат тұтып,осының да бар болғанына рахмет деп алғысын білдіреді.Алғыс пен ризашылық білдіру өзіңді, өмірді, өмірде барды бағалаудан басталады.


3 - жүргізуші:

Бүгінгі  қүн  —  нұрлы  күн

Жарық  шашқан  әлемге

Ескеретін  күн  бүгін

Ризашылық  ғой  әр  елде …


 Ән «Ризашылық».

Ризамын бүгінге,
Ризамын бүгінге,
Ризамын қазірге!
Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге,
Ризамын, ризамын, ризамын қазірге.


1-оқушы:

Ортақ мекен жер шары

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы

Достығымыз жарасқан.

Ортақ бізге бір Отан,

Ортақ жердің байлығы.

Еңбек ортақ, жер ортақ,

Ортақ бізге барлығы.


2-оқушы:

«Сіз», «біз» деген жылы сөз –

Жылытады жүректі.

Жақсылық билеп жанды тез,

Оятады игі  тілекті.

Біреуге  біреу жақсылық,

Тілесе әркез  жаны  ашып,

Осы  бір  шырын – тәттілік,

Тұрмай ма  жанға  жарасып

Баршаға  керек  жақсылық!

Қызғанбай  бөліп алыңыз!

«Сіз», «біз» деген жылы сөз-

Жақсылықтың  мейірі.

Бір-біріне болып  кез,

Кең  болсын адам пейілі.


1 - жүргізуші:

Сонымен, балалар, рақметке лайықты кімдер?

Тізімді бірге құрайық! (оқушылар жауап береді).


Бастысы – алғыс айта білу...

Анаға – өмір сыйлағаны үшін,

Әкеге – қорған болғаны үшін,

Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,

Сөзге – жанды жылытатыны үшін,

Күнге – шуағы мен назары үшін,

Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,

Досқа – құшағы мен иығы үшін,

Әжеге – ыстық алақаны үшін,

Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,

Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,

Отқа – жылулығы үшін...


Ән «Рахмет, саған Туған ел!».


2-жүргізуші

Өмір ол- достық, өмір-қастық, өмір- қуаныш, өмір- өкініш, өмір ол- сен, өмір ол- ата-анаң, өмір- достарың, өмір- аң-құстар. Бір сөзбен сені қоршаған орта. Осы бір өмірді сезінуге, танып білуге мүмкіндік берген, жарық сәуле сыйлаған ата-анамызға мың да бір алғыс.


3-жүргізуші

Достарым, туыстарым сіздердің өмірімде бар болғандарыңызға, тілеуімді тілеп, бар жақсылықты алдыма ұсынып жүргендеріңізге мың да бір алғыс! Сіздерді мәңгі қадірлеп өтемін.


1-жүргізуші

... Есейіп кетсемде, мен саған сәбимін.
Көгілдір көктемдей көзіңнен танимын.
«Ана туралы жыр» әнінен.
Анаға қаншама ақындар жыр арнаған. Қаншама жазушылар шығарма жазған. Ана – мәңгілік тақырып. Аналарға қанша жылы сөздер мен дүниенің барлық асылын алдарына әкеп үйіп қойсаң да, осы жандардың ақ сүтін өтей алмайсың.
 Әрқашан қасымда болшы, Анашым. Дүниеде сендей асыл жанның болғанына ризамын. Мен үшін түн ұйқыңды төрт бөлгенің үшін, маған деген ыстық ықыласың үшін, аялы алақаның мен жылы құшағың үшін, мейірім толы жүрегің үшін мың алғыс саған, Анашым!


Ана туралы ән орындалады


2-жүргізуші

Ұстаз- ұлағатты есім. Мектептің басты тұлғасы, жүрегі- ұстаз. Адамның адам болуып қалыптасуына ата- аналармен қатар, мұғалімнің де рөлі зор деп ойлаймын. Бала бойына ата- анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік,әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана- сезімді сіңіруші адам-мұғалім. Сондықтан ұстаз- адам бойындағы тозбайтын ақыл иесі.


3-жүргізуші

Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, егін салып, мал бағып, терін төккен шаруа да, көкті шарлаған ғарышкер де ұстаздан білім үйреніп, тәлім алған. Ұлағатты ұстаздар, сіздерге бүкіл адам баласы бас иеді.


1оқушы: Мұғалімдік ең құрметті мамандық.

Жас ұрпақты өсіретін адам ғып.

Ұстаздардан адамзатқа таралған.

Мол мейірім ізгілік пен адалды.


2 - оқушы: Ұстаз, ұстаз қасиетті есімің.

Мың алғыс айтамыз сізге

Адамзат ұрпақтарын тәрбиелеп

Зердесін болашақтың зерлеткендер.



3 – оқушы:

Мен өзімнің ұстаздарымды мақтан тұтамын. Олардан үлгі аламын. Соларға қарап өсемін. Осы ұстаздардың күлімдеген көздеріне ешқашанда қаяу түспесе екен деймін, олар бақытты болса менде өзімді бақыттымын деп санаймын.Мектепті аяқтап кетсем де, мұғалімдерімнің маған істеген жақсылықтарын ұмытпаймын. Ұстазым, мен сізге мәңгілік қарыздармын, сізге мың алғыс!!!


Топтық жұмыс. Тапсырмалар.

  1. Туған жеріме, Отаныма деген алғыс. (оқушылар таныстырады).

  2. Отбасы, анама, туыстарыма деген алғыс. (Оқушылар таныстырады.)

  3. Ұстаздарыма, мектебіме алғыс. (оқушылар таныстырады.)


1-жүргізуші:

 Бүгінгі сабағымызды  Н.Ә.Назарбаевтың  сөзімен қорытындылайық:

Дүниеде  тәуелсіз  қазақ  елі  бар;

Әлемде  Егемен  Қазақстан  бар;

Оның  көп  ұлтты, тату, ынтымақшыл  халқы  бар;

Қуатты  экономикасы, сенімді  саяси  жүйесі  бар;

Ең  бастысы —  бүгіннен  нұрлы, бүгіннен  кемел  болашағы  бар.

Сол  күнге  берік  сенім  бар!


2-жүргізуші:

Балалар, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте сақтаңдар.Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат –Анаға мейірімді күні үшін , көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.



«Достық» биі қабыл  алыңыздар.
















hello_html_dde5d43.jpghello_html_2bd9b728.jpg


hello_html_m7e7baa8d.jpghello_html_m7590b88.jpg


hello_html_m70abbb88.jpghello_html_m7f75947e.jpg


hello_html_m13a53523.jpg

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 15.03.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров295
Номер материала ДВ-529123
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх