Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Разработка по казахскому языку Нан дастарханға қалай келеді

Разработка по казахскому языку Нан дастарханға қалай келеді

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы

"Достық" балабақшасының тәрбиешісі:

Амандыкова Гульжанар Сентябрьевна


Бөлімі:Экология Білім беру саласы:Таным

Тақырыбы:Нан дастарханға қалай келеді Мақсаты:Нанды қастерлей білуге,нан туралы мақал-мәтел,тақпақ,тиым сөздер айту. Көрнекіліктер:Нан,бауырсақ,бидай,дәні,ұн,қамыр,сюжетті суреттер. Әңгімелесу.Балалар,бүгін ерекше күн,бізге бүгін қонақтар келіп отыр, олай болса қонақтармен сәлемдесейік. Сабақтың барысы: Шаттық шеңбер.

Арайлап таң атты. Алтын сәуле таратты. Жарқырайды қаламыз, Жарқырайды балабақшамыз, Қайырлы таң,апайлар Сәлеметсіздерме апайлар. Жыл мезгіліне тоқталу. Балалар жылдың неше мезгілі бар?Балалар төрт мезгілі бар. Қыс, көктем, жаз, күз. Тәрбиеші:Қазір жылдың қай мезгілі?Қыстың неше айы бар?Қыс мезгілінде қандай киімдер киеміз? Балалар:Қыс мезгілі.Қыстың үш айы .Желтоқсан,қаңтар,ақпан.Жылы,қалың киімдер киеміз.Тон, етік,қолғап. Тәр:Дұрыс балалар.Қыста қандай ойындар ойнаймыз?

Балалар:Сырғанақ тебеміз ,шана тебеміз,қардан аққала жасаймыз. Тәр:Балалар дұрыс.(осы кезде муз әуенінімен бауырсақ келеді.) Тәр:бізге кім келді?

Балалар:Бауырсақ

Тәр:Бауырсақ қайдан келдің?

Бауырсақ: Сәлеметсіздер ме, балалар, мен ертегі әлемінен келдім.Мен қай ертегінің кейіпкерімін?

Балалар: «Бауырсақ»ертегісіндегі бауырсақсың

Бауырсақ: Балалар мені тәп-тәтті етіп,қып-қызыл, жұп-жұмсақ қылып кім пісіргенін білесіңдер ме?

Балалар: Әжеміз

Бауырсақ: Дұрыс айтасыңдар, балақайлар.Мен сендерді қонаққа шақырып келіп едім, бірақ сендерде де дастархан жайып жатыр екенсіңдер мен де қонақ болып отырайын.Содан соң барлығымыз менің әжеме қонаққа барайық.Әжем сендерге мен сияқты бауырсақ пісіруді үйретеді.Үйренгілерің келе ме?

Тәр:Бәрекелді, біз өте қуаныштымыз.Қонақ болыңыз!(бауырсақ отырады) -Балалар біз бауырсақты өте жақсы көреміз солай ма?

Балалар: Біз осы бауырсақтың қайдан келетінін білеміз бе?

Тәрбиеші: Нан ең қәсиетті дәм .Нансыз өмір жоқ.Нан тіршілік нәрі.Ол дастарханға оңайлықпен келмейді.Біздің елімізде көптеген облыстарда бидай егіліп жиналады. Біздің еліміз өте бай .Осы байлығымызды Қазақстан Республикасының рәміздерінің бірі Елтаңбада көрсеткен. Бүгінгі нан туралы, адамдардың еңбегі жайында әңгімелесеміз.Күнделікті тамақтануымыздың да,қонаққа арналған дастарханымыздың да, сәні болмас еді.

Нан дастарханға қалай келеді? (Слайд шоу)

Тракторшы алдымен жер жыртады.Жерге бидай егіледі,диқаншы оны суарады,күтіп баптайды,комбайыншы піскен егінді жинайды. Жүргізуші бидайды қырманға төгеді, оны тазалап диірменге тасиды.Диірменші ұн тартады. Ұнды нан зауытына апарады .Наубайшы ұннан нан пісіреді.Нан дүкенге түседі. Адамдар дүкеннен нан алады. Балалар сендер нанның қандай еңбекпен келетінін көрдіңдер ме?

Нанның түрлері өте көп (слайд шоу) Нан дастарханға оңайлықпен келмейтінін білдік,ол көп еңбектің арқасында келеді екен.

«Жалғасын тап» ойыны:

Мақал-мәтел айту 1 Қоныс көркі там , дастархан көркі ......(нан) 2 Дастарханда наны жоқтың ,тағамның...... жоқ(дәмі) 3 Нан болса ........болады(ән) Сергіту жаттығу

Дастарханды жаямыз, Тағамдарды қоямыз Биік-биік үйлерде Тату-тәтті тұрамыз. -Балалар осы қасиетті тағам нан туралы кім тақпақ білеміз бе? Амангул:

Ерте тұрып таңнан ,

Пісірді анам ақ нан .

Кетер емес әлі ,

Таңдайымнан дәмі.

Есет:

Кернейді хош иістің ,

Тамсандырып үй ішін

Жесем тоймай қаламын ,

Әжемді еске аламын.

Бауырсақ: Әжемді қатты сағындым.Менің әжеме қонаққа барайық.

Тәрбиеші: Балалар, онда бауырсақпен бірге әжесіне барайық. Балалар:Сәлеметсіз бе,әже! Әже амансыңдарма, қошақандарым. Тәр:Әже сізге «Ақниет»тобының балалары сізден бауырсақ жасауды үйренуге келді.

Әже: Төрлетіңдер балалар. Балалар сендер нанды жақсы көресіңдерме?Осы нанды неден жасайды.

Балалар:Ұннан жасайды. Әже: Ұнды бидайдан жасайды.Бидайды диірменге тартып ұнтақтаса ,ұн шығады.Ұнға тұз, су ,ашытқы араластырып қамыр илеп нан пісіреді.Міне біздің қамырымыз дайын тұр. Қәне,балалар әжеге көмектесейік,бізде бауырсақ жасауды үйренейік.

Балаларға нан ашытуды үйрету.

Балалар, әжеміз бауырсақ пісіріп әкелгенше тиым сөздер айтайық:

1.Нанды басуға болмайды.

2.Нанды бір қолмен үзуге болмайды.

3.Нанды лақтыруға болмайды.

-Ал мынадай әдемі тақпақты есімізге түсірейікші:

Нан қиқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп

Торғайларға тастаңдар.

Әже бауырсақ пісіріп кіреді.

Әжесі: Балалар, міне бауырсақ дайын болды. Сендерге тәтті ,ыстық бауырсақ әкелдім.Піскенде бауырсақтың иісі қандай?

Балалар әженің бауырсағы қандай?

Бауырсақ өте дәмді, тәтті, жұмсақ.

Тәр: Балалар бауырсақтың түсі қандай?

Балалар: бауырсақтың түсі сары.

-Ал, пішіні қандай?

-Төрт бұрыш, дөңгелек.

Біздің балалар ризашылығын білдіретін, жылы лебіз тілектер айтқысы келіп отыр екен.Тыңдайық.

Балалар:

Нанды құрметтейік ,аспанымыз ашық болсын.

Нанымыз көп болсын.

Еліміз тыныш болсын, бай болсын!

Дастарханымыз берекелі, мерекелі болсын!

Тәр:Ал әже сізге алғысымыз шексіз.Біздің топқа қайтатын уақытымыз да таяды.

Әже: Ал, балаларым сендерге көп рахмет, тағы да қонаққа келіп тұрыңдар.Ал менің де сендерге ас болған жерде бата беріледі демекші батамды берейін.

Бата: Амандық берсін басыңа

Қадір келсін қасыңа.

Бар екен деп тасыма

Жоқ екен деп жасыма

Еңбек етсең ерінбей

Дәулет келер қасыңа

Әумин!

Тәр: Рахмет әже, рахмет бауырсақ.Сау болыңыздар!

Топқа келеді.

Міне балалар біз нанның қалай және қандай еңбекпен келетінін білдік.Нанды қастерлейік.

Ей балалар, балалар,

Болмаңдар сірә нанға тар,

Өмірдің алтын арқауы

Бар қасиет нанда бар.

-Бүгін әженің үйіне қонаққа барған ұнады ма? Әжемізден не үйрендік?

Балаларды мадақтау. Белсене қатысқандарға сыйлықтар тарату.

Қане, балалар келген қонақтармен қоштасайық.

Ал қанекей тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы, Сау-саламат болайық.


Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Автор
Дата добавления 14.12.2015
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров226
Номер материала ДВ-259101
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх