Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Разработка по ана тілі на тему "Алғашқы қоңырау"

Разработка по ана тілі на тему "Алғашқы қоңырау"



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақ тақырыбы: Алғашқы қоңырау.

Сабақ мақсаты: 1) Өлеңнің мазмұнын түсіндіру.Тіл байлықтарын,сөздік қорларын молайту.

2) Дамыта оқуға жүйелей отырып,оқушының шығармашылық қиялын,ойлау қабілетін жетілдіру.

3) Ата-баба өнегесін қастерлеп, үлгі тұту.Білімді, тәрбиелі болуға жетелеу.

Көрнекілік: Мозайка, сөзжұмбақ, сурет, тірек сөз.

Сабақтың түрі: Дамыта оқыту.

Әдістері: мозайка құрастыру, топтық жұмыс, ой қозғау, дәптермен жұмыс, 5 жол өлең құрастыру.

Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа қызығушылықтарын ояту.

М: Көз не үшін керек?

О:Жақсыларды көру үшін.

М:Екі құлақ не үшін керек?

О:Ақыл кеңес тыңдау үшін.

М:Екі қол не үшін керек?

О:Елге көмек беру үшін.

М:Екі аяқ не үшін қажет?

О:Шетте жүрсең,Туған жерге жету үшін.

Олай болса, мен сендердің құлақтарың мен көздерің, қолдарың мен аяқтарыңа саулық тілеймін.

II.Үй тапсырмасын сұрау:

-Үй тапсырмасына не беріліп еді?

-Райымбек бастауы.

Мозайка құрастыру арқылы сұрақтарға жауап алу.

III.Жаңа сабақ.

1.Балалар, бүгінгі жаңа сабағымызды бастамас бұрын 3 топ құрып алайық. Әр топқа ат беріп, топ басшысын сайлау.

1топ. Азамат. 2топ.Әділет. 3топ.Бірлік.

Отанымызды Қандай Бірлік

қорғайтын азамат жағдай болмай

болу үшін-жақсы болса да, тірлік

оқу керек. әділетті көзбен болмас.

қарау керек.

Сендердің білімдеріңді бағалау үшін, мен топ басшыларына геометриялық фигураны беремін. Олар сендердің жауаптарыңды бағалап отырады.

2.Енді, бәріміз тақтаға қарайық. Мына сөзжұмбақты дұрыс шешсек, ортадағы қызыл сызықтың бойынан бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығады.

1) Біздің ұлтымыз? Қазақ

2) Әке-шешең, бауырың, туған қалаң саған не болады? Отан.

3) Ағаш түрі? Қайың.

4) Саған керек оқу құралдарының бірі? Сызғыш.

5) Үлкен қалаларда жүретін төбесінде жүрегі бар көлік? Трамвай.

6) Ең қадірлі жан? Ана.

7) Адамға,жануарлар мен өсімдіктерге ең қажетті жағдайдың бірі? Ауа.

- Қандай сөз шықты? «Қоңырау»

-Бүгінгі сабақтың тақырыбы. «Алғашқы қоңырау»деп аталады.

-Кім айтады «алғашқы »деген сөзді басқаша қалай айтуға болады?

-Бірінші.

-Өлеңнің авторы кім?

3. Ғафу Қайырбеков 1928 жылы Қостанай облысы Торғай қаласында туған. Ақын.Қазақстанның халық жазушысы. Әдемі өлеңдер шығарған. Ал композиторлар сол өлеңдерге арнап әндер жазған.

- Ал енді, оқулығымызды алдымызға жақындатайық.

4. Қолдарыңа қарындашты алып, түсініксіз сөздерді (түртіп) белгілеп алу үшін мәнерлеп оқимыз.(әр оқушы 1 жолдан оқиды).

5.Сөздікпен жұмыс.(оқушылар белгілеген сөздерді түсіндіру.Ы.Алтынсарин туралы мағұлмат беру).

6.Қатар бойынша сұрақтарға жауап.

1қатар 3-ке 2қатар 1-ге 3қатар 2-ге

7.Топпен жұмыс.

3қатардан 3оқушыға мәнерлеп оқыту.

8. Ал,балалар сендер алғаш мектеп есігін ашқанда қолдарыңа қандай кітап алып оқыдыңдар?

- Әліппенің атасы кім екен?

Ой қозғау.

hello_html_mc40860b.gifӘліппе Ыбырай Мектеп ашты.

hello_html_2e8799d.gifЖазды. Алтынсарин

hello_html_m51972c09.gifhello_html_m60a9e078.gifhello_html_67178312.gif

Ақын Педагог Ұстаз.



Сергіту сәті: - Қалай жүреміз?

- Міне былай....(көрсетеді)

- Қалай ұйықтаймыз?

- Міне былай.... (көрсетеді)

- Қалай оқимыз?

- Міне былай.... (көрсетеді)

- Қалай шаш тараймыз?

- Міне былай.... (көрсетеді) т.с.с.

9.Дәптермен жұмыс.

1қ. «Білім» 2қ. «Ыбырай» 3қ. «Мектеп»

Өлең құрастыру. Әңгіме жазу. Сурет салу.

(оқушылар өз жазғандарын қорғайды)

10. 5 жолды өлең құрастыру.

Қоңырау.

алғашқы зор

қағылды күмбірледі аралады

Ыбырай қазақ мектебін ашты.

Үн.

IV. Қорыту. Лото бойынша.

Сабақтың тақырыбы: Алғашқы қоңырау.

Сабақтың түрі: Дамытушылық жарыс сабағаы.

Тапсырмалардың түрлері:

Мозайка құрастыру, сөзжұмбақ, қиын сөздерді білдік, мәнерлер оқу, ой қозғау, дәптермен жұмыс, 5 жолды өлең құрастыру.

Пән байланысы: дүниетану, сурет.

Тәрбиелік мәні: Өзімізге керекті, пайдалы білім алдық.

Бағалауды қорытындылау.

Үйге тапсырма беру. Өлеңді жаттау. Ы.Алтынсарин туралы реферат жазу.





57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 05.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров121
Номер материала ДВ-124900
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх