Инфоурок Другое КонспектыРазработка отчетного урока на тему "Не білдік? Не үйрендік?" (КПП)

Разработка отчетного урока на тему "Не білдік? Не үйрендік?" (КПП)

Скачать материал

                                            Тақырыбы: «Қадамыңа нұр жаусын»

Мақсаты: Мектепалды даярлық сыныбының жыл бойы алған білімінің, үйренген жұмыстарының нәтижесін көрсету, балалардың сөздік қорын, тілін, ой - өрісін кеңейтіп дамытумен бірге оларды отансүйгіштікке, бауырмалдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Тәрбиеші:

Айналайын, балалар,

Сендерде ой, сана бар.

Өздеріңнен өседі,

Өнершілер, даналар.

Өсті, міне, бойларың,

Өсті, міне, ойларың,

Қуанышқа ортақпын.

Құтты болсын, тойларың.

Өтті қызық көп күндер,

Алты жасқа жеттіңдер.

Барасыңдар мектепке,

Бір белестен өттіңдер.

Құрметті ұстаздар, ата - аналар! Бүгінгі «Қадамыңа нұр жаусын» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. Бүгін бүлдіршіндеріміз аз уақыт ішінде мектептен тәлім - тәрбие алып, өнер үйреніп, жыл бойы білімге жол ашқан даярлықпен қоштасып, бірінші сыныпқа қадам басқалы отыр. Балаларымыздың қадамдары құтты болсын дей отырып, бүгінгі ертеңгілігімізді бастаймыз.

Бекзат:

Бізге тәртіп үйреткен,

Ән салдырып билеткен

Таныстырып ең алғаш

Әріптермен,суретпен

Тәрбиеші ұстазым

Доспен тату ойнауды

Мерекені тойлауды

Көптің қамын ойлауды

Жаман бала болмауды.

Мырза:

 Сәлем саған мектебім,

Сәлем білім ордасы.

Жасыл бақты көктемім,

Жастық шақтың ордасы.

Арлан:

 Қызық күндер өткіздік,

Даярлықтың бағында.

Көп оқыдық, көп білдік,

Ел менен отан жайында.

Би: Асатаяқ.

Алинұр:

Алтыға толдым биыл мен,

Оқушы болып киінем.

Арқама сөмке асына,

Мектепке барам, асыға.

Тәрбиеші: Балалар біз мектепке бару үшін дәрігердің тексеруінен өтуіміз керек екен.

Дәрігер жолдас

Алдыңдағы балалар.

Мектепке кетіп барады

Сұрақ қатып жауап ал

Жарамсызы  қалады

Дәрігер:Сергіту сәті

Жарайды онда,балалар,

Кәне бәрің тұрыңдар.

Тапсырманы ұғыңдар

Көткер қолды,түсір қолды.

Бұрыл жедел,оңды-солды,

Енді отыр, қайта тұр.

Қан соғысын көрейіін

Жарамсызы бар болса

Ақыл кеңес берейін.

Бәрі тегіс қаралды

Бәрі тегіс жарамды.

Бәріңе де салауат

Бәріне де рұқсат.

Тәрбиеші:Дәрігер апай сіздің келгеніңізге рахмет қуанып қалдық келесі ән шашу сізге арналады.

Ән:Хор «Ананың тілі»

Ханзада:

Жақсылыққа құмармыз,

Жақсы адам боп шығамыз.

Таза сәби жүректен

Қабылдаңыз мың алғыс.

Жұлдыз:

Қолыма алып әліппе,

Үңілдім тұңғыш әріпке.

Қоңырау үні сыңғырлап,

Тұрғандай маған, қол бұлғап.

 Аружан:

Қарындаш салдым қалтама,

Отырдым тұңғыш партаға.

Білімге қарай жол ашқан

Мың алғыс саған, ата - ана!

Ән: «Қошақаным» Жұлдыз,Инабат,Аружан,Әмина

Сахнаға Жалқаугүл кіріп келеді.Қолында сүйреткен ойыншық машинасы мен қуыршағы бар.

Жалқаубек: Сәлем балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе?

Жүргізуші: Балалар, бұл кім екенін білеміз бе?

Жалқаугүл: Мені бәрі таниды.

Балалар: Жалқаугүл деп айтады.

Жалқаугүл:ман сендерді далада іздеп жұрсем сендер мында тығылып түр екенсіңдер ғой.

Жүргізуші: Иә, Жалқаугүл сені балалар танып жатыр ғой, жол болсын, қайда бара жатырсың?

Жалқаугүл:Мен ойнауға бара жатырмын.Балалар жүріңдер менімен, шаршап текке тұрғанша.

Тәрбиеші:Балалар Жалқаугүл  сен қателесіп тұрсың біздің балалар оқып есейіп мектепке бармақшы. Олар өте білімді ақылды балалар сенде жуынып,таранып ойынды азайтып,доп қуа бергенше білім алсаң жақсы болар еді.

Жалқауггүл: Жоқ, жоқ,жоқ.ман бәрін білемін.Оған кімнің таласы бар.

Тәрбиеші:Ендеше білімімізді сынайық.

Ойын: «Ой жылдам,кім жылдам»

Ойын шартында әр түрлі сұрақтар жасырамын балалар тез жауап беруге тырысады Жалқаубекте ойыға араласады.Өз білімдерін ортаға салады. 3  «Ойлан, тап» ойыны.     Жұмбақтар шешу: (ұйқасын табу)
1.Екі көзін қысып
Пеш үстінде отыр... (мысық)

2.Қысқа ғана құлақты,
Шақырамын ...... (лақты)

3.Желбіреген тұлымды,
Шақырамын ...(құлынды)

4.Білмейтұғын тұсауды
Шақырамын....(бұзауды)

5.Қонды барып талға,
Ала қанат .......(қарға)

6.Жұмыртқасын тауып,
Қыт-қыттайд...(тауық)

7.Таппай тағат
Тықылдайды......(сағат)

8.Үсті толы түрпі
Домалайды..... (кірпі)

Айбат шеккен алыстан,
Аң патшасы .....(арыстан)

Құйрығы он қарыс,
Бұл айбатты .....(жолбарыс)

Жұмбақ шешу:


Бетін адам ашады,
Білім нұрын шашады. (кітап)

Тақылдатып таңдайды,
Уақыттан бір қалмайды. (сағат)

Түсі қызыл, құйрығы ұзын,
Өзі қу, жүрген жері у-шу. (түлкі)

Тікен-тікен тік пісте,
Қысы жазы бір түсте. (шырша)

Тиіскенді түйреген,
Киімі бар инеден. (кірпі)

Жолбарысқа ұқсайды,
Тышқанды ғана ұстайды.(мысық)

Бірде орақпын,
Бірде доппын,
Бірде бармын, бірде жоқпын. (ай)

Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды. (күн)

Аяғы жоқ жүреді,
Ауызы жоқ сөйлейді (хат)

Күнде оған қараймын
Шашымды тараймын (айна)

Қабат - қабат қаттама,
Ақылың болса аттама,(кітап)


5. Мақал-мәтел

Білім өмір шырағы.

Оқу – білім бұлағы

 

Оқусыз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ.

 

Ойна да күл,

Оқыда біл.

 

Сауат ашу пәні:
Сауат ашу пәнінен алған білімдерін тиянақтау.
Оқуды көп ойладық,
Қызығына тоймадық.
Әріптерді үйреніп,
Сауат аштық ойланып.

- Балалар, біздер әріптерді, сөздерді оқуды, жазуды қай пәннен үйрендік?
-......................................

«Шашылған әріптер»Тақтаға әріптер ілінеді аталы, дыбыстарға бөлуі,жәшікке салып жинау қалаған әріптерге сөз айту.

1.       «Сөз ойла көп, ойла» ойыны. 
а) Әріптерден, буындардан сөз құрату. Сол сөздерге дыбыстық талдау жасату.
Мысалы: а – дауысты, л – дауыссыз, а – дауысты (ата, пана, аға, ала, ән, уақыт)

Математика пәні боынша:

Математика пәнінен алған білімдерін тиянақтау.

2.       Психологиялық дайындық.

3.       Есептеуге жүйрік болған жасыңнан,
Математикаға орын берсең басыңнан,
Досың солар табылатын қасыңнан.

Балалар, біз тура, кері санауды, қосу мен азайтуы, есеп шығаруды қай пәннен үйрендік?

а) 0 - ден 10 - ға дейін тура санау.
ә) 10 - нан 0 - ге дейін кері санау.
б) Қандай таңбалармен есептер шығарылады? «+», «-», «=»
2. «Тез есепте» ойыны. Ауызша

М(3+3) ж(2+2),м( 3+2) е(4+4), л(9-7) а(10-6), э(5+3,и (4+1).

3. «Орныңды тап»
а) ретімен санау
10, 5, 3, 4, 1, 6, 9, 2, 7, 8, 0 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10

Б) сандарды неше таңбалы ? 1және 2

Мысалы:1-9. 1т, 10-20. 2т ауызша айтыу.

Сандық ашу:
а) Сандарды нешеге бөлеміз?
Жұп сан, тақ сан. Неліктен? Тұсіндіру.


4. «Кім көп біледі?» ойыны.(Апта атайдың жеті баласын санау)
Бір аптада неше күн бар?
- Ретімен айтып беру.
5. Сергіту сәті

«Логикалық тапсырма»

6. «Білгіш болсаң.....» ойыны. (балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту)
- Жұдырықта неше саусақ бар? (5)

- Ағашта 4 құс отыр, оған тағы 2 құс келіп қосылды. Ағашты қанша құс отыр?

(6)

Екі тышқанның құлағы нешеу?.Машинаның үш бұрыш дөңгелегі бар?
- Қолыңда ұшты 4 қаз, қайтып қонды 2 қаз, ұшып кетті нешеуі? (4 - 2)

7.Қасиетті сан: 7 санының сыры (7ата,7қазына)

Жалқаугүл: Балалар сендер шынымен ақылды,білімді балалар екенсіңдер. Мен қателесіп ойынның қызығына тоймай жүре беріппін қатты ұялып тұрмын.Менде енді сендермен бірге мектепке барғым келеді.Сендермен дос болғым келеді.

Тәрбиеші: Жарайды Жалқаугүл қамықпа біздің балалар өте жақсы олар сені өз тобына қосып.саған көмек теседі солай ма балалар?

Жалқаугүл:Рахмет сендерге мен жуынып,таранып мектеп құралдарын дайындайын.

Тәрбиеші:Жалқаубек кетпе отыр.балалардың өнерін тамашала,қонағымыз бол.

Ән:Хор «Көктем келді»

Инабат:

 Биыл күзде мектепке,

Біріншіге барамын.

Мақтанбаймын мен текке,

Дайын дәптер, қаламым.

Жангир:

Мынау есеп кітабым,

Мынау әйбат «Әліппем».

Бәрін жинап сақтадым,

Портфеліме салып мен.

Ажар:

Мен мектепке барамын,

Қолыма гүл аламын.

Дайын дәптер, қаламым

Мен мектепке барамын,

Рамазан:

Оқуды қөп ойладық

Қызығына тоймадық.

Әріптерді үйреніп

Сауат аштық тойладық.

Би: «Вальс»

Гауһар.:

Әліппемді қоям бір бөлек

Жаттауға жаңа жыр керек

Көбелекті де қумаймын,

Қона берсін гүлге көк.

Ән: «Айгөлек» Құрмет,Әлинұр,Бекзат Арлан.

Гүлназ:

Енді мен үлкен баламын,

Ананың тілін аламын.

Әжемнің барлық айтқанын

Миыма құйып аламын.

Ойын: « Аспазшы» , «Қызыл телпек». Ата-аналар балаларымен бірге ойнауға арналған ойын.

1-ші ойын шарты.Ойынға 3ана,3 бала шығады олардың көздерін байлап,баланың да көзін байлап қарама-қарсы отырғызып тәтті жүгеріні тез тамақтандыруы керек.Кім белгілі уақытта жылдамдық танытса сол жеңіске жетеді.

3-ші  ойын шарты.Ойынға 3ана,3 бала шығады ойында  орманда адасқан баланы анасы жердегі жатқан іздерді алып жинап,баласына жақсы сөздер айтып іздерді жинап баласына санатуы керек кімде із көп болса сол жеңіске жетеді.

Жеңімпаздар  орындарына байланысты сыйлыққа ие болады.

 Әмина:

 Талай - талай баспалдақты аттармыз,

Ата - ананың үмітінде ақтармыз.

Тәрбиеші сізден алған ақылды,

Есімізде өмір бойы сақтармыз.

Құрмет:

 Мектеп ана шақырады бізді алдан,

Алдымызда әлі талай сан арман.

Қоштассақ та даярлық сынып сенімен,

Санамызда өзің берген өнегең.

Би: «Шығыс биі»

Хор: «Білімнің кілтіндей»

Әділет:

Мектепке енді барамыз,

Мұңаймаңыз сағынып.

Қашық та болса арамыз,

Сыныпқа келіп тұрамыз.

Тәрбиеші:

 Айналайын гүлдерім,

Ақ шуақты күндерім.

Ерекше қызық тілдерің.

Естен кетпес үндерің.

Сүйкімді балғын болашақ,

Сендердікі болашақ.

Озат болып оқыңдар,

Ойға білім тоқыңдар.  

Ант беру кезеңі: хор

Біз әдепті баламыз,     

Тату – тәтті тұрамыз 

Жүрекке жылу толтырып

Қайырымды бала боламыз.

 Орындаймыз сабақты 

Тапсырманы жан – жақты 

Әр ісіне жауапты 

Боламыз бала  талапты.

  Қортынды: Осымен бүгінгі шағын мерекелік «Қадамыңа нұр жаусын» атты ертеңгілігіміз аяқталды.Қортынды тілек сөз ата-аналар мүшесіне беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Разработка отчетного урока на тему "Не білдік? Не үйрендік?" (КПП)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по охране труда

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 334 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.08.2015 627
    • DOCX 25.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кабылова Данагуль Аксуйновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кабылова Данагуль Аксуйновна
    Кабылова Данагуль Аксуйновна
    • На сайте: 8 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5132
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 477 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 319 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 846 человек

Мини-курс

Психология личности: свойства и характеристики личности

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 27 регионов

Мини-курс

Этапы развития речи: от первых звуков до полноценной коммуникации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 167 человек из 52 регионов
  • Этот курс уже прошли 127 человек

Мини-курс

Занятия спортом при заболеваниях опорно-двигательного аппарата

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 42 человека