Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Разработка Қош бол сүйікті балабақшамІ

Разработка Қош бол сүйікті балабақшамІ



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Қош бол сүйікті бабабақшам!


Тәрбиешшеі: Құрметті ата-аналар балабақша қызметкерлері, бүгінгі

біздің мерекеміз ерекше себебі бүгін екі жыл мәпелеп өсірген, тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы

отырмыз.Әрине бұл да үлкен той, тойларыңыз құтты болсын! Балалардың қоштасуына арналған ертеңгілікті бастауға рұқсат етіңіздер!

Шақырайық түлектерді ортаға,

Айтылатын жақсы тілек қаншама.

Өлең айтып, тақтақ айтып, би билеп

Өнерлерін көрсетсінші баршаға-деп ортаға түлектерімізді шақырайық.(Бітірушілер әуен ырғағымен ортаға келеді)

«Вальс биі»

Біздің бітірушілер балабақша ұжымына жылы лебіздерін, рахметтерін тақпақтарын айтқысы келіп отыр.

Әлішер: Баулап баптап өсірдің,

Бұзықтық етсең кешірдің.

Ұмытпаймыз сөзіңді,

Ұмытпаймыз өзіңді.

Бағлан: Орын берген бақшадан

Меңгеруші апай жақсы алдам

Сондықтан да біз үшін

Артықсыз өзіңіз басқадан.

Әділ: Бақшадағы күндерді,

Есімізде сақтаймыз.

Тәрбиеші еңбегін,

Бәріміз де сақтаймыз.

Тәрбиеші: Рахмет, сіздерге балалар! Мына өлеңдерің өте тамаша екен! Балалар бүгін сендер сүйікті балабақшаларыңмен қоштасқалы отырсыңдар, мектепке алғаш қадам басғалы отырсыңдар.Балалар бүгін осы мерекеміз қызықты, әрі көңілді өткізу үшін мектепке саяхатқа шықсақ қайтеді? Менімен келісесіңдер ме?

Балалар: Иә

Тәрбиеші: Олай болса ойланайықшы, қандай көлік түрімен саяхатқа шығамыз?(Балалар ойланып қалады)

Бір кезде жүзіп келе жатқан кеменің даусы естіледі.

Балалар: Апай, апай таптық. Саяхатқа кемемен шығайық!

(Кеме тоқтайды)

Капитан: Саламатсыздар ма, қонақтар, балалар! Мен кеменің капитанымын . Сендердің кемемен жүзгілерің келе ме?Балалар сендерді мектеп кемесі күтіп тұр. Біздер талай,талай аралдардан өтеміз.

Өтті қызық көп күндер,

Алты жасқа жеттіңдер.

Барасыңдар мектепке,

Өсті міне бойларың.

Бір белестен өтіңдер,

Қуанышқа ортақпыз.

Құтты болсын тойларың!

Тәрбиеші: Балалар міне, мынау сендердің «Достық» балабақшаларыңның кемесі.Балалар бізге тілектер айту үшін сәбилерден құралған «Балдырғандар» тобы келіп қалыпты.

Балалар тілектерін айтады. « Қош болыңдар ! Сәт сапар! Сәттілік» деп шығып кетеді. (Сыйлықтарын алып келеді)

Тәрбиеші: Балалар «Мектеп» кемесіне жеткенде осы «Балдырған» тобының сыйлықтарын беремін.

Капитан: Тыңдаңыздар, Тыңдағыздар! Жолға шығамыз! Абайлаңыздар!

Балалар: Құп,болады жолдас Капитан!

Капитан: Жолымыз ұзақ,қысқарту үшін ән шырқасақ қайтеді?

Тәрбиеші: Балалар қане, «Бақытты балалық шақ» әнін орындайықшы.

Тәрбиеші:Біз қай аралға келіп жеттік?

Капитан: «Тақпақтар» аралына келіп жеттік. Балалар бұл аралдан келесі аралға өту үшін тақтақтар айтуымыз керек екен!

Қожахмет: Балабақша бесігім

Тағы бір той жасайық

Ашып мектеп есігін

Өзіңмен қоштасайық

Айша: Мектеп біздің панамыз

Мектеп біздің анамыз

Ұлағатты ұстаздан

Оқып білім аламыз.

Капитан: Жарайсыңдар балалар! Балабақшада тақпақтарды өте жақсы жаттаған екенсіңдер! Енді біз келесі аралға аялдаймыз.

«Өнер» аралына да келіп тоқтадық. Бұл аралдан өту үшін ортаға бар өнерімізді салуымыз керек.

Би «Марячка»

Көрініс: «Менің немерем»

Ән: «О, балабақшаның» Әлішер мен Толғанайдың орындауында.

Капитан: Тыңдаңыздар,Тыңдаңыздар! Жолға шығамыз!

Балалар: Құп болады, жолдас Капитан!

Капитан: Жаңа аралды көріп тұрмын! Әр түрлі кемпірқосақ сияқты түстер көріп тұрмын.

Суретші: Сәлеметсіңдер ме, балалар мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Мен көңілді суретшімін. Сендер өлең айтып би билеп өнерлеріңді көрсеттіңдер!Рахмет! Енді «Суретті аяқта» ойынын ойнаймыз.


(Балалар ойынды қызыға ойнады.)

Капитан: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Жолға шығамыз!

Балалар: Құп болады жолдас Капитан!

«Спорт» аралына да келіп жеттік.

Тәрбиеші: Балалардың орындауында «Спорт» биін тамашалаңыздар!

Капитан: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Жолға шығамыз! Сақ болыңыздар!

Балалар: Құп болады жолдас Капитан!

Ең үлкен арал «Білім» аралына да келіп жеттік.

Бестік:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен седердің мектептегі достарыңмын. Мені сендерге «Білім ханшайымы» жіберді. Балалардың мектепке барардағы дайындыңын тексер деп жіберді.Менің атым-Бестік. Мектепке дайын екендеріңді білу үшін мен сендерге тапсырма әкелдім.

Тіл дамыту:

Тәрбиеші:

-Біз қай мемлекетте тұрамыз?

-ҚР-ның президенті кім?

Айналамен танысу:

-Бір жылда неше мезгіл бар?

-Аттарын атаңдар.

ҚМТҚ

1-5-ға дейін тура және кері санаңдар

Геометрияляқ пішіндерді атаңдар.

Көркем әдебиет

-Балалар сендер балабақшада қандай ертегілер оқыдыңдар?

-Балалар домбыра, айтыс би туралы не білесіңдер?

Әлішер мен Айсәуленің айтысы

Бестік: Өте жақсы. Қандай өнерлі балаларсыңдар!Балалар сендер білімді әрқашан осылай бола берулеріңе тілектеспін!

Тәрбиеші: Міне, талай-талай аралдардан өтіп «Мектеп»аралына да жеттік.

Хор: «Қош, бол балабақша!»

Балалар сабаққа барғанда ең қажетті құрал оқу құралы екен! Оқу құралдарын атап беріңдер.

Балалар: Күнделік, дәптер, өшіргіш, кітап.

Тәрбиеші: Дұрыс, ендеше «Тез жинал» ойынын ойнайық

Ойынның шарты: Екі столдың үстінде оқу құралдары бірдей мөлшерде шашылып жатыр 1,2,3 деп санаған кезде әр қайсысын өз портфеліне жинап рет-ретімен салып тастауы керек. Кім ұқыпты орын-орына салып тез жинап бітірсе сол жеңіске жетеді. Ал енді ата-аналар кіп-кішкентай сәбилеріңіз талай-талай аралдардың сынағынан сүрінбей өтіп «Мектеп» аралына жетті сіздер балаларыңызды мектепке дайындауларыңыз керек. Мектепке дайындау оңай емес, аналары үйде болмай қалған кезде әкелері көмек тесері сөзсіз. Қазір мен ортаға әкелерді ойынға шақырғым келіп отыр.Сосын олардың қыздарын шақырғым келіп отыр. Бұл ойын «Кім тез өреді!» деп аталады. Әкелер қыздарының шаштарын өріп жарысады.

Тәрбиеші: Рахмет, міне әкелер қыздарын мектепке жіберуге дайын екен.

Сіздерді де бүгінгі қуанышпен құтықтаймыз. Балаларға «Балдырған» тобының сыйлықтарын тапсырғым келіп отыр.

Тәрбиеші: Өсті ақыл ойларың,

Өсті міне бойларың.

Қуанышқа ортақпын,

Құтты болсын тойларың –дей келе, ендігі құтықтау сөзі балабақша меңгерушісіне, ата-аналарға, қонақтарға береміз.



































57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 13.12.2015
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров122
Номер материала ДВ-255309
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх