Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Разработка открытого утреника "Золотая осень"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Разработка открытого утреника "Золотая осень"

библиотека
материалов

Берекелі алтын күз

Жүргізуші:

Қарсалайық бәріміз,

Жасымызбен кәріміз.

Қырдан кепті қыдырып,

Алтын күзде нұр төгіп!!
Тілегім аман болсын ел іргесі,

Алтын күз қайта келді берекелі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,

Алтын күз ырыс- береке ала келді.
Құрметті ата- аналар, балалар, қонақтар! Сіздерді «Берекелі алтын күз » атты ертеңгілігін тамашалауға шақырамыз.
Алтын күз мерекесіне балаларды қарсы алайық.

Ерасыл:

Шоғы толған гүлдей жайнап

Жарқырайды Алтын күз.

Сайрандап күліп ойнап,

Келіп кетті қыркүйек.

Томирис :

Қазан айы молшылық ,

Дәулет қорын қалаған .

Заңғар көкке қол соғып ,

Құстар ұшып барады.

Ерали:

Қыстың жақын қалғаның,

Жапырақтар сезгендей.

Желмен ұшып барады ,

Жерге қонып үлгермей .

Жапырақтар жамырап ,

Сайға барып бекінді .

Анасынан ажырап

Қалған бала секілді.


Тахмина:

Біреу астық түсірді,

Біреу астық ұшырды.

Жатқан мезгіл күз екен,

Алдым соны түсініп.


Ән: «Күз »


Асанәлі:

Қуандырып біздерді,

Мерекелі күз келді .

Кел жемісті Алтын күз ,

Кемелденсін халқымыз.

Мансур:

Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.


Айзере:

Алтын сары , қызыл ,
Алуан – алуан жапырақ.

Күзгі бақтар күлімдеп,

Көз тартады жалтырап.

Ислам :

Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан – алуан жапырақ.


Ойын «Көкеністер»


Медина:

Жер берді жемісті,

Күз келді келісті.

Күз — байлық береке,

Алтын күз — мереке.

Асель :

Құстар қайтты қыс болды,

Сұр бұлт жапты аспанды .

Жапырақ түсіп гүл солды,

Қараша ызғары басталды.

Ескендір:

Ойнаймыз күзде біз,

Достықты білеміз .

Айырып болмасың,

Туғандай боламыз.

Айназ:

Жемісі мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген.


Дастан:

Еңбек қызыл қырларда,

Бидай толды қырманда .

Алтын таулар секілді,

Сап — сары болып тұрғанда.


Камила:

Сара ала тон жамылған ,

Күз атамыз секілді .

Қойны толы дәмді нан,

Тәттісі көп не түрлі.

Асанәлі А.:

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.


Милана :

Қарашы күз келді, күз келді

Жапырақ жауыпты іздерді.


Музыка.Тамшы
Жүргізуші:

Балалар бұл не? Біреу жылап тұрған сияқты.

Жүргізуші:

Өйткені күз келді ,жаңбыр жауғалы тұр.
Жүргізуші:Ал біз, көңілімізді түсірмейік. Күз мезгілі тамаша бізге молшылық береке әкеледі. Сол күз әкелген көкеністер туралы балалармен жұмбақ шешіп көрелік.


Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні
Құйрығынан суырып,
Әкелді әжем бір күні.
/Сәбіз/.

Үстіне тігіп көк шатыр ,
Астында қызғылт дәу жатыр .
/Қызылша/.

Аяғынан қаз тұрған,
Қалпағы бар жалпиған.
/Саңырауқұлақ/.


Саңырауқұлақ кіреді:

Сәлеметсіңдер ме, балалар мені таныдыңдар ма?

Балалар: Иә  таңыдық.

Саңырауқұлақ: Мен сендерді мейрамдарынмен  құттықтауға келдім. Мен ормандағы ең үлкен саңырауқұлақпын мен бәрін – бәрін білемін. Шын айтамын. Мен сендердін не ойлап отырғандарынды білемін.Сендер жаз қайта келсе екен деп отырсыңдар, солай ма?
Балалар:Иә
Саңырауқұлақ:

Бірақ жаз қайта оралмайды .

Жүргізуші: Қой мұңайма, одан да балалардың мерекесін қызықта.


Жүргізуші:

Сарғайды тоғай ,

Сап — сары маңай .

Соңғы әнін айтып ,

Құс кетті қайтып .

Күн күркірейді.

Саңырауқұлақ: Қорқып кетеді. Бұл не?

Жүргізуші; Күн күркіреп жатыр, жаңбыр жауады.

Саңырауқұлақ: Мен жаңбырды жақсы көрем

Жүргізуші: Жаңбырды жақсы көрсен ортаға Ерали, Медина, Мансұр шығады.

«Жаңбыр» әнін тамашалайық.

Бағбаншы: кіреді.

Жүргізуші:  Сен кімсің? Қайдан келдің?

Бағбаншы: Мен орманшы Орманнан мен келемін. Балаларды мейрамымен  құттықтауға келдім мен. Ал сендер неге  жалғызсыңдар? Күз ханшайымы қайда?
Саңырауқұлақ: Біз сенімен келеді деп ойладық.
Бағбаншы:Мен күз ханшайымын көрген жоқпын, ол орманда адасып қалған шығар.

Саңырауқұлақ: Келіп қалатын шығар тосайық  .

Жүргізуші:

Қой онда текке тұрғанша , домбырда күй тыңдайық.

Саңырауқұлақ: Бағбаншы мен бір ойын білемін.
Ойыннын аты  «Жемістер мен көкөністерді ажырат». Балалар ажырата алама екен байқайық.
Әуен: сиқырлы
Күздің дауысы. Аууу.

Бағбан: Мынау күздің дауысы ғой.

Күз кіреді

Саңырауқұлақ: біздің балалар мерекеге сені тосып отыр.
Күз:

Береке бақ дарыған,

Жомарт көңіл жарқын күз .

Сары алтынға малынған,

Алтын күз деген мен болам
Жүргізуші:

Қош келдің, Берекелі алтын күз ! Бүгінгі  мерекеміздің қонағы бол, балалардың өнерін тамашала.

Би: «Жапырақтар»

Жүргізуші:

Күзде жаңбыр жауады,

Ойнатпайды біздерді.

Қолымызда қолшатыр ,

Ойнауға біз барамыз.

Күз: Ал балалар мен сендерге көкөністер мен жемістер әкелдім , мен ата — аналармен ойын ойнағым келеді.

Ойын: Дәміне қарай ажырат
Күз: Рахмет өнерлеріне енді сендермен қоштасайын. Сау болыңдар

Жүргізуші: Балалар қонақтар біздің күз мерекесіне арналған «Берекелі алтын күз» ертеңгілігіміз аяқталды.
Келесі мерекеге дейін қош -сау болыңыздар!








































Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 25.10.2015
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров265
Номер материала ДВ-094164
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх