Инфоурок Химия Другие методич. материалыРазработка по химии на тему "Химия елине саяхат"

Разработка по химии на тему "Химия елине саяхат"

Скачать материал


Химия еліне саяхат (химиялық кеш). Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, №19 жалпы орта білім беретін мектептің химия пәнінің мұғалімі Жуматаева Нуртай Тлеубековна

Химия еліне саяхат 
(химиялық кеш) 
Жуматаева Нуртай Тлеубековна 
ММ№19 жалпы орта білім беретін мектептің химия пәнінің мұғалімі.

Оқушылардың химияға қызығушылықтарын арттырудың бір жолы дәстүрлі емес сабақтар өткізу. Олардың бірі ретінде химияны оқытуда 9 сыныптар арасында өкізген «Химия еліне саяхат» атты химиялық кештің әдісін пайдалануды ұсынамын. 
Мақсаты: 
1. Химия пәнін өмірмен байланыстыра отырып, маңызына ғылыми тұрғыдан түсінік беріп, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру. 
2. Алған білімдерін дамыту, тұрмыста, еңбекте, өмірде қолдану. 
3. Оқушыларды адамгершілікке, эстетика мен этикаға, шеберлікке, сөз сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу. 
Кештің жоспары: 
1. «Сәлем сөздің анасы!» әр топтың атын қорғауы, ұраны. 
2. «Білімді мыңды жығар» әр топқа сұрақтар қойылады 
3. «Химия ғажайыптар әлемі» тәжірибе көрсетіп, оны түсіндіруі қажет 
4. «Тізбектен шығып қалма» ойын 
5. Топ басшылар сайысы 
6. Қорытынды. 
Бастаушы:Біз қазір химия ғасырындамыз. Кәдімгі қасықтан бастап, ұшақ, жер серігіне дейін химия өнімдері. Егер химиктер жанармайды өңдеп бермесе, бірде-бір ұшақ көкке көтеріліп, бірде бір кеме суда жүзе алмаған болар еді. Адам тамақсыз, киімсіз, қажетті бұйымдарынсыз өмір сүре алмайды. Мінеки, солардың бәрін жасауға химия қатысады. Сондықтан да «Қайда қарасақ та қайда көз жіберсек те көретініміз химия ғажайыптары» деп өте орынды айтылған. 
Көруге химия кешін жиылғандар, 
Менделеевке құдайындай сыйынғандар. 
Қош келдіңіздер бүгінгідей ғажайыпты 
Тамашалау бақыты бұйрғандар. 
Әр топқа әділ бағасын беретін әділқазыларды таныстыру. 
1. « Сәлем сөздің анасы» топтардың атын қорғауы, ұраны. 
Бастаушы: Адамнан ғылым айла асырмаған 
Құпиясын құлыптап жасырмаған 
Кел, бәріміз ғылымның тілін зерттеп 
Бір жұмбағын ашайық ашылмаған –дей келе келесі сайысымыз «Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар» деп аталады. Әр салаларда сұрақтар жасырылған топтардың таңдауы бойынша сұрақтар ұсынылады.

