Инфоурок Информатика Рабочие программыРазработка урока на казахском языке на тему "MS Access ортасында сұраныстар құру"

Разработка урока на казахском языке на тему "MS Access ортасында сұраныстар құру"

Скачать материал

Топ:   3ИС-13-1                                     Күні: 3.12.15ж.
Сабақтың тақырыбы:
MS Access ортасында сұраныстар құру
Мақсаттары: 

1. Білімділік: сұраныс, сұраныстың түрлері, конструктор режимінде сұраныстарды құру жолдарымен таныстыру және  сұраныстармен жұмыс істеуді меңгерту. 
2. Дамытушылық: Access–те
ортасында еркін жұмыс жасай білуге, ойлау, зерттеу, талдау  қабілеттерін  дамыту.

3. Тәрбиелік: Студенттерді өз бетінше жұмыс істеуге үйрету. Интерактивтік тақтаның көмегімен өз-ара тікелей қатынас орната отырып, студенттердің пәнге қызығушылығын арттыру, мамандыққа баулу.

Сабақтың типі: аралас сабақ
Өткізілетін жер: № 262  аудитория 
Пәнаралық байланыс:
информатика, математика 
Сабақта қолданылатын  құрал-жабдықтар: Компьютер, проектор, интербелсенді тақта, оқу-әдістемелік құралдар, үлестірмелер,  слайдтар, флипчарттар
Сабақ барысы: 

I. Ұйымдастыру кезеңі                                                                                             2 минут 
а) Сәлемдесу 
ә) Оқушыларды түгендеу 
б) Сыныптың, құрал-жабдықтардың, студенттердің сабаққа дайындығын тексеру. 

В) Мақалдар арқылы топқа бөлу

1 топ

2 топ

3 топ

Тұмсықтының тамағы,

Шоқу менен табылар,

Өнер-бiлiм дегенiң,

Оқуменен табылар.

 

Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі білім біл.

 

Білекті бірді жығады,

Білімді мыңды жығады.

 


2.Үй тапсырмасын тексеру                                                                                           3 минут

Үйге «Бөлім», «Мамандықтар», «Пән», «Оқытушылар» «Студент», «Үлгерім»  кестелерінің құрылымдарын анықтап, колледж мәліметтер қорында кестелерді құрып, мәліметтермен толтырып келу берілген. Тапсырманы топ болып орындау тапсырылған.

1 топ тапсырмасы  «Бөлім», «Мамандықтар» кестелерінің құрылымын анықтау, құру, кестені толтыру.

Бөлім кестесінің құрылымы: Бөлім нөмірі, бөлім атауы

Мамандық кестесінің құрылымы: Мамандық коды, мамандық атауы

Толтырылғаны:

2 топ тапсырмасы  «Пәндер» , «Оқытушылар» кестелерінің құрылымын анықтау, құру, кестені толтыру.

Пән  кестесінің құрылымы: Пән нөмірі, пән  атауы

Толтырылғаны:

 

«Оқытушылар» кестесінің құрылымы және толтырылуы

3 топ тапсырмасы  «Студент», «Үлгерім» кестелерінің құрылымын анықтау, құру, кестені толтыру.

«Студент» кестесінің құрылымы

 

 

3. Өткен тақырыптарды қайталау                                                               15 минут

а) Тест тапсырмалары

1 топтың тест тапсырмалары

1. Microsoft Access
А) мәліметтер базасын қолданушыға арналған программа.
В) компьютер мен адамның өзара сұхбаттасы құралы
С) мәтіндік редактор
Д) амалдық жүйе


2. Конструктор дегеніміз:

A) Деректер базасының объектілерінің қасиеттерін анықтайтын режим

B) Обьектілердің қасиеттерін беру үшін қолданылатын меню

C) Макростарды құру үшін қолданылатын программа

D) Деректер базасының түрлерін анықтайтын құрал

E) Деректер базасы


3. Ақпарат сақталынатын Microsoft Access программасынның негізгі объектілері
А) кесте
В) қалып
С) сұраныс
Д) есеп

4. Кесте құруды неден бастаған дұрыс
А) макетін беруден
В) өрістерін енгізуден
С) мәліметтерді енгізуден
Д) жазбаларды енгізуден

5. Microsoft Access мәліметтер базасының байланыс параметрлері көрсетілетін терезе
А) Мәліметтер схемасы терезесінде.
В) Байланыс терезесінде.
С) Бас терезесінде.
Д) Мәліметтер базасы терезесінде

 

6. MS Access. AЯ¯ суреті бар перне не үшін арналған?

A) Жазбаларды кему ретімен сұрыптау үшін

B) Сүзгіні қайтару үшін

C) Жазбаларды фильтрлеу үшін.

D) Тек мәтіндік типтегі деректерді сұрыптау үшін

E) Жазбаларды өсу ретімен сұрыптау үшін

7. MS Access мәліметтер базасында мәтіндік қабылдайтын  символдар саны

А) 255

В) 32000

С) 256

D) 64

Е) 34000

 

8. MS Access программасында мәліметтерді талдау және іріктеу қызметін атқаратын арнайы объект:

A) Сұраныстар (запросы).

B) Макростар.

C) Модульдер.

D) Пішіндер (формы).

E) Есептер (отчеты).

 

9.  Acces-тегі жазба

A) Таблицаның қатарына (жолына) жазылған мәліметтер.

B) Базаны толтыруда берілген өрісті міндеттілікпен толтыруды анықтайтын қасиет.

C) Деректер типтері.

D) Объектінін физикадық кұрылымы.

E) Объекті әдістері және қасиеттері.

 

10. MS Access. Конструктор режимі қандай қызмет атқарады?

A) өрістің түрін таңдайды

B) деректер фильтрациясын шығарады

C) деректерді сорттайды

D) баспаға шығарады

E) деректер жинағын шығарады

 

 

2 топтың тест тапсырмалары

 

1.  MS Access. Деректер қорында жазба

A) Кесте жолдары

B) Программа тақырыбы

C) Үяшықтар блогы

D) Ерекшеленген сыбайлас емес кестелер

E) Кесте бағаналары

 

2. MEMO типті өрістерде не сақталады

C) Ауқымды мәтіндік мәліметтер

A) Гиперссілтемелер

E) Сандық  мәліметтер

D) Дыбыс жазбалары.

B) Суреттер

 

3.  ACCESS. Автоматты түрде өсіп отыратын натурал сандардың беретін деректердің арнайы түрін көрсетіңіз:

A) санағыш

B) Мемо өрісі

C) дата/уақыт

D) сандық

E) мәтіндік

 

4.  ACCESS. Деректерді енгізу және көру үшін қолданылатын деректер қорының объектісі қалай аталады

A) Форма.

B) Парақ.

C) Кесте.

D) Сұраныс.

E) Есеп беру.

 

5.  Access. Өрістер типтері

A) Мәтін, сандық, санауышты (счетчик), дата, ақшалық, логикалық.

B) Мәтін, сандық, дата логикалық, акшалық.

C) Мәтін, сандық, дата, санауышты (счетчик), логикалық, ескерту.

D) Логикалық, сандық.

E) Мәтін, сандық, дата, логикалық, ескерту.

 

6.  ACCESS. Бірегей мәнге ие болатын кесте өрісінің атауы

A) Кілттік өріс

B) Басқарушы өpic

C) Қосымша өpic

D) Басты өріс

E) Сақталатын өріс

 

7. Access ДҚБЖ-де мәліметтер кестенің қай элементінде сақталады?

A) Өрісте.

B) Қасиеттерде.

C) Бағаналарда.

D) Жазуларда.

E) Ұяшықтарда.

 

8. MS Access. AЯ­ суреті бар перне не үшін арналған?

A) Жазбаларды өсу  ретімен сұрыптау үшін

B) Сүзгіні қайтару үшін

C) Жазбаларды фильтрлеу үшін.

D) Тек мәтіндік типтегі деректерді сұрыптау үшін

E) Жазбаларды өсу ретімен сұрыптау үшін

9. OLE  типті өрістерде не сақталады

C) Суреттер

A) Гиперссілтемелер

E) Сандық  мәліметтер

D) Дыбыс жазбалары.

B) Ауқымды мәтіндік мәліметтер

 

10.  ACCESS. Автоматты түрде өсіп отыратын натурал сандардың беретін деректердің арнайы түрін көрсетіңіз:

A) санағыш

B) Мемо өрісі

C) дата/уақыт

D) сандық

E) мәтіндік

 

3  топтың тест тапсырмалары

 

1. Кестенің макетін өзгертуге  мүмкіндік беретін режим

A) Конструктор режимі

B) HELP режимі

C) Шебер режимі

D) Автофильтр

E) Фильтрлеу режимі

 

2. MS Access. 'Обязательное поле' өрісі нені талап етеді?

A) Бұл өрістік мәнді міндетті түрде енгізуді талап етеді

B) Бұл өрісті деректер қорындағы барлық кестеде міндетті түрде қолдануын талап етеді

C) Бұл өріс тек мәтіндік немесе сандық болуын талап етеді

D) Бұл өрісте мәліметтер сәйкес келмеуін талап етеді

E) Бұл өрісте мәліметтер сәйкес келуін талап етеді

 

3. MS Access. ДҚБЖ MS Access-те сұрыптауға жатпайтын деректер типін көрсетіңіз:

A) Гиперсілтемер, MEMO, OLE

B) Сандық, дыбыстық

C) Ақшалык, мерзім уақыт, мәтіндік

D) Сандық, ақшалық, MEMO, OLE

E) Сандық, дыбыстық, гиперсілтемер

 

4. MS Access. Алғашқы кілт

A) Кестелер арасындағы байланысты қамтамасыз ететін қайталанбайтын өріс

B) Кестелер арасындағы байланысты қамтамасыз ететін қайталанбайтын жазба

C) Кестелер арасындағы байланысты қамтамасыз ететін қайталанатын жазба

D) Негізгі кестедегі жазбалар

E) Бірнеше кестелердің өрістері мен жазбаларын байланыстыратын қайталанбайтын

 

5. Төмендегінің қайсысы ДББЖ-ға жатады?

A) ACCESS

B) WinRAR

C) PAINT

D) WORD

E) WINDOWS 2000

 

6. Қай режимде өрістің типі өзгертіледі?

A) Конструктор

B) Монитор

C) Кесте шебері

D) Кесте

E) Динамикалық мәзір

 

7. MS Access программасы мәліметтер базасының қандай түрлерін қарастырады?

A) Қатынасты (Реляциялық)

B) Компьютерлік

C) Желілік

D) Ағаш тәріздес

E) Құрылымдық

 

8. MS Access Tab пернесі не үшін қолданылады?

A) Кестеде мәліметтерді бір өрістен екінші өріске орнын ауыстыру.

B) Есеп беруді баспаға шығару.

C) Сұранысты ұйымдастыруға.

D) Істі тоқтату.

E) Жаңа жазуға көшу.

 

9. Информацияны сақтайтын және бағдарламаның негізі болып табылатын Microsoft Access объектісі:

A) Кесте.

B) Модуль.

C) Запрос (Сұраныс).

D) Форма.

E) Макрос.

 

10. Қай файл мәліметтер базасы болып табылады?

A) mbf.mdb

B) mbf.xls

C) mbf.txt

D)mbf.sta

E)mbf.doc

 

С) Кестелер байланысын орнату. БҚБЖ-ның негізгі артықшылығы жеке кестелермен емес, өзара байланысқан кестелер тобымен жұмыс істеу кезінде көрінеді.

 



4. Жаңа  сабақ     Презентация1           50 минут
Жоспар:

1) MS Access– тің сұраныс объектісімен танысу 
2) Сұраныс және сұраныс түрлері 
3)  Қарапайым сұраныс 
4) Конструктор режимінде сұраныстар құру

5) Параметрлі сұраныс

6) Айқасқан сұраныс. 

 

Сұраныс объектісі

Сұраныстар арқылы бір және бірнеше байланысқан кестелерден берілгендерді анықталған шарт бойынша іріктеп алуға болады. Access-те сұраныс құрудың бірнеше тәсілдері бар. Олар сұраныс объектісінде Құру батырмасын басқанда пайда болатын Жаңа сұраныс терезесінде көрсетіледі (1-сурет).

1-сурет. Жаңа сұраныс терезесі.

Қарапайым сұраныс құру үшін:

1)Жаңа сұраныс терезесінде оның Қарапайым сұраныс (Простой запрос) түрін таңдап, ОК батырмасын шерткенде Қарапайым сұраныс құру сұхбаттық терезесі іске қосылады (2-сурет).

2-сурет. Қарапайым сұраныс құру терезесі.

2)Сұранысқа қажетті кесте аты белгілі болған соң Мүмкін өрістер (Доступные поля) қатарынан өзімізге қажетті өріс аттарын Таңдалған өрістер (Выбранные поля) өрісіне таңдаймызда ( «>» - бағыттауышы белгіленген өрісті ғана келесі бетке көшіреді, ал «>>» бағыттауышы барлық өрістерді көшіреді) Әрі қарай (Далее) батырмасын шертеміз (3-сурет);

3-сурет.Қарапайым сұранысқа қажетті кесте атын және

өрістерді таңдау сұхбаттық терезесі (1-қадам).

Егер сұранысқа екі немесе бірнеше кесте мәліметтері қажет болса, онда шебердің келесі қадамында толық немесе қорытынды параметрлердің(подробный (вывод каждого поля каждой записи), итоговый) бірі таңдалады (4-сурет).

4-сурет.Шебердің 2-ші қадамы.

3-ші қадамда сұранысқа атау беріледі және үнсіздік бойынша «Сұраныстың орындалу нәтижелерін ашу» қасиеті таңдалады (5-сурет).

5-сурет. Қарапайым сұраныс құру сұхбаттық терезесі – 3-ші қадам.

Сұраныстағы Құрастырушы (Конструктор) режімі негізгі режім болып табылады. Тіпті шебердің көмегімен құрылған сұраныстың өзіне қандай да бір өзгертулер, толықтырулар қажет болады. Қосымша барлық қызметтер, өзгерістер тек қана Құрастырушы режімінде орындалады.

Құрастырушы режімінде сұраныс құру мына екі тәсілдің бірі арқылы орындалады:

1)Деректер қоры базасында Сұраныс®Құру®Жаңа сұраныс (Запрос®Создать®Новый запрос) командасынан соң  Құрастырушы (Конструктор) қатарын таңдау. ОК батырмасынан соң төмендегідей екі сұхбаттық терезе шығады (6-сурет):

6-сурет. Құрастырушы көмегімен құрылған сұраныс.

2)Сұраныс объектісі терезесіндегі Сұранысты құрастырушы режімінде құру (Создание запроса в режиме конструктора) қатарында тышқанның сол жақ батырмасын үздіксіз екі рет шерту арқылы жүктесек те болады.

9.4.6 (ә)-суретте қажетті кестені, сұранысты және кесте мен сұранысты бірге таңдап алуға мүмкіндік беретін бөлімдердінің қажеттісін белгілеп алған соң Қосу (Добавить) батырмасын басамыз. Таңдалынған кестелер 9.4.6 (а) – суреттің жоғарғы бөлігінде сұраныс жеберілген кестенің құрылымы бейнеленеді. Төменгі бөлігі бағандарға бөлінген. Оның әрбір бағаны болашақ кестенің бір-бір өрісіне сәйкестендірілген. Сұранысқа қажетті өрістерді тышқан көмегімен таңдап аламыз. Сол кезде бланкінің төменгі жағындағы бағандар автоматты түрде толтырылады. Сұраныстың құрылымын даярлап болған соң, оны жаңа атпен қайта сақтаймыз. Осылайша құрылған сұраныс- Таңдамаға сұраныс (Запрос на выборку) деп аталады.

Таңдамаға сұраныс нәтижесінде алынған мәліметтерді қандай да бір өріс бойынша реттеп орналастыру үшін сұрыптауды (сортировка)  - өсуі немесе кемуі бойынша қолданамыз.

Мәліметтерді қандай да бір шарт бойынша сұрыптауға мүмкіндік беретін команда   - Сұрыптау шарты (Условие отбора) болып табылады. Әрбір өріс үшін осы жолда жеке дара шарт беруге болады.

Сұраныс құру барысында жазбаларды іріктеу шартын беретін өрнекті анықтауға арналған Өрнек құрастырушыны (Построитель выражений) қолдануға болады. Ол сұраныс бланкісінде Іріктеу шарты (Условие отбора) шарты қатарында жанама мәзірден Құру®Өрнек құрастырушы (Построить®Построитель выражений) командасын таңдау арқылы немесе Ctrl+F2 пернелер комбинациясын шерту арқылы құрылады (7-сурет).

 

7-сурет. Өрнек құрастырушы терезесі.

Өрнек құрастыру барысында бірнеше қарапайым ережені естен шығармау керек:

-өрнек барлық уақытта логикалық болады;

-символдық тұрақтылыр тырнақшаға алынып жазылады;

-ДҚ-ның объектісі өріс атауынан леп белгісімен ажыратылады;

-математикалық емес программаулаушыларға түсінікті бірнеше операторларды да қолдануға болады;

-өрнек өте дәл анықталып, сұраныс кестесіне енгізілетін жазбалар туралы барлық ақпарат толық қамтылуы керек.

Өрнек құрастырушы терезесі өздерінде жылжыту жолақтары бар төрт аймақтан тұрады:

1)бірінші аймақта – құрылатын өрнек орналасады;

2)екінші аймақта сұранысқа арналған қажетті объектілер таңдалады: кестелер, сұраныстар, қалыптар, функциялар және т.б.;

3)үшінші аймақта осы объектілердің құрамына кіретін элементтер тізімі көрінеді;

4)төртінші аймақта үшінші аймақтан таңдалынып алынған объектілердің ішкі элементтері таңдалады.

Математикалық операциялардың белгілері көрсетілген батырмаларды екі рет шерту арқылы сәйкес символдарды өрнекке енгізуге болады.

Өрнек құрастырушы терезесінде математикалық амалдардан басқа іріктеу шартына қолдануға болатын негізгі логикалық функциялар да бар, яғни:

AND – және;

OR – немесе;

NOT – емес;

LIKE – белгісіз символдары бар қатарды іздеу кезінде масқа құруға пайдаланылатын функция. Бұл кезде арнайы символдар қолданылады: ? – кез келген бір символ; * - символдардың кез келген тізімі, # - белгісіз цифр;

BETWEEN AND – аралықтан таңдау операциясы;

^ - дәрежеге шығару операциясы;

\ - бүтінге дейін дөңгелектеп бөлу операциясы;

& - символдық берілгендерді қосу операциясы (оны «+» белгісімен де жазуға болады).

Мысалы:

BETWEEN 2010 AND 2015 шарты >= 2010 AND <=2015 шартына эквивалентті;

LIKE *5* - құрамында «5» символы бар жазбаларды іздеу шарты.

Өрнек құрастырушы терезесін пайдаланып сұраныс құруға мысал қарастырайық. Айталық, «Колледж» атты ДҚ-да Студент және Үлгерім деген атпен екі кесте бар болсын (8 (а)-сурет).

а) Студент

Ә) Үлгерім кестесі

Екі кестені пайдаланып, қажетті сұраныс кестесін құру алгоритмі төмендегідей:

1) Колледж ДҚ-да Сервис®Берілгендер схемасы командасы бойынша Студент (ә)-сурет) кестесінде зечетка нөмері мен Үлгерім (б)-сурет) кестесінде зачетка нөмері  арасында  «бірі®көбіне» байланысын орнатамыз (9-сурет);

9-сурет. «Бірі®көбіне» байланысының көрінісі

2) Сұраныс объектісіндегі Конструктор режімінде жаңа сұраныс құрамыз;

3) Конструктор режімінің Сұраныс терезесінің төменгі жағындағы бағандарда Студент кестесінен группа мен фамилия, ал Үлгерім кестесінен  баға  өрісін таңдаймыз (10-сурет).

10-сурет. Сұранысқа қажетті өрістерді таңдау.

4) Төртінші бағанда жаңадан Баға өрісін ашып, сол бағанда жанама мәзір көмегімен Өрнек құрастырушы (Построить® Построитель выражений) терезесін ашамыз да бағаның орта мәнін есептейтін  функцияны енгізгеннен соң ОК батырмасын шертеміз (11-сурет);

11-сурет. Өрнек құрастырушы терезесінде жазылған формула.

5)Конструктор режімінде ашылған сұраныс терезесіндегі соңғы өзгерістерді сақтай отырып терезені жабамыз.

Осы алгоритмдерді орындай отырып тиісті орта бал нәтижесін аламыз.

12-сурет. Конструктор және қалыпты режімде ашылған сұраныс кестесі.

Қорытынды (итоговый) параметрін таңдап, сол терезедегі Қорытынды (Итоги) батырмасын шерткенде математикалық қорытынды есептеулер немесе статистикалық есептеулерді орындайтын сұхбаттық терезе шығады (13-сурет).

13-сурет. Қорытынды (итоговый) параметрін таңдау терезесі.

Қорытынды ретінде әр топтағы арифметикалық ортаны, минимумді, максимумды, жазбалар санын есептеуге болады. Тізімдегі кейбір функциялардың атқаратын қызметтері:

Функциялар

Атқаратын қызметтері

Sum

өрістің барлық мәндерін есептеу;

Avg

арифметикалық орта мәнін есептеу;

Max

өрістердің берілген мәндерінің максимумын анықтайды;

Min

өрістердің берілген мәндерінің минимумын анықтайды;

Count

өрістердегі жазулар санын анықтайды;

First

өрістің бірінші жазбасының мәні;

Last

өрістің соңғы жазбасының мәні;

 

Қорытынды сұраныс даярлау үшін Сұраныс Конструкторының аспаптар панелінде Топтау операциялары (Групповые операции) батырмасын басып, сұраныс бланкісінің төменгі жағына Топтау операциясын жолын енгізу қажет. Қорытынды жүргізілетін өрістің ұяшығында топтау операциясын таңдап аламыз.

Айқасқан сұраныс (Перекрестный запрос) – берілген кесте немесе сұраныс негізінде қорытынды мәндерді есептеуге арналған кесте құру операциясы. Оның әрбір қатарына және бағанына атау беріледі де олардың қиылысуында қорытынды мәндер жазылады. Оның шеберін іске қосу үшін Сұраныс жапсырмасындағы Құру батырмасынан Айқасқан сұранысты таңдап, ОК батырмасын шерту керек. Айқасқан сұраныс құру үшін бастапқы кестеде жаңа кестенің қатарлары мен бағандарының атауларын қалыптастыруға қажетті мәліметтер бар деп есептелінеді. Шебердің жұмысы 5 қадамнан тұрады:

1) 1-қадамда – сұранысқа қажетті кесте таңдалады (14-сурет);

14-сурет. Айқасқан сұраныс шеберінің 1-ші қадамы.

2) 2-қадамда – сұранысқа қажетті өрістер таңдалады (15-сурет);

15-сурет. Айқасқан сұраныс шеберінің 2-ші қадамы.

3) 3-ші қадамда – мәндері бағандарды түзуге пайдаланылатын өрісті таңдау (16-сурет);

16-сурет. Айқасқан сұраныс шеберінің 3-ші қадамы.

4) 4-ші қадамда – қорытынды жасау үшін қажет функцияны таңдау, мысалы – максимум (17-сурет);

17-сурет. Айқасқан сұраныс шеберінің 4-ші қадамы.

5)5-ші қадам – құрылған сұранысқа жаңадан ат беру немесе үнсіздік бойынша берілген атауды қалдыру (18-сурет).

18-сурет. Айқасқан сұраныс шеберінің 5-ші қадамы.

Айқасқан сұраныстың қорытынды кестесі 19-суретте келтірілген.

19-сурет. Айқасқан сұраныс терезесі.

Егерде бастапқы кестедегі мәліметтерге қандай да бір өзгерістер енгізсек, айқасқан сұраныс терезесінде сол өзгерістер автоматты түрде орындалады.

5. Сабақты бекіту                                                                                          15 минут

А) «Бәйге»  ойыны. Дұрыс жауапқа 1 бал беріледі. Ойынға 3 топ жарысқа түседі.

Бәйге ойынының сұрақтары:

1 топ

1. MS Access. Сұраныс (запрос) - бұл:

A) қойылған шартқа сәйкес таңдалынған мәліметтер

B) жаңа тізім

C) мәліметтерді сұрыптау

D) мәліметтер тізімі

E) мәліметтер орынының есебі

 

2. MS Access-тің қай объектісі басқа кестелерден алынған өрістерден виртуалды кестелерді кұруға мүмкіндік береді?

A) Сұраныс (Запрос)

B) Макрос

C) Қалып (Форма)

D) Есеп беру (Отчет)

E) Модуль

 

3.  «И» әріпінен басталатын барлық фамилияларды шығару үшін қандай шартты жазу керек:

А) И*.

В) >И.

C) И#.

D) И?.

Е) *И.

 

4. Сұраныстың (запрос макетін өзгертуге қай режим мүмкіндік береді?

A) Конструктор режимі

B) HELP режимі

C) Шебер режимі

D) Автофильтр

E) Фильтрлеу режимі

 

5. Sum  функциясы

A) өрістің барлық мәндерін қосады

B) арифметикалық орта мәнін есептейді

C) өрістердің берілген мәндерінің максимумын анықтайды

D) өрістердегі жазулар санын анықтайды

 

6. Avg функциясы

A) арифметикалық орта мәнін есептейді

B) өрістің барлық мәндерін қосады

C) өрістердің берілген мәндерінің максимумын анықтайды

D) өрістердегі жазулар санын анықтайды

 

7. Count функциясы

A) өрістердегі жазулар санын анықтайды

B) өрістің барлық мәндерін қосады

C) өрістердің берілген мәндерінің максимумын анықтайды

D) арифметикалық орта мәнін есептейді

 

8. Max функциясы

A) өрістердің берілген мәндерінің максимумын анықтайды

B) өрістің барлық мәндерін қосады

C) өрістердегі жазулар санын анықтайды

D) арифметикалық орта мәнін есептейді

 

9. First функциясы

A) өрістің бірінші жазбасының мәні

B) өрістің барлық мәндерін қосады

C) өрістердегі жазулар санын анықтайды

D) арифметикалық орта мәнін есептейді

 

10. Last функциясы

A өрістің соңғы жазбасының мәні

B) өрістің барлық мәндерін қосады

C) өрістердегі жазулар санын анықтайды

D) арифметикалық орта мәнін есептейді

 

Б) Өздік жұмыс. Берілген үлестірмелер бойынша тапсырмаларды  компьютерде орындау және нәтижесін Интернет арқылы оқытушыға жіберу керек.

Тапсырмалар

1 –деңгейлік тапсырма     5 бал
1.Мәліметтер базасы терезесіне кіріп, Сұраныстар (Запросы) парақшасындағы Жасау (Создать) батырмасын шерту. 
2. Қарапайым сұраныс (Простой запрос) режимін таңдау. 
3. Қарапайым сұраныс құру қадамдарын толық орындап шығу. 
4. Алынған мәліметтерді қарап шығу. 

2-ші деңгейлік тапсырма     10 бал
1. Мәліметтер базасы терезесіне кіріп, Сұраныстар парақшасындағы Жасау (Создать) батырмасын шертіп, Қарапайым сұраныс режимін таңдау. 
2. Белгілі бір өрістерінде қайталанып келетін мәндері бар кестені таңдау

3. Қарапайым нәтижелік (итоговый) сұраныс жасау. Ол үшін сұхбаттасудың екінші қадамында Қорытындылар (Итоги) батырмасын басу. 
4. Ашылған сұхбаттасу терезесіндегі сандық өрістер үшін қорытынды мәндерді есептеуді енгізу. 
5. Алынған мәліметтерді қарап шығу керек. 
6. Бастапқы кесте үшін «Жазбаларды санау» («Подсчет записей») қатарына жалауша қойып, сұраныс құру қажет. 
7. Алынған мәліметтерді қарап шығу керек. 

3 –ші деңгейлік тапсырма       15 бал
1. Мәліметер базасы терезесіне кіріп, Сұраныстар парақшасындағы Жасау (Создать) батырмасын шертіп , Конструктор режимін таңдау. 
2. Сұраныс құруға қажетті кестені таңдау. 
3. Осы сұранысты құру сұхбат терезесінде керекті өрістердің барлығын көрсету. 
4. Белгілі бір өріс мәліметтерін олардың өсуі бойынша реттеп, сұрыпталатындай етіп орналастыру. 
5. Сұранысты сақтап, алынған мәліметтерді қарап шығу. 
6. Таңдау шарты (Условие отбора) қатарына кестеден жазбаларды таңдау шартын күшейту, мысалы, Бағасы 5 және 4. 
7. Сұранысты сақтап, алынған мәліметтерді қарап шығу. 
6. Сабақты қорытындылау және бағалау                                        3 минут
• Жасалған жұмыстарға сараптама жасау; 
• Жеткен жетістіктерді айту; 
• Жіберген кемшіліктерді көрсету; 
• Компьютерді өшіру; 
• Жұмыс орнын жинау. 
 Студенттердің  өздік жұмыстарын тексеріп, журналға бағаларын қою. 

Бағалау парағы

Топ

Үй жұмысы

5 бал

Тест тапсырмалары

10 бал

Жаңа сабаққа қатысу

5 бал

Бекіту тапсырмалары

10 бал

Қорытынды

 

1

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлекция «Сабаққа пікір». Онлайн режимде  дауыс береді.

Нәтижесін бірден көруге болады


7. Үй тапсырмасы                                                                                                  2 мин

1.Қадірбаева Р.І. Microsoft ACCESS , 46 бет, №30-№35  тапсырмаларды орындау. 

Сайт: LearningApps.org

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Разработка урока на казахском языке на тему "MS Access ортасында сұраныстар құру""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Бренд-менеджер

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 752 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.04.2016 3462
    • DOCX 4.7 мбайт
    • 50 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бекмолдаева Карлыгаш Байкеевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10220
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Информатика")

Учитель информатики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по информатике и ИКТ в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 109 человек из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 577 человек

Курс профессиональной переподготовки

Математика и информатика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель математики и информатики

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 685 человек из 79 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 808 человек

Мини-курс

Расстройства пищевого поведения: обзор и основы психологической работы

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 21 человек

Мини-курс

Современные вызовы педагогической профессии: развитие профессионализма педагогов в контексте улучшения качества образования

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Формирование социальной ответственности и гармоничного развития личности учеников на уроках

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе