Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Разработка по воспитательной работе на тему "Ауған ақиқаты"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Разработка по воспитательной работе на тему "Ауған ақиқаты"

библиотека
материалов

hello_html_m7bc8354f.gifСОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

АЙЫРТАУ АУДАНЫ

КММ «ЕГІНДІ-АҒАШ ОРТАЛАУ МЕКТЕБІ»









Тақырыбы: «Ауған ақиқаты»














Өткізген: М.Д. Кожабеков








2015 жыл


Тақырыбы: «Ауған ақиқаты»

Мақсаты: «Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу.
Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отансүйгіштікке, ерлікке баулу,
Отан қорғау әр азаматтың қасиетті борышы екендігін оқушылар түсінігіне жеткізу. Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету».

Көрнекіліктер: тақырып жазылған плакат, ерлік туралы мақалдар, безендіруге арналған шарлар.

Жоспары:

І. Алғы сөз.

ІІ. Мемлекеттік Әнұранды орындау.

ІІІ. Мектеп директоры сөз сөйлейді.

ІV. Ауғанстан соғысы тарихына қысқаша мәлімет.
V. «Бірі білсе, ерлігін бірі білмес». Ауған соғысының ардагерімен сұхбат.
VІ. “Ойлан тап” жұмбақ жарысы.

VІІ. Қорытынды.
Барысы:

Ербол:

«Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Биыл Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 26 жыл толып отыр. Осындай атаулы күнде ортамызға Ауған жерінде ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлесіміз Хамзенов Жұмабай Жанғожаұлын шақырдық. Интернационалист-жауынгер ағамыздың құрметіне арналған «Ауған ақиқаты» кездесу кешіне қош келдіңіздер!»


Кездесу кешімізді Мемлекеттік Әнұранды орындаудан бастамақпыз.
Назкен:

Сөз кезегі мектеп директоры Алтынжан Тіржанқызына беріледі.

Назкен:

«1979 жылы 12 желтоқсанда Кеңес Одағы басшыларының шағын тобы Л. И. Брежнев, Ю. В. Андропов, М. А. Суслов, Д. Ф. Устинов, Н. А. Громыко Ауғанстанға Кеңес әскерін енгізу туралы шешім қабылдады. Сөйтіп 1979 жылы 25 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғанстан шекарасынан өтіп онда соғыс қимылдарын жүргізді. Ауғанстан жерінде интернационалдық борышын атқарған Қызыл Армия жауынгерлерінен басқа да, көптеген қауіпсіздік қызметінің және ішкі істер органдарының қызметкерлері де болды. Қазақстаннан Ауған соғысына 22 000 адам қатысты».

Ербол:

«Ауғанстан туралы біз не білеміз? Ауғанстан бұл ертеден қалыптасқан мұсылман мемлекеті. Тілі мен тілегі бөлек, ой - шұңқыры таныс емес осынау жат елде әскери жауынгерлер иығына ел басшыларының саяси қателігінің зіл салмағы түсіп еді. Тоңмойын тоталитарлық саясат Ауғанстанда гүлденген өңір, мамыражай өмір жасаймыз деп жергілікті жұртшылықты үгіттеумен болды. Осы мақсатты ауыл – қышлақтарға үгіт бригадалары барып жұмыс істеді. Экономикасы құлдырап, мешеу қалған, аштық пен ауру жайлаған бұл елдің халқына гуманитарлық жәрдем көптеп жасалынды.»

Бөгенбай: «Қан майданда қан аққан бұлақтардан,

Қанды кешіп жүреді алда ерлер.

Міне, бүгін сіздерге жыр ақтарам,

Ассалаумағалейкүм, ардагерлер.

Соқыр билік тұсында сумаң қаққан,

Соғыстар аз болғандай, ғасыр дерті.

Ауғанның көк аспанын тұмандатқан,

Сұрапыл майдан бопты қасіретті.»

Назкен:

«Бұл соғыстың абырой әпермейтінін түсінген Кеңес үкіметінің басшылары Ауғанстандағы барлық әскерді екі жылдың ішінде алып шығу туралы бір шешімге келді. 1986 жылдың ақпанында болған КОКП ХХVІІ съезінде М. Горбачев әскерді кезең - кезеңге бөліп, ауған жерінен шығару керектігін мәлімдеді.

Он жылға тарта созылған бұл соғыстың 1989 жылы 15 ақпанда генерал Борис Громовтың 40-шы армияны Ауған жерінен алып шығарғанымен аяқталғаны мәлім».

Ербол:

«Шын мәнінде оқиға басқаша болған. Соғыс бітсе де шекаралар мен негізгі құрамалар қалдырылған. Соңғы шығушы қазақстандық офицер Виктор Харичев басқарған шекарашылар. Олар ешқандай сән – салтанатсыз, құшаққа алған гүлдерсіз Ауған жеріндегі соғыстың ақырғы нүктесін қойды. Өкінішке орай бұны әркім біле бермейді. Бұл соғыста Кеңес әскерінің 14453 адамы құрбан болған. Қазақстандықтардан 761 адам қаза тапты, 1015 жауынгер мүгедек болып қайтты, 21 адам хабарсыз кетті.»

Бүгінгі таңда елімізде 10000 - ға жуық ауған соғысының ардагерлері бар. Олардың 3000 - дайы мүгедектер қатарында.

«Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың ауған соғысы туралы: « Ауған соғысында қыруар қаржы шығындадық, мыңдаған өмір қиылды, бәрібір кеңес әскеріне бұл елді тастап шығуға тура келді. Халық үшін бұдан асқан қасірет бар ма?» - деген ойлы сөзі бар».

Кәмиля: «Не болды екен, көңілім тыншымайды,

Кім болады екен басатын гүл – шырайды

Енді ғана нұрланған бұл өмірдің

Ақ жолынан алыста жүрші, қайғы?!

Үзілді гүл бүршік атқан жаңадан

Қиылды өмір енді ғана жаңарған

Наз көңілдер су сепкендей басылды,

Төгілді жас жабырқаулы жанардан.»

Назкен:

«Бітпейді соғыс салған салдарлары,
Бейбіт күн адамзатқа арман ба әлі
Қырық бірдің отты жылы көнергенде
Жаңғыртты жолсыз жанжал Ауғандағы
Таулы аймақ Кабул, Баграм, Қандагарда
Өлім сеуіп ұлыған қанды аралда
Он сегіз – жиырмадағы боздақтардың
Көрсеткен ерлігінде сан болар ма».
Ербол:
«Бауырым, сен де соған барып қайттың
Кеудеңе орден, медаль тағып қайттың
Тілейміз енді соғыс болмағанын
Жат жерде жансыз дене қалмағанын
Ұрпағымыз бейбіт күн еңбек етіп,
Ашық аспан астында самғағанын !»


Назкен: Ендігі кезекте оқушылар ардагерімізге өздерінің ойларында жүрген сұрақтарын қояды.


Оқушы №1: - Қазіргі бейбіт заман сарбаздарынан қандай батырлық, ерлік қасиеттерін көріп жүрсіз?
Оқушы №2: - Өз тәжірибеңізден қазіргі жастар өз елінің патриоты ретінде қандай болу керек деп ойлайсыз?
Оқушы №3: - «Ерлік», «батырлық», «жауынгерлік» ұғымдарын жастар арасында қалай насихаттаған дұрыс деп ойлайсыз?

Назкен: «Құрметті ардагер, біздің Сізге арнайы тапсырмамыз бар. Сіз Ауған соғысынан аман есен қайтып келген жауынгерсіз, сізге мұғалім болыңыз деп ұсыныс жасалынып, Сіз Алғашқы Әскери Дайындық пәнінен сабақ беріп жүрсіз дейік, сол сабақтың басындағы ұйымдастыру кезеніңде саптық тәртіптерді орындату негізінде 1-2 оқушы шақырып осы командаларды орындатып көріңізші.»



Инабат: «Тастаған енді ер жетер шақта қырып,

Кектерін олар үшін заман алар.

Кебенек киген ұлын аттандырып,

Қабірін құшып қалған аналар бар.

Қарғыс атқыр, бағасыз арық қойдан

Сұм соғыс ғазиз жанды опырады.

Ауғанда неше боздақ қалып қойған

Бұйырмай туған жердің топырағы.»


Ербол:

Құрметті ардагер ендігі кезекте келешегіміз бен жарқын болашағымыздың жасаушысы, 9 сынып оқушысы, жалындаған жас ақын Тулеуова Сандуғаштың арнауын қабыл алыңыз.


Назкен:

Кезекте “Ойлан тап” жұмбақ жарысы. Құрметті ардагер сізге соғыс қаруларына қатысты біршама жұмбақтар жасырдық. Енді, сол жұмбақтарды шешіп көріңіз.
Ербол:

Белі бүкір, алысқа түкір. (мылтық)
Назкен:

Жылт-жылт еткен, жырғадан өткен. (мылтық оғы)
Ербол:

Тиіп кетсе тырс етіп қақ жарылған,
Бар тетігі адамзатқа бағынған
Мерт қылады жақын келген нәрсені
Қастық қылса, жаудың жайы табылған. (бомба)
Назкен:

Сырты ағашпен қабатталған
Ілініп бір бөлшегі салақтаған,
Асылды ішіндегі алсаң тартып
Тіліндей сұр жыланның, жалақтаған. (қылыш)
Ербол:

Өмір-өмір, өмірден
Жаққан оты көмірден
Шыңырау деген бір құс бар,
Жұмыртқасы темірден. (оқ, мылтық)
Ербол:

Осылайша, біз ардагеріміздің тапқырлық білімін сынап көрдік.


Ыбырай: «Талассын таңы, күніменен бірге шағылсын,

Бейбітшіліктің жұлдызы көктен ағылсын.

Жұдырықтай боп жұмылған ғаламшарымның

Басынан тайсын бар жамандығы, арылсын

Әлемнің жаны, бір болған тілегі,

Тек бейбітшілік деп соққан жүрегі

Қиыншылықта біріне бірі сүйеніш,

Болса екен деймін әрі қолдаушы, тірегі ...»


Қорытынды:

Назкен:

«Өтер жылдар, айлар тағы алыстап
Тағдыр талай тауқыметін табыстар.
Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың
Ауғандағы азап шеккен арыстар - деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді. Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктері, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері ұмтылмақ емес.
Бүгінгі «Ауған ақиқаты» атты кездесу кешіміз аяқталу сәтіне жетті.»

Ербол:

Жұмабай Жанғожаұлы Сіздің отты жылдардағы ерлігіңіз ешқашан ұмытылмайды! Отанды қорғау, Отанға деген махаббат, патриоттық сезімнің шынайы үлгісін көрсете білдіңіз. Келешек ұрпақ сіздің ерлігіңізді үлгі тұтады. Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат тілейміз. Жас ұрпақты тәрбиелеу барысындағы игі істеріңіз жоғарыдан көріне берсін! Кешімізе келіп, көріп қатысқаныңызға алғыс айтамыз. Сау болыңыздар.




Краткое описание документа:

1979 жылы 12 желтоқсанда Кеңес Одағы басшыларының шағын тобы Л. И. Брежнев, Ю. В. Андропов, М. А. Суслов, Д. Ф. Устинов, Н. А. Громыко Ауғанстанға Кеңес әскерін енгізу туралы шешім қабылдады. Сөйтіп 1979 жылы 25 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғанстан шекарасынан өтіп онда соғыс қимылдарын жүргізді. Ауғанстан жерінде интернационалдық борышын атқарған Қызыл Армия жауынгерлерінен басқа да, көптеген қауіпсіздік қызметінің және ішкі істер органдарының қызметкерлері де болды. Қазақстаннан Ауған соғысына 22 000 адам қатысты».

Ербол:

«Ауғанстан туралы біз не білеміз? Ауғанстан бұл ертеден қалыптасқан мұсылман мемлекеті. Тілі мен тілегі бөлек, ой - шұңқыры таныс емес осынау жат елде әскери жауынгерлер иығына ел басшыларының саяси қателігінің зіл салмағы түсіп еді. Тоңмойын тоталитарлық саясат Ауғанстанда гүлденген өңір, мамыражай өмір жасаймыз деп жергілікті жұртшылықты үгіттеумен болды. Осы мақсатты ауыл – қышлақтарға үгіт бригадалары барып жұмыс істеді. Экономикасы құлдырап, мешеу қалған, аштық пен ауру жайлаған бұл елдің халқына гуманитарлық жәрдем көптеп жасалынды.»

Автор
Дата добавления 04.05.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров222
Номер материала 264619
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх