Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Другие методич. материалы / Разработка по биологии на тему "Ішкі секреция бездері"9-класс

Разработка по биологии на тему "Ішкі секреция бездері"9-класс


  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:



Ішкі секреция бездері (8 - сынып)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ішкі секреция бездерінің түрлері, ағзада орналасуы, негізгі атқаратын қызметтерімен таныстыру.
Қызметінің бұзылу себептерін талдау.
Дамытушылық: талдау, салыстыру, қорытынды шығара білу қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: гигиеналық, эстетикалық тәрбие беру. Салауатты өмір салтын насихаттау.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: кестелер, суреттер, электронды оқулық
Сабақтың барысы:
1. Мұғалімнің сөзі
2. Тірек - сызбамен жұмыс
3. Электронды оқулықпен жұмыс
4. Бекіту

Эндокринді бездер деп сөлін жасуша арқылы лимфа мен қантамырларына шығаратын бездерді айтады. Мида эпифиз, гипофиз, гипоталамус ядролары, мойында және кеуде қуысында қалқанша, қалқанша маңы және айырша бездер, іш қуысында ұйқы және бүйрек үсті бездері, жамбас қуысында жыныс бездері орналасқан. Гормон көп бөлінетін болса – гиперфункция, аз бөлінетін болса - гипофункция. Бездер гуморальдық жолмен реттеледі.

Эпифиздің салмағы 0, 2 - 0, 4г. Ми сауытында, орталық мида, екі жоғары төмпешіктердің үстінде орналасқан. Бездің жасушасы гонадотропин гормонына қарсы гормон жасап шығарады. Бұл гормон гипофиздің жыныс гормонын бала жыныстық кәмелетке жеткенге дейін тоқтатып тұрады. Сонымен бірге зат алмасудың барлық түріне әсер етеді.

Гипофиздің салмағы – 0, 5 - 0, 6 г, ені 10 - 17 мм, ұзындығы 5 - 10 мм. Самотроп гормоны жетіспегенде гипофизарлық нанизм ауруы пайда болады. Бұл ауруда баланың бойы өспейді, бірақ ақыл есі дұрыс болады. Тиреотроп гормоны қалқанша бездің гормонын реттейді. Гонадотроп гормоны жыныс бездеріне әсер етіп, жыныстық жетілуіне, аналық бездердің фолликулаларына, жұмыртқа жасушасының жетілуіне, сүт бездерінде сүттің пайда болуына, еркектерде сперматогенездің жетілуіне әсер етеді.

Артқы бөлігі вазопрессин, окситоцин деген гормон бөледі. Вазопрессин қан тамырларын тарылтады, бүйректің түтікшелерінде судың қайта денеге соруын реттейді. Вазопрессин гормоны көп болса зәрдің тәуліктік мөлшері кемиді. Окситоцин жатырдың бұлшық етінің жиырылуына, сүттің пайда болуына әсер етеді. Артқы бөлігі меланотропин гормонын бөледі. Екіқабат кезінде осы гормонның көбеюінен бетте дақтар пайда болады.

Қалқанша бездің салмағы ересек адамда 30 - 50г. Мойынның алдыңғы жағында, көмекейдің қалқанша шеміршегі мен кеңірдектің 2 - 4 сақинасының алдында орналасқан. Қалқанша бездің гиперфункциясында тиреотоксиоз немесе «базедов ауруы» пайда болады. Мұнда зат алмасу күшейеді, тамақты көп жесе де азаяды, көзі шарасынан шығады, тез ашуланып, тез жылайды, тахикардия пайда болады. Гипофункциясында микседема ауруы пайда болады. Мұнда зат алмасу төмендейді, ісік пайда болады, дене қызуы төмендейді. Есте сақтауы әлсіреп, қан қысымы кемиді, шашы түседі, даусы өзгереді. Қалқанша бездің гипофункциясы 3 - 4 жастағы балада кездесетін болса кретинизм пайда болады.

Қалқанша маңы бездерінің салмағы 0, 1 - 0, 5г. Паратгормон денедегі кальций және фосфор тұздарының алмасуын реттейді. Олардың қандағы және сүйек ұлпасындағы тұрақты мөлшерін сақтайды. Олардың артық мөлшерінің денеден шығуына әсер етеді. Гипофункциясында кальций сүйектен шығады, оның зәрдегі мөлшері артады. Сондықтан бүйректе, қантамырларында және басқа мүшелерде тастың жиналуына себепші болады, бұл жағдайда сүйек сынғыш келеді. Жүйке, бұлшықеттердің қозғыштығы кемиді, қандағы кальцийдің мөлшері азаяды, тырысу пайда болады.
Айырша бездің салмағы мен көлемі жасқа байланысты өзгереді. 25 жасқа келгенде без ұлпасының көлемі кішірейіп, оның орнын май ұлпасы басады. Без дәнекер ұлпалы қабықпен қапталған, тармақтар тарап безді екі бөлікке бөледі. Әрбір бөлік Т - лимфоциттер мен тор іспетті өсінділері бар кілегей ұлпасынан тұрады. Бұл без иммунитеттің орталығы және қан жасап шығарушы мүше. Гормоны тимозин қан жасап шығаруға, көмірсу, кальций, фосфор алмасуына, дененің өсуіне әсерін тигізеді.

Ұйқы безінің ішкі секрециялық паренхимасында, көбі ұшында а және в жасушаларында орналасқан, а жасушалары глюкагонды, в жасушалары инсулинді синтездейді. Екі жасуша көмір алмасуына әсер етеді. Егер в жасушалар инсулинді жеткіліксіз бөлмесе, онда гликоген глюкозаға айналып, қандағы глюкозаның мөлшері көбейеді. Дені сау адамның қанында глюкоза мөлшері 4, 44 - 6, 60 моль/л немесе 80 - 120 г. Егер инсулин көп бөлінетін болса, онда қандағы глюкоза бауырда, бұлшық еттерде глюкоген қоры болып жиналады.

Секреция бездері
Гипофиз ----------------- Экзокринді
Эпифиз ------------------ Тері бездері
Ұйқы безі --------------- Май бездері
Бүйрек үсті безі ------- Жас бездер
Айырша без ------------ Сілекей бездер
Қалқанша без ---------- Бауыр
Қалқанша маңы безі -- Қарын
Жыныс безі ------------- Ішек бездер




Автор
Дата добавления 05.02.2016
Раздел Биология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров92
Номер материала ДВ-419216
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх