Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы
Раисовка орта мектебі
Ашық сабақ
Тақырып: «Лексикадан өткенді қайталау»
«Брейн - ринг » ойыны
5 сынып
Дайындаған: Кушербаева Г.Р.
2014-2015 ж.
5 сыныбында қазақ тілі пәні бойынша
өткізілген ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы : «Брейн - ринг » ойыны /2 нұсқа /
Мақсаты :
1. Білімділік . Деңгейлік тапсырмалар арқылы лексикадан өткенді қайталау .
2.Дамытушылық . Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік . Жағымды қасиеттерге тәрбиелеу , ұлттық тәрбие беру .
Сабақтың түрі: топтық ойын.
Сабақтың әдісі: модульдік жүйе бойынша .
Сабақтың жабдығы : жаймалар , фишкалар, кеспе қағаздар , нөмірлер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды қызыл, сары , жасыл үстелдерге орналастыру . Ойынның тәртібін , мақсатын түсіндіру.
ІІ. Ойынды жүргізіу . 4 бөлікке бөлінген әрбір жаймаға тапсырмасы бар кеспе қағаз қойылады .
Сары үстел
I деңгей
№1
І. Диалект - белгілі бір жерде тұрғындарға ғана тән, өздері ғана қолданатын сөйлеу тілі.
II 1. топтағы сөздер- диалект
2. топтағы сөздер -әдеби тіл
№2
1- сұрақтың жауабы :
Мағыналары өзара ұқсас , мәндес сөздер .
2-сұрақтың жауабы
Бұл сөздерді үш топқа бөлгенде , олар синонимдік қатар жасайды .
1топ: келбет , кескін, рен, түс, өң, дидар;
2 топ : сабырлы, байсалды, ұстамды , салмақты ;
3 топ: сәлемдесу , есендесу , көрісу, амандасу;
№3
1 –сұрақтың жауабы:
1. Тіл қатты ...........
2. Зәресі ұшып кетті ..........
3. Ойы оңға , санасы саңға бөлінді .........
4. Әулиеге ат айтты, қорасанға қой айтты .........
2 –сұрақтың жауабы:
1. Жүрегі алып ұшты - қобалжыды
2. Бармағын шайнады- өкінді
3. Ит арқасы қиянда - шалғайда .
4.Бетінен оты шығу- ұяу.
5. Төбесі көкке тиді -қуану
№4
1- сұрақтың жауабы :
1 Дыбысталуы бірдей, мағынасы басқа басқа сөздер.
2-сұрақтың жауабы :
А. Онның онға көбейтіндісі- жүз; адамның өңі, түр , түсі - жүз;
Ә. Ылдиға , еңіске , қарама - қарсы жер бедері -өр; шашты айқастыра шырмап біріктірер- өр.
Жасыл үстел
ІІ деңгей
№ 1
І. А. Компьютер Ә. Монитор
ІІ .Термин сөзге жатады .
№ 2
1- тапсырма
Соңғы жылдары қазақша аударылған кірме сөздерге мысал келтір , сөйлем құрастыр.
Самолет –ұшақ , вертолет – тікұшақ , коллектив – ұжым , пенсионер – зейнеткер , класс- сынып .
2- тапсырма
Шайыр- ақын Ғұлама – оқымысты
Сарбаз –әскер Пешене – тағдыр
Ғибрат- үлгі ,өнеге
№ 3
1- тапсырма
А .Бастауыш, баяндауыш , дауысты , дауыссыз т.б
Ә. Омоним , антоним , синоним , эвфемизм, дисфемизм, т.б
2- тапсырма
А. Қазақ тіліндегі тұралы мүшелер :
Бастауыш пен баяндауыш
Ә. Дисфемизм сөздерді қолданбай сөйлеймін .
№ 4
1- тапсырма
1. Жылыжай –теплица 9. Пияз-лук
2. Қызанақ- помидор 10. Сарымсақ- чиснок
3. Орамжапырақ- капуста 11. Анар – гранат
4. Сәбіз – морковь 12. Алмұрт – груша
5. Қызылша - свекла 13.Өрік –слива
6. Көкөніс – овощ 14.Күнбағыс – подсолнух
7. Таңқурай – малина 15. Қарақат – смородина
8. Құлпынай – земляника
2- Тапсырма :
Жылыжайда көкөністер қыста да өседі .
Қызыл үстел
ІІІ деңгей
№ 1
І. Көнерген сөздің ішінде тарихи сөзге жатады.
|
Ату қару |
Кесу қаруы |
Түйреу қаруы |
Шабу қаруы |
Соғу қаруы |
|
Садақ |
Семсер |
Сүңгі |
Айбалта |
Гүрзі |
|
Жай |
Қылыш |
Найза |
|
Ағаш шоқпар |
|
Жебе |
Сапы |
|
|
Бұздыған |
|
|
Алдаспан |
|
|
Дойыр шоқпар |
№ 2
1-сұрақтың жауабы:
Таспадан өретін қамшы екі түрлі болады .
1. «Шыбыртқы » 2. «Дойыр»
2- Сұрақтың жауабы:
1. Садақты тартады, кереді.
2. Қылышты сермейді .
3. Найзаны ырғайды .
4.Айбалтаны сілтейді , салады .
5. Шоқпарды ұрады, салады ,үйіреді
№ 3
1-сұрақтың жауабы :
Денеге киетін сауыттың түрлері :
Көбе кіреуке , зере, берен, бадана, торғуыт, жалаңкат .
Басқа киетін киім түрлері :
Дулыға , темір қалпақ, темір телпек .
Қолды қорғайтын темірдің аты: жеңсе
Қолға ұстайтын құрал : қалқан .
2-Сұрақтың жауабы:
Түркілер мен монғолдардың мемлекет басшысы ерте заманда осылай аталған .
№ 4
1-сұрақтың жауабы:
1.5г жуық салмақ өлшемі – мысқал .
2.400г жуық салмақ өлшемі –қадақ .
3. 16 кг жуық салмақ өлшемі-пұт.
4.10пұтқа тең салмақ өлшемі –батпан
Бұлар көнерген сөздер, оның ішінде архаизмге жатады.
2-сұрақтың жауабы
Бұл ыдыстар биенің сүтінен қымыз ашыту үшін пайдаланады .
Сары үстел
І деңгей
№ 1
І. Диалект сөз деген не?
ІІ. Мына екі топтағы сөздердің қайсысы диалект сөздер , қайсысы әдеби тілге жатады?
1.топ: бәдірен , кіл, кеуірт, нән, жүдә, шыныаяқ, кірлен, пешене , таңла, үрмет, сым.
2топ: қияр,ылғи, сіріңке , үлкен, жастық, маңдай, шалбар, тіпті, кесе , шылапшын, тағдыр, таңда, құрмет
№ 2
1. Синоним деген не?
2. Мына сөздерді неше топқа бөліп, жазғанда олар синоним сөздер бола алады?
Келбет , кескін, сабырлы ,байсалды, дидар, рең, түс , ұстамды, мүсін, сәлемдесу, амандасу, есендесу, көрісу , сұлу, өң, салмақты .
№ 3
1. Екі сөзді ,үш сөзді, төрт сөзді, бес сөзді, алты сөзді тұрақты тіркестер ойлап жаз.
2. Мына тұрақты тіркестердің мағынасын білдіретін сөздерді айт.
1. жүрегі алып ұшты-
2. Бармағын шайнады-
3.Ит арқасы қиянды-
4. Бетіне оты шығу –
5.Төбесі көкке тиді-
№ 4
1. Омоним деген не ?
2. Берілген сөздер мен сөз тіркестеріне синоним болатын сөздерді ірікте;
а/ онның оңға көбейтіндісі ; адамның өңі, түр, түсі;
ә/ ылдиға , еңіске, қарама –қарсы жер бедері; шашты айқастыра шырмап біріктіру.
Жауаптары /жүргізушінің қолына беріледі/
Жасыл үстел
ІІ деңгей
№ 1
І.Өсімдік , бау-бақша саласында қатысты жаңа сөздер /15 сөз/ айт.
Орысшасын білесің бе?
ІІ Солардың ішінен 3 сөзді таңдап ал да,3 сөйлем құрастыр.
№ 2
І. Тіл біліміне қатысты термин сөздерге мысал келтір:
а/қазақша ;ә/ қзақша баламасы жоқ, интернационал термин сөз.
ІІ Әр топта бір сөз алып сөйлем құрастыр .
№ 3
І. Соңғы жылдары қазақша аударылған кірме сөздерге мысал келтір.
Оларды қатыстырып бірнеше сөйлем құрастыр.
ІІ.Мына кірме сөздердің қазақ тіліндегі синонимдерін тауып көр ;
Шайыр-......... Ғұлама -........
Сарбаз- ........ Пешене -........
Ғибарат-........
№ 4
І. Мына жұмбақтарды шеш :
А. Керегіңнің бәрін дағы аласың,
Түртүрлерін ақпараттың табасың.
Алыстағы туысыңды іздесең
Интернетпен хабарласа аласың.
Ә. Мәліметті сұралған ,
Экраннан шығарған .
ІІ. 2 жұмбақтың шешуі болатын сөзге өзің екі сөйлем құрастыр. Бұл екі сөз сөздік қордың қай түріне жатады ?
Қызыл үстел
/ІІІ деңгей /
№ 1
1. Ертедегі қазақ батырларының қару –жарақтарының атаулары көнерген сөздің қай түріне жатады?
2. Кестені толтыр /қарулардың атаулары/
|
Ату қару |
Кесу қаруы |
Түйреу қаруы |
Шабу қаруы |
Соғу қаруы |
|
Садақ |
Семсер |
Сүңгі |
Айбалта |
Гүрзі |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
№ 2
1. Қамшының қандай түрлері болады?
2. Бес қаруға байланысты мына сөздерді қалай тіркестіріп айту қажет?
1. Садақты .......... 4.Айбалтаны............
2. Қылышты......... 5.Шоқпарды..............
3. Найзаны.............
Керекті сөздер : тартады, кереді, сермейді, ырғайды, толғайды, сілтейді,
салады, ұрады, үйіреді, салады.
№ 3
1. Қазақ батырларының соғысқа қолданған қорғаныс құралдарын мына кестеге толтыр.
|
Денгеге киетін |
Басқа киетін |
Қолды қорғайтын |
Қолға ұстайтын |
|
Сауыттың түрлері |
Киім түрлері |
Темір түрлері |
құрал |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2. *Қаған* деген сөздің мағынасын түсіндір.
№ 4
І. Салмақ өлшемдерінің қазақша атауларын ата. Олар қандай сөздерге жатады?
1.5гр.Жуық салмақ өлшемі . 3. 16 кг жуық салмақ өлшемі
2.400гр Жуық салмақ өлшемі . 4. 10 пұтқа тең салмақ өлшемі
ІІ.Мына ыдыстар не үшін пайдаланады ?
Көн ыдыс, саба, піспек.
Ортақ бағалау парағы
|
Оқушының аты-жөні |
*Қызыл үстел* |
*Жасыл үстел* |
*Сары үстел* |
Ортақ бал |
|
№1 |
|
|
|
|
|
№2 |
|
|
|
|
|
№3 |
|
|
|
|
|
№4 |
|
|
|
|
Әр ойыншыға 1,5- 2 минут беріледі .Ойын барысында әр ойыншы фишка алып отырады. Солардың саны мен түсіне қарай баға қойылады .
Жүргізушілер ортақ бағалау парағын толтырып отырады.
Сары фишка -3 Жасыл -4 Көк-5
Жарты көк –қосымша толықтыруға беріледі .
ІІІ. Ойынды қорыту .
ІҮ. Бағалау .
Ү .Үй тапсырмасы : лексика тарауына арналған сөзжұмбақтар ,ребустар дайындау
Игра – традиционный, признанный метод обучения и воспитания. Это уникальное средство ненасильственного обучения детей. Игра соответствует естественным потребностям и желаниям ребенка, а потому с ее помощью он будет учиться с удовольствием. Хочется отметить большие потенциальные возможности игры в качестве средства обучения казахскому языку. Игровая деятельность на уроке казахского языка не только организует процесс общения на казахском языке, но и максимально приближает его к естественной коммуникации. Игра развивает умственную и волевую активность. Благодаря играм активизируются все познавательные процессы учащихся: развиваются внимание, память, мышление, творческие способности. Обучающие игры помогают снять усталость, преодолеть языковой и психологический барьеры.
Профессия: Методист
Профессия: Научный сотрудник библиотеки
Профессия: Педагог-библиотекарь
Профессия: Библиотекарь
В каталоге 6 648 курсов по разным направлениям
Учебник: «Теория товароведения. Среднее профессиональное образование», Райкова Е.Ю., Додонкин Ю.В.
Тема: Связь товароведения с другими науками и научными дисциплинами