Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / На тему: "Натюрморт жанры"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

На тему: "Натюрморт жанры"

библиотека
материалов

Лесбаева Камила Бердыбековна

34 жалпы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Ашық сабақтың тақырыбы: Натюрморт жанры.

Ашық сабақтың мақсаты:

Білімділігі:

Оқушыларға бейнелеу өнерінің натюрморт жанры туралы түсінік беру.

Дамытушылығы:

Өнер туындыларын эстетикалық талғаммен қабылдау.

Ойнау қабілеттерінен шеберліктерін дамыту.

Натюрморт жанры туралы білімдерін тереңдету.

Тәрбиелік мәні:

Шеберліктерін шыңдау, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді игеру.

Сабақтың түрі: Сайыс сабағы.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру.



Көрнекілігі:

Слайд. Бейнелеу өнерінің –натюрморт жанры.

Суретшілердің шығармалары.

Үздік сурет салатын оқушылардың шығармалары.

Сөзжұмбақ.

Маркер, бейнелеу өнері сабағына керекті құралдар.Натюрморт заттары.



Пәнаралық байланыс.

Тарих, қазақ әдебиеті, математика

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, сабаққа жалпы дайындықтарын тексеру, сыныпта жоқ оқушыны белгілеу және сабақтың тақырыбын жариялау.

hello_html_m70795edf.jpg

Өткен сабақты қайталау. (сұрақ-жауап арқылы)

1.Қандай бейнелеу өнерінің түрлерін білесіңдер?

2. Қандай әйгілі суретшілерді білесіңдер?

3. Бейнелеу өнерінің жанрларын ата?

Жаңа сабаққа кіріспе:

Өнердің ең құнды түрінің бірі – бейнелеу өнері. Бұл өнер адамның көркемділік ойлау қабілетін дамытып, қызығушылығын арттырады. Сендер өмірге суретші көзімен қарай бастасаңдар жай адам көзіне түсе бермейтін әсемдікті көресіңдер. Бейнелеу өнері дегеніміз не?

hello_html_m281e8956.jpg



Айналамызға өмір көріністерін жазықтықта әрі кеңістікте бейнелеу арқылы суреттейтін өнер түрі.

Бейнелеу өнерінің қанша түрі бар? Қайталап еске түсірейікші.

-Кескіндеме.

-Графика

-Мүсін

-Сәулет өнері

-Сәндік қолданбалы өнер

-Дизайн өнері

Сыныпты үш топқа бөліп аламыз.

І топ- Қылқалам шеберлері

ІІ топ-Ә.Қастеев шәкірттері.

ІІІ топ-Бояулар әлемінің шеберлері.

hello_html_6f54082c.jpg

Бүгінгі сабағымызды сайыс түрінде өткіземіз. Осы үш топқа бейнелеу өнерін қаншалықты білетіндерін тексеріп, сұрақ қоямыз. Сендер жауап беріп ұпай жинайсыңдар.

  • Кескіндеме өнерінің басты құралы не? (түс)

  • Табиғат әлемінде кездесетін түстер екі топқа бөлінеді, ол қандай? (жылы және суық түстер)

  • Хроматикалық түстерді атаңдар. (қызыл, сары, көк, жасыл т.б.)

  • Ахроматикалық түстерді білесіңдерме?(ақ, қара, сұр)

  • Кескіндемелік түс дегеніміз не? (нәрсенің алыс жақындығын күннің әсеріне байланысты түстердің өзгеруі)

  • Мүсіннің қандай түрлері бар?(монументальді және қондырғылы)

  • Түр, түс туралы қандай ғылым бар?(колористика)

  • Анималист жанры дегеніміз не? (Аңдардың, жануарлардың бейнесін салу)

  • Переспективаның түрлерін ата(жазықтық ауа, сызықтық, жарық, көлеңке)

  • Акварель бояуы қандай болады. (мөлдір, нәзік)

Жаңа сабақты түсіндіру.

-Ал енді, алдарыңда тұрған заттар жиынтығы бейнелеу өнерінің қай жанрына жатады?

- Кескіндеме өнерінің натюрморт жанры.

Кескіндеме өнерінің портрет, пейзаж, натюрморт т.б. жанрлары бар. Бүгін біз натюрморт жанрына тоқталамыз.

Натюрморт (Француз тілінде nature morte Өлі табиғат)- бейнелеу өнері жанрының бірі: қоршаған ортадағы бір құрылымға топтастырылған түрлі тұрмыстық заттар мен жеміс- жидектерді, өсімдіктерді, тағамдарды бейнелеу.



Натюрморт – жансыз заттармен әр-түрлі бейнеленген көркем сурет құралымен орындалған көркем шығарма болып табылады.



Натюрморт- қарапайым, күрделі болып екіге бөлінеді.

Қарапайым натюрморт екі, үш заттан аспайтын, күнделікті тұрмыста қолданылатын қарапайым заттардан, бұйымдардан тұрады.



Ал, күрделі натюрморт көптеген заттардың жиынтығынан құралады. Натюрморт алғаш рет ХYІІ ғасырдың басында Голландияда пайда болды. Суретші тұрмыстық ең бір қарапайым көрінісін бейнелеген мен қаншалықты сұлулықты поэзия таба алады. Жай нәрсенің өзінен елең еткізер сұлулық бабын білу суретшілердің төл мінезі болап табылады.



Қазақ суретшілері арасында Айша Ғалымбаеваның ұлттық натюрмортын, мың құбылта бояуларымен салған шығармаларын тамашалауға болады.



Сондай-ақ қазіргі кездегі қазақ суретшісі Ботакөз Ақанованың натюрмортын атап айтуға болады.





hello_html_m19c9bead.jpg







Сарамандық жұмыс.



Салынатын натюрморттың нұсқасы қойылады.

Қағазға орналастыру заңдылығы түсіндіріледі.

Суретті қойылған заттардың симетрия сызығын сызудан бастаймыз.

Қойылған әр заттың пішіні қандай геометриялық денелерге ұқсастығына талдау жүргіземіз.

Натюрмортты орналастырып болған соң артық көмекші сызықтарын өшіріп бояуға дайындаймыз.

Әр заттың түсіне сәйкестендіріп жарық көлеңкесін ажыратып бояймыз.

Сабақтың қортындысы:



Бүгінгі өткен сабағымызды қорта келіп мынындай жасырын әріптерді жабайық.(үш топқа берілетін тапсырма).



Әріптердің артынан мына сұрақтар жазылады.

  1. Түстерді зерттейтін ғылым? (түстану) Ж-әріпі.

  2. Күн сәулесіндегі барлық түстердің толқынды құралы? (спектр) А-әріпі

  3. Түр тапқыш тақтайша (политра)Р-әріпі

  4. Жаратылыстану ғылымына спектірді енгізген ғалым. (И.Ньютон) А-әріпі.

  5. Су бояуы (акварель ) Й-әріпі

  6. Хайуанаттардың суретін салатын суретші.(Аниморист) С-әріпі

  7. Адамның бет әлпетін бейнелейтін көркем шығарма (портрет) Ы-әріпі.

  8. Түстердің пайда болуын зерттеген ғалым. (Аристотель) Н-әріпі.

  9. Мата бетіне сурет салу қалай аталады? (Батик) Д-әріпі.

  10. Переспектива сөзінің мағанасы (латын сөзі perspicete тасдағыны көру, деген мағана). А-әріпі

  11. Кескіндеме өнерінің басты құрамы не?(түс). Р-әріпі



hello_html_67d37a3.jpg







hello_html_45032912.jpg







Үйге тапсырма:



Бейнелеу өнерінің жанрларын қайталау.

Есте сақтау қабілеттерін арттыру үшін натюрмортты аяқтау.

Оқушыларды бағалау .

Әр топтың жинаған ұпайлары бойынша бағалау.

Ашық сабақты қорыту.

Бүгінгі өткен сабағымызды қорыта келіп, тақтада ілулі тұрған сөздерге жауап беру арқылы бүгінгі сабақтан нені ұқтық, нені үйрендік соны білеміз.

Кері байланыс жүргізу

Автор
Дата добавления 13.05.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров74
Номер материала ДБ-079039
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх