Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыРазработка открытого внеклассного занятия на тему: "«Болашағым - бақытым» (кездесу кеші)" (11 класс)

Разработка открытого внеклассного занятия на тему: "«Болашағым - бақытым» (кездесу кеші)" (11 класс)

Скачать материал

 

ҚАРМАҚШЫ АУДАНДЫҚ №275 БІЛІМ БЕРЕТІН

КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы   «Болашағым - бақытым»

                                             (кездесу кеші)

 

 

                                                                        

 

 

 

                                                                         Сынып жетекшісі    А.К.Пазылбекова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Байқоңыр 2016ж

 

Күні 22.12.201ж

Сыныптар  11«В»

Орны 216 кабинет

Тақырыбы: «Болашағым - бақытым»

Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру. Жұмыстың мазмұнымен, мағынасымен айрықшаланатын мамандық әлемінң түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру. Болашаққа жол бастау.Оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, мамандық таңдай білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

 

Формасы:  кездесу кеші

Әдісі: түсіндірмелі, сұрақ- жауап

Түрі: топпен жұмыс

Көрнекілік: мамандық туралы суреттер, слайд.

         Барысы:

 I.Ұйымдастыру (күй)

 II.Кіріспе.

            Мұғалімнің сөзі

 III.Негізгі бөлім

               1.Мамандық туралы.

  2. Қонақтарға сөз.

  3.Оқушыларға сөз.

  а)Қазақстан жолы-2050(слайд)

  б) Елбасы жолдауы (слайд)

  4. Ән. Қаниев А

  5.Қазақстан кеше, бүгін, ертең. (үш тілде слайд)

 6.Хор

IV. Мұғалім қорытынды сөзі

V.Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   

                                    

 

               

             «Егер мамандықты таңдап алуда сіздің  жолыңыз болса және

осы жолда өміріңізді сарп ететін болсаңыз, онда сіз бақытты болғаныңыз»
К. Д. Ушинский.

Кіріспе сөз:Біршама уақыттан кейін  мектеп бітіргелі отырған оқушыларды «қандай мамандықты таңдаймын» немесе «таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін» деген ойлар мазалайтыны анық. Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт - бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу үшін ұстаздармен, ата - аналармен және ортамызға келіп отырған әр түрлі маман иелерімен сұхбаттассып, ойымызды айтуға жиналып отырмыз.
І. Ұйымдастыру кезеңі:

Жүргізуші:  С
Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған «Болашағым- бақытым»  атты кездесу кешімізге қош келдіңіздер!
- Атақты ғұлама Әл – Фараби айтқандай
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз.

Жүргізуші:  Н

Талмасын қанат, сөнбесін үміт,
Армандар алға жалғансын.
Соқса да дауыл, өрт болып өмір,
Қанаттар балғын талмасын  – деп, құрметті қонақтар, бүгінгі  «Болашағым- бақытым»  атты  кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Жүргізуші: С

Болу үшін сірә адам,
Отқа да салып сынаған
Еркелікті көтермес,
Өмірдің жолы бұралаң.
Жүргізуші: Н
Өткеріп аяз - ақпанын
Көрерсің шуақ шақтарын.
Жануы бақтың - өмірден
Өз орныңды тапқаның.
Жүргізуші: С
Сол жолда талмай самғарсың,
Кездессе де, қандай сын?
Тірлікте мынау кәсіп көп
Қайсысын қане таңдайсың?

Жүргізуші: Н

Көк жүзіне алаулы,
Міндет емес ай болу.
Ең бастысы қалаулы,
Кәсібіңе сай болу!

Жүргізуші: С

Ақыл-ойың көк теңіз

Талабыңды қостасын

Түсіндіріп өтейін

Мамандықтың көш басын

Құлағында ойнаған

Тіліп бұлттың ұлтанын

Зеңгір көкке бойлаған

Ұшқыш болғың келе ме?

 

Жүргізуші: Н

Айлап, жылдап түн қатып

Сапар шегер алысқа

Толқындарды тулатып

Шағаламен жарысқан

Капитан бол кемеге

Жүргізуші: С

Көшет егіп жекелеп

Гүлдендіріп бар маңын

Нәрестедей мәпелеп

Мәуелеткен бау-бағын

Бағбан болғың келе ме?

Жүргізуші: Н

Әлдилесе шалқарлы ән

Буынсыз, мың бұралған

Шара апайдай майталман

Биші болғың келе ме?

Жүргізуші: С

Қалап көңіл ауаны

Талап оны қолдаса

Кәсіптің жоқ жаманы

Нашар маман болмаса
Жүргізуші:Н
1.«Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға» деп ұстаздар атынан  мектебіміздің ардагер ұстаздары, ұстаздардың ұстазы атанған КСРО  иегері математика пәнінің мұғалімі Қомытбаева Торғай апайды ортаға шақырамыз. Ардагер ұстазымыздарымыз алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі еліміздің жас қырандарына патриоттық тұлға ретінде жол сілтеуші Құпияев Жайық ағайды, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің ұстазы, ҰБТ-да жоғары нәтижеге жетіп жүрген  Сәндібаева Райса апйларды бүгінгі кешіміздің қадірлі қонағы ретінде ортаға шақырамыз.
Жүргізуші:С
 «Бала – біздің болашағымыз» деп, енді  11 сынып оқушыларына  қош келіпсіздер дейміз.
Жүргізуші:Н

1.Мамандық таңдау
Алға тарт деп жас жүрек бұлқынады.
Балалықпен қоштасар күн туады.
11 жылдан  шыққандар оқу іздеп
Юрфакқа түсуге ұмтылады.
Не демекпіз шөліркеп дала жатса,
Не болмақшы теңіз, құм араласса?
Жұмыс іздеп уақытша келгендермен
Кешіп жатыр өз күнін балабақша.
Бала бағу. Оны ешкім жаратпады,
Заң маманы болуды қалап бәрі.
Ақиқатқа құштар ма мына ұрпақ
Армандап жүр кімдерді жауаптауды?..

Келесі сөз кезегін  11 «Б» сынып оқушысы Қожаева Назираға береміз

  Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 - ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы білеміз? Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады? «Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?» деген сұрақтарға мектеп оқушыларының көбісі нақты жауап бере алмайды. Шындығына келгенде мамандық таңдау мәселесі әсіресе біздің қоғамымыз нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе. Жақын арада әрқайсысымыз мамандық таңдау мәселесіне байланысты өздеріңіз білетіндей  10 - сыныпта бағдарлы оқыту сыныбына көштік. Бүгінгі кешімізде біз осындай маңызды тақырыптарға тоқталамыз, мамандық, болашақ таңдайтын бағдарымызды таңдау стратегиясы жөнінде, кәсіби өмірлік бағытты жобалау туралы әңгімелейтін боламыз.

Жүргізуші:Н

Келесі сөз кезегін  11 «В»сынып оқушысы Алдабергенова Алинаға береміз

«Мамандық» сөзіне анықтама берсек.       слайд
Профессия - латын сөзінен шыққан, “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.
Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай - ақ өз мамандығының 10 - 20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады.

Жүргізуші:С

Бұл ретте бүгін бізге өз ойларымен бөлісіп, тың пікірлері мен ақыл - кеңесін айтуға шақырулы қонақтарымыз келіп отыр. Енді сөз кезегін қонақтарға берсек.

1.Торғай апай сіз ұстаздардың ұстазасысыз. Бүгінгі кешті пайдаланып өз шәкіртеріңізге еңбек жолыңыздан бірер ой қозғасаңыз.

Жүргізуші:Н

ҰБТ-дан жоғары ұпай жинау ойымызда,

Білім менен ақыл күш бойымызда

Арманымыз бірге,орындалсын күнде

Барімізде бірдей мақсат,бір мүдде - дей келе келесі кезекті  11 «Б» сынып оқушысы Қайруллаева Нұрайға  береміз.

 а) Қазақстан жолы-2050(слайд)

Жүргізуші:С

2.Бүгінгі кешімізге арнаулы шақырумен келіп отырған қонағымыз                              мамандық иесі          

                                  ағайға сөз береміз. Ағай өзіңіздің мамандығыңыз туралы ой бөліссеңіз.

Жүргізуші:Н

Арман,мақсат, тілегі бір түлектерміз;

Болашаққа қадам басқан өрендерміз,

Жастық жалын жігерімен шабыттанған

Еліміздің сенім артар үмітіміз- дей келе келесі кезегін  11 «Б» сынып оқушысы   Кушимова Аружанға–береміз.

 «Болашақ мамандықтар» (бейнекөрініс)

Жүргізуші:С

3. Жайық ағай еңбек жолыңызда талай шәкірттер ұшырдыңыз. Бүгінгі шәкірттеріңізге не тілер едіңіз?

Жүргізуші:Н

 келесі кезекті     11 «Б» сынып оқушысы Тулегенов Аянға береміз.
«Нұрлы жол елбасы бастауы»  слайд 

Жүргізуші:С

4.Райса апай осыншама еңбек жолыңызды шәкірттермен бірге өткіздіңіз. Еңбек жолыңызда шәкірттеріңізбен болған ерекше кездерден ой толғасаныз.

 

Жүргізуші:Н

 Құрметті қонақтар келесі кезекте Қаниев Ақниет  «Жүрегім Қазақстан» әнін сіздерге тарту етеді. Қабыл алыңыздар

Жүргізуші:Н
Шен - шекпенге жасыңнан
Құмар болма депті Абай
Милары жоқ масылға
Сыңар болма депті Абай
Бүкіл абзал адамның
Баласы бол депті Абай
Атаң менен анаңның
Панасы бол депті Абай
Өсиетін Абайдың
Орындап жүр кім қалай 

Жүргізуші:  С    

Келесі кезекті оқушыларға берейік

Қазақстан кеше, бүгін, ертең. (үш тілде слайд)

1. Өткенмен байланыста  ( Бекманова Ақерке)

2. Осы шақпен байланыс  (Кетебаева Дана)

3. Болашақпен байланыста  (Досимханова Аружан)

Жүргізуші:  С    

6.Хор «Атамекен»

 Құрметті қонақтар, оқушыларға алдағы уақытта дұрыс мамандық алу үшін бағыт - бағдар бердіңіздер, әр мамандықтың қызығы мен қиындығы болатынын жете ұғындырдыңыздар. Алтын уақыттарыңызды бөліп, тәрбие сағатымызда қолдау көрсеткендеріңізге рахмет айта отырып, кешіміздің соңында 11 сыныптар атынан «Атамекен» әнін тарту етеміз.
IV. Мұғалім қорытынды сөзі

V.Қорытынды

Жүргізуші: Н

Осымен «Болашағым- бақытым» атты ұйымдастырылған  кешіміз аяқталды. Тыңдағандарыңызға көп рахмет!!! Сауболыңыздар.
Талдау: Осы күннен не алдыңыз?
Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз, ойландыратын жағдай болды ма?
Ж. Аймауытов айтқандай
«Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» десек, Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық. Егеменді еліміздің ертеңі — маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!

Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық.

 

 

      

          

                   

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Разработка открытого внеклассного занятия на тему: "«Болашағым - бақытым» (кездесу кеші)" (11 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Таргетолог

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 892 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.01.2017 693
    • DOCX 569.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Пазылбекова Аманбике Куанышбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1260
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 125 человек

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 169 человек

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 413 человек из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 528 человек

Мини-курс

Разделение имущества при банкротстве: правовые аспекты и мировое соглашение

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Путь к внутреннему спокойствию: освобождение от тревоги, злости и стыда

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 635 человек из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 175 человек

Мини-курс

Социальная и поведенческая психология

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 16 регионов