Инфоурок / Иностранные языки / Конспекты / Разработка урока на тему: "Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 15 ДЕКАБРЯ!

Конкурс "Я люблю природу"

Разработка урока на тему: "Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл"

Напоминаем, что в соответствии с профстандартом педагога (утверждён Приказом Минтруда России), если у Вас нет соответствующего преподаваемому предмету образования, то Вам необходимо пройти профессиональную переподготовку по профилю педагогической деятельности. Сделать это Вы можете дистанционно на сайте проекта "Инфоурок" и получить диплом с присвоением квалификации уже через 2 месяца!

Только сейчас действует СКИДКА 50% для всех педагогов на все 111 курсов профессиональной переподготовки! Доступна рассрочка с первым взносом всего 10%, при этом цена курса не увеличивается из-за использования рассрочки!

ВЫБРАТЬ КУРС И ПОДАТЬ ЗАЯВКУ
библиотека
материалов


Қазақ тілі

9-сынып 12.01.2016

66-сабақ

Сабақтың тақырыбы: ҚР Конституциясына 20 жыл
Сабақтың мақсаты:Білімділік: Оқушылардың Ата заңның қалыптасу тарихының кезеңдері және оның ерекшеліктері туралы білімдерін тереңдету.  оқу  қабілеттерін, білім-білік, таным  ерекшеліктерін  арттыру.

Дамытушылық: Есте сақтау қабілетін  дамыту, сауатты сөйлесу  дағдысын  қалыптастыру

Тәрбиелік: Мәдениеттілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу, эстетикалық тәрбие  беру

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, ой туғызу, талқылау, топтық жұмыстар, сұрақ-жауап, әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті  тақта, электронды  оқулық, оқулық, дидактикалық материал

Пәнаралық байланыс: Орыс тілі, әдебиет, тарих


Сабақтың барысы:


I. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу.

2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себебебін сұрау, білу.

3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.


II. Өткен сабақты қайталау:

1. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау.

2. Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін байқау, анықтау.

3. Оқушының сөйлеу қабілетін, сөйлеу тілін, сөздік қорын байқау.

4. Неге көңіл аудару қажеттігін анықтау, ескеру.

5. Сұрақ-жауап арқылы өткен сабақты қорыту.

III. Жаңа түсінікті қалыптастыру:

Қазақстанның Конституциялық тарихына көз салсақ, мемлекетіміздің бірнеше жазба Конституциясы болған екен. Соның біріншісі – 1926 жылғы 18 ақпандағы Қырғыз Советтік Социалистік Республикасының Конституциясы (Негізгі заңы); ол кезде қазақтарды қырғыз деп атағаны тарихтан мәлім. Ал одан кейінгі Конституция 1937 жылғы 26 наурыздағы Қазақ ССР - нің Конституциясы болып табылады. Үшіншісі – 1978 жылғы 20 сәуірдегі Қазақ ССР - ның Конституциясы болса, төртіншісі 1993 жылғы ҚР Конституциясы екендігі белгілі. Қазір қолданыстағы 1995 жылғы 30 тамыздағы ҚР Конституциясы Ата Заң ретінде тарихқа нық еніп отыр.


Тақырыпқа байланысты слайд көрсетіледі.


http://kargoo.gov.kz/media/img/photohost/54cc5685ce8c5.png


IV. Сабақты бекіту:

  1. Мәтінді оқып, мазмұнына байланысты сұрақтар құраңдар.

Конституция дегеніміз – қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттік заң. Конституция бүгін мемлекетімізді мекендейтін халықтардың тыныш әрі бейбіт өмір сүруінің кепілі болып отыр. Ата заң аясында алтын дала- Қазақстан әлем елдері алдында экономикалық реформалар жүргізу мен демократиялық қоғам қалыптастыруда, әр түрлі ұлт өкілдерінің бейбіт өмір сүруі және әлеуметтік мәселелердің оң шешім табуы жөнінен үлгі болып отыр.


Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекетіміздің іргесін нығайтудағы қарышты қадамдардың қалыптасуы мен жаңа жүйенің орнығуына, саясат сахнасында Қазақстан Республикасының қанат жаюы жолындағы бірден-бір бастаушы заң, серпінді сенім, әділет жолын көрсетер мемлекетіміздің Ата заңы, айшықты құжаты.


Қазақстан халықтары Ассамблеясының мәжілісінде еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болашақ Ата заңның басымдылықтарын баяндап берді. Бұдан кейін бүкілхалықтық талдау жариялау үшін жарияланған жаңа Конституцияның жобасы бойынша республика азаматтарынан отыз мыңға жуық ұсыныстар келіп түсті.


Ұлттық болмысымызды бейнелеген заңдық қағидалар мен өркениеттік Заңдық ережелерді жастардың бойларына сіңіру және Ата заңымызды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу. Ата-бабамыз аңсаған Тәуелсіздікке қол жетіп, Егемендігіміздің еңсесі нығайып, көпұлтты Қазақстанымыз көркейіп, ел экономикасы өсіп-өркендеп, халқымыздың әл- ауқаты артып, дамудың даңғыл жолын таңдадық. Қыруар қайратты, еңселі еңбекті қажет етер күрделі де, қиын өмір өткелдерінен өтіп, алуан асуларды, биік белестерді бағындырдық. Елбасымыздың салихалы саясатының арқасында әлем халқын мойындатқан Егемендігі еңселі, Тәуелсіздігі тұғырлы, саяси тұрақтылығы орныққан көпұлтты мемлекетке айналдық. 1991 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң қабылданды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынып, оны Қазақстан халқы 1995 жылы 30 тамыздағы Республикалық референдумда бір ауыздан мақұлдады. Біздің еліміз Ата Заң аясында тарих үшін аз жылдың ішінде әлеуметтік- экономикалық жағынан қарқынды дамып келе жатқан, саяси тұрақтылық берік қалыптасқан, іргесі мықты, айдынды ірі мемлекет ретінде дүниежүзіне танылды.

Мұның бәрі Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті, алысты болжайтын кемеңгер Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың дана басшылығының, салиқалы саясаттың, оның басшылығымен бүкілхалықтың Референдумда қабылданған еліміздің Конститутциясының әділдігінің нәтижесі. Бұл орайда Ішкі істер органдарының қызметкерлеріде Ата Заң аясында, Елбасымыздың «Қазақстан-2030» стратегиясын, халыққа Жолдауын жүзеге асыра отырып, тәуелсіздігімізді одан әрі нығайтуға, еліміздің байлығын молайтуға, қорғаныс қуатын арттыруға өздерінің лайықты үлестерін қосып келеді.


  1. Мәтіннен алғашқы үш сөйлемді көшіріп,кешенді талдау жаса.


  1. Тақтамен жұмыс. Конституция сөзін ассоциациялау



Конституция














V. Сабақты қорытындылау.

VI. Үйге тапсырмасы: «Ата заң» тақырыбына эссе жазу.



Общая информация

Номер материала: ДВ-367254

Похожие материалы