Разработка плана урока"Ислам діні"
Предпросмотр материала:
Выберите файл для просмотра:
Всего файлов: 2
- 1/2 Дінтану сабақ/Дінтану слайд.pptx 1/2 Дінтану сабақ/Дінтану слайд.pptx
- 2/2 Дінтану сабақ/Сабақ дінтану.docx 2/2 Дінтану сабақ/Сабақ дінтану.docx
Жалпы білім беретін Крутой негізгі мектебі

Дінтану пәнінің мұғалімі:
Изгалиева Э.З.
2014 -2015 о.ж.
Тақырыбы: §11. Ислам діні
Мақсаты:
1.Оқушыларды ислам дінінің пайда болуы, таралуы және осы ілімнің қазіргі қоғамдағы рөлімен таныстыру.
2.Оқушылардың бойында гуманистік дүниетаным негіздерін, рухани- адамгершілік құндылықтардың, жеке сенімнің жүйесін және белсенді азаматтық көзқарасын қалыптастыру.
3.Отанымызды сүюге, ата – бабаларымыздың рухани сенімін құрметтеуге, имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Ассосация әдісі, түсіндіру, салыстыру (Венн диаграммасы)
Сабақтың көрнекілігі: Слайд
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасып, түгелдеу.
Оқу – құралдарын тексеріп, оқушылар зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
![]()

Христиандықтың
басты бағыттары
Православие Протестанттық
Католиктік
Ассосация әдісі:
Протестанттық
![]()
Католиктік Православие
![]() |
Крест
Иса Пайғамбар
Храм Інжіл (Библия)
ІІІ. Жаңа тақырып түсіндіру
Жоспар:
1. Исламға дейінгі Арабстандағы жағдай
2. Ислам дінінің пайда болуы
3. Ислам дінінің таралу аймағы
![]() |
Буддизм
Ислам діні
Христиан діні
Тірек ұғымдары:
1.«Ислам» - сөзі арабша «бейбітшілік», «бағыну», «мойынсыну», «ілім», «бас ию», «нану».
2.Мұсылман – «Алланың нағыз – құлы, алланың нағыз ұлы».
3.«Хижрат» – 622 жылғы Меккеден Ясриб (Мәдина) қаласына Мұсылмандар көші
4.«Хижра» - жаңаша мұсылман жыл санауының басы (ай күнтізбесі).
5.Алла – күреншит руының жеке құдайы.
6.Күреншит – Мұхамедтің шыққан руының аты.
7.«Шариғат» – араб тілінде «Тура жол».
8.«Уахи» – Жәбірейіл періштенің жеткізген аяндары.
9.«Пайғамбар» - парсы тілінде «хабаршы» деген ұғымды білдіреді.
10.«Мұхаммед» - «мақтаулы»деген мағынаны білдіретін есімді Хазрет Мұхаммед (с.а.с.) Пайғамбарымызға атасы Абдулмутталиб қойған есім. 11.«Құран» - Алладан адамзатқа тура жолды нұсқау үшін Мұхаммед Пайғамбарға түскен ең соңғы кітап.
Исламға дейінгі Арабстандағы жағдай
Ислам діні келгенге дейінгі кезең Ислам шариғатында «Надандық дәуірі»:
- адамзаттың рухани азғындыққа ұшырауы;
- имансыздықтан тұншығуы;
- Арабстанда нәпсіқұмарлықтың шегіне жетіп, зұлымдықтың, маскүнемдіктің, ұрлықтың, зорлықтың, зинақорлықтың кең етек алуы;
- Пұтқа табынушылықтың зорақысының жасалуы, мысалы, Исламға дейінгі кезеңде әйелдерінің қыз босанғанын намыс көріп, одан құтылу үшін қыз балаларды тірідей көміп, тастау сияқты тұрпайы салт болғаны туралы тарихи деректерден белгілі.
Алайда, Алладан аяттар («уақи») түсе бастағанда көпшілік Құранның жоғары екендігін мойындағаны шындық.
Ислам дінінің пайда болуы
Ислам дінінің де, басқа дүниежүзілік діндер сияқты өзінің ұзақ тарихы бар.
Ислам дінінің шығу дәуіріне, уақыт талабына, оны ұстанған халықтардың әдет-ғұрпына, тұрмыс-тіршілігіне байланысты, көңіл-күйіне, психологиясына қарай өзіндік ерекшеліктері де бар.
Әлемдік діндердің ең жасы - Ислам діні біздің заманымыздың 609-639 жж. аралығында (VII ғасыр) шығыс пен батыс өркениетінің тоғысып жатқан Араб түбегінде пайда болды.
Ислам діні ортағасырлық Араб халқын ұйыстыруға, жаңа саяси құрылым «халифаттың» орнығуына, біртұтас ел қалыптастыруға, әлемде «мұсылман үмбеті» деп аталатын жаңа қауымның түзілуінде маңызды факторға айналды.
Ислам дінінің негізгі ұстанымдары: Құран кітап пен Мұхаммед пайғамбардың өнеге етіп қалдырған іс-амалдары (суннеті).
Мәліметтер бойынша, Хазірет Мұхаммедке (с.а.с.) пайғамбарлық ақыл-ойы кемелденген 40 жасында қонған екен. Осы елшілік міндетті 610 жылы Рамазан айында Хира тауының басында Жаратушының үкімдерін пайғамбарларға жеткізуші Жәбрейіл періште жеткізген делінеді (алғашқы аяттардың түсірілгені туралы аңызбен толықтыру).
Ислам дінінің 622 жылы мұсылмандар Меккеден Мединаға көшіп келегеннен кейін таралуы қарқынды күш алды. Медина қаласы Ислам дінінің бүкіл мұсылман әлемінің қасиетті мекеніне айналды.
(Шариғат, Ислам дінінің бес парызы, Күәлік сөзі (кәлимә шәхада), Намаз, Қағба, Иман шарттары, Төрт үлкен періште туралы түсінік беріледі).
Исламдағы шариғаттың 4 мәселесі:
1. Сенім, иман мәселелері.
2. Амал.
3. Тәрбие.
4. Құқықтық істер.
Ислам дінінің 5 парызы:
1. Куәлік сөзін айту.
2. Намаз оқу.
3. Ораза ұстау.
4. Зекет беру.
5. Қажыға бару.
Иман шарттары:
1. Алла тағалаға сену.
2. Періштелерге сену.
3. Кітаптарға сену.
4. Пайғамбарларға сену.
5. Ахирет күніне сену.
6. Жақсылық пен жамандықтың Алладан екендігіне, тағдырға сену.
Төрт үлкен періште:
1. Жәбірейіл – Жаратушының үкімдерін пайғамбарларға жеткізуші.
2. Микәйіл – табиғат құбылыстарына, өсімдіктер әлеміне жауапты.
3. Исрафил – қиямет күнінің тууы және адамзаттың қияметте қайта тірілуі үшін қызмет атқарады.
4. Әзірейіл – ажалы жеткендердің жанын алушы.
Исламның таралу аймағы
VII ғасыр. Ислам дінінің аумағы Араб түбегін қоса алғанда Солтүстік Африка, Пиреней түбегі, Месопотамия, Иран, Ауғанстан, Кавказ аумағы, Орталық Азия мен Үндістанның солтүстігіне дейін жеткен.
Ислам дінінің ұстанушылар саны шамамен 2 млр-қа жуық.
90%-ы Сунниттер.
Шииттер Иран мен Ирак аймағында ғана кездеседі.
120 –дан астам елде Ислам діні таралған.
Сенушілер әлемінің 35 мемлекеті халқының басым бөлігін құрайды.
Әлемнің 28 елінде ресми дін болып жарияланған.
Халықаралық мұсылмандық сипаттағы саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар:
1. 1966 жылы Меккеде құрылған Ислам әлемі Лигасы
2. 1969 жылы Ислам конференциясы ұйымы
3. 1973 жылы құрылған Европаның Ислам Кеңесі ұйымы
ІҮ. Бекіту
Салыстыру (Венн диаграммасы)
Христиан діні Ислам діні
Ү. Бағалау
ҮІ. Үйге тапсырма:
§11. Ислам діні.
Шағын эссе жазу:
«Менің дінге деген көзқарасым»
Разработка плана урока"Ислам діні"
Найдите подходящий для Вас курс
В каталоге 7 827 курсов по разным направлениям
Другие материалы
-
Интеллект-карта "Посуда" 5 класс "Технология"
Учебник: «Технология», А.Т. Тищенко, Н.В. Синица
Тема: § 30. Санитария и гигиена на кухне
-
Пояснительная записка к рабочей программе по английскому языку 5 класс
Учебник: «Английский язык (в 2 частях)», Вербицкая М.В., Б. Эббс, Э. Уорелл, Э. Уорд./ Под ред. Вербицкой М.В.
-
Пояснительная записка к рабочей программе по английскому языку 6 класс
Учебник: «Английский язык (в 2 частях)», Вербицкая М.В., Гаярделли М., Редли П., Савчук Л.О. / Под ред. Вербицкой М.В.
Вам будут интересны эти курсы:
- Курс повышения квалификации «Методика написания учебной и научно-исследовательской работы в школе (доклад, реферат, эссе, статья) в процессе реализации метапредметных задач ФГОС ОО»
- Курс повышения квалификации «Методические аспекты реализации элективного курса «Основы геополитики» профильного обучения в условиях реализации ФГОС»
- Курс повышения квалификации «Организация научно-исследовательской работы студентов в соответствии с требованиями ФГОС»
- Курс повышения квалификации «Организация практики студентов в соответствии с требованиями ФГОС юридических направлений подготовки»
- Курс повышения квалификации «Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения географии в условиях реализации ФГОС»
- Курс повышения квалификации «Педагогика и методика преподавания географии в условиях реализации ФГОС»
- Курс повышения квалификации «Применение MS Word, Excel в финансовых расчетах»
- Курс повышения квалификации «Содержание и технологии школьного географического образования в условиях реализации ФГОС»
- Курс повышения квалификации «Формирование первичных компетенций использования территориального подхода как основы географического мышления с учетом ФГОС»
- Курс профессиональной переподготовки «Клиническая психология: организация реабилитационной работы в социальной сфере»
- Курс профессиональной переподготовки «Организация технической поддержки клиентов при установке и эксплуатации информационно-коммуникационных систем»