1-нұсқа Медицина 
2-нұсқа Биология 
3- нұсқа Химия 
4-нұсқа Ғалымдар тоғысында 
Медицина 
1. Дене қызуын төмендететін кең таралған дәрі (Аспирин) 
2. Жүйкені жайландыратын дәрі-дәрмек құрамына кіретін элемент(бром) 
3. Сүйеті қаптайтын элемент (кальций) 
4. Терінің қышыма ауруына қарсы май жасалатын химиялық зат(күкірт) 
5. 5% спирттік ерітіндісі қан тоқтатуға қолданылады(иод) 
6. Адам бойының өсуіне әсер ететін элемент(мырыш) 
7. Медицинада емдеу мақсатында қолданылатын сәулелік ванна(радон) 
8. Пластикалық хирургияда сынған сүйектерді бекітуге және адам бассүйегіндегі саңылауларды жабуға қолданылатын элементтер(титан, тантал) 
Биология 
1. Теңіз орамжапырағы- ламинарияның құрамына кіретін, адам үшін маңызды элемент (иод) 
2. Бұл заттың 0,9% ерітіндісі физиологиялық ерітінді деп аталады, адам ағзасы көп қан жоғалтқанда қан тамырына құйылады (натрий хлориді) 
3. Адам ағзасының 60-65% құрайтын сұйық зат (су) 
4. Темекі құрамына кіретін улы зат (никотин) 
5. Қант қызылшасы мен картоп түсіміне ерекше әсері бар тыңайтқыш элемент (калий) 
6. Қарын сөлінің құрамындағы қышқыл (Тұз қышқылы) 
7. Өсімдік жапырақтарына түс беретін элемент (магний) 
8. Гемоглобин молекуласының құрамына қай элемент кіреді (темір) 
Химия 
1.Металл атомы мен қышқыл қалдығынан тұратын заттар (тұздар) 
2. Бір химиялық элементтің бірнеше жай зат түрінде болу құбылысы (аллотропия) 
3. Химияның қаны деп аталатын қышқыл (күкірт қышқылы) 
4. Калий қандай металл (сілтілік) 
5. Ізбестасты қыздырғанда бөлінетін газ ( көмірқышқыл газы) 
6. Қандай көк қағазды лезде қызартуға болады (көк лакмус қағазын кез келген қышқылға батыру арқылы) 
7. Қалыпты жағдайда сұйық күйде болатын бейметалл (бром) 
8. Азот қышқылының тұздарын қалай атайды (нитраттар) 
Ғалымдар тоғысында: 
1. Универсалды тұрақты- идеал газдың 1 мольіндегі молекула санын ашқан итальяндық ғалым (А. Авогадро) 
2. Атом-молекулалық теория негізін салушы (М.В. Ломоносов) 
3. Электролиттік диссоциациялану теориясын ұсынған ғалым (С.Аррениус) 
4. Иондардың гидраттануы туралы ұғымды енгізген ғалым (И.А.Каблуков) 
5. Химиялық элементтердің периодтық жүйесін ұсынған ғалым (Д.И.Менделеев) 
6. Фотосинтез процесін ашқан ағылшын химигі (Д.Пристли) 
7. Атақты музыкант, композитор болған орыс химигі (А:П:Бородин) 
8. Зат құрамының тұрақтылық заңын ашқан француз химигі (Д.Пруст) 
Бастаушы: Ғажайып нәрсе химия, 
Тұңғиық сыры әр алуан. 
Жоғалып бір зат зым-зия 
Жаңалап бірі жаралған. 
Енді бір сәт химия ғылымының қыры мен сырын білсем деген құштарлығы артқандар үшін «Химия таңғажайыптарына» назар аударсақ. 
Топтардың тәжірибелерді көрсетіп, құпияларының сырын ашып түсіндіруі 
Бірінші экспериментатор 
Тиімді операция.Операция жасау үшін 50% родон қышқыл калий немесе родон қышқыл аммоний тұзының ерітіндісі, пышақ, мақта, бір стақан су болу керек. 
Операция жасалатын адамның қолы родон қышқыл калиймен әрлі-берлі сүртіледі, сонан соң хлорлы темір ерітіндісін алып білекті пышақтың сыртымен сызып кескілейді. Осы кезде қып-қызыл қан шыққан секілді болады: родон қышқыл темірдің түсі қызыл болады . 
3KCNS + FeCl3 = Fe(CNS)3 + 3KCl 
Екінші экспериментатор 
Отты ағыс. Сынауықтың 1/3 бөлігін парафинмен толтырамыз. Сынауықты темір ұстағышпен ұстап парафин қайнағанша қыздырады, қатты қайнаған парафинді 15-20 см биіктіктен сыздықтатып үлкен металл банкаға құяды. Парафин от ағынын түзе жарқылдайды. 
Түсіндірме: Парафиннің жануына оның ауамен жанасу бетінің үлкендігі әсер етеді. 
Үшінші экспериментатор 
Жалынды құйын. Шөлмекке аммиак ерітіндісінің құйып, шөлмектің қабырғасын ылғалдаймыз. Қалған ерітіндіні бөлек ыдысқа құйып алып, шөлмекті тығынмен жауып қоямыз. Арнайы қасыққа хром(III) оксидін салып, жанарғыда қыздырамыз. Қыздырылған хром(III) оксидін аммиак газы бар шөлмекке салғанда құйын сияқты айналып жүрген жарқылдар пайда болады. 
4NH3 + 5O2 = 4NO + 6H2O 
2NO + O2 = 2NO2 
Бастаушы: Сендер бізді іскерліктеріңмен тапқырлықтарыңмен тәжірибе көрсетіп таң қалдырдыңдар, енді тағы да сендердің химия ғылымын қаншалықты білетіндіктеріңді сынап көрсек, ол үшін әр топтан екі оқушыдан шығып «тізбектен шығып қалма» ойын сайысына қатысады. Ойынның шарты бойынша топтар қышқылдарды, тұздарды, негіздерді кезекпен жылдам айтулары керек. 
Бастаушы: Білмейтінін білем деп олжа қуар, 
Кейбіреудің әр заттан болжамы бар. 
Химияны болжаммен ұға алмайсың, 
Формуланың оң жағы, сол жағы бар,-дей келе топ капитандарының сайысына да кезек келген сияқты. 
Есеп: 
Массасы 33,3г кальций хлориді мен 16,4г натрий фосфаты әрекеттескенде түзілген тұнбаның массасын және зат мөлшерін есептеңдер.(15,5г,0,05моль) 
Бастаушы:Әділ қазылар қорытынды шығарғанша көрермендерді де сынап көрсек, бәлкім сендердің араларыңда да химиктер отырған шығар. 
Көрермендермен ойын: «Мен кіммін?» 
1. Бірінші бөлігім көп емес, екінші бөлігім тілсіз жау деген мағынада, химиялық қай элементпін? (Азот) 
2. Бірінші бөлігім «алда бол» деген бұйрық рай, екінші бөлігім сан есім, шипалы газ деп те есептейді. (Озон) 
3. Бірінші бөлігім тасқын су, екінші бөлігім мал құлағына салынатын белгі. (Селен) 
4. Бірінші бөлігім қабылда деген сөздің мағынасын береді, екінші буыным шараппен улану деген мағынада, ол қандай тұз? (Алмас) 
5. Бірінші буыны жалқы есімге қойылатын сұрақтан тұрады, екінші буыны сан есім, қай элемент? Неон) 
6. Жазылуым бойынша оқысаңыз элементпін, керісінше оқысаңыз- өткізгішпін. (Мыс-сым) 
Әділ қазылар алқасының ұйғарымы бойынша жеңімпаз топ анықталып, дипломдар тапсырылады. 
Мұндай пәнаралық байланыста өткізілетін танымдық білім жарыстары оқушылардың теориялық білімдерін практикамен ұштастырып, химияның күнделікті тұрмыстағы қолданыс өрісінен хабардар етді. Сайысқа дайындалу барысында оқушылар көптеген қызықты материалдар жинақтап, білім қорларын кеңейте түседі.

 

 

Сабақтың тақырыбы: Химиялық көңілді тапқырлар кеші 
Пән:Химия 
Сыныбы: 8-9-10 сыныптар 
Сабақтың мақсаты: 
а)білімділік: Жалпы химиядан алған білімдерін жинақтап, жүйелеп,өз бетімен еңбектенуге,іскерліктерін арттыруға дағдыландыру, одан әрі пәнге деген қызығушылықтарын арттыру 
ә)дамытушылық: сұрақ тапсырмаларын,сөзжұмбақ шешу,есептер шығару,тәжірибе көрсету арқылы ой-өрісін кеңінен дамыту. 
б)тәрбиелік: білімділік пен дамытушылықты байланыстыра отырып, жылдамдыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа, адамгершілікке,ізгілікке, үлкенді сыйлай білуге тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі: сайыс жарыс түрінде 
Сабақтың әдісі:әңгіме,пікір айту, 
Сабақтың пән аралық байланысы: биология,география,математика 
Сабақтың көрнекілігі:плакаттар,слайд шоу,басқатырғылар,қаламдар,жетондар 

Сабақтың барысы

1.Таныстыру үй тапсырмасын сұрау(слайд көрсетіп,топтарымен таныстырады) 
2.Ой жинақтау кезеңі (әр топқа 10 сұрақтан қойылады) 
3.Сөзжұмбақ шешу 
4.Тәжірибе көрсету 
5.Білім пирамидасын құру (түрлі есептерді шешу)

Жүргізуші: 
Сайысымызды бастамастан бұрын әділ қазылармен таныстырып шығайық. 
Көңілді тапқыштар білімділер 
Бар өнерін алдарыңа салады 
Кім білімді,көп оқыған болса егер 
Бүгінгі күні жеңімпазы болады

Әр топ басшысы өздерінің топтарымен таныстырады

Жүргізуші: 
Білім деген биік шың, 
Бақытқа сені жеткізер. 
Білім деген ақылшың, 
Қиындықтан жеткізер 
Жастықтың оты қайдасың. 
Жүректі түртіп қозғамай, 
Ғылымның біліп пайдасын. 
Дүниенің көркін болжамай, 
Әр топқа 10 сұрақтан қойылады дұрыс жауап берген сұраққа бір баллл қойылады.

1.Қандай элемент алдымен күнде,содан соң жерде ашылды.(гелий) 
2.Қандай элементтер қалыпты жағдайда сұйық күйде кездеседі(бром) 
3.Қандай элементтер материктердің атымен аталады.(европий,амерций) 
4.Ағашты отсыз қалай көмірлендіруге болады.(Н2SО4 концентрациясында) 
5.Суды қалай жандыруға болады.(сілтілік металдар арқылы натрий,калий) 
6.Планетамызда көп таралған элементтер (сутек,гелий) 
7.Сіріңкесіз қалай от жағуға болады.(ақ фосфор арқылы) 
8.Жұмыртқаның қабығын қалай сындырмай аршуға болады.(сұйытылған қышқылға салып) 
9.Әрі химик,әрі музыкант ғалым (А.П.Бородин) 
10.Алып элемент (титан)

1.Ресей елінде алғаш химия зертханасын ашқан кім (М.В.Ломоносов) 
2.Қандай жыланда сынап көп (Фараон жыланында сынап (ІІ) роданиді) 
3.Футбол терминінде кездесетін элемент (гольми) 
4.Табиғи талшықты зат (асбест) 
5.Мыстың табиғи қосылысы (малахит) 
6.Сүт қанты (лактоза) 
7.Темекінің құрамындағы алкалоид (никотин) 
8.Адамзат баласы қандай элементті алғаш өндірді (мыс) 
9.Топырақты құнарландыратын элемент (азот) 
10.Үш түрлі күйде кездесетін зат (су)

1.Қандай метал болашақтың металы деп аталады (алюминий) 
2.Лимон қышқылын қайдан алады (қанттан не мелясиден) 
3.Сутек қай затта жақсы ериді (балқытылған темір,никель,палладийде) 
4.Қандай жай зат ең жоғары температурада балқиды (графит 3800 С) 
5.Қандай элемент жер қыртысының 75℅ құрайды (оттек 49℅,кремний 26℅) 
6.Ауа газдар қоспасы екенін алғаш айтқан ғалым (Л. Да Винчи) 
7.Адамға таза, дистилденген су ішуге пайдалы ма (жоқ) 
8.Фосфор элементі қашан ашылды, кім ашты (Гамбург химигі Г.Бранд,1699ж) 
9.Грек тілінде ай деген мағынаны білдіретін элемент (селен) 
10.Әлемдегі ең алғаш мұнай айдау зауыты қашан және қай жерде салынды (1745 ж,Ухта өзені бойында)

Жүргізуші: 
Біреуінің жүрегінің түгі бар 
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдағы жүгі бар 
Біреуінің күмбірлеген күйі бар 
Біреуінің қатты істейтін миы бар 
Кезекте сөзжұмбақтарды шешу 
Сөзжұмбақ сұрақтары мен жауаптары

1.Химияның арнайы бөлігін құрайтын элемент? (көміртек) 
2.Шпатта алғаш табылған элемент? (барий) 
3.Улы ұшқыш қосылыс? (Арсин) 
4.Қытай,Бирма,АҚШ-та көп кездесетін металл кен орны?
(Вольфрам) 
5.Скандинавия жарты аралындағы мемлекет? (Швеция) 
6.Мұхит суында кездесетін элемент? (марганец) 
7.Құймаларды қызуға төзімді ететін металл ? (молибден) 
8.Көбіне галлит,сильвинит,карналлит тұздары құрамында кездесетін элемент? (хлор) 
9.Майларды гидролиздеу нәтижесінде алынатын зат? (глицерин)

Көлденеңінен: 
3. Қазақ халқының алғашқы академиктерінің бірі,фосфор тұздары маманы? (Бектұров) 
5.Химиялық элеметтердің рентгендік спектрін зерттеген ағылшын ғалымы? (Мозли) 
6.Ең қаттты минерал? (Алмас) 
7.Ұшқыш компоненттерінен ректидикациялау арқылы тазаланған спирт ашымасы? (Барда) 
8.Фолигостон теориясының негізін қалаушы неміс ғалымы? (Шталь) 
11.Анестезия үшін қолданылатын препарат? (Новокаин) 
Тігінен: 
1.Металдар туралы зерттеген араб химигі ? (Турки) 
2.Органикалық қосылыс? (Спирт) 
3.Катализдік мультиплет теориясының негізін қалаушы орыс химигі? (Баландин) 
4.Орта ғасырдағы Еуропа химигі,сульма мен мышьякты алғаш зерттеген кім? (Валентин) 
9.Кремнеземнің табиғатта көп тараған түрі? (Кварц) 
10.Кальций сульфатының кристаллогидратының бір түрі? (Ғаныш)

1.Қазақтың химик-органигі,негізгі еңбегі өсімдіктер химиясы болып табылады? (Шомбалов) 
2.Түрлі заттарды ерітетін қоспа? (Еріткіш) 
3.Тұңғыш рет химия ғылымының докторы атағын алған қазақ химик-органигі? (Әзербаев) 
4.Тұз қышқылының аммоний тұзы? (Мүсәтір) 
5.Ерте кезде қазақ халхы қолданған металдардың бірі? (мырыш) 
6.Қазақ халқының академик-химигі,жоғары молекулалы қосылыстар маманы? (Жұбанов) 
7.Үй тұрмысында көп қолданылатын,қазақ халқына ертеден таныс металл? (Қалайы) 
8.Радиоактивті сәулелерді өткізбейтін металл? (Қорғасын) 
9.Мыс тұзының кристаллогидраты? (Тотияйын) 
10 Қазақ қалқының химия саласындағы алғашқы академиктерінің бірі? (Бектұров) 

Жүргізуші: 
Химия - ырыс бұлағы 
Шалқыған байлық мол дәулет 
Аялап күтіп тұр алда 
Болашағымыз-нұр сәулет 
Аялдама,алға ұмтыл 
Құдіретті біздің ой 
Сенде байлық,сенде ырыс 
Сенімен өмір сәнді ғой 
Кезекте әр топ тәжірибе кқрсетеді

1. «Судан сүт алу 
2. «Жанбайтын орамал» 
3. «Отсыз жұмыртқа пісіру»

Жүргізуші: 
Тағы келді сыналар шақ айналып, 
Тереңіне білім теңіз байланып, 
Кім шешеді сол сайыста ұтып тұр, 
Есеп шешер кезегі келіп тұр 
Ендеше әр топтың алдына түрлі есептер беріледі шығарылған есептің жауабы дүрыс болса пирамидаға жапсырады.Нәтижесінде қай топ қанша есеп шығарғанын пирамидаға жапсырылған үшбұрыш қиық арқылы балдырын санаймыз. Әрбір дұрыс есепке 5 балл қойылады. 
Соңынан бірінші кезеңнен бастап барлық балдар есептеліп қай топтың жеңімпаз болғанын айтып,топтарды мараппаттау

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Разработка по химии на тему "Химия елине саяхат""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель службы приёма заявок

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 650 512 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.01.2016 605
    • DOCX 30.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Байдилдаева Жанна Турсынхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8941
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по химии в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 656 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания химии в школе в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 257 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Химия")

Учитель химии

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Искусство понимания: техники успешной жизни, отношений и бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы политической науки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные тенденции в искусстве: от постмодернизма до поп-культуры

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек