Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Разработка по казахскому языку на тему Есімдік"

Разработка по казахскому языку на тему Есімдік"


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Есімдік. Жіктеу есімдігі

Жарияланды 15-04-2013, 18:02 Категориясы: Қазақ тілі және әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Есімдік. Жіктеу есімдігі.

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Есімдік және жіктеу есімдігі туралы түсінік беру.

ә) дамытушылық: Есімдіктердің морфологиялық заңдылықтарын түсіндіре отырып, тілдік - эстетикалық сезімдерін тәрбиелеу, ұжымдық жұмыс жасау барысында адамдық қасиеттерін дамыту.

б) тәрбиелік: Оқушылардың белсенді ойлау қызметтерін жандандырып, сауатты жазу, оқу дағдыларын жетілдіру.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, ой қорыту, танымдық ойындар.

Сабақтың түрі: ойын сабағы.

Көрнекіліктер: тест жұмысы, жұлдызша, кесте сөздер.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі.



І. Ұйымдастыру.

Сыныптағы оқушыларды түгелдеу. Сабаққа сыныптағы оқушылардың даярлығын тексеру.



ІІ. Есіңе түсір (қайталау сұрақтары)

Жаңа сабаққа қатысты болғандықтан есім сөздерді «Жұлдызды сәт»ойыны бойынша қайталау.

1. Зат есім қандай сөз табы?

2. Құрамына қарай нешеге бөлінеді?

3. Жалпы, жалқы зат есімдер.

4. Сын есім қандай сөз табы?

5. Мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

6. Туында сын есімдер қалай жасалады?

7. Құрамына қарай сын есім нешеге бөлінеді?

8. Сан есім қандай сөз табы?

9. Мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

10. Құрамына қарай қалай талданады?

Жауап беретін оқушыларға жұлдызша беріп отырамын.



ІІІ. Сынап көр (есім сөздермен жұмыс)

«Тілдік тренажер»арқылы сын есім, зат есім, сан есімдерге талдау.

1) Кітап 2) қора 3) он екі 4) Ақсу 5) сұлу 6) ұзын бойлы 7) жеті

8) оқушы 9) майлы 10) сексен тоғыз 11) көктерек 12) қызыл ала 13) бір 14) ауыл 15) шуақты



ІҮ. Анықтама (жаңа сабаққа түсінік алу)

Есім сөздердің орнына қолданылатын сөз табы есімдік деп аталады.

Есімдіктер есім сөздердің зат есім, сын есім, сан есімнің атын да, белгісін де, санын да атамай, тек соларды нұсқап, меңзеп көрсетеді де, солардың орнына қолданылады. Сондықтан да кейде есімдіктерді орынбасар сөздер деп те атайды.

Есімдіктер мағынасына қарай жеті топқа бөлінеді:

1) Жіктеу есімдігі

2) Сілтеу есімдігі

3) Сұрау есімдігі

4) Өздік есімдігі

5) Жалпылау есімдігі

6) Болымсыздық есімдігі

7) Белгісіздік есімдігі



Белгілі бір заттық ұғыммен байланысты қолданылатын есімдіктің түрі жіктеу есімдігі аталады.

Жекеше

І жақ Мен (айтушы)

ІІ жақ Сен (тыңдаушы)

Сіз

ІІІ жақ Ол (бөгде жақ)



Көпше

І жақ Біз (тыңдаушы жақ)

ІІ жақ Сендер (тыңдаушы жақ)

Сіздер

Олар (Бөгде жақ)



Ү. Құрастыр (жаңа сабаққа сөйлем ойлау)

Бекіту мақсатында құрамында есімдік бар 4 - 5 сөйлем ойлату.

Мысалы: - Сен мені білмеуші ме едің?

ҮІ. Іске асыр. Жаттығу жұмысы. 193 - жаттығу.

ҮІІ. Нәтиже. (Тест жұмысы)

10 сұрақтан тұратын тест жұмысын беремін.

1. Есімдік қандай сөз табы?

а) Заттың сынын білдіреді?

ә) Есім сөздер орнына қолданылады.

б) Заттың атын білдіреді.

2. Есімдік мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

а) 7

ә) 5

б) 6

3. Жіктеу есімдігінің қанша жағы бар?

а) 3

ә) 2

б) 4

4. Сан есімдерді белгіле.

а) он бір, табиғат, сары

ә) адам, оқушы, жеті

б) алты, он бір, екі мың екі

5. Дара сын есімдерді көрсет.

а) қызыл ала, қара шұбар

ә) ақ, қара, ащы

б) қара көк, сұлу, сары

6. Жалқы зат есімдерді анықта.

а) Астана, Мұхтар, Ұлан

ә) қала, оқушы, сана

б) Көксу, ой, газет

7. Зат есім қандай сөз табы?

А) Заттың қимылын білдіреді.

Ә) Заттың атын білдіреді.

Б) Заттың санын білдіреді.

8. Жинақтық сан есімдерді тап.

А) төртеу, тоқсан екі, он тоғыз

Ә) үшеу, сегіз, он

Б) біреу, екеу, жетеу

9. Туынды сын есімдерді белгіле.

А) бойшаң, сөзшең, таулы

Ә) сары, әдемі, көркем

Б) ұзын, салқын, ақ

10. Сан есімнің сұрағын анықта.

А) қандай? Қай? Кімнің?

Ә) қанша? неше? нешінші?

Б) кім? не? несі?

ҮІІІ. Өзіңді бағала.

Тақтаға тестің жауабын ілемін. Сол бойынша бағаларын шығарамыз.

«5» - 9 «4» - 7 «3» - 6 «2» - қалғаны.

Тест, жұлдызшаларын есептеп, бағаларын қою.



ІХ. Үйге тапсырма: 195 - жаттығу. Көшіріп, жіктеу есімдігінің астын сызу.

Х. Оқушыларды бағалау:


Автор
Дата добавления 29.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров70
Номер материала ДВ-390597
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх