Инфоурок Классному руководителю КонспектыРазработка родительского собрания на тему "Жасөспірім агерссиясы: проблема, ізденіс, шешім"

Разработка родительского собрания на тему "Жасөспірім агерссиясы: проблема, ізденіс, шешім"

Скачать материал

Тақырыбы: «Жасөспірім агрессиясы:проблема,ізденіс,шешім»

Мақсаты:

Балалардың агрессиялық және қатыгездік  іс-әрекеттерінің себебін анықтау.агрессияның алдын алу.

Қатысушылар:ата-аналар, мұғалімдер.

Сабақ барысы:

Саламатсыздар ма,құрметті ата-аналар , әріптестер!

Бүгінгі жиналысымыздағы кездесуіміз жемісті болады деп ойлаймын.

Бәрімізде махаббатқа толы ,тыным таппас жүректеріңіз бар, барлығымызды балаларымыздың жетістіктері және өмірде өз жолын  тапсын деген ой мен  толғаныс байланыстырады.Ал сол балаларымыз осы дәрежеге жету үшін, проблеманы дер кезінде байқап ситуацияны ұстай алу және балаға қажетті көмек пен қолдау қажет. Назарларыңызды экранға аударып ситуация бойынша  қарап проблеманы анықтайық.

Суреттер көрсету

Видеоны көрсету

Ал құрметті ата-аналар, әріптестер ,сынып жетекшілер,бір жасөспірім басқаға қатысты қандай іс-әрекеттер көрсетіп отыр?

1. Ашу ыза

2.Шыдамдылық

3.Агрессия

Сонда бізде қандай проблема туындап отыр?

Жасөспірім агрессиясы

Жер бетінде сүю қабілеті тек адамға тән; егер ол сол сүю қабілетін өмірде қолдана алмаса,ол ашу-ызаға, қатыгездікке  бой алдырып, тек жек көру қабілеті ғана қалыптасады. Бұл тәсілді ол жетекшілікке алып, өзінің жан ауруынан қашады.
                  Неміс әлеуметтанушы, философ Эрих Фромм

Агрессия түрлері

Агрессиялық іс-қимыл- бір адаммен (агрессор) қасақана басқа адамға (жәбірленушіге) зәбір көрсететін кездегі байланыс.

Агрессия – басқа тірі жанға сөзбен қорлау немесе зәбір көрсетуге бағытталған қандайда іс-қимыл түрі; өзінің іс-қимылы арқылы агрессор қасақана жәбірленушіге шығын келтіреді.

Агрессор – басқаға қасақана зәбір көрсетеді: үстінен күледі, төбелеседі, заттарын құртады, т.б.

Жәбіренуші – агрессордан қасақана зәбір көретін адам.

Көрермендер – агрессивті іс-қимылдың күәгерлерінен тұратын бір топ оқушылар; өздері  агрессивті іс-қимылды бастамасада, агрессордың іс-қимылын бақылап, жәбірленушіні қорғамай, кейде көмегін тигізеді.

Жасөспірім агрессиясы.қатыгездігі өте маңызды және қиын.Бұл өзекті мәселе тек дәрігерлерді,педагогтарды,психологтарды ғана емес ,жалпы қоғамды да  толғандырады. Себебі  мұндай тәртібі бар оқушылар жылдамдықпен өсіп, оқу процесіне деген оқушының көзқарасына үлкен септігін тигізуде

.Өкінішке орай бүкіл құбылыстар ортамызда үлкендердің ,біздің балаларымыздың арасында өмір сүріп келеді. Сонда бұл құбылыс және ол туралы айтуымыз қажет пе? Ал ондай болса жасөспірім агрессиясына не әсер етеді  және біз,үлкендер,балаларымызға осы мәселені шешуге қандай көмек көрсете аламыз.

Статистика бойынша тек орта және жоғарғы буындағы оқушылар арасында ғана емес ,бастауыш сынып оқушыларынды,тіпті мектепке бармаған  балалардада  агрессиялық мінез құлықтың өсуі дәлелденіп отыр.

Бұл статистика немен байланысты екен?                         

  Анкета жауабы 2-4 сыныптар.:
• 12% - физикалық агрессиясы
• 90% - жоқ
coққан жоқ. 
• 20% - иә ата анам жазалайды ;
 
• 50% - з\з сынып сағаттарын өткізу керек; жасырын бейнекамерасы болса екен.
 
• 50% - оқушылардың тәртібіне талапты күшейту;
 
• 90% көмек көрсету орындары қажет
 

Кішкентай агрессорлар қайдан пайда болды?

Бұл  агрессиямен  қалай күресуге болады?

Осы сұрақтарға  біз сіздермен топпен жұмыс барысында  бірге жауап беруге тырысып көрейік.

Сіздердің жауаптарыңыз бойынша біз мынаны анықтадық:баланың агрессиясына

Телевиденияның   әсері.

Интернеттің әсері.

Отбасының тәрбиесінің әсері.

Ал баланың агрессиясын қандай критерийлер арқылы білеге болады.

Жиі өзін ұстай алмайды.

Жиі үлкендермен ұрысады.

Жиі ережелерді орындаудан бас тартады.

Жиі қасақана ашуландырады.

Жиі өзінің қателіктеріне басқаларды кіналайды.

Жиі кек сақтағыш.

Жиі көре алмаушылық басым.

Осы мәселердің ішіндегі отбасылық тәрбиеге тоқталайық. Көбінесе балалар агрессияның себебіне отбасылық жағдай үлкен әсерін тигізеді.

1.Күнделікті өмірде отбасы мүшелерінің агрессиялық іс әрекет: ұрыс керіс,балағаттау, бір-бірін кемсіту,кінәләу,намысына тию.

Психологтардың ойы бойынша бала өзінің агрессиясын күнделікті үлкендердің агрессиясын көрген жерде көрсетеді екен.

2.Балаларды тәртіп нормаларымен ережелерін үйретуде ата-аналардың жүйелілігі  жоқтығы.Ата-ананың өзіне ыңғайлы тәртіп жолдарын үйретеді.\шыдамсыздық,сөйлеуден бас тарту,т.б\

Бқл әрекеттер баланы қатыгездікке,ата-аналарға және басқа адамдарға деген агрессияға алып келеді.Не себеп  отбасындағы агрессияны қалай шешуге болады?\ата-аналар пікірі.\

Тәрбиенің тоғыз «Егер ....»

1.    Егер баланы әрдайым сынаса, ол жеккөруді үйренеді.

2.    Егер бала қастықпен өссе, ол агрессияға үйренеді.

3.    Егер  баланы кемесітсе, ол тұйық болып өседі.

4.    Егер баланы  әрдайым кінәләса, ол кінәлі сезіммен өмір сүруді үйренеді.

5.    Егер бала шыдамдылықпен өссе, ол басқаларды түсінуді үйренеді.

6.    Егер баланы  қолдаса, ол өзіне сенуді үйренеді.

7.    Егер баланы мақтаса, ол қайырымды болуды үйренеді.

8.    Егер бал шындықпен өссе,  ол әділ болуды үйренеді.

9.    Егер бала қауіпсіздікте өмір сүрсе, ол адамдарға сенуді үйренеді.

Қандай жағдайда да,өзіміздің агрессиямызды,балаларымыздың агрессиясын шешуге бар күшімізді салғанымыз дұрыс.

Балалардың өзін өзі ұстауына,іс-әркеттеріне үлгі болатын –ол ата- аналардың өзін өзі ұстай білуі.Ашу ызадын  құтылу жолдарын сіздерге біліп ,өмірде қолданатын шығарсыздар.Сол рецептімен бөлісейік.

Рецепт

Мазмұны

Орындау жолдары

\ата-аналар толтырады\

1

Сізбен сенімді және жайдары сезіну үшін,балаңызбен қарым-қатынасты дұрыстаңыз.

 

2

Балаңызды позитивті формада ашу-ызасын шығаруды үйретіңіз.

 

Ал өзіміздің ашу - ызамыз келіп тұрса қалай шығарамыз

.\ата-аналар жауабы\ Ата-аналар  денесіндегі ашу ызасын  қашыру:айқайлау, шапалақ ұру, жұдырықты қатты жұму, аяқ ұшымен созылу.

Канекей осы жерде 1-2 жаттығулар жасап көрейік.

1ойын «Қағаз волейболы»

Қағазға өздерінің ашу ызаларын жазып  доп сияқты мыжғылайды.

2 топқа бөлінеді.жерге сызық сызылады сол сызықтан аспау керек.

Уақыт беріледі 1 мин ішінде сол доп арғы бетте немесе бергі бетте болады.Қайсы бетте аз сол жеңіске жетеді.

2 ойын «Сурет салу»

постерге сурет салынады ашу ызаңызды қағаз бетіне түсіріңіздер,

3 ойын Көрініс көрсету

Әңгімелер беріледі сол мәтінді көрініс жасап көрсетеді.

Рефлексия  Бес саусақ

Қорытындылау. Жаднама тарату

Біздің кездесуіміз аяқталды.

Құрметті ата-аналар бала тәрбиесінде дайын рецептер жоқ.бізде кеңестер,ұсыныстар бар.Тек сіздердің сезімтал жүректеріңіз дұрыс шешімін таба алады.Отбасыларыңызға әрдайым түсіністік ,құрметпен мейрімділік орнасын деп тілеймін.

.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Отбасы татулығы\аңыз\

Автор:Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті.Отбасындағы адамдар саны өте көп екен .Бір қауым ел болып бірге тұрыпты.Бұл отбасы жайлы ,патшаның құлағына да жетеді.Патша сол елді көруге жолға шығады.

Патша: Ойпырмай, мына ел туралы естігендеріміздің бәрі расқа шықты ғой.Не деген тазалық, тыныштық ,сыйластығы жарасқан отбасы еді. Бұл елдің ақсақалына жолығайықшы .

\Патша ауылдың ақсақалына келеді.\

Ақсақал орнынан тұрып.:Қош келдіңіз,төрлетіңіз.

Патша :Ақсақал отбасыңыздың бақытты,татулығы ,өмір сүруінің мәні неде?

Ақсақал қолына қалам дәптер алады да жаза бастайды.

100 рет сүйіспеншілік,

100 рет кешірім,

100 рет бірлік деп жазып патшаға береді.

Автор :Патша оқып таңқалады.

Патша:0сы ақ  па деп?

Ақсақал :Иә,барлық жақсы отбасылары осы қасиеттерден құрылады.Сәл ойланып және де шыдамдылық.

Автор:Иә,шынындада отбасында сүйіспеншілік шыдамдылық татулық болғанда ғана бірлік болады.Бір-бірін аялап кешіре,түсіне білгенде отбасы берік болады.

 

 

 

 

Бір қап қартоп туралы аңыз

Шәкірті ұстазынан сұрапты:

 —  Сен сондай акылдысың. Әрдайым көтеріңкі көңіл күйде жүресің, ешқашан ашуды бойға алдырмайсың.  Сондай болуды маған да үйретші.

Автор:Ұстазы келісіп, шәкіртіне қартоппен бір желім қапты әкелуді сұранды.

Ұстаз:   Егер сен күннің бір күнінде біреуге  ашулансаң, көңіліңде соған деген ашу-ыза қалып қойса, мына қартопты ал. Бір бетіне өзіңнің атыңды, екінші бетіне  қапа болған адамның атын жазып, желім қапқа сал, - деп ұстазы айтты.

Шәкірт:    Сол-ақ па? – түсінбей шәкірті сұрады.

— Жоқ. Сен бұл қапты өзіңмен бірге әрдайым алып жүруің қажет және біреуге ашуланып, қапа болсаң, қартопты қапқа қосып жүр, - деп жауап қайтарды ұстазы

Автор :Шәкірті келісті. Ол әңгімеден кейін біраз уақыт өтті. Шәкірттің қабы біраз толып, ауырлап кетті. Өзімен бірге алып жүру қиынға соқты. Оның үстіне алғашқы салған қартоптарының біреуі өніп, біреуі бұзылып, шіри бастап, жаман иіс шығатын болды.  

Шәкірті ұстазына келіп:

Шәкірт:   Мына қапты өзімен бірге алып жүруге болмайтын болды. Біріншіден қап өте ауыр, екіншіден қартоп бұзылып кетті. Басқа  бір айла тапсаңшы, - деді.

Бірақ ұстазы оған:

Ұстаз:  Осы нәрсе сенің ішкі жан дүниеңде де болып жатыр. Сен біреуге өкпе-реніш сақтасаң, ашулансаң, ішкі дүниеңде  ауыр тас қалып қойғандай. Сен бірден  сезінбейсің. Кейін ол тастар көбейе береді. Іс-әрекеттер әдетке айналады, әдеттер – жаман иіс тудыратын мінезге. Ол үлкен жүкті ұмыту қиын, себебі, ол өзімен бірге әрдайым алып жүру үшін  өте ауыр ғой. Мен саған бұл бұл процессті шеттен бақылауға мүмкіндік бердім. Бұдан былай, біреуге ашуланып, немесе, керісінше, біреуді ренжіткің келсе, осы бір қап қартопты есіңе ал.

 

 

Рецепт

Мазмұны

Орындау жолдары

\ата-аналар толтырады\

1

Сізбен сенімді және жайдары сезіну үшін,балаңызбен қарым-қатынасты дұрыстаңыз.

 

 

2

Балаңызды позитивті формада ашу-ызасын шығаруды үйретіңіз.

 

 

 

 

 

Рецепт

Мазмұны

Орындау жолдары

\ата-аналар толтырады\

1

Сізбен сенімді және жайдары сезіну үшін,балаңызбен қарым-қатынасты дұрыстаңыз.

 

2

Балаңызды позитивті формада ашу-ызасын шығаруды үйретіңіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

Оңтүстік Қазақстан облысы

 Сайрам ауданы Аксукент ауылы

№20 С.Сейфуллин атындағы

 мектеп-гимназиясының

бастауыш сынып мұғалімі

Абдимимтаева Гулнар Умарханқызы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Разработка родительского собрания на тему "Жасөспірім агерссиясы: проблема, ізденіс, шешім""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Бухгалтер

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тақырыбы: «Жасөспірім агрессиясы:проблема,ізденіс,шешім»

Мақсаты:

Балалардың агрессиялық және қатыгездік іс-әрекеттерінің себебін анықтау.агрессияның алдын алу. Мұғалімдер, ата-аналар арасында жеке тұлғалық және топтық белсенділігін дамыту; мектептегі агрессия мәселесінің деңгейін анықтауға ықпал ету, агрессивті деңгейін төмендету және бір-біріне деген толеранттылық мінез-құлықты арттыру.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 258 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.05.2015 1048
    • DOCX 28.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абдимитаева Гульнар Умархановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5241
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 120 человек из 43 регионов

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 786 человек из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 977 человек

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 216 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 549 человек

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 125 человек

Мини-курс

Организация и планирование воспитательной работы в СПО

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Hard-skills современного педагога

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 75 человек из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Эффективные коммуникационные стратегии в образовательной среде: от управления до мотиваци

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе