Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Разработка по начальном классу "Отбасым-күншуағым" 4-класс

Разработка по начальном классу "Отбасым-күншуағым" 4-класс


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: Отбасым – күншуағым

Мақсаты:

  1. Ата-анаға деген құрмет, сыйластық деген ұғымдарды балалардың санасына жеткізіп, қалыптастыру. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру.

  2. Халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетіндігін, өзіндік ұлттық қасиетімізді балалардың бойына дарыту.

  3. Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқорлық жасауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайд, суреттер, буклеттер, нақыл сөздер.

Барысы:

І. Кіріспе

- Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыздың ерекшелігі топпен жұмыс жасаймыз. Мұнда топ мүшелері ақылдасып, шешімге келіп, өз ойларын ортаға салады. Олай болса, тәрбие сағатымыздың тақырыбы бәрімізге таныс әрі ыстық «Отбасым – күншуағым» деп аталады.

- Отбасы деген не? (Топ мүшелері ақылдасып, бір жауап айтылады)

- Отбасы мүшелері кімдер?

ІІ. Қызығушылығын ояту. (Слайдтан үйдің суреті шығады)

Сұрақ: - Бұл не? - Үй дегенде сіздерге қандай ой келді?

- Қазір сіздерге үйдің суреттері беріледі, сол үйді сіздер безендіресіздер. Сол кезде сіздердің өміріңізді отбасының қаншалықты орны бар екендігін анықтаймыз.

(Үй ілінеді, қорытындылап кету)

  • Отбасы не екендігін білдік, үйіміз жасақталды. Демек, адам баласының түп қазығы – алтын ұясы екенін ұғындық.

ІІІ. Негізгі бөлім

  1. Тәрбие үрдісі (отбасының суреті көрсетіледі)

  • Тәрбие отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалымен қалыптасады. «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» дегендей, білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Олай болса, сіздерге мынадай тапсырма беріледі: (слайдтан тәрбиенің үрдісі көрсетіледі)

  • 1-топ - отбасынан алатын тәрбие жөнінде;

  • 2-топ - білім ордасы – мектептен алатын тәрбие жөнінде;

  • 3-топ - қоғамнан (қоршаған орта) алатын тәрбие жөнінде пікірлеріңді білдіресіңдер.

Мұғалім: Адам баласы тәрбиені отбасынан да, білім ордасынан да, қоршаған ортадан да алады екен. Бірақ, жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ой-өрісі, әдептілігі мен мәдениеттілігі отбасынан бастау алады. Сондықтан, отбасы тәрбиесі бірінші орында тұруы тиіс.

  1. «Бақытты отбасы модулін құру»

Күн шуағына отбасындағы жанұя мүшелерінің бір-біріне деген қарым-қатынасын білдіретін сөздерді тауып жазу.

(әр топ өз нұсқасын оқиды)


  1. Шығармашылық жұмыс « Менің ойымша...»

1) «Құндылық құнын ұғыңдар»


Отбасымда ең сыйлы-

Ең ақылды-

Ең сүйкімді-

Ең құрметті-

Ең құнды

Ең бағалы-

Ең қажетті-


2) Отбасы туралы мақал-мәтелдер жазу.


3) Сұрақтарға жауап беру:

Балдан тәтті не? ( бала)

- Балаға кім сыншы? (ата)

- Қара шаңырақ иесі кім? (кенже ұл)

- Әкеден балаға берілетін зат (мұра)

- Үйде кім қадірлі? (қонақ, қарт, бала)

- Елде кім қадірлі? (хан, әкім, ұстаз)


ІY. Қорытынды бөлім

-Отбасымыздың шуағы сөнбес үшін не тілейік?

(жүрекшеге тілек жазып, ілу)

«№ 14 орта мектебі» мемлекеттік мекемесі











Ашық тәрбие сағаты



ОТБАСЫМ – КҮНШУАҒЫМ



Бесимбаева Ақмарал

Жеткізгенқызы

















Ақтау – 2013ж.


57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 09.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров61
Номер материала ДВ-432343
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх