Инфоурок Другое Другие методич. материалыРазработка сценария "Кел, Жаңа жыл ортаға!"

Разработка сценария "Кел, Жаңа жыл ортаға!"

Скачать материал

"Кел, Жаңа жыл ортаға!" (жаңа жылдық сценарий)

Музыка: Сахнаға 2 жүргізуші шығады.
1 жүргізуші:
Уа, халайық жараңдар,
Айналаға қараңдар!
Жаңа жылдық бұл тойын,
Салтанатқа санаңдар
Қызық көріп, шат болып,
Шаттық күліп тараңдар,
Уа, халайық құрметті,
Көмейіме жыр кеп тұр
Жаңа жылды қарсы алып,
Өткізейік дүрмекті
Уа, халайық той бүгін
Бақыт, шаттық мол бүгін
Қарсы алайық Тышқан жылды
Ұзатып сап Доңызды.
2 жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Біз
сіздерді Жаңа 2008 тышқан жылы мен құттықтаймыз.Сіздерге жаңа
жылда, жаңа табыс, бақыт тілейміз.
Балалар енді Жаңа жыл мейрамын бастайық.
: Мен Ұқыпсыз адаммын.Абай көшесінен үлкен тапсырма ала
келдім. Бірақ мен басқа жерге келген сияқтымын.Мен қайдамын?
(Айналасына қарайды) Мына жер маған таныс емес.Бірақ, бұл маңызды
емес.Мен бұл жерге бір маңызды тапсырма ала келдім ғой, ал қалғаны
маңызды емес.Неге келіп едім? А иә!Жаңа жыл мерекесінің өтуі маған
тәуелді.Маған Жаңа жылды білдіретін сандар теруім және сөздерді айту
керек.(Телефоннан нөмір тере бастайды. Осы кезде 2 адам шығады.)
1.Сайқымазақ:
Қане біздің қонақтар!
Басқаға мойын бұрмаңдар!
Бізге қарай жақындап
Қызық күлкі тыңдаңыздар!
2.Сайқымазақ:
Барлығыңыз білетіндей шыршада
Өте қызық болатынын.
Өлең айтып, би билеп
Сіздерді достар, құттықтап
Барлығы: Жаңа жылдарыңызбен!!!
(Ұқыпсызға көңіл аударады.)
1 Сайқымазақ: (Ұқыпсызға) Сен қайдан келдің? Аспаннан түстің бе?
Ұқыпсыз: Мен бір нәрсені шатастырып тұрған секілдімін.Маған екеуміздің
біреуіміз шатасып, басқа жерге келіп тұрған секілдіміз.
2 Сайқымазақ: Біз мерекеге келдік, халық бізбен көңіл көтереді мен білмеймін, сен
кімсің өзің?
Ұқыпсыз: Мен Ұқыпсыз адаммын.Родник көшесінен келдім.Жаңа жылға асығып
келдім.Енді міне қайда келгенімді білмей тұрмын.
1 Сайқымазақ: Қайда асықсаң, сонда келдің.Қарашы айналаңа адамдарда мереке,
барлығы көңілді, бақытты Жаңа жылды қарсылауда!
2 Сайқымазақ: Қане қараңыздаршы, қандай тамаша шырша халық сол мерекені
қанекей бізбен бірге қалып көңіл көтеріп бәріміз билейік.
(Би биленіп,өлең оқылады.)
(Ортаға Чебурашка мен Гена баянмен шығады.)
Чебурашка: Мәссаған, Гена қарашы, қаншама халық келген.Мен осыншама
үлкендермен балаларды ешқашан көрген емеспін.
Гена: Ал мен көрдім.Зоопаркте жұмыс жасасаң бұдан да көп адам көресің.
Чебурашка: Барлығыңыз амансыз ба? Жаңа жылдарыңызбен! Мені білесіңдер ме?
Мен әлемге белгісіз жануармын.Ал менің атым ...
Барлығы: Чебурашка.
Гена: Ал менің – менің атым кім?
Барлығы: Крокодил Гена!
Гена: Мәссаған-қандай ақылды балалар! Ал енді Чебурашка, біздің жаңа әнімізді
айтсақ қайтеді.
Чебурашка: Айтсақ айтайық.
Пусть белеют тропинки
И летают снежинки
И заводит пурга хоровод-
Сразу ясно прохожим,
На сосулки похожим,
Что наступит вот-вот Новый год...
Гена: Я ж играю на горможке
У прохожих на виду...
Чебурашка: К сожелению, Новый год-
Он тоже раз в году ...
Чебурашка: Сөздері енді аздап келіспейді.Мен мына жерде өнер көрсетіп кеткен сияқтымын. Ал барлық халық Аяз ата мен Ақшақарды көргісі келіп тұрған секілді. Олардың да келетін уақыты болған секілді.Біз жеделхатты алғанымызға көп болды ғой.Ал енді біздер осы жерге бір би билеп сосын аяз атаны шақырайық.
(Би биленеді.)
Аяз атамен Ақшақарды шақырайық:
Аяз ата, Ақшақар. Аяз ата, Ақшақар
Аяз ата: Уа, жұртым, жиналған.
Көңілдерің дүр маржан
Айналайын ұлдардан
Айналайын қыздардан
Аяз ата, Ақшақар
Жетті жолдан қиналған
Ештеңе емес барлығы,
Алдымыздан күлді арман
Мықтылығым мәлім ғой.
Өтіп кеткен жылдардан
Ақшақар: Амансыздар ма,балалар, ұстаздар, ата-аналар! Өздеріңді сағынып келдік. Жаңа жылдарың құтты болсын.Тышқан жылы табыс жылы, береке, бірлік әкелсін.Тарихи жыл болсын.
Аяз ата: Бәрі үшін бақытты да қуанышты кезең болсын.
Ақшақар: Мен сендермен жаңа жылды қарсы алғаныма өте қуаныштымын.Сіздер маған бір өнер көрсетіп бересіңдер ме?
(Би биленеді.)
Аяз ата: Ойбай, жаңа жылдық мерекеңізге қанша балалар келген.Кім тақпақ айтса, кім өлең айтса, ал кім билесе, бәріне де сыйлығым бар.Қане, қайдасыңдар?
Ақшақар маған көмектеседі.
(Би, тақпақ айтылады.)
Ақшақар: Аяз ата, ал мен ең жақсы киінген және өнер көрсеткен сынып жетекшісіне конкурс жариялағым келіп отыр. Ал қане кім бар күшті.
Ақшақар: Жарайсыңдар барлығыңда.Жеңген --------- сынып жетекшісі.
(Аяз ата барлығына дәмді нәрселер береді.)
1- жүргізуші: О, халайық, жараңдар.
Қилы-қилы заман бар.
Доңыз жылы әне жылыстап,
Кетіп барады қараңдар.
О, халайық, халайық.
Қош айтысып қалайық!
2-жүргізуші: Құрметті достар!Бізге жақсылықтарымен толы болған.Доңыз жылын шығарып салайық.
Доңыз: Қуанышты ортамыз сазға ұласқан
Тілегім болсын мәңгі ашық аспан
2008 жылы қадам басқан
Гүлденіп көркейе бер, Қазақстан.!
Келесі жыл бастауын Тышқанға беремін.(Сахнаға Тышқан шығады.)
2-жүргізуші: Ар бол, Жаңа жыл!
Бар бол, Жаңа жыл.
Қадамың құтты болсын, Жаңа жыл.
Бейбітшілік жылы бол, Жаңа жыл.
Құт-береке жылы бол, Жаңа жыл.
Тышқан: Сәлеметсіздер ме? Кешіккен жоқпын ба? Мен сондай асықтым, сондай жүгірдім.Кешігем деп қатты қорықтым.Менің ең жақсы қасиетім – шапшаңдығым.
Тышқан: Мен дағы бір қонақпын
Он екі жылда оралар
Үлкендерге ақ ниет
Сіздерге де ақ ниет.
Сіздерге мың рахмет.
Барлығы: Қош бол, Доңыз жылы, Қош бол!
Ақшақар: Қош келдің Жаңа жыл.
Аяз ата: - Ал, айналайын Жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін! Мынау менің ұлдарым мен қыздарым, мынау халайық бір өзіңе аманат.Он екі ай бойы
бағып-қақ.Жақсы жыл бол, дария нұр бол, Жаңа жыл!
- Ал енді Ақшақар біз кетпестен бұрын бүлдіршіндеріміз бізге тағы не әзірледі екен соны көрейік.
(Көріністер кетеді)
(Хормен шыршаны айнала « Шырша жыры » әні орындалады )
- Жаңа жылдарыңмен достар! Шанамызға мінейік Ақшақар.Алда барар ауыл бар, Жыл қуантсын баршаны.
Ақшақар: Жаңа жылда сіздердің барлығыңызға жақсылық тілеймін.
Барлығы: Қош бол, Аяз ата, Ақшақар! Аяз ата, Ақшақар!
(Хормен шыршаны айнала «Шырша жыры» әні орындалады )
1-жүргізуші: Міне, Қымбатты балалар, бірлесіп, достасып өткізген мереке
қашанда қуанышты өтеді.Достық, бірлік бәріне де жеңеді.Аспанымыз
бұлт торламасын, аспанымыздағы күніміз сөнбесін!
Барлық жандар бір тілекке қосқан үн
Бақытты боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл
Құтты болсын Жаңа Бақыт достарым!...


Жаңа жыл мерекесі

Зал мерекеге сай безендірілген. Музыка фонында ортаға екі жүргізуші шығады.


1-жүргізуші:

-Армысыздар ардақты ағайын, Ұлағатты ұстаздар!

2- жүргізуші:

  • Бармысыздар, замандас, бауырлар, шабыты шәкірттер.

1-жүргізуші:

Бүгін сізге жырдан алқ тағайын,

Шат күлкіге толы болсын маңайың.

Көргендер де көрмегенде арманда.

Жаңа жылың құтты болсын ағайын.

2-жүргізуші:

Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,

Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.

Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.

Жаңа жылың құтты болсын ағайын.

1-жүргізуші:

  • Бәрекелді, бәрекелді! Құрметі халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар.

2- жүргізуші;

  • Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!

/Ортаға шығыс биі мен “Айналайын” тобы/

1-жүргізуші:

Құрметті жамағат “Жақсы сөз- жарым ырыс!” – деп дана қазақ айтқандай, жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы, академик Русаков атындағы №2 шипажай мектеп-интернатының директоры Замзагүл Нарымбекқызына береміз.

2- жүргізуші:

- Келесі құттықтау сөз бүгінгі кешіміздің құрметті қонағы қалалық білім бөлімінің бас маманы Раиса Болатқызына беріледі.

1-жүргізуші:

Армысың, аманбысың Жаңа жылың.

Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!

Сиыр жылы келгенде, сый ғып тартып,

Ақтарайық әнменен көңіл сырын.

/”Жаңа жыл” әні орындайтын Шоланов Р./

2- жүргізуші:

-Құрметті халайық! Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен сүйкімді Ақша қар келе жатыр деген хабар алып тұрмыз.

1-жүргізуші:

  • Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар.

  • Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.

  • Аяз ата келеді Ақшақармен,

  • Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!

/осы кезде музыкамен асыға күткен Аяз ата мен Ақшақар келеді./

Аяз ата:

Ассалаумағалейкум, Жыр кешкен ел,

Нарына нарық заман мінгескен ел.

Дәуірдің дүрмегіне үндескен ел,

Тәңірдің тылсымымен бірлескен ел.

1-жүргізуші:

Ассалаумағалейкум, Ата!

Аяз ата:

Уағалейкумассалаум, балам!

2-жүргізуші:

Армысыз Ата! Армысың Ақша қар.

Аяз ата:

  • Бар бол, балам! Біз қай жерге келдік қарағым?

1-жүргізуші:

- Балығы талдау тулаған, Бақасы қойдай шулаған, мыстың алыбы қарт Балқашқа келдіңіз.

Аяз ата:

- Бәрекелді, балам! Балқаш әнмен жырдың мекені деп естуші едім. Өнерге жақын өрендерің мұнда да бар шығар?

2-жүргізуші:

- Әрине, ата! Шығыстың шырайын кіргізер мыңбұралған бишілеріміз дайын тұр. Сіз рұқсат берсеңіз болды.

Аяз ата:

-Рұқсат шырақтарым, рұқсат.

/шығыс биі/

1-жүргізуші:

Қош, өткен жыл!

Қош келдің Жаңа жыл.

2-жүргізуші:

Ал, Аяз ата, Ақша қар! Асығып тұрған секілдісіздер. Әрине, әлі де барар жер, басар тауларыңыз көп болғандықтан, сіздерді көп бөгемейік.

1-жүргізуші:

-Иә, ата мына халқыңызға бата берер кезде келді ғой деймін.

Аяз ата:

Болар, болар...

Уа!!!

Мен батамды берейін,

Үстем болсын мерейің

Әрқашанда бұл елге,

Қуанышқа келейін.

Жақсылық елден кетпесін,

Жамандық, келіп жетпесін.

Қызыр болсын жолдасың.

Әруақтар қолдасын!

Қара ниет дұшпаның,

Бұл жалғанда оңбасын.

Аман болсын, мал басың,

Адал болсын жолдасың.

Бейбітшілік заман болсын.

Ел іргесі аман болсын.

Осы айтқаным қабыл болып,

Батам менің тәммам болсын!

Әумин!

Жаңа жылдарың құтты болсын!!!

Барлығы бірге:

Жаңа жыл құтты болсын!

Жаңа жыл әні орындалады.

Кеш соңы бимен ұласады.


Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Разработка сценария "Кел, Жаңа жыл ортаға!""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Микробиолог

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 839 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.03.2016 2749
    • DOCX 68.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Хасаинова Лаура Матлкановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Хасаинова Лаура Матлкановна
    Хасаинова Лаура Матлкановна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8567
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой