Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Разработка по развитию речи
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Разработка по развитию речи

библиотека
материалов

hello_html_m5545a809.gifhello_html_5aebad15.gifhello_html_791bf55d.gifhello_html_6617f579.gifhello_html_m2db807d3.gifhello_html_1998064b.gifhello_html_m5743db71.gifhello_html_m5f2c220a.gifhello_html_m161f44cf.gifhello_html_m72f3bc2e.gifhello_html_fe9b7f7.gifhello_html_m49ef7871.gifhello_html_2c7ccb69.gifhello_html_6effcd73.gifhello_html_m282107c5.gifhello_html_m47a5c417.gifhello_html_m3fc303fa.gifhello_html_2d208da4.gifhello_html_m62b13c29.gifhello_html_m41f96ce4.gifhello_html_54db7c36.gifhello_html_3e629bd6.gif3-сынып. Тілд дамыту.

Сабақтың тақырыбы: Шілдехана.

Сабақтың мақсаты: 1. Қазақстанның салт-дәстүрлері туралы түсінік беру.

Сабақтың міндеті: 1.Шілдехана туралы білім, біліктерін толықтыру.

2.Әр баланың талабын ашу.

3.Бір-бірін тыңдауға үйрету.

Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы.

Сабақты әдісі: «топтастыру» , «жазу семинары» стратегиялары.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі.

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты ояту.

«Халқын сүйген – салтын сүйеді»

Кері әсер парағын тарату.

-Салт - дәстүр дегенді қалай түсінесіңдер?

-Мысалмен дәлелде.

Бүгіннен бастап «Дәстүріңді сақтай біл!» тарауымен танысамыз.Тарауды оқи отырып, салт-дәстүрдің қандай түрлерімен танысатындығымызға назар аударайық.

«Халқын сүйген- салтын сүйеді» . Мәнін бірге ашайық. Халқын сүйген адам сол халқының салт-дәстүрін қастерлеп, үйреніп, оны өнеге тұтуға тиіс.Ұлт дәстүрі заңнан да биік. Демек, салт-дәстүрлі ел – мықты әрі тұғыры биік ел.

Жақсы әдеттер дағдыға, дағдыдан әдепке айналады. Әдеп- әрбір адамның тәртібі мен инабаттылығын көрсететін салт-сананың ұлттық белгісі.Тұрмысқа байланысты әдеп-ғұрыптарды орындау әрекеттері рәсімдер деп аталады. Егер ауылыңа, қосыңа жақын көрші келіп қоныстанса, оған ерулік беру рәсімін жасайсың, ол саған қарулық береді.

Егер,елден көмек күтіп,бір істі бітіргісі келсе, ол отбасы асар береді.

Соғым айында әрбір отбасы жақындарын, ағайындарын, көршілерін соғым басына шақырады.Сол сияқты: бастаңғы, құдайы нан беру,т.б. рәсімдер игілікке үндеп, инабаттылыққа тәрбиелейді.

Игілікті іс- әрекеттер қалыптаса келе дәстүрге айналады. Халықтың дәстүрге айналған қасиетті рәсімдері өте көп.

Түрлі рәсімдер ата мұра болып қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа мәдени үлгі, кейбіреулері тойға айналып кеткен. Тойлар - қарын тойдырып,көңіл көтеру үшін емес, әсіресе, жастарды әдептілікке, көпшілдікке , өнерпаздыққа, еңбекке, имандылыққа тәрбиелеу мақсатында өткізілетін халықтық дәстүрлер.

ІІ. Мағынаны тану.

Топтастыру стратегиясы бойынша қазақтың салт- дәстүрлерін топтастыру.

Соның ішіндегі шілдехана дәстүріне ерекше тоқталу.

Шілдехана

Шілдехана — халқымыздың қастерлі тойларының бірі. Шілдехана тойы қазақ халқының ежелгі дәстүрі бойынша нәресте қырқынан шыққан соң өткізіледі. Халықтың өз нанымы бойынша қыз бала қырық, ал ұл бала отыз күннен соң-ақ қырқынан шығарыла береді. Сөйтіп, өмірге іңгәлап келген жас нәрестенің буыны бекіп, сүйегі қатая бастаған шақта, ата-ана қуанышының айғағындай болған шілдехана тойы өткізіледі. Бұл жиында дүниеге келген нәрестенің өміріне құттықтау айтылып, оның бүкіл тіршілігінің қайғысыз-уайымсыз, жақсы өмір кешуіне жүрек жарды тілектер, жылы лебіздер білдіріледі. Оның ата-анасына да ізгі тілектер айтылады.

Қазіргі шілдехана тойына нәрестенің ата-анасының туған-туыстары, достары, еңбектес жора-жолдастары, көршілері, жалпы көңілі жақын адамдары шақырылады. Той алдын ала, белгіленген күннің, белгілі бір уақытында, күндіз не кешке басталуы мүмкін.

Отбасының қуанышын қызықты өткізу үшін алдын ала әзірлік жасаудың артықтығы болмайды. Бұл тойдың жинақы, мәнді де сәнді өтуіне бірден-бір ықпал етеді. Сондықтан тойды қалай бастап, қалай аяқтаудың да өзіндік мән-жайы барын есте ұстаған абзал. Ал оны жүргізушіге бұл ретте өте көп жүк артылады. Яғни тойдың қызықты да көңілді өткізілуі асабаға- тікелей байланысты болмақ. Сондықтан той басқару кез -келген адамға сеніп тапсырыла бермейді, тойды шебер басқару арқыл ы оны басынан аяғына дейін есте қаларлықтай қызықты етіп өткізіп, қонақтардың мамыражай көңіл күйде болуына салауатты жағдай жасай білетін адамды ғана таңдап алған жөн. Бойыңда осындай ұйымдастырушылық қабілеті бар асаба өнерден, ән мен жырдан хабардар болса тіпті жақсы. Шешен сөйлеп, жиналған қоңақтарды аузына қарата білетін, күмбірлетіп күй тартып, шырқата ән салатын адамдар ел ішінен әрқашанда табылады. Асаба той қыза келе өзара гуілдесіп кететін қонақтарды уысынан шыгармай, ән мен жырдың, өлең мен шырайлы сөздің әуенінде ұстай білетін болуы керек.


Бастаңғы





Ерулік

РӘСІМ



Асар

Базарлық

Әдет-ғұрып



ДӘСТҮР



Соғым басы

сәлемдеме




Бастаңғы

Әдептілік

негізі





Тойға айналған




Наурыз



Мүшел той



Сабан той



Тілашар

Бесік той




Шілдехана



Сүндет той


Тұсау кесер





ІІІ. Ой толғаныс.

1.Шілдехана - морфологиялық талдау жаса.

2.Тасымалдау түрлерін көрсет.

Шіл-де-ха-на:

1.Шіл-дехана

2.Шілде-хана

3.Шілдеха-на

3. Осы сөзді сэнкуэн әдісіне сал.

1.Не? Шілдехана

2.Қандай? Кішігірім, дайындықсыз

3.Не істеді? Өтті,тойланды, аталды.

4.Сөйлем. Кеше кішігірім шілдехана өтті.

5.Дәстүр.

Шілдехана. Топтастыру. Кері әсер парағын жинау.

Сабақты қорытындылау.



















































Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-496594

Похожие материалы