Инфоурок Дошкольное образование КонспектыРазработка по казахскому языку Спорт өмір көркі

Разработка по казахскому языку Спорт өмір көркі

Скачать материал

                      Біз - кішкентай спортшымыз!

 

Тақырыбы: Біз – кішкентай спортшымыз!

Мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру.

Міндеті: Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру;

Балалардың икемділігі мен ептіліктерін, мергендік пен шапшаңдылық қабілеттерін дамыту.

Түрі: Эстафеталық ойын

Көрнекілігі: түрлі-түсті шарлар, доптар, кедергілер, жалаушалар,ысқырық, уақыт өлшеуіш.

 

Барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Негізгі бөлім

Құрметті тәрбиешілер, балалар бүгінгі «Біз – кішкентай спортшымыз! » сайысына қош келдіңіздер!

Көңілді жарысқа 2 топ балалары қатысады.

Жарысқа қатысушыларды ортаға шақырамыз. «Достық» тобы және «Барыс» тобы.

Ұстанған салауатты өмір салтын,

Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,

Болашақ спортшылар келді ортаға

Қол соғып қарсы алайық, қане, халқым!

 

- Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.

1. Балабақша меңгерушісі: Достанова Әсел Жангелдіқызы.

2. Балабақша медбикесі: Таженова Әлия Мұратқызы

3. Тәрбиеші: Шынтемірова Анар

 

І. Кезең. «Жалаушаны тапсыр».

 

ІІ кезең:  «Дәл түсір».

 

ІІІ кезең: «Туннель».

Шарты: Әр топқа матадан жасалған туннель беріледі. Әр ойыншы туннель арасынан өтіп, белгіленген жерге дейін жүгіріп, орнына келеді.

 

ІV кезең: «Арқан тартыс».

 

V кезең: «Қаппен секіру».

 

Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар! Сайысымызды бастаймыз.

 

«Достық» тобы

Топтың ұраны: «Спортпен достас, жалқаулықпен қоштас».

 

«Барыс» тобы .

Топтың ұраны: « Бәріміз- біріміз үшін,біріміз- бәріміз үшін!»

ІІІ. Қорытынды бөлім:

Көрсетті міне өз өнерін балалар,

Сайыстың да соңы келіп таянар.

Жеңімпазды анықтайық қанекей,

Әділқазы сайысты әділ бағалар,

 

-деп, сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау үшін сөз әділқазыларға беріледі.

 

Спорт – көркі өмірдің,

Спорт- досың, серігің.

Жаттықсаң шымыр боларсың,

Шынығып, өсіп, толарсың, - демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       

 

 

 

 

 

 

                                                                               

 

                                                                         

 

                                                                        «Балдырған» тобы

      

           «Біз кішкентай спортшымыз!» сайысы.

 

Топтың аты

«Жалаушаны тапсыр».

 

«Дәл түсір».

«Туннель».

 «Арқан тартыс».

«Қаппен секіру».

 

 

Бағасы

1

«Достық»

 

 

 

 

 

 

 

2

«Барыс»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісі

 

Мақсаты: Мазмұнын таныстыру,мәнерлеп оқып беру,сұрақ-жауап арқылы хайуанаттар мінезі,дауыс ырғағы өздеріне тән қасиеттері туралы әңгімелесу.

Балалардың сөйлеу,есте сақтау,тілдік қорларын дамыту.Балаларға кейіпкерлердің рөлін ойнауға үйрету,сөздерін жаттау.

 

Қажетті құралдар: Үйдің макеті,лақтар мен қасқырдың бейнелері,бояғыш заттар,құрылыс ойыншығы,магнит тақтасы,бояу,ақ қағаз,қылқаламдар,су құйғыштар,гуашь құйылған табақшалар,салфеткалар.

 

Сабақ барысы:

 

Ұйымдастыру кезеңі:

-Балалар,кәнеки,саусақ ойынын жүргізейік!

Саусақтарды ашып жұмайық,

Ертегілерді атап шығайық!

«Бауырсақ», «Үйшікей», «Шалқан»,

Шаруа ата өсіріп алған,

«Қасқыр мен жеті лақ»-

Ең сүйікті қонақтар!

Тәрбиеші:Балалар,бүгін сендермен әдемі ертегімен танысамыз дегенде,залға тырсылдатып жалмауыз кемпір кіреді.

 

Жалмауыз кемпір:Балалар,сендер осындасыңдар ма?Мен сендерді алып кетуге келдім,кәне бері келіңдер.

 

Тәрбиеші:Жалмауыз кемпір,асықпа,деміңді ал отыр.Бізге бүгін қонақ бол,біздің ертегімізді тамашала,балаларымыздың өнерін көр.

 

Жалмауыз кемпір:Көрсем көрейін,егер де ұнамаса онда мына балалардың біреуін алып кетем.

 

Тәрбиеші:Ертегінің жалпы мазмұнын магнит тақтасы арқылы дауыс ырғағымен түсіндірді.Ертегінің кейіпкерлері туралы балалардан сұрақ-жауап алынды.Ертегіні толықтай түсіну үшін  балалар рөлдерге бөлініп ертегіні сахналайды.

 

Сергіту сәті:

Биік болып өсеміз,

Жапырақтай жайқалып,

Табиғатты сүйеміз,

Денемізді тік ұстап,

Билеп-билеп аламыз.

Жалмауыз кемпір:Балалар, маған ертегі қатты ұнады,мен сендермен дос болайыншы?Енді сендерге тиіспеймін,мені де ертегі әлеміне қосыңдаршы.

 

Тәрбиеші:Балалар,қосамыз ба?Жақсы,қоссақ онда сен біздің айтқанымызды істейсің.Балалар менің қолымдағы гүлдерді алып ,орталықтарға бөлінеміз.

Бейнелеу орталығында:  4 бала қасқырдың бейнесі сызылған суретті бояйды.

Құрылыс орталығында:4бала лақтарға үй жасап құрастырады.

 

Жалмауыз кемпір:Балалар мен кетуім керек,барар жерлерім бар.Тағы келуге болама?Маған ертегі қатты ұнады,енді менде өзгерем,жаман болмаймын.Сау болыңдар!

 

Тәрбиеші сабақты қорытындылайды:

-Біз бүгін қандай ертегімен таныстық?

-«Қасқыр мен жеті лақ»

-Сендерге жаңа ертегі ұнады ма?

-Ұнады.

Балалардың еңбектерін мадақтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                Табиғатты аялайық

 

Мақсаты: «Табиғат » құндылығының маңыздылығы туралы түсінік беру.

Табиғат пен адамдар арасындағы байланысты түсіндіре отырып,табиғатты тануға деген қызығушылығын арттыру.Табиғат байлығын бағалауға,қорғауға,қамқорлық көрсете білуге тәрбиелеу.

 

    Шаттық шеңбер

Армысың,шапағатты Күн-Ана!

Армысың,қайырымды Аспан-Ана!

Армысың,мейірімді Жер-Ана!

Құт дарыт,бар әлемді жарылқа!

 

Әңгімелесу.

-Балалар,біз сендермен қайда тұрмыз?

-Табиғат аясында.

-Балалар,сендер нені көріп тұрсыңдар?

-Күнді,гүлді,көбелектерді т.б.

-Қандай дыбыстар естідіңдер?

-Бұл ненің дыбыстары?

-Қандай әсер алдыңдар?

-Сендердің көңіл-күйлерің қалай?

-Балалар,табиғат деген не?

 

Асылым:Табиғат,табиғат,

               Тамаша ғой табиғат,

               Табиғатта ойнаймыз,

               Гүлдей өсіп жайнаймыз.

Бізді қоршаған орта табиғат деп аталады.Ол жазира дала,биік таулар,көгілдір көлдер,мөлдір өзендер мен бұлақтар,сондай-ақ жан-жануарлар мен құстар,жәндіктер,т.б

-Осындай әдемі табиғат аясында өсіп-өніп,күн нұрынан нәр алып,жерді пайдаланып,одан өнім алып,өзеннің суын ішіп,таза ауамен дем алып жатқан  адам әрине табиғаттың бөлшегі.

-Балалар,біз қай өлкенің табиғатын тамашалап тұрмыз?

-Дұрыс,біздің туып өскен жеріміз,Отанымыз Қазақстан Республикасының табиғаты.

-Ал, біз өз Отанымызды сүйеміз бе?     Отан»дегенде көз алдымызға не елестейді?

Темірлан:Бау-бақша белдер,

                Орман,тау,көлдер,

                Көрікті шексіз даламыз.

                Өзіміз туған,

                Көбелек қуған

                Өлкеде өсіп толамыз.

-Әрине өз туған жер,туған елдерің елестейді.

 

-Балалар,енді «Жақсылық-жамандық» ойынын ойнайық.

 

Ағаш отырғызу ..../жақсылық/

Орманды өртеу...../жамандық/

Құстарға жем шашу.....

Құстың ұясын бұзу....

Суды ластау.....

Құстарға ұя салу....

Орманда айқайлау....

Гүлдерді баптау.....

Орманда қалдық заттарды қалдыру....

Ағаштарды кесу.....

 

Жүректен жүрекке

Балалар табиғатқа өз ризашылығын білдіреді:

 

-Күн,сәуле шашқаның үшін рахмет!

-Ағаш,көлеңкең үшін рахмет!

-Жер,саған жомарттығың үшін рахмет!

-Бұлт,жаңбыр сепкенің үшін рахмет!

-Таза ауа,саған рахмет!

-Табиғат,сұлулығың үшін рахмет!

-Құстар,тамылжыта салған әндерің үшін рахмет!

 

Қорытынды:

-Балалар,біз бүгін сендермен табиғат аясында нені түсіндік,нені үйрендік?

-Дұрыс,біз табиғатты қорғауға,аялай білуге үйрендік.Табиғат-адамдардың ортақ үйі.Біз табиғатты ластамаймыз оны күтіп баптап сүйіспеншілікпен қараймыз.Табиғатты қорғау-Отанымызды,елімізді,жерімізді қорғау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

           «Сүйікті балабақшам!»

 

Мақсаты: Балаларды балабақшамен таныстыру.Балабақшаға деген сүйіспеншілігін ояту,басқа топтармен достыққа,адамгершілікке ынталандыру,балаларды балабақша туралы көп біліп,өздері әңгімелеу арқылы тіл байлығын дамыту.

 

Негізгі бөлім: Балаларды ұйымдастыру.

 

Жүргізуші: Өң бойыңды тік ұста,

                    Таянамын бүйірді

                    Бастап кетем дұрыстап,

                    Сәйгүліктей жүруді.

Балалар қол ұстасып,қатармен балабақша саяхатына шығады.

1.Топтарды аралату,таныстыру.

2.Медбике бөлмесімен таныстыру.

3.Аквариумдағы балықпен таныстыру.

 

Топпен жұмыс:

1.Біздерде бар қуыршақ,

Бұзау қозы құлыншақ

Ойыншықтар тыңдайды

Ақыл айтсақ,бұйырсақ

Кей қуыршақ ұйықтайды,

Айтқаныңнан шықпайды.

2.Балабақша үйіміз,

Ағалардан сыйымыз,

Серуендеп шығамыз,

Таза ауаға жиі барамыз,

Ауласында жиі ойнаймыз,

Ойнап қана қоймаймыз,

Жаңа қоныс жаңа үйді,

Әнге бөлеп тойлаймыз.

 

Қорытынды: Айтып берер тәтелер,

                          Әсем өлең жақсы аңыз,

                         Ойыншықтар әперер

                         Қандай жақсы бақшамыз.

        «Кітапханаға саяхат»

 

Мақсаты: Балаларды балалар кітапханасына саяхатқа апару.Балаларды кітапханамен таныстыру.Адамгершілікке,мәдениеттілікке,сауатты сқйлеуге тәрбиелеу.

 

Барысы:

Балалар кітапханаға саяхатқа келді.Кітапханашы апайымен амандасады.Кітапханашы апайлар балаларға өздерін таныстырды.Кітапханашы апай кітапхананың барлық залдарын аралатып,ондағы жәдігерлердің тарихымен таныстырды.Сондай-ақ кітапхана сөресіндегі «Балбұлақ», «Балдырған», «Шуша», «Бала би» журналдарынан білім туралы өлеңдер оқып берді.

 

Кітап-ғылым,ол бүкіл адам баласына ортақ.

Кітап-ғылым,білім жеңісін халақ арсына жаюшы,

Кітап бар білімнің бастауы,бар ғылымның бастауы.

Кітап барлық заманда да білім қазынаның ғажайып қоймасы.

 

1-бала:Кітап та алма ағашы,

         Жемісін біздер теретін

         Тәтті алмаға балашы,

         Кітабыңның әр бетін

 

2-бала:Ғылым сырын білсем деп,

         Көкте күн боп күлсем деп,

         Кітап оқыр әр бөбек.

 

3-бала:Жақсы кітап-адал дос,ақыл жолдас,

         Ондай ешкім,еш нәрсе жақын болмас.

 

Қорытынды:

-Балалар,қай жерге келдік?

-Кітапханада нелер болады екен?

-Қандай ертегілермен,кітаптармен таныстыңдар?

 

 

 

                        «Бала-бағы бар елдің!»

 

Мақсаты: Балалардың көңіл-күйлерін көтеру,тілін дамыту,оларды көрермендер алдына шығып қысылмай өз өнерлерін көрсете білуге бейімдеу.Балалардың музыкалық қабілеттерін дамыту,биге деген қызығушылықтарын арттыру.

 

Ұйымдастыру кезеңі:

-Мереке тәрбиешілердің «Шашу»биімен ашылды.

-Сайқымазақтар келіп,ойын ойналды.

«Балдырған» тобы балаларының тақпақтары:

Асылым:Балабақша есігін,

         Үшке толып ашқанбыз,

         Балапандай өсіріп,

         Мәпелейді бақшамыз.

Данара:Бұл екінші үйіміз,

         Бір туғанбыз бәріміз,

         Біз осы үйдің гүліміз,

         Біз осы үйдің сәніміз.

Бағлан:Қазақ жері- Қазақстан,

         Мөлдіреген ашық аспан,

         Алыс кетсем сағынамын,

         Отаным сен Қазақстан.

Арслан:Отан-туған үйіміз,

         Отан-туған жеріміз,

         Отан-ортақ үйіміз,

         Көңілді ән мен күйіміз.

Жансерік:Бейбітшілік әніміз,

         Бауырласпыз бәріміз,

         Қазақстан даласында,

         Жарасады сәніміз.

 

- «Саңырауқұлақтар» биі.

 

-Жыл бойы өздерін жақсы өнерлерімен көрсетіп жүрген балалар, аудандық марапаттау қағаздарымен марапатталды.Олар:

-Абубакирова Арайлым                             -Әбілтай Данара

-Алдабергенова Айша                                -Нұрсланұлы Жансерік

-Айдос Асылым                                          -Молдағали Галифа

 

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Разработка по казахскому языку Спорт өмір көркі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Клининговый менеджер

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 891 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.12.2015 1211
    • DOCX 26.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жолмырзақызы Ақмарал Жолмырзақызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 23564
    • Всего материалов: 27

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Функциональные основы деятельности специалиста по организации и проведению молодежных мероприятий

Специалист по организации и проведению молодежных мероприятий

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация воспитательного процесса в образовательных организациях в условиях обновленного законодательства

Воспитатель

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 55 человек

Курс повышения квалификации

Использование игровых пособий в обучении (блоки Дьенеша, палочки Кюизенера, круги Луллия, ментальные карты Бьюзена)

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 443 человека из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 738 человек

Мини-курс

Психологические аспекты родительства и развития ребёнка

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Архитектурное творчество для подростков (обучение детей от 12 лет и старше)

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие коммуникации и речи у детей раннего возраста

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек