Инфоурок / Музыка / Конспекты / Разработка урока музыки на тему "Музыка әлеміне саяхат!"

Разработка урока музыки на тему "Музыка әлеміне саяхат!"

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Сыныбы:5

Күні:

Тақырыбы: Музыка әлеміне саяхат!
Мақсаты: Балалардың ноталарды тануын, музыкалық аспаптарға деген қызығушылығын ояту, оларды дыбысынан ажырата білуге және музыкаларды тыңдау арқылы эстетикалық талғамдарын, музыканы қабылдау деңгейін дамытуға, мінезіне қарай ажырата білуге үйрету.
Көрнекіліктер: Тақырып жазылған шарлар, музыкалық аспаптар, аспаптардың суреттері, ноталардың суреттері, музыка әлеміне саяхатқа баратын ноталардың суреттері салынған пойыз, ж. т. б.
Сабақтың барысы:Ұйымастыру кезеңі.Сыныпты түгендеу. Үй тапсырмасын тексеру. Жаңа тақырып.Музыка әлеміне саяхат. Бағалау.
I. Музыка жетекшісі: балалармен амандасады және әуенге (басқа көңілді әуен қосылады балалардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында ) «Шаттық» шеңбері:
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып,
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, қанекей, бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге,
Сәлеметсіздер ме, апайлар мен ағайлар!
Музыка жетекшісі: - Балалар сендер қандай сабаққа келдіңдер?
Балалар: - Музыка сабағына.
Музыка жетекшісі: - Музыка сабағында біз не үйренеміз?
Балалар: - Ән айтуды,күй тыңдауды, би билеуді үйренеміз.
Музыка жетекшісі: - Жарайсыңдар!

ІІ. Іздену - ұйымдастырушы кезең.
Музыка жетекшісі: Балалар, айтыңдаршы музыка шығару үшін ең алдымен бізге не керек еді сендер онымен таныссыңдар?
Балалар: Ноталар керек.
Музыка жетекшісі: Ия, дұрыс айтасыңдар! олай болса балалар ноталардың атын айтып көрейікші, қане:
бәрі бірге:
Досымда – до, мерекеде - ре, Мираста - ми, Фаридада - фа, Галяда - ля,
Балалар ноталарды жазылған нотаның үстіне апарып жабыстарды.
Музыка жетекшісі: Ендеше, балалар бәріміз бірге айтып көрейікші:
бәрі бірге: до, ре, ми, фа, ля.
Балалар, бізде барлық нота толық болды ма?
Балалар: Жоооқ, екі нота түсіп қалған.
Музыка жетекшісі: Жарайсыңдар! Қалай ойлайсыңдар қандай ноталар түсіп қалған екен «Соль және си» ноталары түсіп қалыпты, қәне соль, си ноталарын апарып үстіне жабыстырайық. Қәнекей, енді өзіміз нота боламыз (балалар бастарына ноталар салынған маскалар киеді)
Музыка жетекшісі: Ендеше, ноталардың алдында не тұруы керек балалар?
Балалар: Скрипка кілті тұруы керек.
Музыка жетекшісі: Жарайсыңдар, балалар, мінекей скрипка кілті де өз орнына келді.
Музыка жетекшісі: Жақсы балалар, ендеше ноталарымызды жабыстарған пойызға мініп саяхатқа шығайық. (әуенмен жүріп, залды бір айланады) **бірінші аялдамаға**келіп тоқтайды. (Аялдамада хат жатады)

ІІІ. Негізгі бөлім. Музыка жетекшісі: Балалар қараңдаршы мына жерде хат бар екен, оқып қарайықшы (Музыка жетекшісі хатты оқиды.)
Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мен, музыка әлемінің Ханшайымымын. Менің әлеміме жету үшін сендерге 3 аялдамада 3 түрлі тапсырмаларым бар. Бірінші тапсырмам: мына күйтабақтағы әуенді тыңдаңдар да оның сөзіне қосылып айтып беріңіздерші;- депті. (Балабақшада әні)
Музыка жетекшісі: жарайсыңдар, балалар дұрыс, жақсы айттыңдар. Ендеше тағы да пойызға отырайық, (музыка ойнап тұрады.) **екінші аялдамаға** келеді. Бұл жерде қандай тапсырма бар екенін хаттан оқып білейік:
Музыка тыңдау: Балалар сол күйтабақтағы музыкаларды тыңдап оның мінездерін ажыратып беріңдер; - депті. Тыңдаймыз ба балалар? Балалар: - ия, қане онда біріншісі (көңілді әуен), екіншісі (көңілсіз әуен ) балалар әуендерді дұрыс ажыратады.
Музыка жетекшісі: Балалар, дұрыс айтасыңдар!, ендеше балалар осы көңілді бір музыкаға біздің Ұлжан билеп бермекші, тамашалаймыз ба? - ия, жарайсың Ұлжан! (Көңілді әуенге билеп береді, бәрі қол соғып көңілденеді )
Музыка жетекшісі:
Балалар, осындай тамаша көңіл - күймен соңғы аялдамаға жетейік,
Ханшайымның тапсырмасын шешейік.
(музыка ойнап тұрады, үшінші аялдамаға келіп жетеді)
Үшінші аялдама: Бұл аялдамада қандай тапсырма бар екен хатты оқып көрейік: Балалар, бұл аялдамада бір қорапша бар, қорапшаның ішінде заттар бар, сол заттарға байланысты сұрақтарға жауап берсеңдер мен сендердің жаныңыздан табыламын; - деген. Балалар бәріміз қорапшаны іздеп көрейік (іздейді)
Мінекей, таптым апай;- деп, бір бала тауып алып келеді,м
ұғалім ішін ашып сұрақтарды оқиды:
- Мынау қандай аспап? (Сазсырнай)
- Сазсырнай қалай шертіледі? (Үрлеп)
Музыка жетекшісі сазсырнайды
ң видео жазбасын қосып көрсетеді.
- Ол қандай топқа кіреді? (Үрмелі)
- Мынау қандай аспап? (Домбыра)
Музыка жетекшісі домбыраны шертіп көрсетіп береді
- Қай топқа жатады? (Ішекті)
- Мынау қандай аспап? (Шаңқобыз)
Музыка жетекшісі
видео арқылы көрсетеді.
Аспаптардың аттарын балалар
мұғалімімен бірге дұрыс табады. Мұғалім оларға аспаптарды таныстырып, айтып өтеді. Балалар, тағы қарап көрейік басқа тапсырма барма екен.
(Осы уақытта залға Ханшайым кіріп келеді балаларға қарап)
Ханшайым: Сәлем, достар! Жарайсыңдар! Менің тапсырмаларымды өте жақсы орындадыңдар.
- Сол үшін мен сендерге әдейі дайындап келген сыйлығымды беремін (музыка жетекшісіне нотаның суреті бар қорапша береді)
Мына қорапшада менің балаларға арнаған сыйлықтарым бар, оны
сабақтың соңында беріңіз. Сендер менің барлық тапсырмамды бұлжытпай орындадыңдар соның құрметіне мен сендермен сергіту сәтін өткізейін де кетейін.Жооқ Ханшайым асығып тұрсаңыз жолыңыздан қалмаңыз маған сеніңіз мен өзім өткіземін. Жарайды онда сау болыңыздар, балалар, менің әлеміме келіп тұрыңыздар! ( шығып кетеді.) / Аяқпенен топ-топ-топ/ сергіту сәті өткізіледі.
Музыка жетекшісі: Ноталар, яғни балалар: Біздің де қайтатын уақытымыз болып қалды. Мінекей пойыз да келді, қанекей кеттік. (музыка ойнап тұрады, залды бір айланып шығады)
ІV. Қорытынды.
Музыка жетекшісі: Пойыздан түсіп, міне, сыныбымызға келдік, балалар біз бүгін қайда бардық? (қайда барғанын, не көргендері туралы әңгімелеседі.) ендеше, музыка әлемі Ханшайымының берген қорапшасын ашып көрейік. (балаларға арналған сыйлықтарын бөлістіреді)
Балалар: Біз музыка әлемінде ән айтып, би биледік және әртүрлі саз аспаптарымен таныстық. Музыка әлемі Ханшайымының сұрақтарына жауап беріп онымен жүздестік.
Музыка жетекшісі: - Дұрыс айтасыңдар, тапсырмалар орындадық. Балалар, ендеше бәріміз бірге «Веселые нотки!» орыс әнін орындайық та үзіліске шығайық. Әнді орындап болған соң музыка жетекшісі бүгінгі сабақта белсенді қатысқан балаларды бағалайды.



Сабақтың сараптамасы.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Балалар ноталардың аттарын атай біледі;
Игереді: Музыканың мінезін ажырата біледі, аспаптармен танысты;
Меңгереді: Балалардың музыка мәдениетіне деген көз - қарастарын қалыптастырады.



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 29 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-232837
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>