Инфоурок / Другое / Конспекты / Разработка урока на тему "Күз. Көкөністер мен жемістер."
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Разработка урока на тему "Күз. Көкөністер мен жемістер."

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы:

Күз. Көкөністер мен жемістер.
Сабақтың мақсаты: 1. Сөз құрамы, түбір, жұрнақ түрлерін меңгерту, түсіндіру барысында тапсырмалар орындау.
2. Оқушылардың ойлау, есте сақтау, сөйлеу қабілеттерін дамытып, сөздік қорларын дамыту.
3. Оқушыларды жақсылыққа, әдептілікке, табиғатты қорғауға баулу, тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жарыс сабағы.
Әдіс - тәсілдері: Баяндау, сұрақ - жауап, іздену.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, плакаттар, кеспе қағаздар.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру:
1. Сәлемдесу.
2. Кезекшімен әңгіме.
3. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
- Ал, балалар көңіл - күйлерің қалай? Жақсы ма?
- Егер көңіл - күйіміз жақсы болса, бүгінгі сабағымызды жақсылықпен бастайық. Бүгін бізде қайталау сабағы. Яғни, біз осы күз тақырыбы, сөздік құрам тақырыбы бойынша білетіндерімізді қайталап, есімізге түсіреміз. Сабағымызды бастамас бұрын сіздерді екі топқа бөлейік: (жапыраққа жемістер мен көкөністің атауын жазып, оқушыларға алғызамын. Кім не алғанын оқиды.) Жемістер бір бөлек, көкөністер бір бөлек отырғызылады.
I - топ: Жемістер
II – топ: Көкөністер
Сабақтың құрылымы:
Балалар, біздің сайыс сабағымыз мынадай тапсырмалардан тұрады.
I. Бой сергіту.
Екі топқа өткен тақырып бойынша граматикалық, сұрақтар қою.
( дұрыс жауапқа 1 жетоннан беріледі)
Грамматикалық сұрақтар:
1. Сөз құрамы дегеніміз не?
Сөз құрамы дегеніміз ұғымға берілген атау
2. Қазақ тілінің сөз құрамы неден тұрады?
Түбір мен қосымшадан тұрады
3. Қосымша дегеніміз не, нешеге бөлінеді?
Түбір сөзден кейін қосылып тұрған сөз бөлшектерін қосымша дейміз. Қосымша екіге бөлінеді, жұрнақ және жалғау. М: бақ+ша+лар
4. Негізгі түбір дегеніміз не?
Түбір өздігінен ешқандай қосымшасыз белгілі мағынаға ие болса, оны негізгі түбір д. а. Мыс: көмек
5. Туынды түбір дегеніміз не?
Егер түбірге қосымша қосылып, жаңадан сөз жасалса, онда оны туынды түбір д. а. Мыс: көмек+ші
II. Суретпен жұмыс.
Күз мезгіліне байланысты суреттерді көрсете отырып, мәтін құрау.
- Балалар, бұл қай жыл мезгілі? Бұл күз мезгілі.
- Күз айлары қай айлар? қыркүйек, қазан, қараша.
- Балалар мектепке қай айда барады? қыркүйек айында барады.
- Ауа - райы қандай болады? Салқын, жаңбырлы, бұлтты болады.
- Күзде қандай өзгерістер болады? Жапырақтар сарғаяды, адамдар жылы киіне бастайды, құстар жылы жаққа ұшып кетеді, күн қысқарып, түн ұзарады.
- Күзде нелер піседі? Күзде жемістер мен көкөністер піседі.
- Күзде қандай жемістер мен көкөністер піседі? Күзде алма, алмұрт, өрік, картоп, пияз, қарбыз, қызанақ, қияр т. б
III. "Жаңғақ шағу."
(Жаңғақтың ішіне сөздер салып, оқушыларға алғызамыз. Ол сөздерді сөз құрамына талдайды.)
Жемістер, құстар, мезгілді, күзгі, бұлтты, көмекші, қарақатты, көкөністі, қыста, жапырақтары, жаңбырлы, астық.
IV. Сергіту сәті.
Қарлығашқа ұқсайық
Қане, қанат жазайық.
Қарлығаш боп ұшайық
Ұшып - ұшып қонайық.
V. "Қай әріпті жоғалттым " ойынын ойнау.
Тақтада бірнеше сөздер жазылып тұрады. Оқушылар жоғалған әріпті орнына қойып, сөзді оқып, аударады.
К... к... н... с, қ... с,... з... қ, қ... р... қ... т, қ... с, ж... ңб... р, т... б... ғ... т, к... з, п... ст..., к... н, м... зг... л, ж... м... с.
VI. "Кім көп біледі?"
Сөздік бойынша жұмыс. Екі топтың оқушыларына сөздің орысшасы айтылады, оқушылар сол сөздің аудармасын айту керек.
Жемістер тобына: время года - жыл мезгілі, посевное поле - егіс, желтеть - сарғаю, короткий - қысқа, длинный - ұзақ, расти - өсу, природа - табиғат, завтра - ертең, овощи - көкөніс, ягоды - жидек.
Көкөністер тобына: помогать - көмектесу, сезон - мезгіл, желтеть - сарғаю, сильный - қатты, нравится - ұнайды, кушать - жеу, ветер - жел,
завтра будет тепло - ертең жылы болады, облачный - бұлтты, фрукты - жемістер.
VII. Кітаппен жұмыс.
41 - бет. 1 - тапсырма. Тақтаға екі оқушы шығып орындайды.
VIII. Сабақты қорыту:
Енді, балалар грамматикалық тақырыбымызды тағыда еске түсіріп жіберейік, қане.
- сөз құрамы дегеніміз не?
- негізгі түбір мен туынды түбірге 2 мысалдан айтайық?
- күз айларын ата?
- күзде қандай өзгерістер болады?
- мектеп қай айда басталады?
Сонымен, балалар, бүгін бәріміз КҮЗ мезгіліне дайындалып келген екенбіз. Өте жақсы. Бәріміз не білетінімізді көрсеттік. Енді қане, қай топ көп ұпай жинады екен. Санайықшы!
IX. Бағалау.
Жақсы олай болса, бүгінгі сабақта мына оқушылар 5, 4, 3 деген баға алды. Балалар, сабақ ұнады ма? Олай болса ертеңгі сабаққа да осылай дайындалып келейік.
X. Үйге тапсырма: 1. Ереже қайталаймыз.
2. Күзгі көрініс (әңгіме жазу)































Мұғалімнің өзін-өзі талдауы

Сабақтың тақырыбы: Күз. Көкөністер мен жемістер.
Сабақтың мақсаты: 1. Сөз құрамы, түбір, жұрнақ түрлерін меңгерту, түсіндіру барысында оқушылардың шығармашылығын жетілдіру.
2. Оқушылардың ойлау, есте сақтау, сөйлеу қабілеттерін дамытып, сөздік қорларын дамыту.
3. Оқушыларды жақсылыққа, әдептілікке, табиғатты қорғауға баулу, тәрбиелеу, отанға деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Жарыс сабағы.
Әдіс - тәсілдері: Баяндау, сұрақ - жауап, іздену.
Сабақтың к
өрнекілігі: үлестірме карточкалар, суреттер, ИКТ қолдану.

Сынып екі топқа бөлінді. 1-топ «Жемістер», 2-топ «Көкөністер» деп тақырыпқа сай аталды. Білімділігімен алға ұмтылып шыққан «Жемістер» тобы болды.

Қорытынды:

Сабақта алдыма қойылған өз мақсатыма жеттім. Алдын-ала жоспарланған тапсырмалар түгел орындалды. Сабақ қайталау сабағы болғандықтан күз, жемістер мен көкөністер тақырыбы бойынша өткен сөздер мен грамматикалық тапсырмалар орындалды. Сөз құрамы, түбір мен қосымшаны оқушылар толық меңгерді.

Сабаққа оқушылар қызығушылықпен қатысты. Сабақтың мақсаты оқушылардың тілін, сөздік қорын, шығармашылығын дамыту болғандықтан, сабақта құрылған тапсырмалар мен жаттығулардың мазмұны оқушыларды өздігінен сөз тіркестерін, сөйлем құрауға баулуға, үйретуге бағытталды. Оқушылардың шығармашылығын арттыру үшін ізденуге бағытталған жаттығу мен тапсырмалар жүйелі түрде қолданылса, оқушылардың тілі дамып, қазақша ойлау қабілеттері дұрыс қалыптасады.





«Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің

негізгі жалпы білім беретін №14 мектебі» ММ







Баяндама:

Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттырудың жолдары





Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі: Шолпанбаева А.Қ.

















2013-2014 оқу жылы


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-565098

Похожие материалы