Инфоурок Другое КонспектыРазработка урока " Ана тілі - жүрек үні"

Разработка урока " Ана тілі - жүрек үні"

Скачать материал

Мақсаты: Оқушылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі туралы түсінігін, оның қоғамдық өмірдегі алатын орынның мәртебесі жайлы ойларын тереңдету Сонымен бірге тақырып төңірегінде ой-өрісін қалыптастырып, қазақ тілінде таза, сауатты сөйлеуге, ойын ашық айтуға баулуды және ойлау қабілеттерін, тіл байлығын дамыту көзделеді.Һ

Көрнекілігі:Плакатқа жазылған ұлағатты сөздер.

Ана тілі жоқ жерде ұлт жоқ.


Ш.Айтматов.

Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата- бабамызды ұмыту .

Б.Момышұлы.

Ана тілін білмейтін адам мәдениетті адам санатына қосылмайды .


М.Әуезов.


Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңы 1989 жылы 22 қыркүйекте қабылданды.


Сабақтың барысы:


Құрметті қонақтар , мұғалімдер мен оқушылар!

Қазіргі кезде еліміздің түкпір-түкпіріндегі мектептерде, әрбір сыныпта Қазақстан жеріндегі қанша ұлт болса соншама тілдің бар екенін айқындап , құрмет тұтуда . Бұл келешегімізде қазақ тілі , оның мәртебесі , ана тіліміз – мемлекеттік тіл қалай меңгеріп жатқандығы жайлы сөз болады.

Балалар, құтты болсын тілің бүгін,

Ашатын жан сарайын білімдерің .

Кешегі анаң айтқан , бабаң айтқан ,

Тіліне зер салыңдар бұрынғының.

Келесі кезекті оқушылардың өздеріне берейік.

1 оқушы : Қайырлы күн , ұстаздар мен қонақтар! Сіздерге арнап «Ана тілі – жүрек үні» атты тәрбие сағатымызды ашуға рұқсат етіңіздер!

2 оқушы :

Ана тілім – ақ қанатты тұлпарым ,

Биіктерге самғап ұшар сұнқарым.

Ана тілім – ақ сүт берген анамсың,

Ана тілім – махаббатым құштарым.


Ана тілім - әнге қосар ардағым ,

Тек өзіңмен қанаттанар арманым.

Туған тілім , бабам тілім , тал тілім ,

Қазақ үшін баға жетпес бар мәнің.


Тіл менің қасиетті бесігім,

Шаңырағым, ақ босаға есігім.

Ана тілім – ар ұятым, ожданым.

Жоқ қой оны білмегенге кешірім.


3 оқушы:

Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл ,

Өз тіліңді құрметте.


4 оқушы:

Ең бірінші бақытым – тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей – кейде дүниеден түңілсемде,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.


5 оқушы:

Ана тілім бірге жасар өзіммен,

Ана тілім қадір тұтам сені мен.

Ана тілім ардақтысың қашанда,

Орын берем жүрегімнің төрінен.


«Ана тілі» өлеңі.


Өмірге келдім, анамды көрдім,

Деді ол: «жаным, арайлы таңым»

Самал боп желпіп, жырымен ертіп,

Үйретіп тынбай, бал тілін, әнін.

Қ-сы.

Анамның тілі – айбыным менің,

Анамның тілі – ай, күнім менің.

Сүйемін байтақ елімді туған,

Сүйемін мәңгі өмірді думан.


6 оқушы:

Ақыл ойын даналық,

Ана тілден аламын.

Ана тілі ардақты,

Ақ сүтіндей ананың.


7 оқушы:

Өсірген ой – білімді,

Сүйемін туған тілімді.

Мақсат етем әр сөздің,

Мәнін терең білуді.


Үш би.


8 оқушы:

Қазқта атақты үш би бар.Олар:Төле би , Қазыбек би , Әйтеке би.Төле бидің бір сөзі мынандай:

Жаңбыр жаумаса жер жетім,

Басшы болмаса ел жетім,

Ұқпасқа айтқан сөз жетім...

Қазыбек би дауысының саздылығына орай Қаздауысты Қазыбек деген атқа ие болған.

Алтын үйің – Отан қымбат,

Құт береке – атаң қымбат, - деген сөзі қалған.

Асыл сөздің қадірін білген Әйтеке би:

Ашу деген ағын су,

Алдын ашсаң арқырар.

Ақыл деген дария,

Алдын тоссаң тоқырар, - депті.Ел аузында үш би туралы :

Төле би тауып айтады,

Қазыбек би қазып айтады,

Әйтеке би жарып айтады, - деген сөз қалған.


Көрініс.

Төле бидің жұмбағы.

Сахнада күй орындалады.Үш би шығады.

Төле би:Уа, халқым, сөз қадірін білесің. Сөз танығыш жастарға 10 түрлі жұмбағым бар.


Әйтеке би : Айтсам жұмбағым мынау:

1,2,3,4,5,6,7,8,9,10.

Дауыс:Осындай жұмбақ болама екен?

Қазыбек би:Ұлы аға бұл жұмбақты мен шешейін, рұқсат етіңіз.


Төле би: Рұқсат, қаз дауысты Қазыбегім.

Қазыбек би:

1дегенің – бірлігі кеткен ел жаман,

2дегенің – егесіп өткен ер жаман.

3дегенің – үш бұтақты шілдерден шошынған ат жаман.

4дегенің – төсектен безген жас жаман.

5дегенің – белсеніп шыққан жау жаман.

6дегенің – асқынып кеткен дерт жаман.

7дегенің – жас келіншек жесір қалса,сол жаман.

8дегенің – серпілмеген қайғы жаман .

9дегенің – торқалы той , топырақты өлімге бас көрсетпесе сол жаман.

10дегенің – кәрілікке дауа болмас.

Төле би:Рахмет, дәл тауып шештің, ойы да , тілі де жүйрік тұлпарым менің.


Қазыбек би:Ал Әйтеке би, халқыңа сен не айтасың ?

Әйтеке би: Уа, халайық!

Көсіліп шабар жерің бар,

Тау көтерген елің бар.

Атадан қалған сара жолың бар.

Тіл қадірін білер болсаңдар!


Қыздар би тобы.


9 оқушы:

Тілді жасаушы халықтың өзі.Сондықтан халыққа қызмет етеді.Ана тілін қадірлемеген халықтың болашағы жоқ.Бұл пікірді растаған Абай атамыз болатын.


10 оқушы: Қазақ тілінің байлығы қазақ ұлтының байлығы.Осы байлықты бағалай білуіміз керек.


Мақал – мәтелдер.

1 Білім кілті – тіл.


2 Жеті жұрттың тілін біл,

Жеті түрлі білім біл.

3 Ана сүті бой өсіреді,

Ана тілі ой өсіреді.


4 Тіл қылыштан өткір.


5 Өнер алды – қызыл тіл.


6 Тіл – көңілдің ажары.


11 оқушы:


Ана тілі – біздің туған анамыз!

Анамыздай сыйлап , бағып – қағамыз,

Ана тілін бағаласақ қалай біз,

Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.


12 оқушы: Ана тілім!

Дана тілім - бақ тілім.

Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?

Сенсің менің қасіретім, шаттығым.

Сенсің менің тазалығым, пәктігім.


Мұғалім:Сонымен, балалар,тіл халықтың қазынасы. Тілді таза ұстап, қастерлеп, құрметтеуіміз қажет.Мемлекеттік тілді жоғары дәрежеде меңгерейік.


13 оқушы:


Алтын бесік – ағайын, жұрт туғаным!

Дос бөліссе қыза түсер думаның.

Барлық ұлттың өкілдері жарасып,

Асырайық іс жүзінде Тіл заңын !


«Атамекен» өлеңі.

Жасыл жайлау түкті кілем, көк кілем,

Көк кілемде көп ойнаймын , көп күлем.

Айдарымнан сипап өткен самалды,

Қазағымның алақаны деп білем!


Қ – сы.


Қайда жүрсең , атамекен .

Көкейіңде жатады екен.

Күннің өзі қимай оны.

Ұясына батады екен!


Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Разработка урока " Ана тілі - жүрек үні""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер гостиничного комплекса

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 403 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.03.2016 858
    • DOCX 45 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Еркебаева Нуржамал Аманбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Еркебаева Нуржамал Аманбаевна
    Еркебаева Нуржамал Аманбаевна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3730
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Мини-курс

Эмоциональная сфера детей: диагностика, особенности и регуляция

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Профориентация детей и подростков

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 41 человек

Мини-курс

Фундаментальные принципы здоровья и двигательной активности

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе