Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Разработка по литературы

Разработка по литературы

библиотека
материалов

Қазақстан Республикасының « Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын іс. Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу – ұстаз парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту - бүгінгі күннің басты талабы.

Дарын дегеніміз - адам бойында негізінен ана сүтімен, ата тегімен даритын құбылыс екенін өмір тәжірибелері дәлелдеп отыр. Дарын – адамның белгілі бір дүниеге психологиялық қабілеттілігі. Осы қабілетті дер кезінде анықтап, оны одан әрі дамыта білу қажет. Мектеп психологтары сынып жетекшілермен бірігіп, әр түрлі диагностикалық зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы әр баланың қабілетін, болашақ бағытын анықтауға мүмкіндік береді.

Дарынды балаларда болатын ерекшеліктер:

1.Пәнге деген қызығушылық өте жоғары деңгейде.

2.Құбылыстар мен пәндер арасындағы байланысты қабылдай алу

және сәйкес тұжырымдар жасау.

3.Жақсы есте сақтау.

4.Сөздік қоры бай.

5.Дайын шешім қабылдамау.

Дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеу барысында олардың қабілеттері мен талаптарын аша түсіп, дарындылық ерекшеліктерін анықтау мен айқындау - басты міндеттердің бірі. Ал дарындылықты қандай да бір әдіспен анықтау мүмкін емес. Сондықтан дарынды баланы тәрбиелеу мен оқыту барысында біртіндеп, сатылап анықтау қажет. Ең алдымен баланың даму ерекшелігіне көңіл бөлгеніміз жөн. Одан кейін міндетті түрде ата-анасымен тығыз байланыс жасап, ол баланың неге бейім екенін ескеріп, үйден көбірек қадағалауын есте ұстағанымыз абзал. Ол үшін сабақтарда қызықты ойындар, шығармашылық тапсырмалар, логикалық жаттығулар пайдаланудың мәні зор.

«Жас бала жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді» дейді халқымыз. Жеке отырғызылған жас көшет қашан тамырын тереңдетіп, жапырағын жайып, саялы ағаш болып үлкейгенше мәпелеп, күтіп, үзбей қарауды қажет етеді. Адам да сол тәрізді. Дарындылықты арттыру жұмыстары үнемі жүргізілсе оқушыларды шығармашылыққа баулуға болады. Шәкірт бойындағы қабілет көзін ашуға, тілін байытуға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Әр баланың туа біткен дарыны мен көзін ашса, сарқырап кететін бұлақтай жүре қалыптасатын қабілеті болады. Біреуі сурет салуға әуестенсе, екішісі спортты, үшіншісі ән-күйді, төртіншісі басқа бір ерекше дүниені таңдайды. Мұндай жағдайда тәртібі нашар балалардың да жақсы қасиеттерін танып, оларды сынып ұжымымен байланыстыру да ұстаздың біліктілігінде.

Шығармашылық - адамның өмірінде өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Шығармашылық тұлғаның негізі бастауыш сыныпта қаланады. Олардың бойындағы қабілеттерін дамытып, сөніп қалмауына жол бермей, өзін-өзі табуға көмектесуіміз керек. Ол өзін –өзі жетілдіре алады, сонымен қатар қадағаламаса ол қабілеттер тез жойылып кетеді. Оқушының өз болмысын тануға ұмтылысына көмектесіп, тереңде жатқан талап-тілегін, қабілеттерін дамытуға қол ұшын беру біздің парызымыз. Оқушының шығармашылығы ұстаз, сынып ұжымы, ата-аналар тарапынан қолдау тауып отыруы керек. Шығармашылық жұмыстарды орындату, балаларды бақылау, байқау қабілеттері артып, бір заттың әр алуан белгісін аңғара білуге үйретеді.

Өз сабақтарымда оқушыларды шығармашылық жұмыстарға баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсу үшін шығармашылық қабілеттерін дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданамын. Шығармашылық жұмыстар ойлауға жетелеп, қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілеттерін арттыруға, белсенділікке ынталандырады.

Ұлы неміс педагогі А. Дистервергтің « Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойға үйретеді» дегені мәлім. Сондықтан оқушының дарынын ұштайтын, ойлауға итермелейтін әр – түрлі әдістердің, жұмыстардың маңызы зор. Бұл – мұғалім мен оқушы арасындағы қарым – қатынас. Мұғалім бұл жағдайларда танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы болатындықтан, оқушының шығармашылығын арттыруда бұл сабақтардың мәні зор. Сабақта жақсы оқитын оқушылармен ғана белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылса, әр оқушының қабілеті, дарыны ашылар еді. « Бұлақ көрсең, көзін аш» дегендей, әр баланың бойынан жылт еткен бір сәуле байқалса, оны жарыққа шығару ұстаз қауымының алдында тұрған зор міндеттердің бірі. Сыныбымда талантты, қабілетті оқушылар көп. Соның бірі – Жақсылық Арай. Арайдың көркем әдебиетке деген құштарлығы, қызығушылығы өте үлкен. Оның «Ауыл табиғаты» деген тақырыпқа жазған мақаласын назарларыңа ұсынғым келеді.

Мен Білтабан ауылында тұрамын. Біздің ауылдың табиғаты өте тамаша. Ауыл маңы жасыл желек ағаштарға, бұталарға, өсімдіктерге, дәрілік өсімдіктерге өте бай. Сонымен қатар ауылымызда алуан түрлі құстар да бар. Баяу ағып жатқан Сауқайын өзені тіпті ерекше, себебі онда балықтың түрлері жеткілікті. Әсіресе көктем, жаз мезгілінде ауылдың табиғатының сұлулығына көз тойдыра алмайсың. Яғни айтқанда, туған жерімнің табиғатын бір ауыз сөзбен айтып жеткізу қиын. Мен өз ауылымның табиғатын зерттеп, оның қыр –сырын терең білгім келеді.

Сонымен қатар 2014 жылы наурыз айында Аудандық музыка мектебінің ұйымдастыруымен өткен «Өнерлі ару» байқауында Арай 1-орынды жеңіп алды. « Ақ бота -2013» интеллектуалдық марафонында Сағынтаев Иманғали 3-орынды иеленді. Оқушыларым облыстық « Кішкентай зияткерлер» атты интеллектуалдық ойын-байқауына қатысты. Аудандық «Бастау» математикалық олимпиадасына қатысқан құрама топ ішінен оқушым Сағынтаев Иманғали тапқырлығы үшін Мақтау қағазымен марапатталды. Сағынтаев Иманғали, Сайляу Әли, Манарбек Тұмар Облыстық «Бақытты балалық шақ» атты қолөнер байқауына қатысып, марапатталды. Өзіміздің бар күш-жігерімізді еліміздің ертеңі - жас өскелең ұрпақ тәрбиесіне арнайық дегім келеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Бастауыш сынып » журналы, 2013ж, 2014ж.

2.Тұрғынбаева Б. Шығармашылық қабілеттер және дамыта оқыту. Алматы, 1999ж.

3. « Бастауыш мектеп» журналы, 2003ж

4

Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG

Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG

Краткое описание документа:

Общая информация

Номер материала: 265369

Похожие материалы

Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG