Для всех учителей из 37 347 образовательных учреждений по всей стране

Скидка до 75% на все 778 курсов

Выбрать курс
Инфоурок География КонспектыРазработка открытого урока по географии на тему: "Шығыс Қазақстан"

Разработка открытого урока по географии на тему: "Шығыс Қазақстан"

библиотека
материалов

Күні: 06.03.2014 жыл.


Уақыты: 0945


Өткізетін сыныбы: 9 «Б»


Жауапты мұғалім: Измамбетова Айбарша


Сабақ тақырыбы: § 22. Шығыс Қазақстан


Сабақтың мақсаты: Білімділік:

Шығыс Қазақстан экономикалық ауданының экономикалық – географиялық жағдайы мен табиғат ресурстары, халқы туралы түсінік беру. Географиялық орнын анықтап, ірі өнеркәсіп орталықтарын көрсете білуге үйрету.

Дамытушылық:

Оқушылардың ойлау, өз бетінше жұмыс істеу қабілетін дамыту, білім, білік дағдыларын қалыптастыру, пәнге қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік:

Адамның кейбір іс-әрекетінің айналадағы ортаға теріс ықпал етуі туралы әңгімелей отырып, оқушыларды табиғатты қорғай білуге, сүюге тәрбиелеу.


Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.


Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.


Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі-көрнекілік, репродуктивті әдіс, ой-қозғау, модульдік оқыту технологияларының стратегиялары (тірек-сызба, «Білгіш географ» ойыны, «Кім бұрын?» ойыны).


Көрнекілігі: Қазақстанның физикалық-географиялық картасы, саяси картасы, оқулық атласы, плакатқа жазылған сұрақ кестесі, тірек-сызба, саяхатшылар портреті, пайдалы қазбалар коллекциялары.

ТСО: Телевизор, DVD


Пәнаралық байланыс: Биология, химия, тарих.


Сабақтың барысы: I. Оқушыларды ұйымдастыру.

II. Үй тапсырмасын сұрау.

III. Үй тапсырмасын қорыту.

IV. Жаңа сабақты түсіндіру.

V. Жаңа сабақты бекіту.

VI. Жаңа сабақты қорыту.

VII. Үй тапсырмасын беру.

VIII. Оқушылардың білімін бағалау.


I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу, үйге берілген тапсырма тақырыбын сұрау.


II. Үй тапсырмасы: Үш топқа тірек-сызба арқылы тапсырмалар беріледі. Сызбадағы тапсырмаларды оқушылар тарқатып мазмұндайды.


1-сызба


Энергетика

Қара металлургия

Машина жасау

hello_html_m6684a4be.gifhello_html_2b8edce1.gif

hello_html_1b12c097.gif


Өнеркәсіп

Түсті металлургия

Химия



hello_html_m71e13a99.gifhello_html_64066ef5.gif

hello_html_m68e967fc.gifhello_html_a8697c6.gif


Жеңіл


Тамақ






2-сызба

Ауыл шаруашылығы



Мал шаруашылығы

Егін шаруашылығы

hello_html_66ec9828.gifhello_html_5e740d38.gif




3-сызба

Көлік кешені

Автомобиль

Темір жол

hello_html_66ec9828.gifhello_html_5e740d38.gif







Үй тапсырмасын айтып жатқан кезде, оқушыларға тест сұрақтарын таратып беру. Оқушылар жауап үлгісі бойынша өз-өздерін бағалайды. Баға критерийлері жазылады.



III. Үй тапсырмасын қорыту: Тақтаға саяхатшы портреті ілінеді. Үш қатарға қосымша сұрақ арқылы кім екенін тауып, портретті ашу.

  1. Қ. Сәтпаев

  2. П. Карпини

  3. Н. Краснов



IV. Жаңа сабақты түсіндіру: Жаңа сабақты бастамас бұрын ой-қозғап жіберейік. Белгілі ғалым Н.Н. Баранский Қазақстан аумағын неше экономикалық ауданға бөлді.


Солтүстік Қазақстан



Орталық Қазақстан

hello_html_m6d26cc37.gif

hello_html_5e2a2909.gif

Қазақстанның экономикалық аудандары

Шығыс Қазақстан

Оңтүстік Қазақстан

Батыс Қазақстан

hello_html_6bf2a555.gifhello_html_m737f4487.gifhello_html_930136c.gif











§ 22. Шығыс Қазақстан.


Шығыс Қазақстан облысы – орталығы Өскемен.

Аумағы – 283,2 мың км2.

Халқы – 1455,4 мың адам.


Шығыс Қазақстан – республикада полиметалл кендерімен ең арзан су электр энергиясын өндіретін аудан. Ауданның агроөнеркәсіптік кешенінде мал шаруашылығы жетекші орын алса, егіншілік пен олардың шикізаттарын өңдейтін салалар қосалқы орында.

Экономикалық-географиялық жағдайы мен табиғат ресурстары.

Шығыс Қазақстан экономикалық ауданы Ертіс өзенінің жоғары ағысында, Алтай тауы мен Сарыарқаның шығыс бөлігін алып жатыр. Қытай мемлекетімен шекаралас. Жер көлемі жөнінен еліміздегі ең кіші экономикалық аудан. Шығыс Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайы шаруашылық салаларын орналастыру мен дамытуға қолайлы. Бұл аудандардың Қатонқарағай, Бұқтырма, Зайсан, Марқакөл және Сасықкөл сияқты аймақтары туризмді дамытуға мүмкіндік береді.

Қазақстандық Алтай Нарым өзені арқылы Кенді Алтай және Оңтүстік Алтай болып екіге бөлінеді. Кенді Алтай полиметалл кендерінің түрлеріне және оның қоры жөнінен маңызды орын алады. Алтай мен Тарбағатай беткейлеріндегі таулы Ертіс өзені бойындағы жазықты жайылымдар ауданның ауыл шаруашылығы үшін таптырмас байлық. Онда етті-жүнді қой өсіру, сүтті-етті мүйізді ірі қара, жылқы шаруашылығы, шошқа шаруашылығы жақсы дамыған. Омарта шаруашылығында шипалы қасиеті бар бал жиналады. Марал және бұғы шаруашылығы да жақсы дамыған. Олардың мүйізінен панта алынады. Пантадан пантакрин дәрісі алынады және оны медицинада пайдаланады.

Атмосфералық жауын-шашынның молдығы, Ертіс өзені бойындағы қара және сұрғылт топырақты алқапта егіншілікті дамытуға мүмкіндік береді. Онда күздік бидай, қара бидай, арпа, сұлы, жүгері, техникалық дақылдар – күнбағыс, картоп, көкөніс егіледі. Ертіс өзені аудан аумағын оңтүстік шығыстан солтүстік батысқа қарай кесіп өтіп Шығыс Қазақстанды Солтүстік Қазақстанмен және Ресейдің мұнайлы-газды батыс Сібір ауданымен байланыстырады.

Шығыс Қазақстанның шағын аумақтарында басын мәңгі қар мен мұз басқан Алтай, Сауыр-Тарбағатай биік таулары, орташа биіктіктегі Қалба тауы, ұсақ төбелі жазықтар, тауаралық кең алқапты алып жатқан қазаншұңқырлар, сонымен бірге өзен аңғарларындағы жазықтар кездеседі (телевизорды көрсету).

Шығыс Қазақстанның таулары атмосфералық ылғал әкелетін батыс және оңтүстік-батыс желдердің жолында, сондықтан түсетін жылдық жауын-шашын мөлшері тау етектерінде – 600 мм, тауда – 1000 мм, Алтайдың биік беткейлерінде 1500 мм-ден астам. Ауданның оңтүстік, оңтүстік-шығысында жылдық жауын-шашын мөлшері – 200-250 мм. Таулы аймақтарында қара және топырақты ылғал жеткілікті бөліктері ауыл шаруашылығына қолайлы болып, егіншілікпен айналысуға мүмкіндік береді. Ал оңтүстік-шығыс далалық аймақтары мен қазан шұңқырларында атмосфералық ылғал жетіспейді, мұндағы егіншілік қолдан суаруға қажет етеді.

Шығыс Қазақстан табиғат ресурстарының молдығы жөнінен елімізде алдыңғы орында. Мұнда полиметалл кені XVIII ғасырдан бері өндірілуде. Полиметаллдың негізгі құрамы – қорғасын, мырыш және мыс. Кенді Алтайда полиметаллдың Риддер, Зырян, Белоусов, Тишинск, Верхне-Березовск, Быструшинск, Андреев т.б. кен орындары бар. Кенді Алтай деп түсті және сирек кездесетін металлдың молдығына байланысты аталған. Полиметаллдан басқа алтын, күміс, кадмий, сурьма, темір, күкірт, молибден, висмут, индий, таллий, селен, телур, сынап т.б. металдар кездеседі (Менделеев таблицасындағы пайдалы қазбалардың коллекцияларын көрсету). Оңтүстік Алтай мен Қалба жотасында қалайы, вольфрам, ванадий кен орындары бар. Алтын өндіруден Семей өңірі жетекші орында. Алтынның Бақыршық, Боко, Октябрь кен орындары да әйгілі.

Ауданда минералды отын аз. Соған қарамастан тас көмір және жанғыш тақтатас кен орындары ауданның оңтүстігінде Зайсан маңындағы Кендірлікте кездеседі. Бұрынғы Семей полигоны аумағында Қаражыра көмір кен орны ашылып, қазір жұмыс істеуде.

Шығыс Қазақстанның негізгі байлығының бірі су энергетикалық ресурсы, республикадағы су қорының 50%-ы осы ауданның үлесіне тиеді. Энергетикалық ресурс ретінде Ертіс, оның таудан құлап ағатын Үлбі, Бұқтырма, Күршім салалары және Нарым өзендері көзге түседі. Ағысы қатты, тасқынды өзендер су энергиясын алуға қолайлы. Аудан аумағында Зайсан, Марқакөл, Алакөл, Сасықкөл сияқты тұщы көлдер бар. Аталған көлдердің маңы халықтың демалатын орны - рекреациялық аумақ. Көлдердің балық аулау шаруашылығында маңызы зор. Мұнда балықтың 20-дан астам түрлері: бекіре, стерлядь, сүйрік, албырт, сазан, табан, аққайран, алабұға, шортан т.б. кездеседі. Бекіре балығынан уылдырық алынады, онда Д дәрумені бар (телевизордан көрсету).

Табиғаты өте әсем Марқакөл орналасқан. Оның маңында радиоактивті бұлақ – Рахманов көлі бар және Марқакөл қорығы орналасқан. Онда Қызыл кітапқа енген өсімдіктер мен жануарлар қорғауға алынған.

Өнеркәсіпті аудандарда ауа кеңістігінің ластануымен қатар сол жердегі су көздерін де қамтиды және де өсімдіктер мен тамақ өнімдерін де ластауда. Семей ядролық полигонында да экологиялық апатты аймақ қалыптасып отыр. Ол әлі күнге дейін табиғи ортасына және халықтың денсаулығына кері әсер етті. Республика көлемінде қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жұмыстар жоспарлы түрде іске асуда.

Орманның 40%-ы осы ауданда. Сондықтан орман шаруашылығы бойынша республикада жетекші орында тұр. Шығыс Қазақстан құрылыс материалдарына да бай. Олар цемент, әктас, гипс, құрылыс тастары кездеседі.

Халқы. Шығыс Қазақстанның халқының саны жөнінен Орталық Қазақстаннан кейінгі орында. Аудан халқы Кенді Алтайдың Солтүстік батыс бөлігіндегі, өнеркәсіп орталықтары шоғырланған тау аңғарларында және Түрксіб теміржолының бойында жиі қоныстанған. Белағаш даласында халықтың тығыздығы 1 км2 – ге 15 адамнан, ал оңтүстік Алтайдың тау етегінде халықтың тығыздығы 1 км2 – ге 40-65 адамнан келеді. Тарбағатай мен Зайсан қазаншұңқырларында халық сирек қоныстанған.

Шығыс Қазақстанда қала халқы басым, ол бүкіл аудан халқының 60%-ын құрайды. Ауданда 9 қала, 24 қала типтес елді мекендер бар. Қалалық елді мекендер ауданның шығысында өнеркәсіп орындары маңында шоғырланған.

XVIII-ғасырда Ресей әскери әкімшілігі отарлау кезінде қала бекіністері есебінде 1718 жылы Семей, 1720 жылы Өскемен қаласының негізі салынды. XIX-XX ғ. этнодемографиялық құрамының өзгеруіне қоныс аударушылар әсер етті. Ал қазір қазақтардың 47% өскенін, ал өзге ұлт өкілдері 43% көрсетіп отыр.

V. Жаңа сабақты бекіту: Екі оқушы тақтаға шығып кесте толтырады.

Шығыс Қазақстан мен Орталық Қазақстанның табиғат жағдайы мен табиғат ресурстарына салыстырмалы түрде сипаттама береді.


Табиғат

жағдайы

Орталық Қазақстан

Шығыс Қазақстан

Жер бедері: ______________

_________________________

_________________________

_________________________

_________________________

Климаты:________________

_________________________


Жер бедері: ______________

_________________________

_________________________

_________________________

_________________________

Климаты:________________

_________________________


Табиғат

ресурстары

_________________________

_________________________

_________________________

_________________________

_________________________

_________________________

_________________________


_________________________

_________________________

_________________________

_________________________

_________________________

_________________________

_________________________



  1. Жаңа сабақты қорыту: «Білгіш географ» ойыны.

Ойынның шарты: Оқушылар картаға әр экономикалық ауданға тез, дұрыс шартты белгіні тауып, картадағы өз орнына ілу керек. Тақтаға тез әрі көп шартты белгіні тапса, сол жақсы баға алады.


VII. Үй тапсырмасын беру: § 22 Шығыс Қазақстанды оқып келу және Шығыс Қазақстан туралы хабарлама жазып келу. Атлас, кескін карталарды алып келу.


VIII. Оқушылардың білімін бағалау.

Курс повышения квалификации
Курс профессиональной переподготовки
Учитель географии
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Общая информация

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Содержание и технологии школьного географического образования в условиях реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «География: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Методические аспекты реализации элективного курса «Основы геополитики» профильного обучения в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Основы местного самоуправления и муниципальной службы»
Курс профессиональной переподготовки «Организация и предоставление туристских услуг»
Курс повышения квалификации «Экономика и право: налоги и налогообложение»
Курс повышения квалификации «Формирование первичных компетенций использования территориального подхода как основы географического мышления с учетом ФГОС»
Курс повышения квалификации «Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения географии в условиях реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности секретаря руководителя со знанием английского языка»
Курс повышения квалификации «Педагогика и методика преподавания географии в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Мировая экономика и международные экономические отношения»
Курс профессиональной переподготовки «Корпоративная культура как фактор эффективности современной организации»
Курс профессиональной переподготовки «Риск-менеджмент организации: организация эффективной работы системы управления рисками»

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.