Инфоурок Другое КонспектыРазработка открытого урока на тему «Тәуелсіздік – тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың»

Разработка открытого урока на тему «Тәуелсіздік – тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың»

Скачать материал


«Тәуелсіздік – тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың»
Мақсаты : 
1. Білімділігі: Оқушылардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру. 
2. Тәрбиелігі: Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру. Қоғамның бір мүшесі ретінде адам өмірі мен жақсы тұрмыстық құндылықтарын ұғындыру, жауапкершілік сезімдерін ояту. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. 
3. Дамытушылығы: балалардың өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту. 
Көрнекілігі: 
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә. Назарбаевтың портреті, слайд, желтоқсан құрбандарының суреті, видео.
2. Нақыл сөздер жазылған плакаттар. 
Мұғалімнің  сөзі: 
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар. Біздің " Тәуелсіздік – тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың» атты әдеби кешіне қош келдіңіздер! -Бүгін біз Қазақстанымыздың Тәуелсіздік алған күнін тойлағалы отырмыз. Бәрімізге мейрам құтты болсын!!! 
оқушылардың дайындаған әдеби кешін бастауға рұқсат етіңіздер. 
Әнұран айтылады. 
Сәлемдесу рәсімі 
Мұғалім сөзі: 
Біз тәуелсіз елдің түлегі болғанымызға шексіз қуанамыз. Біздің отанымызды әлем таныды. Осы сәтте Отан туралы еріксіз ойға берілесің. Бұл ұғымның аясы кең. Отан – далаң, орман, тауың, ауылың мен астанаң. 
Отан әр жұмыр басты пенденің киелі мекені, жер басып жүрген әр тіршілік иесінің шексіз байлығы. Тәй-тәй басқан нәресте де, еңкейген қария да оның бір мүшесі. 
Мұғалім сөзі: 
Қазіргі кезде сендер ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырсыңдар. 

Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады. 
16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. 
Бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке. 

- Балалар, біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз. Оның бір көрінісі желтоқсан оқиғасы. 
Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп, солардың бірі – Қайрат Рысқұлбеков. Ол қыршын жасын қиды. Оған үлкен айып тағылды. 
Ерлігіңе қуанам да, сүйінем, 
Қайрат аға рухыңа мен иілем. 
Бәйшешектің солғанына ах ұрсам, 
Әділ жанның қазасына күйінем. 
Қазір сіздердің назарларыңызға желтоқсан оқиғасында әділдік үшін күрескендердің бірі – Қайрат Рысқұлбеков, ендеше Қайрат жайындағы көріністен үзінді тамашалаңыздар. Қысқаша видео көрсету.
Мұғалім сөзі: 
Осыдан 20 жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңына жастар жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан. 
Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. 
Бас алаңда ел жосқан, 
Жастар қаны жуған түн. 
16 желтоқсан- 
Тәуелсіздік туған күн! 

-Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз. 
Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар. 

-Енді топтардың тәуелсіздік мейрамына арналған сайысымызды бастайық. Оқушылар екі топқа бөлінеді. 1-топ «Қырандар» тобы, 2-топ «Пырақтар» тобы. Сайысымыз түрлі кезеңдерден тұрады:

         Әр топтың өзін-өзі таныстыруы

         «Ел туралы не білеміз?» сұрақ-жауап

         «Менің елім» шығармашылық жұмыс

         «Тәуелсіздік-тынысым»

         «Тәуелсіз Қазақстан» атты жазбаша жұмыс мәнерлеп оқу   
Мұғалім: Отан туралы өлең оқып беру 
«Болса екен қазақ баласы» 
Ертеңі өсіп елімнің 
Сабырлысы болса екен 
Ар-ұятты айбатты 
Азулысы болса екен 
Батыл, берік орнықты 
Байсалдысы болса екен 
Алғыр, зерек, мейрімді 
Ақылдысы болса екен 
Тапқыр, шешен талапты 
Өнерлісі болса екен 
Ойшыл, өткір, дарынды 
Білімдісі болса екен 
Сергек, іскер, сезімтал 
Саналысы болса екен 
Парасатты намысты 
Отаншылы болса екен 
Болса екен қазақ баласы 
Ел ішінде өсетін 
«Қайсарлығы қалтқысыз Махамбет қой» – десетін 
Ізгіліккке леп едім 
Жақсылыққа сеп едім 
Тәуелсіз елдің ертеңін 
Осылай көрсем деп едім - деп осындай отаншыл балаларымыз аман – есен өсе берсін. 
Мұғалім: Ал құрметті қонақтар осындай әдемі тілектермен, әндерімізбен бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Сіздерге тағыда мейрамдарыңыз құтты болсын. Аспанымыз ашық болып, Қазақстанымыз гүлдене берсін! 

Өлеңдер: 
Қайраттай қайсар ұлдардың 
Жанымен келген еркіндік 
Жазира мен ляззаттың 
Арымен келген еркіндік 
Қасірет пен қайғының 
Бәрімен келген еркіндік 

Он алтыншы желтоқсан 
Ел мерейі тасыған 
Қазақ деген қалың жұрт 
Бәрін кешті басынан 

Әр қазақтың есінде сақталады 
Желтоқсандық өрендер ақталады 
Ел намысын қорғаған сарбаздарым 
Ерліктерін мәңгілік сақталады. 

Он алтыншы желтоқсан 
Тәуелсіздік алған күн 
Ерекше боп мәңгілік 
Ел жадында қалған күн 

Көк аспанда тулардың 
Желбіреген күні - бұл, 
Елім деген ұлдардың 
Елжіреген күні - бұл. 

Елдігімнің – реңі, 
Тендігімнің – тірегі 
Мүддесінен халықтың 
Ажырамас бір елі. 
Алтын заңым – арай таным! 

Әділеттің ұраны, 
Ақиқаттың шырағы. 
Тыныштықтың туы боп, 
Зор салтанат құрады. 

Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын, 
Алдымызда барлық үміт ақталсын 
Тату – тәтті бірлік болып қашанда 
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын. 

Енді міне біз тәуелсіз ел болдық 
Басқалармен терезесі тең болдық 
Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай 
Отан үшін болуға да құрбандық 

Дүбірлетсін өңірді 
Дүбірлесін дүлділі. 
Қазақ деген елімнің 
Құтты болсын бұл - күні!

 

 

 

 

 

 

                            

 

 

 

 

 

 

 

 

                           

 

 

                           «Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің

негізгі жалпы білім беретін №14 мектебі» ММ

 

 

 

 

 

 

 

«Тәуелсіздік – тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың»

әдеби кешінің

ЖОСПАРЫ

 

 

 

                                                                                    

қазақ  тілі мен  әдебиеті

пәндерінің     мұғалімі:

ШолпанбаеваА.Қ.

 

 

 

                                           2015-2016 оқу жылы

                      

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналып өткізілген «Тәуелсіздік – тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың» ашық сабағының талдауы

Мақсаты : 
1. Білімділігі: Оқушылардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру. 
2. Тәрбиелігі: Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру. Қоғамның бір мүшесі ретінде адам өмірі мен жақсы тұрмыстық құндылықтарын ұғындыру, жауапкершілік сезімдерін ояту. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. 
3. Дамытушылығы: балалардың өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту. 
Көрнекілігі: 
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә. Назарбаевтың портреті, слайд, желтоқсан құрбандарының суреті, видео.
2. Нақыл сөздер жазылған плакаттар. 
Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кеспелер, интербелсенді тақта, суреттер.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті

Сабақты ұтымды әрі тиімді өткізу мақсатында оқушыларды 2 топқа бөліп, сайыс түрінде өткіздім.

Сайысымыз бес кезеңнен тұрды:

           Әр топтың өзін-өзі таныстыруы

         «Ел туралы не білеміз?» сұрақ-жауап

         «Менің елім» шығармашылық жұмыс

         «Тәуелсіздік-тынысым»

         «Тәуелсіз Қазақстан» атты жазбаша жұмыс мәнерлеп оқу   
1-сайыста  Әр топтың өзін-өзі таныстыруы  кезеңінде әр топ өздерін таныстырып шығу керек болатын. Топ мүшелнері өздерін ойдағыдай таныстырып шықты. Топтың аты мен ұраны айтылып, ән мен би биленді.

ІІ . «Ел туралы не білеміз?» сұрақ-жауап кезеңінде оқушылар өздерінің  білгендерін ортаға салды. Сұрақтарға кезекпен жауап берді.

ІІІ. «Менің елім» шығармашылық жұмыс кезеңінде топтар газет шығарады. Газеттің атауын қойып, сол атауына байланысты ақпараттар жазды. Жұмыстарын аяқтаған соң, еңбектерін әділқазылар алдында қорғап шықты.

ІҮ. Соңғы кезеңде оқушылар мәнерлеп оқып сайысты. Аталған сайыста оқушылардың сабақтарда алған білімдері ғана сыналып қойған жоқ, сонымен қатар, оқушылар өздеріне қосымша мәліметтер ала алды. Сабақ тартымды әрі қызықты өтті деп есептеймін.и Оқушылар қызығушылықпен қатысып, білімдері мен қатар өнерлерін де ортаға салды. Сайыс сабақ болғандықтан, оқушылардың ұпай саны мен білімдерін бағалау үшін әділқазылар мүшелері алдын-ала сайланған болатын. Әділқазылардың қорытындысы бойынша, «Пырақтар» тобы 1-орынды иеленсе, «Қырандар» тобы 2-орынды иеленді.

 Жалпы, сабаққа қойылған мақсатыма жеттім деп есептеймін.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Разработка открытого урока на тему «Тәуелсіздік – тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инженер по обслуживанию многоквартирного дома

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 874 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.03.2016 1179
    • DOCX 10.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шолпанбаева Айгуль Кадировна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шолпанбаева Айгуль Кадировна
    Шолпанбаева Айгуль Кадировна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11669
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Преодоление расстройств: путь к психическому здоровью"

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Введение в медиакоммуникации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инвестиционная деятельность и проектный менеджмен

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе