Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Конспекты / Разработка по информатику на тему "Ақпаратты жазу және санау. Ақпаратты тасымалдаушылар"

Разработка по информатику на тему "Ақпаратты жазу және санау. Ақпаратты тасымалдаушылар"



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:

Күні: 25.11.2015 Сыныбы: 5 «А» Пәні: Информатика

hello_html_4b28d5fb.gifhello_html_1cc6e75c.gifhello_html_m4f8c1ec4.gifСабақтың тақырыбы: Ақпаратты жазу және санау. Ақпаратты тасымалдаушылар.
Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға ақпаратты жазуды және санауды үйрету, ақпарат тасымалдаушылармен

таныстыру
Білімділік: Оқушыларға ақпаратты іздеу, жазу, жалпы жұмыс жасай білу, ақпаратты тасымалдаушылар туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, өз бетімен жұмыс жасауға, ойын ашық айта білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Көрнекілігі: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі
II. Үй тапсырмасын тексеру
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру
IV. Жаңа сабақты бекіту

V. Компьютерде тәжірибелік жұмыс

VI. Үйге тапсырма
VII. Бағалау
VIII. Қорытындылау


І. Ұйымдастыру бөлімі

а) Сәлемдесу;
ә) Оқушыларды түгендеу;
б) Оқушы назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  1. Компьютердің негізгі құрылғылары?

  2. Компьютердің қосымша құрылғылары?

  3. Компьютердің түрлері?

  4. Пернетақта қандай құрылғы?

  5. Басып шығарғыш (принтер) қандай қызмет атқарады?

  6. Мәтіналғының (сканер) қызметі?

  7. Жүйелік блок қандай құрылғы?

  8. Монитор қандай құрылғы?

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
М: Ең алдымен оқушылар ақпарат деген сөзге қандай анықтама берер едіңіздер?
О: Ақпарат – сақтау. Түрлендіру, жөнелту және пайдалану нысаны болып табылатын қоршаған әлем туралы мәліметтер.
М: Адам ақпаратты қалай қабылдайды?
О: Көреді, естиді, иісті сезеді, дәмді сезеді, сезінеді.
М: Бейнелеу тәсілдері бойынша ақпараттың түрлерін есімізге түсірейік.
- Ақпарат
- Сан
- Видео
- Мәтін
- Дыбыс
- Графика

ІІІ. Слайд көрсету

Ақпараттың өлшем бірліктері:

   1 байт=8 бит;

    1 кбайт(килобайт)=1024 байт;

    1 мбайт(мегабайт)=1024кбайт;

   1гбайт(гегабайт)=1024мбайт;

1 тбайт(терабайт)=1024гбайт



Қатты диск (винчестер) – ақпаратты ұзақ уақыт сақтауға арналған құрылғы.

Жұмсақ диск (дискета) - шамалы көлемді деректерді көп қайтара жазып, сақтау үшін

қолданылатын тасымалданатын магниттік ақпарат тасығыш.

Лазерлік дискілер (CD, DVD) - үлкен көлемді ақпаратты сақтауға, оқуға мүмкіндік беретін тасығыш.

Флеш-жады заманауи ақпарат тасымалдайтын құрылғылар

Ақпаратты тасымалдаушылар
Компьютерде жұмыс жасауда қолданылатын барлық ақпарат файл түрінде сақталады. Файл – бұл жадтағы орын, оған әдетте бірегей атау беріледі. Файлдар машинаның жедел немесе сыртқы жадында орналасады. Сыртқы жад – бұл, біріншіден, винчестер, ал екіншіден, иілгіш және компакт - дик. Сондықтан ақпаратты жазу мен оқу туралы айтпай тұрып, ақпарат тасуыштар деген не екенін анықтауымыз қажет. Ақпарат тасуыш ақпарат сақтау ортасы болып табылады. Ақпарат тасымалдаушылар бірнеше түрге бөлінеді.

ІV. Практикалық жұмыс



1 – тапсырма. Word мәтіндік редакторына төмендегі мәтінді еңгізіңіз. Қарпі (шрифті) 14.

Қатты диск (винчестер) – ақпаратты ұзақ уақыт сақтауға арналған құрылғы.

Жұмсақ диск (дискета) - шамалы көлемді деректерді көп қайтара жазып, сақтау үшін қолданылатын тасымалданатын магниттік ақпарат тасығыш.



Көз жаттығуын жасау.

2 – тапсырма. Төмендегі кестені толтырыңыз. Таблица құру үшін Вставка – Таблица. Керек ұяшық санын таңдаңыз

Тауар аты

Саны

Бағасы

Жалпы бағасы

1

Дәптер

5

20


2

Кітап

2

500


3

Қалам

3

30














V. Сергіту сәті







3 – тапсырма. Word редакторында фигураларды пайдалана отырып, төмендегі сызбаны орындаңыз.

Компьютердің негізгі құрылғылары

Монитор

Пернетақта

Жүйелік блок

























VI. Оқушыларды бағалау

VII. Сабақты бекіту

1. «Ақпарат» термині туралы жаңадан не білдіңдер?

2. Сендерге қандай ақпарат тасығыштар белгілі?

3. Қазіргі кезде ақпараттың қандай түрлері бар?

4. Адам ақпаратты қандай сезім мүшелері арқылы қабылдайды?

Үйге тапсырма: Тақырыпты оқып келу.§13 «Ақпаратты жазу және санау. Ақпаратты тасымалдаушылар.»109 -112 бет. «Ақпарат» деген сөзге сөзжұмбақ құрастырып келу.

Пән мұғалімі: Байбулова Н.А.




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 29.11.2015
Раздел Информатика
Подраздел Конспекты
Просмотров134
Номер материала ДВ-210246
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх