Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Биология / Конспекты / Разработка по биологии на тему "Гүл-адам өмірінің сәні"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Биология

Разработка по биологии на тему "Гүл-адам өмірінің сәні"

библиотека
материалов

Баяндама: «Гүл сыры»

Гүл өсіру біздің дәуірімізден 3000 жыл бұрын белгілі болған. Әсіресе аты өте ерте заманнан белгілі болған гүлдерге –лотос, раушангүл, інжугүл, қызғалдақ, фикус, құрма ағашы, лалагүл, сирень, гиацинт, жауқазын, қоғажай жатады. Түркі елдер гүлдердің белгілі түрін құрмет тұтып, қастерлеп келген. Египет пен Сирияда тек сәндік үшін ғана өсірмей, тамыры мен сабағынан түрлі тағамдар жасалғандықтан лотос гүлін көбірек өсіріп, құрмет тұтса, Иранда раушангүл, сирень, лалагүл, қоғажай, гүлдерін өте көп өсіріп, ерекше қамқорлық жасайды. Ал Қытайда хризонтеманы, Грецияда пионды, раушангүлді, қалампырды, гиацинтті өсірді.

І Петр гүлдерге үлкен мән берген. Ол 1703 жылдан бастап Мәскеу мен оның аймақтарында гүлді көбірек өсіруді талап еткен. Алайда гүлдерді қорғау, оларды ғылыми негізде өсіру жұмыстары Кеңес үкіметі орнағаннан кейін ғана дұрыс жолға қойылды. Қазір біздің Отанымыздың түкпір-түкпірінде гүлдердің бірнеше жаңа түрлері шығарылып, қалалар мен селолар гүлге бөленуде.

Өсімдіктердің түрлері негізінен ботаника бақтарында өсіріліп,олардың жаңа іріктемелері де сонда шығарылады. Ботаника бақтары қазір ірі қалалардың бәрінде де бар. Гүлдер сәндік үшін өсіріледі, сонымен қатар оларды дәрі-дәрмек үшін де пайдаланды. Бал аралары әр түрлі өсімдіктердің гүлдеріне неғұрлым көп қонса, соғұрлым шипалы болады. Гүлді өсімдіктер табиғат зерттеушілерге үлкен көмек көрсетеді. Уран кендері бар топырақта өскен ақ таспаның гүлі ашық сары түсті, никель кені бар жерде өскен ақ желайдардың гүлі ашық көк түсті желайдардың гүлі ашық көк түсті болады, сондай-ақ гүлдерге қарап, уақытты да біледі.Итмұрынның гүлі таң атып келе жатқанда ашылса, бақ-бақтың гүлі күн шыққан соң барып ашылады. Тұңғиықтың гүлі күн шыққан соң барып ашылады. Тұңғиықтың гүлі күн шыққан соң ашылып, күндізгі сағат үшке таман –түс ауа гүлдердің көбі жабылады. Керісінше «Түн аруы» - темекі гүлдері күндіз жабылып, түнде ашылады, өйткені олар түн жәндіктерімен тозаңданады. Гүлдерге қарап ауа-райын да білуге болады. Дала шырмауығы жауын болар алдында дереу жабылып қалады да, ал сары акация мен үшқат өсімдіктерінің шірнесі жауын жауар алдында көбейе түседі, сөйтіп араларды еріксіз өзіне шақырып, тозаңданып та үлгереді. Ауа райын осылай алдын ала болжайтын гүлдерді «Барометр гүлдер» деп атайды. Гүлдердің қолданылмайтын жері жоқ. Мысалы: парфюмерия, кондитер өнеркәсібінде, бояу, дәрі-дәрмек алуға қолданылады.

Басқарушы:

Бүгін біздер думан кешті қарсы алып,

Табиғаттың сырын білдік қаншалық,

Гүлдей жайнап жайраңдаған жүзіміз,

Енді біздер би билейік, ән салып.


6-сынып қыздарының орындауында би.


Басқарушы:

Табиғаттың ажары, көркемі бір

Шежіресі секілді ертегі жыр.

Ал, тыңдаңдар гүлдерге сөз береміз,

Өзі жайлы өздері шертеді сыр.


Бақбақ:

Ішетін кофе елдегі Тамырымды дәрі баладым,

Белгілі шеттен келгені. Шипа боп дертке қонамын,

Білді ғой сонан соң барлық жұрт Ертеден таныс баршаға

Жасырын сырды мендегі. Бақбақ гүлі боламын


Бәйшешек:

Мен болам қырларыңда текеметің.

Көктемге алғаш көрік әперетін.

Бәйшешекпін, көктесем қар астында,

Қыс ызғарын қаймықпай көтеретін.


Лалагүл:

Персияда қастерлеумен майымды

Астанаға менің атым қойылды.

«Құдайдың өзі сүттен жаратты»-деп,

Грек халқы мені әркез таратты көп.

Ертегісі боп жүрген жер-ғаламның

Сұңғақ бойлы лалагүл-мен боламын.

Сарғалдақ:

Көктемнің шатты жырымен, Жайқалған дала бөктерде

Жайма-шуақ күнімен, Текеметтің түріндей,

Бұлбұл құстың тамылжып Көз байлантар өткенге.

Бақшада салған үнімен, Мекенім болған орман, бақ

Табиғатты құлпыртып Гүлмін мен, атым сарғалдақ.


Інжугүл:

Көктемнің алғаш гүлінің,

Іжугүл атты бірімін.

Адалдықтың достықтың

Куәсімін, жырымын.

Еңлікгүл:

Басын мәңгі мұз басып, Белгісі болып ерліктің,

Көк аспанмен тілдескен, Белгісі болып өрліктің,

Таулар сырын таңдасып Еңлікгүлі атанып

Асқарға мендей гүл өскен. Шың басына мен шықтым.



5-6 сынып қыздарының орындауында би.


Басқарушы:

Алыс елден келіпті,

Достарға сәлем бергелі,

Өзі сондай көрікті,

Айтсын сол гүл көргенін


Бөлме өсімдіктері:

Традесканция: Мен тропикалық Америкадан келдім. ХҮІІ ғасырда өміс сүрген ботаник Д.Традесканттың фамилиясы – менің атым. Өзім өте нәзік болсам да, бөлмеде күй талғамай өсе беремін. Оқушылар менің жапырағымдағы хлорофилл дәндерімді қарайды, Виргинск деген туысым космосқа да ұшып қайтты. Туып өскен жерім сазды орман болғандықтан, суды іше бергім келеді. Кейде менің күтушім бұл қасиеттерімді ұмытып кетеді де, талай рет қурап қала жаздадым. Сондықтан достарым, естеріңе мынаны салып кеткім келеді: мені өсіру үшін, шымды топырақ пен қарашірікті теңдей мөлшерде және жарты бөлігін құм етіп алыңдар. Көбейту керек болса, сабағымның кез келген жерінен үзіп алыңдар да, 2-3 см. тереңдікке отырғызып, температурасы 18-200С бөлмеге қойсаңдар болғаны өсе беремін.

Бегония: африка мен Американың тропикалық ормандарында өсетін көп жылдық өсімдікпін. ХҮІІ ғасырда өмір сүрген ботаник М. Бегонның құрметіне мені бегония деп атады. Мені көрген адам бірден таниды, себебі басқа өсімдіктерге қарағанда жапырақ алақаным тең бүйірлі болып келеді.

Герань-пеларгония: Мен Оңтүстік Африканың субтропикалық зонасынан келдім. Ғылыми атым – Пеларгония, себебі аналығымның мойны тырнаның тұмсығына ұқсас ұзын, сондықтан атымды «pelargos» -гректің тырна деген сөзінен қойыпты. 200-ден астам түрлерім бар, эфир майын көп бөліп шығаратындықтан, хош иістімін. Мені иіссу, конфет жасау, темекі өнеркәсібінде қолданады. Жарықта жапырақтарыма органикалық заттардың түзілу процесі айқын көрінеді. Соған байланысты тәжірибе жасау үшін пайдаланады. Құрамында шымды топырақ, құм және қарашірік болған ортада өте жақсы өсемін.

Басқарушы: Балалар, бөлме өсімдіктері жайлы да біраз мағлұмат алдық. Енді біраз сергіп викториналық сұрақтар шешейік. Өте белсенді қатысқан оқушыларға беретін кішкентай сыйлықтарымыз да бар.

  1. Пиязшығы бар гүлді өсімдіктерді ата./Жауқазын, лалагүл, нарцисс/

  2. Дүниедегі алып гүл, салмағы қанша? /Раффлезия Арнольда, салмағы 10 кг./

  3. Бөлмеде шырынды өсімдіктердің қандай түрі өседі? /кактус, алоэ, агава/

  4. Суықтан да, биіктен де қорықпай, таудың ұшар басында өсетін қай өсімдік? /еңлікгүл/

  5. Жауын жауар алдында барометр гүлдер неге жабылып қалады?/Гүл күлтесі ашық тұрса, оның ішіндегі тозаңдары жаңбыр суымен жуылып кетеді, не болмаса тіршілігін жояды./


Басқарушы:

Гүлдер сыры - көп жұмбақ,

Шешуін кім табады?

Кімдер шешсе тез ойлап

Сыйлықты тек сол алады


Жұмбақтар

  1. Алуан түсті жайқалып тұр далада,

Басты азық бал жинайтын араға.

Тарту етсек мерекелі күндерде

Сый болмайды одан артық анаға./гүл/

  1. Жемісін әркез тұздаған,

Сондықтан дәмін бұзбаған.

Ерте піскен жемісті,

Аршып жесең келісті.

Ексең шығар далаңа,

Айтпасқа атын бола ма? /қияр/


  1. Бір орынға топтасқан майда гүлдер

Жиды екен бір орынға оны кімдер?

Алыстан көрінеді бірден көзге,

Бояуы сан алуан ұсақ бүрлер./гүлшоғыр/


  1. Тамыры жерге көмілген,

Жапырағы желек төгілген,

Бағыма жылда егілген,

Палауға қосып жедің бе?

Атын оның дедің не? /сәбіз/


  1. Жайқалып тұр саяжай мен далада,

Ұнатады бұл гүлді үлкен-кіші бала да.

Атауында қыздың аты тағы бар,

Ойлан –дағы гүлдің атын тауып ал! /қызғалдақ/

  1. Қып -қызыл гүл кең далада жайқалған,

Бұл көрініс көктем сайын байқалған.

Атауында түсі де бар бояудың,

Жауабыңды ойланып ап қайтарғын. /көкнәр/


  1. Майға толы құрамы Күнге мойнын бұрады

Мыңдай дәннен тұрады. Бізден биік сабағы,

Сары гүлі желбіреп, Атын кімдер табады?

/күнбағыс/


  1. Жап-жасыл бояу боянып, Жүздеген тонға оранып,

Күнмен бірге оянып, Жапырақ өскен аямай,

Қыздырынып жатқаны, Атын қойма табалмай!?

/орамжапырақ/


Дала көркі сан алуан гүлімен,

Құстың көркі сайрайтұғын үнімен.

Табиғаттың тарылтпайтын тынысын,

Жердің көркі жарық сәуле Күнімен.


Гүлді көрсек жадырайды жанымыз,

Гүлдерменен салтанатты сәніміз.

Қызыл, сары, көк гүлдер бар сан алуан,

Сол гүлдерге арналады әніміз



7-сынып оқушыларының орындауында ән «Қызыл гүлім»



Табиғаттың арайлансын ажары,

Болмаса екен тартар оның азабы.

Табиғатқа тазалықты тарту ет,

Тарқамасын аң мен құстың базары


Автор
Дата добавления 16.12.2015
Раздел Биология
Подраздел Конспекты
Просмотров430
Номер материала ДВ-262411
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх