Инфоурок Биология КонспектыРазработка по биологии на тему "Генетика"

Разработка по биологии на тему "Генетика"

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Негізгі генетикалық ұғымдар. Генетиканың даму тарихы

Сабақтың мақсаты:Ғылымилық мәні.  Генетика- тұқым қуалау белгілерінің заңдылықтарының  және олардың өзгергіштігін зерттейтін ғылым екендігі туралы қосымша мәліметтер бере отырып, Мендельдің  заңдылықтарына есептер шығару. Осының негізінде оқушыларға генетика ғылымы жайлы жаңа ұғымдармен таныстыру.Дамытушылық мәні.    Генетика ұғымын толық меңгеруде Мендель заңдылықтарын тәжірибе жүзінде көрсете отырып, теориялық білімдерін бекіту.

Өсімдіктер әлемі, жануарлар дүниесі. Адам өміріне белгілердің ұрпақтар арасындағы сабақтастығының Мендель тәжірибесіне сүйіне отырып анықтай алу қабілеттерін дамыту. Мысалдардан алынған нәтиже бойынша ой қорыта алу, пікір алмасу, логикалық ойлау, сабаққа қызығушылығын дамыту.Тәрбиелік мәні.  Ұрпақтар тазалығын салауатты өмір салтын насихаттай отырып қазақ халқының салт дәстүрін  әдеп-ғұрпын қастерлеуге  тәрбиелеу. Адамгершілікке,инабаттылыққа, мәдениеттілікке баулу. Адам экологиясы,қоршаған орта экологиясы негізінде адам  бойындағы жат қылықтардан алшақ болуға насихаттау,тәрбиелік мәні бар тыйым сөздер мен нақыл сөздер жас ұрпаққа саналы тәрбие қалыптастыру.

Cабақтың көрнекілігі: 9-сынып биологиядан электрондық  оқулық,  слайд-Генетика.

    Халықтың педогогигалық элементтері негізінде.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдіс тәсілдері:Пікірталас, әңгімелесу,салыстыру, талдау, анықтау, сұрақ - жауап, электронды оқулықтан үзінді, слайд, зерттеу жұмыстары

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқу,құрал-жабдықтарын даярлау.

2.Сабаққа ынтасын аудару,түгелдеу.

3. Сабақ мақсатын таныстыру,топтарға бөлу.

II.Үй тапсырмасын тексеру:

Оқушылар екі топқа бөлінеді:1-топ. Материалистер. 2-топ. Идеалистер.

Материалистер.Адамның приматтардан пайда болғандығын жақтаушылар. Дарвиннің эволюциялық ілімін жақтап, адамның жануарлардан шыққандығын әр түрлі дәлелдемелер келтіріп дәлелдеп береді.

Идеалистер. Адамның приматтардан пайда болғандығын даттаушылар. Әр түрлі идеяға, аңыз әңгімелер, діни болжамдар жинақтап, адамның арғы тегі маймыл емес деген тұжырымды дәлелдейді.

Сонымен адамзат қалай пайда болды?

Мұғалім. Бірінші кезек материалистер тобына беріледі.

Материалистер. 1-оқушы. Сәлеметсіздер ме, құрметті қауім, қарсылас топ. Біздің топтың аты –Материалистер. Біз Дарвиннің эволюциялық ілімін жақтаймыз. Біздің ойымызша, адам маймылдардан пайда болды деген тұжырымды ұстанамыз. Олай болса, критерийіміз бен аргументімізді айта отырып, дәлелдерімізді келтірейік.

2-оқушы. Адамның шыққан тегі жөніндегі мәселе ерте кездерден-ақ жұрттың назарын аударып келді. Ол туралы көптеген болжам, ой-пікірлер айтылды. Солардың ішінде мына ғалымдарды атап айтқым келеді.

Карл Линней 1735 ж. «Табиғат жүйесі» деген еңбегінде адамды сүтқоректілер класының приматтар отрядына, төменгі және жоғарғы сатыдағы маймылдармен бір топқа жатқызды. Бұл ғылыми тұрғыдан әрі дұрыс, әрі орынды жүйе болатын.

Жан Батист Ламарк алғаш рет адамның ағашқа өрмелеп тіршілік ететін маймылдардан емес, керісінше жерде жүруге бейімделген маймыл тәрізді ататектен шығып, маймылдар мен адам арасында өтпелі аралық форма болуы мүмкін деген батыл болжам айтты.

Чарлз Дарвин 1871 ж. «Адамның шығу тегі және жыныстық сұрыпталу» деген еңбегінде адамның тіршіліктің тарихи даму тізбегінде ең соңғы, әрі жоғарғы сатыдағы буын екенін және адам тәрізді маймылдармен арғы ата тегінің бір тармақтан таралғанын мойындады.

Фридрих Энгельс 1896 ж. «Маймылдың адамға айналу барысындағы еңбектің рөлі» атты еңбегінде ғылыми тұрғыдан дәлелдеп берді. Ол «адамды адам еткен еңбек» деген қорытынды жасады.

3-оқушы. Адамзаттың пайда болу жолдарын сызбанұсқа бойынша түсіндіріп берейін. Қазіргі кездегі жіктеу бойынша сүтқоректілер класының 4500-ден астам түрі 18 отрядқа топтастырылған. Соның бірі маймылдар отряды. Бұл отрядқа 223-ке жуық түрлер жатады.

Приматтар/маймылдар/ отряды.

 

 

 

 

 

 

 


2-тұқымдас тармағы

 

1-тұқымдас тармағы

 
                                                                                                  

австралопитектер

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Адамтектес маймылдар мен ежелгі адамдардың арғы тектерінің туыстық жақындығын сызбанұсқа түрінде былай  беруге болады.

Өте ертедегі адамдар

 
 

 

 

 

 

 

 


Ең ежелгі адамдар мен адамтектес маймылдардың  жалпы бір арғы тегін парапитектер деп атаймыз. Парапитектердің кейбір түрлері ағаш басында, ал кей түрлері жерде тіршілік  етуге бейімделген. Ежелгі адамдардың арғы тегі – ағаш басында тіршілік еткен дриопитектер деп есептелінеді.

4-оқушы.Адамның жануарлардан шыққандығының дәлелдемелері.

1.     Анатомиялық. Құлақ қалқанының болуы, ортаңғы құлақта 3 дыбыс сүйектерінің болуы, көкет, сүт бездерінің , тістерінің жіктелуі, рудимент, атавизм мүшелерінің болуы.

2.     Эмбриологиялық. Адамның дамуы жатыр ішінде ұрықтанған жұмыртқадан басталуы, алғашқы кезеңіндегі желбезек саңылауының болуы, миының балыққа ұқсауы, клоакасының болуы.

3.     Физиологиялық. Адам тәрізді маймылдар жоғары дәрежелі жүйке қызметі жақсы дамыған. Маймылдарда адамға ұқсас қуану, ызалану, қайғыру, ұрпағына мейірімділік көрсетіп, қамқорлық жасау, немесе жазалау сезімдері болады.

4.     Палеонтологиялық. Қазбадан табылған  тұқымды шаңжапырақ, археоптерикс, австралопитектердің табылуы мысал бола алады.

5.     Генетикалық. Қан құрамының ұқсастығы 4 топтан тұруы, оларда кездесетін ауру түрлерінің де /тұмау, сүзек, шешек, тырысқақ, іш сүзегі/ ортақтығы. Сондай-ақ хромосомаларының ДНҚ молекулалары мен гендердің жиынтығы да ұқсас.

Идеалистер. 1-оқушы. Сәлеметсіздер ме, құрметті қауым, қарсылас топ және жанкүйерлер. Сіздерді өз тобыммен таныстырып өтейін. Біздің топтың аты- Идеалистер. Біз, Сіздердің пікірлеріңізбен келісе алмаймыз. Адам –приматтардан пайда болған жоқ. Адам – тіршілік өмірді жаратушы биік Құдірет, Алла тағаланың мүлтіксіз сыйы. Демек, біздің критерийіміз –адамның арғы тегі топырақтан жаралған. Адам ата мен Хауа анадан тарағанын біз дәлелдеп береміз.

2-оқушы. Негізінде Дарвинизм нақтылы дәлелдеген ғылыми жетістік емес, тек қана теориялық болжам, яғни осылай болуы мүмкін деген ой-пікір. Сіздердің Дарвинизм теориясынан бастау алған «Адам маймылдан пайда болды» деген пікірлеріңіз бір ғасырдан астам уақыт өтсе де, ғылыми түрде дәлелденіп, нақтылық тұғырына жете алмады. Олай болса, бұл пікір тек қана болжам ғана.

Дарвин теориясына жүгінсек:

1.     Жан-жануар, өсімдік әлемі және жалпы жан иелері бір-бірінен пайда болды. Барлық жан иелерінің түпкі тегі біреу. Жан-жануарлар мен өсімдіктер уақыт өте келе бүгінгі пішіндері мен түрлеріне айналған. Бастауы млн. жылдарға барып тірелетін жан иелерінің қазіргі түрлері –мақсатсыз, мағынасыз кездейсоқтың әсерінен кішкентай бір жан иесінен сатылай-сатылай дамып пайда болған.

2.     Жануарлар мен өсімдіктер өмір сүріп, тіршілік бетінде қалу үшін өте үлкен күш жұмсап, күрес жүргізіліп, бір-бірімен шайқасуда.Өмір үшін жүргізілген бұл күресте ең күштілері тірі қалып, ал әлсіздерінің тұқымы құрып, жан иелерінің қатарынан шығады. Тірі қалғандарының ұрпақтары көбейіп, уақыт озған сайын бір түрден екінші түрге ауысып, өзгеруде. Бұл өзгерістер жаңа ұрпақтарға да өтуде.

3.     –Дарвинизмшілдер айтыңыздаршы, жоғарыда мен келтірген бірінші ұстанымда айтылғандай, жануарлар мен өсімдіктердің  шығу тегі бір болуы мүмкін бе?

3-оқушы. Сіздердің пікірлеріңіз бойынша қазіргі жан иелерінің бәрі жалғыз клетканың дамуы арқасында сатылай-сатылай пайда болған.

-         Ал, енді барлық жан иелерінің бастауы болған кішкентай клетка қалай пайда болды? Ілімсіз, күш-қуатсыз, санасыз кездейсоқтықтың нтижесінен мұндай тамаша, керемет, жүйемен безендірілген жанды клетканың, яғни мың бір түрлі қабілет, сезімдер мен ақыл иесі адамның пайда болуы  мүлде мүмкін емес.

4-оқушы. «Адам атаның қалай жаратылғаны туралы» Осы айтылғандардың Құран-Кәрімде келтірілген сүрелерін атай отырып, демек ғалымға енсе, Құранда айтылса, бұдан артық қандай дәлел керек!

5-оқушы. Құрметті қауым, қазір ғылымдардың барлығы Құранның ақиқат екенін мойындаған, Мен сіздерге бір мысал келтірейін. Мысалы, айға сапар.

1969 ж.20 шілдеде адам алғаш рет Айға аяқ басты. Алғашқылар болып «Аполлон-11» сындағы астронавтар тобы Олдринг, Коллинс, Армстронг –Айға ұшты. Айды зерттеу барысында олар түсініксізқұбылысқа куә болады. Осы кездегі барлық әңгімелер таспаға жазылған.  Олардың айтуы бойынша жер бетінен ашық тұрған  кітапқа ұқсас затты көреді. Келесі күні әнге ұқсас «Ашхаду ала иллаһа иллалаһ» /Алладан басқа құдай жоқ/ деген әуен естіледі. Кейін 1983 ж. ақпан айында 14 жылдан соң Армстронг Египетке конференцияға қатысуға келеді. Бұл оның тек Египетке ғана емес, Ислам әлеміне бірінші келуі еді. Осы конференциядла Айда естіген әуенін естіп, бұл қандай музыка деп сұрайды. Оған Египеттіктер күліп, бұл музыка емес Азан деп жауап береді. Сонда Армстронг «О, жаратушы Алла, мен сені жерден емес, Айдан таптым. Айға аяқты сыйынбай бастым, бұдан былай сыйынатын боламын. Енді мені Мұсылман деп санауларыңызға болады» дейді.Мысал 2. Адам неден жаратылған.

Канаданың атақты гинекологы Кейс Мор жатыр ішіндегі ұрықтың дамуын зерттеген. Гинекология аумағындағы зерттеулер мен тәжірибелер б.э. дейінгі ҮІ ғ. басталған.Олар балапан эмбрионын тексеріп, бірақ белгілі бір нәтижеге жете алмаған. Тек ХҮІІ ғ. микроскоптың пайда болуымен адам ұрығының жатырдағы даму сатылары анықтала бастады. Медицина тәжірибесінде 1940 ж. ғана анықталған  адам ұрығының өсіп, жетілуі теорияны ҮІІ ғ. өзінде алға тартқан Құран сүрелеріне таңданбасқа шара жоқ.

Міне, бұл керемет емес пе, ғылымда енді ашылған жаңалық күні мен сағатына дейін 1400 жыл бұрын жазылып қойылған.

Құрметті Қауым, қарсылас топ Сіздерге көңіл қойып тыңдағандарыңызға алғысымды білдіремін. Сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын.

Мұғалім. Сұрақ-жауап кезеңі. Екі топ бір-бірлеріңізге сұрақ қоюларыңызға болады. Бірінші сұрақты даттаушылар қояды.

1.     Қазіргі маймылдардан неге адам пайда болмайды?

2.     Қазіргі кезде кей жағдайда түкті, құйрықты, емшекті балалардың туылуын немен түсіндіресіздер?

3.     Барлық жан иелерінің бастауы болған кішкентай клетканың өзі қалай пайда болды?

Қорытындылау. Сонымен балалар, адамның шығу тегі туралы өз пікірлеріңізді ұтымды, өте тамаша дәлелдеп бердіңіздер. Сабақтың мақсаты жеңу емес, қатысу.

Бірақ, мен адамның шығу тегі нақты маймылдан немесе топырақтан деп айта алмаймын, себебі бүгінгі біз көтеріп отырған мәселе әлі де болса, зерттеулерді қажет ететін өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан бұл сұрақтың жауабын уақыт еншісіне берсек.

М.Мақатаевтың «Адам қалай жаралған?» өлеңімен үй тапсырмасын қорытындылайық.

Мен адамнан жаралдым,

Ниетім жоқ айнуға.

Баласымын Адамның

Ұқсағым жоқ маймылға

Кісі емеспін АДАММЫН!-демекші адамзат деген ұлы сөз, құрметті есім. Сондықтан адам деген атқа лайық болайық.

III.Жаңа сабақ: Кіріспе: Адам болып жаралғаннан кейін кез келген адам өзінің шығу тегін, шежіресін білу керек.

Ой қозғау: Ата-аналарыңнан қандай тұқым қуалайтын белгілерді алып шықтыңдар?

Оқушылардың жауаптарын талдай отырып, генетика жайлы мәліметтер беріп өту.

Слайд бойынша:Генетика-тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін ғылым.

 Тұқымқуалаушылық-ата аналардың өз белгілері мен қасиеттерін және даму ерекшелігін келесі ұрпаққа беру қабілеті. Өзгергіштік-организмнің жеке даму процесіне гендер көрінісінің өзгеруіне байланысты болады.

1.     Тәжірибелер және олардың нәтижелерінің барысын жазу үшін генетикалық таңбалау пайдаланылады.Егер олардың шағылысу жазбаларын талқылап, меңгергілерің келсе, төменде берілгендерді есте ұстаңдар:Р-ата-ене дарақтыры (Латынша «(parento»(ата-ене)сөзінің бірінші әрпі .)

    – еркек дарағы (әкесі) Марстың астрономиялық белгісі.                                                                                                            

    -әйел дарағы (шешесі). Шолпанның астрономиялық белгісі .                                                                               

            Х- дарақтар арасында шағылысты белгілейтін  белгі.                                                   

F – шағылыс үдерісінің нәтижесі, яғни ұрпақтар. (латыншы filii-балалар) сөзінің бірінші әріпі:

F1 – балалар;  F2 - немерелер; F3-шөберелер, тағы сол тәрізділері

А- басымдылық белгі немесе ген.

а – басымдылық белгі немесе ген.

2.      «Терінді өзгерте алсаң да,тегінді өзгерте алмассың» «Жұртыңды ауыстыра алсаң да,ұлтыңды өзгерте алмассын »  «Салтыңды ауыстыра алсаң да, халықты өзгерте алмассың» Оқушыны тақтаға шығарып,  күнделікті өмірмен байланыстырып ажырау заңын зерттей отырып өзінің түсінің белгісі қай атасынан берілгендігін тақтаны пайдалана көрсетеді.

ІҮ. Слайдтар бойынша жаңа сабақты қорытындылау.

V. Сабақты бекіту:

Слайдта сұрақтарға жауап беру және қан топтарына есептер шығару арқылы жаңа сабақты бекіту.

VI. Үйге тапсырма: тапсырманың орындалуына нұсқау беріледі. §38 оқу 184 бет, терминдермен жұмыс.

«Будандар» -                Генотип –              Аллель –                       Фенотип –

«Таза тармақ» -        Гетерозигота –          Гомозигота –                Хромосома –

VII. Бейнет түбі зейнет. Жаңа сабақ және үй тапсырмасы бойынша оқушылар білімін бағалау. Қойылған бағаларға анализ жасау

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Разработка по биологии на тему "Генетика""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Консультант по трудоустройству

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 617 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.12.2015 707
    • DOCX 31 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Исинова Мейрамгуль Ойраткановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9370
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Биология и химия: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель биологии и химии

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 324 человека из 68 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 138 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Биология")

Учитель биологии

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Химия и биология")

Учитель химии и биологии

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Мини-курс

Дизайн-проектирование: теоретические и творческие аспекты дизайна

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективные коммуникационные стратегии в образовательной среде: от управления до мотиваци

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусство: от истории к глобализации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

Информационная интоксикация: методы исцеления

Перейти к трансляции