Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Другие методич. материалы / Разработка по казахскому языку на тему "Дәруменнің пайдасы" (5 класс)

Разработка по казахскому языку на тему "Дәруменнің пайдасы" (5 класс)


  • Иностранные языки

Поделитесь материалом с коллегами:


Барысы: 
І. Кіріспе бөлім 

Халқымыз әрқашанда денсаулықты бірінші орынға қойып, бірінші байлық - денсаулық деп санаған. Дені сау, еңбекқор, ақылды азамат болып өсу үшін, дұрыыс тамақтана білу қажет. 
Күнделікті ішетіміз асымыз құнарлы, пайдалы, дәрумендерге бай болу қажет. Сонымен қатар, тамақтану ережелерін де сақтауымыз қажет. 
Бүгінгі шарада осылар туралы толығырақ білетін боламыз. 
Сөз дәрігер диетологқа беріледі. 
Дәрігер: 
-Сәлеметсіздер ме балалар! Мен сіздерге дұрыс тамақтануды ұйымдастыру үшін "Дұрыс тамақтану пирамидасымен" таныстырамын. 
Ол мынадй 4 деңгейден тұрады: 
1-деңгейі-бидай өнімдері:нан, жарма бұйымдары, макарондардан тұрады. Көмірсулар, дәрумендер мен минералды заттарға бай. Бұл тағамдардың тәуліктік калориясы 40% болады. Күніне 1,5 кг. 
2-деңгейі — жемістер мен көкөністерден тұрады. Бізге мол дәрумендер мен минералдық заттарды береді. Ағзамыздың қартаюын тоқтатады. Калориясы 35 % немесе күніне 400гр. 
3-деңгейі — ет, балық, бұршақ өнімдері, жаңғақтар, жұмыртқа және сүт өнімдері. Бұл өнімдер ақуыз, дәрумендер, темір, және т.б. пайдалы компоненттердің көзі. Бұл тағамдардың майлылығы төмен болғандығы пайдалы. Олардың күнделікті калориясы 20% болу керек. 
4-деңгейі — жануарлар майы мен өсімдік майы бар тағамдар, тәттілер, құрамында майлылығы жоғары өнімдер (соустар, колбаса, майлы ет, тәтті тоқаштар), қант, құрамында қанттың мол мөлшері бар өнімдер(тәтті сусындар , сироптар, кондитерлік тағамдар) кіреді. Күнделікті тұтыну мөлшері 5% аспау керек. 
Денсаулығымызды сақтау үшін және дұрыс тамақтану үшін осы пирамиданың барлық деңгейлеріндегі тамақтарды көрсетілген мөлшермен пайдалану керек. 
Өзімізге ұнамаған тамақ түрлерін алып тастауға болмайды. Егер нан жемесек, «В» дәрумені мен басқа да пайдалы заттарды ағзамыз ала алмайды. 
-Ал, балалар, күніне неше рет тамақтану керек сендер білесіңдер ме? 
Жасмин: 
Ең тиімдісі 4 рет тамақтану: 
Таңертеңгілік –құнарлы тамақ, 
Түске дейінгі-жеңіл тамақ, 
Түс кезіндегі-күшті тамақ, 
Және кешкі -жеңіл тамақ. 

Дәрігер : 
баланың тамағы үйлесімді болуы керек. Тамақ құрамында мынадай негізгі қоректік заттар болады. Олар: ақуыз, майлар, көмірсу. Оларды мына қарым-қатынаста болу керек: 1 бөлік май, 1 бөлік ақуыз, 4 бөлік көмірсулар. 
Тамақта негізгі қоректік заттардан басқа дәрумендер, минералды тұздар, қоректік талшықтар және биологиялық белсенді заттар болады. 
Оқушылардың дұрыс тамақтануы үшін қажетті азық түліктер және оның пайдасы туралы 4топтың оқушыларынан білейік. 
Ақуыздар 
Күнделікті оқушы 75-90 грамм ақуыз қабылдауы тиіс. Ол үшін міндетті түрде сүт, айран, шұбат, сүзбе, балық, ет тағамдары, жұмыртқа болуы керек. 
Майлар: 
Тәулігіне оқушы үшін майлардың мөлшері - 80-90 грамм. Мектеп жасындағы бала күнделікті сары май, өсімдік майы, ет, қаймақ қабылдауы тиіс. 
Көмірсулар: 
Оқушының ас мәзірінде көмірсулардың тәуліктік мөлшері 300-40 грамнан аспауы тиіс. Көмірсулар нан, жарма, картоп, бал, кептірілген жеміс, қант құрамында кездеседі. 
Витаминдер мен минералдар: 
Адам дұрыс жетілуі ас құрамында қажетті дәрумендер мен минералдар болуы қажет. 
А дәрумені –Балалардың бой өсіру және дамуы үшін қажет. Ол көздің торлы қабатының құрамына кіреді және жарық сезімталдығын қамтамасыз етеді. 
А дәрумені бауырда көп болады.Сонымен қатар балықтарда , сүтте, сары майда, жұмыртқада, қызыл сәбізде, қызыл тәтті бұрышта, көк пиязда, көк шөптерде, қызынақта, аскөкте болады. 
С дәрумені немесе аскорбин қышқылы –бұл көбінесе зат алмасу үшін, ағзаның иммундық қорғанысы үшін керек. С дәрумені жетпесе ауру тудыратын микроағзаларға қарсы ағзаның тұрақтылығы төмендейді, зат алмасу бұзылады. С дәруменін мөлшерден тыс қабылдау қауіпті. 
С дәрумені -көкөністерде, жемістерде, қарақатта, итмұрында, ит бүлдіргенде, алмада, шабдалыда, құлпынайда, орамжапырақта, петрушкада, қызылшада көптеп кездеседі. 
Д дәрумені-майда еритін топ. Бұлар қарын-ішекті жолда кальцийдің сіңірілуін, кальцийдің қаннан қызыл сүйек миына өтуін реттейді. Д тобындағы дәрумендердің адам қанқасының дамуында маңызы зор. Д дәрумені жетіспесе жас балаларда рахит ауруы дамиды. Дәрумендер өсімдіктің, жануар майының ,ірімшіктің, жұмыртқа құрамында кездеседі 
Е дәрумені майда еритін дәруменде тобына жатады. Олар ағзада оттегіні тасымалдайды, улы заттарды белсенді түрде залалсыздандырып, өрбу процесіне қатысады. Е тобының дәрумендері өсімдік майларында, бұршақта, жұмыртқада, жаңғақтарда, бақша дақылдарында, бидайда көптеп кездеседі. 

2.Ойын «Оқушының ас мәзірі». 
Әр топ өздері қалайтын ас мәзірін құруы керек. Дәрігер құрылған ас мәзірінің дұрыстығына баға беруі керек. 

3. «Жағдаяттарды шешу» 
. Бұл кезеңде әрбір топқа бір жағдаят беріледі, Соның шешу жолын айтуы керек. 
І топ: 
Самат таңертең сабаққа асығыс тамақтанып шықты. Анасы баласының бұл ісіне кейіп: «Денсаулығыңды бұзасың ғой, отырып асықпай дұрыс тамақтансаң қайтер еді?» деді. Самат анасына: « Дұрыс тамақтанудың денсаулыққа әсері қанша?» деді. 
- Қалай ойлайсыңдар, Саматтың айтқаны дұрыс па? 
Жауабы:: 
Саматтың айтқаны дұрыс емес. Деніміздің сау болуы үшін ең алдымен 
тиімді тамақтану қажет 
ІІ топ: 
Айгүл бақты аралап келе жатқан. Бір кезде алдына топ етіп алма түсті. Өзі қып - қызыл, үп - үлкен, Айгүл қуанып кетті. Қызығып қолына алды. 
Дереу жемек боп аузына апара бергенде алма оған:- Айгүл, сен алдымен мені жу,- деді қолынан сусып түсіп.- Неге?- деді Айгүл таңырқап.- Жумай жесең, ішің ауырады,- деді алма сілкініп қалып.- Міне, көрмейсің бе, үсті - басым шаң тозаң. 
Айгүл ұялып қалды. Апасы да ылғи: «Қолыңды жу»,- дейтін. Енді соны өзіне мына алма да айтып тұр. Айгүл ақылды алманың айтқанын істеді. 
Сендерде осындай жағдай болды ма? 
Тазалықтың денсаулыққа қандай әсері бар? 
І топ: 
Арман мен Жандос кеше сабақтан кейін « Денсаулық» жайлы ой бөлісті. Арман анасынан естіген әңгімесі бойынша « Денсаулықты сатып алуға болады» деді Ал Жандос бұл ойға келіспеді. Ол 
« Денсаулықты ақшаға сатып ала алмаймыз» деді. 
- Сендер не деп айтқан болар едіңдер? 

2 топ. Сабақтан шықтың, шөлдеп кеттің дүкеннен қандай сусын алушы едің газдалған немесе жай су. 

4. «Жалғасын тап» деп аталады. Бұл кезеңде денсаулыққа қатысты мақалдардың жалғасын табу. 
Ет етке, сорпа бетке. 

Ертеңгі асты тастама, кешкі асқа қарама! 

Ас тұрған жерде ауру тұрмайды. 
Өзі тоймастың көзі тоймас. 
Өле жегенше бөле же. 
Ауру астан, 
Дау қарындастан. 
Тәні саудың жаны сау. 
Көзің ауырса, қолыңды тый. 
Ішің ауырса, аузыңды тый. 
Қонаққа сынық ыдыспен ас беруге болмайды. Себебі сынық ыдыспен ас беру – қонақты сыйлағандық. Және сынық ыдыспен ас ішу – жаман ырым. Бүл жүзің сынып, көңілің жарым болсын дегенді білдіреді. 
Дастарханнан аттауға болмайды. 


Автор
Дата добавления 03.12.2015
Раздел Иностранные языки
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров157
Номер материала ДВ-224846
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх