Инфоурок Начальные классы КонспектыРазработка по воспитание на тему "Ерлік -ел Мұрасы" 4 класс

Разработка по воспитание на тему "Ерлік -ел Мұрасы" 4 класс

Скачать материал

 

ЕРЛІК-ЕЛ МҰРАТЫ

Тақырыптық кешке арналған әдеби қойылым

       Сахна төрінде Абылай хан, Бөгенбай батыр, Қабанбай батыр, Наурызбай батыр, Райымбек батыр, Сыпатай батыр, Исатай батыр, Бауыржан батырдың портреттері ілінеді, ғимарат іші тарихи ерліктерге лайықталып безендіріледі.

        Мұғалімнің кіріспе сөзі: Құрметті  ұстаздар, оқушылар! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған  “ Ерлік-ел мұраты “ атты  ашық  шарамызды  бастаймыз.

        Қайран, қазақ елі... Жас ұрпаққа айта алмаған, жеткізе алмаған, жан дүниеңді дір еткізетін сырға, мұңға толы тарихи парақтары қаншама әлі. Оған куә мына жатқан кең сары дала, заңғар таулар, өзен-көлдер, құм-шөлдер, тарихи ескерткіштер: мазарлар, қираған ежелгі қалалардың орны. Қазақ халқы бұл дүниеде не көрмеді?  Сонау “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама“ заманынан бастап, қойша қырылған "қуғын-сүргін" жылдарына дейінгі аралықта халқымыздың осынау кең жаһан далада өмір сүруі, не жойылып кету қаупі тұрған еді. Халқымыздың тарихындағы аса бір қиын кезең жоңғар хонтайшыларының басқыншылық әрекеті еді. Қазақтардың руларға, жүздерге ыдырап бөліну кезеңін пайдаланып және жеріміздің байлығына қызыққан азулы жау бейбіт өмір сүріп отырған халықты қырғынға ұшыратты. Қазақ халқының жоңғарларға азаттық күресі барысындағы өте елеулі оқиға –1730 жылы Аңырақай шайқасы. Бұл шайқас көктемде Балқаш көлінің оңтүстік-батыс жағалауындағы Алакөл деген жерде болды. Оған қазақтың үш жүзінің жасақтары қатысты. Шайқасқа кіші жүздің ханы Әбілқайыр тікелей басшылық етті. Қаншама азапқа түсіп, қуғын – сүргінге ұшыраса да, қазақтың үш жүзі қайта бірігіп, жоңғарларға күйрете соққы берді. Бұдан кейін патшалық Ресейдің еліміздегі шырайлы егістік жерлерді күштеп басып алуға арналған отарлау саясатына қарсы күрескен халқымыздың қаһарман ұлдары: Сырым мен Кенесарының, Исатай мен Махамбеттің, Сыпатай батырлардың есімдерін мақтан етуіміз керек.

    Бөкей хандығында аса ірі халық – азаттық көтерілісін елге белгілі батырлар И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы басқарды. Бұл бай-манаптардың қара халықты қанауы, жоқшылықта күн кешуі ызаландырған халықты осы көтеріліске әкелген болатын. Көтеріліс басылса да ежелден еліміздің  тәуелсіздікті аңсағаны жүрек түбінде сақталған еді.

   Ал,Ұлы Отан соғысы тарихының беттерін парақтаған адам жеңіс сағатын соқтыруға Қазақстанның қосқан үлесі телегей - теңіз екенін байқар еді. Осы бір аяқ астынан басталған әділетсіз арпалысқа Қазақстаннан 2 миллионға жуық түрлі ұлт өкілдері әскер қатарына шақырылды. Майдан даласынан 394 мың қазақ боздақтары қайтпай қалды. Бұл соғыс қайғы - қасірет әкелмеген бірде - бір отбасы болмады... Бірінің әкесі, бірінің ағасы қаза тапты. Қаншама жас боздақтардың қыршын жасы қиылды...

    Осы қазақ халқының жері, болашағы үміті үшін желтоқсанда жас өмірін жалау еткен қазақтың ұл-қыздары Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатайұлы, Ляззат Асанқызы, Сәбира Мұхамеджанқызының аттарын атап айтпай кетуге болмас. Олардың аңсаған армандарымен үміт тілектері бұл күнде толық жүзеге асты. Қазақ елі тәуелсіздігін алды. Туымыз асқақтап желбіреп тұр. Бір ғана өкініш бар, ол азаттық үшін жан аямай алысқан, сол боздақтардың кейбірінің бүгінгі бақытты сәтімізді көре алмауы.

 

Тарихшы:  Гүлназ

   (Тарихшы мен жыршы сөзіне сәйкес кино-кадрлар көрсетіледі.) Қазақ елі-сонау Алтайдан Пиренейге дейін билік еткен ер Еділ батырдың елі. Қазақ елі-асқан батырлығымен, ақыл-парасаттылығымен Египет еліне билік жүргізген Бибарыстың, Үндіні билеген Бабырдың елі.

 

 

Жыршы:  Абылайхан

Қазақ жері-қонақжай төрдің жері,

Қазақ елі-қас сақтай ердің елі.

Елі кедей болмаған-жері байтақ,

Еділ ердей, Бабырдай шерлер елі.

 

Азат бүгін байлыққа тұнған жерім,

Азап жүгін, ел жауын қуған ері.

Әділет пен бірлікке жанын қиып,

Әділ өткен билердің туған жері.

 

Аягөз

Қазақ жері көп шеккен қасіретті,

Қазақ ері-өнерлі,өсиетті,

Египетті билеген Бибарыстың

Елі-текті, киелі, қасиетті.

 

Қорлаған жау-басқыншыны халыққа мұң,

Қорғаған ер-ойлаушы халық қамын.

Қобыланды,Ер Тарғын, Алпамыстар...

Қорғап қалды ел бағын алыптарым!

 

Тарихшы: Гүлназ

    1723 жыл.Ел жайлауға көшіп жатқан кез. Алтайдан Атырауға дейін тыныштық орнатқан қазақ елі.Қаннен-қаперсіз, шат-шадыман жаз жайлау қызығын көруге бет алғанда, Жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап, қазақ халқын қан жылатты. Дүрліккен ел шұбыра қашып, табаны езіліп, шұбырынды халық ақ табан болды. Аңдыздаған жұрт Алқа көлге аялдап, қасиетті Қаратауға бас сауғалады. (Зарлы әуен. «Елім-ай» хоры айтылады.)

 

 

 

Зар: Сағынбек

Қаратаудың басынан көш келеді,

Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.

Қарындастан айырылған қиын екен,

Қара көзден мөлтілдеп жас келеді.

Тарихшы:  Тамерлан

    Қаратаудың баурайында қалың қазақ бас қосты. Елдің елдігін, ердің ерлігін соңғы рет сынайтын күн туды. Жауға соққы беріп, жалпы жұртты аман алып қалу үшін, данышпан ата Төле би батырларды батылдыққа, елді бірлікке шақырды.

Жыршы:   Айсұлу

   «Даудан қашық жүріңдер, дүрлікпе тек! Жаудан қашып, қор болып үрікпе»-деп, Біріктірді қазақтың Төле биі:

«Бақыт, жеңіс, азат күн-бірлікте!»-деп.

Көрініс көрсету.

  «Заман ағысы»

1 көрініс

Төле би отырады, оған 4-5 жасар бала жетектектеген кемпір келеді.

Кемпір: Уа би мен сұлтан, датым бар. Мына шикі өкпені алдарыңа әкеп тұрмын. 

Төле би: Жөніңді айт кейуана.

Кемпір: Орта жүзде Найман ішінде Садыр деген ел едік. Кеше кешқұрын ауылды жау шауып, Жомарт деген батырымызды тоғыз баласымен өлтіріп кетті. Ауылды түгел қырды, мына баланы қазан астына жасырып алып қалдым. Рулы елдің артында қалған жалғыз тұяққа сәлеміңді, батаңды бер.

Төле би: Уа жалғыз тұяқ, ғұмырың ұзын болсын, қызыр бабаң қолдасын, бердім батамды. Аумин!

 

Тарихшы:  Тамерлан

 «Алтау ала болса ауыздағы кетеді,төртеу түгел болса,төбедегі келеді». Тұрған жерін тұрақтаған тұғыры берік ел едік, іргемізді ірітпей, бір жеңнен қол шығарып, бір жағадан бас шығарып, атам қазақтың абыройын сақтайық!»-деді Төле бабамыз. Кіші жүзден кісілігін танытқан Әйтеке би, орта жүздің ордасын тіккен Қазыбек би ұлы жүздің ақсақал биінің билігіне бас иіп, елді біріктірді.«Жүзге бөлінгеннің жүзі күйсін»,-деді олар. Кең пейілді, бауырмал халық бір тудың астында «Сабалақ батыр» аталған Абылайды хан көтерді.

Жыршы:  Алина

«Абылайлап», Сабалақ қол бастады,

Абылай хан аталып,ел басқарды.

Ерлігінен хандардың басталады

Егемендік,елдіктің сел бастауы.

Тарихшы:   Айбек

  «Ат ауыздығымен су ішкен, ер етігімен су кешкен» заман болды. Қалың елді қара керей Қабанбай,қанжығали Бөгенбай, шапырашты Наурызбай батырлар бастап, азулы жауды Аңырақайда аңыратып жеңді, Райымбек сияқты киелі  батырлар кейін шапқан кесепат жауды қасиетті қазақ жерінен біржола қуып тастады.

Жыршы:  Арина

Ер елінің Қабанбай тірегі боп,

Өреннің мақтаныш,жігері боп.

Ерлік сапта жүр мәңгі өзі бастап,

Әр ұрпаққа күш берер жүрегі-от.

 

Әнес

Етсе егес Бөгенбай дана батыр,

Өткен емес кек алмай дара батыр.

Айбары боп елдіктің-ердің ісі,

Айғағы боп ерліктің дала жатыр.

 

Малика

Райымбек әулие-қасиеттім,

«Құдайым!»деп жаулары бас иетін.

Балалары батыр боп орындайды

Бабалардың өнеге өсиетін.

(Батырлық жырлардан үзінділер айтылады.)

 

Тарихшы:  Інжу

   Қаралы қалмақ қырғыннан соң, ес жиған елді есеңгіреткен, ердің намысын өртеген тағы бір оқиға-Қоқан хандығының жүгенсіздігі болды. Халық батырлары ел намысын қорғады.Елім деп туған ер Сыпатай халық бірлігін қорғап, достық туын көтерді.

 

Жыршы: Берекет

«Мықтымын»-деп қоймаған қоқаңдауын,

Ықтырды көп Сыпатай Қоқан ханын.

Ойран етті ниетін басқыншының,

Ойлап өтті бірлікті-Отан қамын.

 

Тарихшы:  Айбек

   XVIII-XIX ғасыр.Қазақ билері мен хандары иек артып,көмек күткен орыс патшалығы бірте-бірте өз мақсатын орындап,қазақ жерін отарлап,қазақ елін аздыра бастады.Ел ішіне ірікті салып,зымияндық саясатпен ел бірлігіне, ұлттық қасиетімізге, тіліміз бен дінімізге,кеңдігіміз бен елдігімізге кесір келтірді. Оған қазақ щаруалары ызаланып,кек көтерді. Исатай мен Махамбет бастаған ел көтерілісі,сәтсіз болса да,ер намысының айғағы еді.

(Құрманғазының «Кішкентай» күйі тартылады,ортаға жыршы шығады.)

 

 

 

Жыршы:  Асылан

Орнатам деп,Исатай бостандықты,

Ордадан-кек,құптауды достан күтті,

Жаңғырған мұң-шаруа күресінен

Жәңгір хан мен ақ патша жасқаныпты.

(Махамбеттің «Ереуіл атқа ер салмай» жыры айтылады.)

Аңсар

Ереуіл атқа ер салмай

Егеулі найза қолға алмай

Еңку-еңку жер шалмай

Қоңыр салқын төске алмай

Тебінгі терге шірімей

Терлігі майдай ерімей

Тебінгі теріс тағынбай

Темірқазық жастанбай

Қу толағай бастанбай

Ерлердің ісі бітер ме?

 Көрініс. «Ер Махамбет» 

   1836-1838 жылдар Бөкей Ордасындағы Исатай мен Махамбет көтерілісі.

(Сахнада Жәнгір хан отырады. Бөкей ордасы 1836-1838 жылдар)

Жәңгір хан: Уа, Махамбет, ел ішіндегі орақ ауызды ақын едің ғой, мені мақтап өлең айтшы.

Махамбет:

Айтсам айтайын!

Хан емессің қасқырсың!

Қас албасты басқырсың,

Дұшпаның сені табалап,

Достарың сені басқа ұрсын.

Хан емессің аярсың,

Айыр құйрық шаянсың-

 деп, айта бергенде Жәңгір хан: - Тоқтат! Жетеді енді.

 (Осы кезде Жәңгір хан уәзірлеріне ұстаңдар деп бұйрық береді) 

Тарихшы:  Сауық

  1941-45жылдар.Адамзат тарихында болмаған алапат соғыста бірлік, достық жолында жан қиған қазақ батырлары фашизмнен бүкіл адамзаттық азаттықты қорғап,ерекше ерлік көрсетті.Жүзге тарта қазақ қаһармандарына Кеңес Одағының Батыры деген абыройлы атақ берілді. Батырлықты батырлардың батыры Бауыржан Момышұлы бастады.

Жыршы:   Әсел

Тоқтаровтай батырлар неткен жалын!

Оқтан ықпай,елім деп төккен қанын.

Батырларым жалынын жалаулатып,

Жатыр мәңгі аялап еккен бағын.

 

 

Абылайхан

Бауыржандар Мәскеуді қорғап қалған,

Бауырмалдар жауға елді қорлатпаған.

Жатыр бүгін жалын боп алыптарым,

Батырлығы бағым боп орнап қалған.

 

Даурен

Отанға жаулар қаптады

Опасыз жаулар тапталды

Қасиетті жер үшін

Қастерлеп батыр елі үшін

Әлия, Мәнүшк, Төлеген

Жаулардың көзін жойды олар

 

Алина

Қорған болған елінің елдігіне,

Батырлардың бас идік ерлігіне!

Ұрпақтары қаһарман бабалардың

Тәуелсіздік қамалын көрді міне!

 

Тарихшы:   Тамерлан

   1986жыл.Желтоқсанда отты оқиға болды.Елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға шықты.Желтоқсан желі дауылға айналды.Өрттей қаулаған өжет жастар ұлттық намыс құдыретін әлемге паш етті. Олар «Тәуелсіздік керек!», «Қазақ халқының өз көсемі сайлансын!» - деген тілек білдірді.

    Себебі, сол кезде Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың орнына Кеңестер Одағының коммунистік партиясы Разуловскийдің ұсынысы бойынша Колбинді тағайындаған. Республика жұртшылығы бұл адаммен мүлдем бейтаныс болатын. Колбиннің жоғары басшылыққа тағайындалуы сылтау ғана еді. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Оларға желтоқсанның ызғарлы күнінде зәбір көрсетілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп шеруге шыққан жастарға бұзақылар, ұлтшылдар, нашақорлар деген кінәлар тағылды.

 

Жыршы:  Айбек

«Қазақ елі хан сайлар зор данасын,

Ғажап елді келімсек қорламасын!»-

Деп Қайратты көтерді намыс туын,

Кек қайнатты өрт толып Орда басын.

(«Желтоқсан желі» әні айтылады.Желтоқсан оқиғасына байланысты кинокадрлар көрсетіледі.)

Ән: «Желтоқсан желі»

Әнес

   Желтоқсанда құрбан болған Қайрат Рысқұлбековтың, Ербол Сыпатайұлының, Ләззат Асанованың, Сабира Мұхаметжанованың ерліктері ұмытылмақ емес. Олардың тәуелсіздік жолында құрбан болғандары бүгінгі ұрпақ үшін аңыз, ерен ерлік.

    Желтоқсан оқиғасынан кейін арада бес жыл өткенде, яғни 1991 жылы Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін жариялады. Ата-бабаларымыздың аңсаған армандары орындалып, қазақ елі өз алдына дербес мемлекет болып құрылды.

 

Айсұлу

Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған,

Жете алмай құрбан болды қанша адам.

Махамбеттер, кешегі өткен Қайраттар

Әр кезінде сен деп ерлік жасаған.

 

Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы

Ол әркімге еркін өмір сыйлады.

Жастарымыз алға шығып елімде,

Жақсы атақ пен нұр шапағын жинады.

 

Жаңа ғана қазағымның таңы атты

Алу мақсат ел деп алғыс сауапты

Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам,

Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты.

Аягөз

    Қазақ елінің тұңғыш президенті, елбасы болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бір дауыстан сайланды.  Егеменді елдің өз Туы, өз Елтаңбасы, Өз Әнұраны бекітілді.

    Қазақ елінің Туы. Қазақ мемлекетінің туы көк түсті. Ол халқымыздың бірлігін көрсетеді. Көшпеділер космосы-көк аспан. Көк аспан мен қара жер барлық тіршілікті көрсетеді. Күн – көшпенділердің өмір белгісі. Таудағы дала бүркіті еркіндіктің белгісі. Қазақ елі дала бүркіті сияқты тәуелсіз әлемдік өркениет биігіне ұмтылады.

Берекет

    Қазақ елінің Елтаңбасы. Қазақ елінің Елтаңбасында шаңырақ бар. Шаңырақ ұғымы- үлкен үй дегенді білдіреді. Осы үлкен үй барлық еншілес халыққа бақыт тілейді. «Ортақ шаңырақ-биік, ортақ-босаға берік болсын дегені» Елтаңбада қос пырақ бар. Ат-адамның қанаты. Елтаңбаның жоғары жағында елдің аты жазылған. Тәуелсіз мемлекетіміз бес құрлыққа есігін кең ашса, ол бірге тірлік, іс жасағымыз келетіндігін көрсетеді.

Малика

Бағым жанып көкке туым көтерілді,

Елтаңбам төрде, әлемге танылды анық.

Шырқадым бар дауыспен Әнұранды,

Арманым – Ата Заңым қабылданып.

 

Ана тілім тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сөз ойдағы.

Өссе тілім, мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.

Әсел

    Ұлттық теңгеміз. Әрбір дербес мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін басты белгілерінің  бірі – ұлттық ақшасы. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін өз ақшасын шығаруды қолға алды. Сөйтіп, 1993 жылдың қараша айынынан  бастап, өз теңгеміз айналымға түсе бастады.

     1997 жылдың желтоқсаныныда ҚР-ның Президентінің жарлығымен ел астанасы Алматыдан Ақмолаға ауыстырылды. Астана атын Ақмола 1998 жылы алды. Қазір Астана Ертөстік сияқты сағат санап өсіп келе жатқан Ару қала.

Арина

Есілдің жағасына қонған қалам

Жүрегі қазағымның болған қалам

Күн санап ертегідей өскен қалам

Жайнашы, жайнай берші, нұрлы Астанам!

Сауық

Достық пейіл -  татулықтың тірегі

Біздің халық бейбіт өмір сүреді

Бар әлемді бір өзіне қаратқан

Елордамыз – Еуразия жүрегі

Ән «Елім менің»

Мұғалім сөзі:

 

Бақыт деген келер дәйім күреспен

Бақыт үшін қарт-бабалар күрескен

Бақыт үшін арпалысты әкелер

Тек бақытқа қол созумен ұл өскен

 

Қуаныштан қалай кеуде кермеспін

Бұл күнімді бір ғасырға бермеспін

Ақ түйенің қарны, міне, жарылды

Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін

 

Армандарды жақындатып тым алыс

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс

Егемендіе-ел бақыты, ертеңі

О,Халайық

Құтты болсын қуаныш!

 

Осымен 4 «а» сынып оқушылдарының «Ерлік ел мұраты» атты тәрбиелік шарасы аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Разработка по воспитание на тему "Ерлік -ел Мұрасы" 4 класс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Кризисный психолог

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 866 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.10.2015 811
    • DOCX 28.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ескалиева Шолпан Ерболовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ескалиева Шолпан Ерболовна
    Ескалиева Шолпан Ерболовна
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7427
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Программа работы с неуспевающими и слабоуспевающими учащимися старшего дошкольного и младшего школьного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 131 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 259 человек

Курс повышения квалификации

Методика повышения техники чтения у младших школьников с ОВЗ

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 103 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 414 человек

Курс повышения квалификации

Ресурсы библиотерапии в работе с детьми дошкольного и младшего школьного возраста

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 49 человек

Мини-курс

Методология физического воспитания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инновационные технологии в краеведческой и географической работе со школьниками: применение туристических приемов для эффективного обучения

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Успешая команда: опросы, сторис

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе