Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Музыка / Конспекты / Разработка сценария "Новый год"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Музыка

Разработка сценария "Новый год"

библиотека
материалов

2015- Қош келдің, Жаңа жыл, жаңа жыл!

Кейіпкерлер:

Залда шырша жаңа жыл мерекесіне сай безендірілген. Музыка әуенімен балалар музыка залына кіреді. Шыршаны айналып шеңберге тұрады.

Тәрбиеші:Құрметті қонақтар,балалар жан-жағымызға қарасақ, айналамыз жұлдыздардай жарқырап көз жауын алардай жайнап кетіпті!Өздерің неткен әдемі едіңдер!Бүгін көптен күткен ,сағынған қандай мерекемізді қарсы алайын деп отырмыз?

Балалардың жауабы.

Тәрбиеші:Ендеше асыға күткен жаңа жылымыз барлықтарыңызға құтты болсын!

Жаң жыл жаңа бақыт әкелсін! Әрқашан жүздеріңнен күлкі арылмасын!Еліміздің үлкен азаматы болыңдар!Мерекемізді әнмен бастайық!

Ән «Зырлайды шанамыз»

Тақпақтар.

1бала:Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағылған

Келді сұлу шыршамыз

Көптен күткен сағынған.

2 бала: О,алақай тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Жаңа жылда бәріміз

Ән айтамыз жараса.

Тәр: Балалар естеріңде болса бізде «Алтын күз» ертеңгілігінде осы жерде Мыстан әже қатып қалып қалған болатын, ол енді қайда кеткен екен? Кім оны ерітті екен, сендер қалай ойлайсыңдар,балалар, мүмкін сендер білетін шығарсыңдар?

Балалар жауабы:

( Осы кезде Мыстан жүгіріп кіреді, қолында балта дірілдеп тоңып)

- Ой, тоңып қалғанымды қарашы, шыршаны жан –жағын қарап, мынау ағаш жақсы болды ғой, қазір шауып алып отқа жағайын. Өзіне немене іліп тастаған орап, орап қойыпты ғой. Тамаша қазір үйім жылынатын болды ғой. ( қолдарын бір-біріне үйкейді )

1бала: - Сәлеметсіз бе Мыстан әже, сіз мында не істеп жүрсіңіз?

Мыстан: Не істеп жүрсің? (ұнатпай сөйлеп) Жұмыстарымен жүрмін. Мыналар кімдер, немене барлығы жарқырап алған.

Тәрбиеші: Балалар айтындаршы , түсіндіріңдерші әжеге бүгін кандай мейрам бізде

Балалар жауабы:

2бала: Ия бізде мында Жаңа жыл мерекесі болып жатыр. Келіңіз бізбен бірге болыңыз.

Мыстан : Жарайды, жарайды. (теріс қарап, білем білем онда аяз ата сыйлық әкеледі ғой, қазір мен олардың сыйлықтарын ұрлап аламын деп ақырын қашып шығып кетеді.)

Тәрбиеші балаларға қарап: Мыстан әже қайда кетіп қалды?-

Балалар жауабы:

Тәр: Солай ма? Олай болса Аяз атаны тезірек шақыру керек қой. Қалай шақырсақ екен?

1 бала:Егер біз ән айтып, би билесек сонда біздің дауысымызды естіп тез жететін шығар.

2-бала:Олай болса біз ағылшынша білетін өлеңімізді айтып жіберейік.

Ән : Ағылшынша:«Жапалақ қар»

Би:

Тақпақтар:

Тәрбиеші:- Аяз ата келмеді ғой бізді естімеді ме, ән айттық ,тақпақ айттық енді не істейміз -деп шыршаға көзі түсіп еді,шырша ойыншығы арасында ерекше бір затқа көзі түседі.Балалар ,мынау не екен ойыншық дейін десем шыраққа көбірек ұқсап тұр ғой, -деп шыршадан шырақты алады. Шырақты алып еді ол шаң екен.

Тәрбиеші- Мынау шынымен-ақ шырақ қой, өзі шаң екен-деп сүртеді. Осы кезде бір бала жүгіріп кіреді.

-Сәлеметсіздер ме балалар, Мен сиқыршының кішкентай ғана шәкіртімін. Жаңа жыл мерекелерің құтты болсын. Баршаларыңа зор денсаулық ашық аспан.....(тоқтап қалып жан-жағына қарап)Сендердің Аяз аталарың , қарша қыздарың қайда?

Тәрбиеші:Өкінішке орай, Аяз ата мен қарша қыз кешігіп жатыр мүмкін мыстан кемпір олардың жолын бөгеп жатыр ма әлі жоқ.

Сиқыршы: Олай болса мен сендерге көмектесейін. Мен мына сиқырлы таяқшаммен сиқырлап жіберсем...(Ахалай махалай Аяз ата, Қарша қыз келсін! деп, аяғын жерге бір соғады.)

Осы кезде Аяз Ата мен Қарша қыз келіп кіреді.

1 бала:Бар баланың қонағы

Төрлет Ата жоғары

Келдің алыс сапардан

Бізге қайта оралып.

Аяз ата: Құтты болсын балалар Жаңа жылың!

Бізге керек сендердің амандығың

Жаңа жылда дендерің сау болып, бақыты болыңдаршы балаларым!

Қарша қыз: Сәлеметсіңдер ме балалар, Жаңа жыл құт әкелсін!

Тәр: Сәлеметсіздер ме Аяз ата, қарша қыз. Ата отырыңыз,ұзақ жолдан шаршаған боларсыз, мына бүлдіршіндеріңіздің өнерлерін тамашалаңыз.

Ән: Аяз ата

Би:

Тақпақтар:

Қарша қыз: балалар мына шыршаның шамдарын неге жақпадыңдар , кәне бәріміз қосылып, жағайық.

Барлығы бірге:

-қу-ант біз-ді таң-ыр-қат, шам-да-рың-ды жар-қы-рат!

1 бала: Қәне бәріміз шыршамызға ән айтайық!

Ән: «Шырша жыры»

Тақпақтар:

Аяз ата:балалар өздерің қалай өсіп кеткенсіңдер!Бойларың өсіп үлкен ұл-қыз боп қалыпсыңдар.Сендермен менің ойын ойнағым келіп тұр

Ойын:«Қимылымды қайтала»

Тәрбиеші:Аяз ата ,қарша қыз .Біздің балалардың бойларымен қатар ойларыда өсті енді олар мектепке баруға дайындалып жүр.

Аяз ата :Солай ма ,уақыттың тез өтіп кеткенін –ай,мен сендердің мектепке баратындарыңды ұмытып кетіппін.Олай болса,сендерді бірнеше сұрақтар мен жұмбақтар айтып сынап көрейін.

1 сұрақ:Сендер жақында қандай мерекені тойладыңдар?

2 сұрақ:Қолы жоқ сурет салады

Тісі жоқ тістеп алады.(аяз)

3 сұрақ:Суға салсаң батпайды

Отқа салсаң жанбайды(мұз)

Аяз ата балаларға риза екенін айтады да әкелген сыйлығын іздей бастайды.

-Қарша қыз менің балаларға әкелген сыйлығым бар еді, қайда кетіп қалды?

Қарша қыз:мүмкін біз оны шанамыздан түсіріп алған шығармыз.

Тәр: Оны мүмкін мыстан ұрлап алған шығар, енді не істейміз?

Аяз ата: Мыстан ,қайдағы мыстан? Неге ол әкетеді?Енді сендерден ұят болды ғой сыйлық бермегенім, -деп ренжіп сөйлейді.

Сиқыршы: қам жемеңіздер мен көмектесемін: Ахалай махалай мыстан әже мында кел!

(мыстан еріксіз, келгісі келмей келеді)

Аяз ата : сен бе едің балалардың сыйлығын ұрлаған, кәне тез қайтар

Мыстан:ойбай –ау, не дейді.Қайдағы сыйлық, жооқ.... .мен алған жоқпын сыйлықты А....сыйлықпа,иә міне сыйлық ,ұмыта жаздаппын ғой ,міне мен сендерге мынадай сыйлық алып келдім,-деп қапшығының ішінен ескі табаны,сыпырғышты,сынған ойыншықтарды көрсетеді.

Аяз ата:Аh,бәлем.олай болса өзіңнен көр.Мен сені қатырып тастайын.

Тәр: Мыстан әже қойыңыз алған болсаңыз жақсылықпен қайтарып бізбен бірігіп көңіл көтеріп билеңіз.

Мыстан: Жооқ мен билемеймін, көңіл көтергім келмейді.

Сиқыршы: ахалай махалай мыстан кемпір билесін!

( мыстан билей жөнеледі, кезек кезек аяқтарын ұстайды, аяқтары тоқтамайды,еріксіз қолдары билеп кетеді) Тоқтатыңдаршы сыйлықтарыңды қайтарайын , енді ешкімге қастық жасамаймын, ұрламаймын.Әй ,Аяз шал,кішкентай сиқыршы,берейін сыйлықтарыңды,тек балалар менімен бірге ойын ойнасыншы.Балалар кешіріңдерші мені.

Сиқыршы: Мыстан әже тоқтасын!

Мыстан: Ух рахмет , рахмет ,сыйлықты қайтарып берейін, келіңдер менімен бірге ойын ойнаңдаршы.

Ойын: «Кім жылдам»

Мыстан:Жарайсыңдар, балалар,менімен бірге ойын ойнап мені қуантып тастадыңдар!

Аяз ата : сыйлығын тәрбиешіге береді, балалар енді біздің сыйлығымызға риза болыңдар .Ал біз енді жолға шығайық.Басқа балабақшадағы балалардың да өнерін тамашалайық.Ал сендер балаларым өсе беріңдер ,өркендей беріңдер.Алыс жақтан шаршап келгенімізде көңілімізді көтердіңдер.Аспандарың ашық болсын!Қош болыңдар!Қолын бұлғап шығып кетеді.

Қарша қыз: Сау болыңдар балалар.

Балалар қоштасады.

Мыстанда қоштасып шығып кетеді.

Тәрбиеші:Біздің мерекеміз аяқталған жоқ балалар, кәне барлығымыз Жаңа жыл әнін шырқап жіберейік!

ӘН:«Жаңа жыл»

Тақпақтар:

Тәрбиеші,жүргізуші балалар бірге :Құрметті балалар қонақтар!Тағы да Жана жылдарыңыз құтты болсын!Отбасыларыңызға тыныштық пен бақыт әкелсін!!!





Автор
Дата добавления 06.12.2015
Раздел Музыка
Подраздел Конспекты
Просмотров186
Номер материала ДВ-232876
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх