Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Разработка урока на тему "Сыртқы құрылғыларды баптау. Бағдарламаларды орнату және өшіру. Жергілікті және ауқымды желілерді баптау"

Разработка урока на тему "Сыртқы құрылғыларды баптау. Бағдарламаларды орнату және өшіру. Жергілікті және ауқымды желілерді баптау"

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

«Қаржы академиясы» АҚ колледжі


«Есептеуіш техника және ақпараттық жүйелер» циклдік комиссиясы














«Операциялық жүйелер және қолданбалы бағдарламалар пакеті»

пәнінен ашық сабақ


Тақырыбы: Сыртқы құрылғыларды баптау. Бағдарламаларды орнату және өшіру. Жергілікті және ауқымды желілерді баптау.











Оқытушы: Муслиманова Г.К.













Астана2015

Сабақ түрі,өткізу үлгісі Жаңа білім; дағды және біліктілік беру сабағы


Сабақтың мақсаттары:

Білімділігі Оқушыларға сыртқы құрылғыларды баптау, бағдарламаларды орнату және өшіру, жергілікті және ауқымды желілерді баптау жайлы жалпы сипаттама беру

Дамытушылығы Оқушыларға пәнде не жайлы оқылатынын үйрету арқылы білімдерін, ойлау қабілетін, логикасын дамыту.

Тәрбиелілігі Оқушыларды сабырлыққа, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу


Әдістері: Түсіндірмелі әдіс


Сабақ жабдығы ДК,проектор, электронды дәріс


Пәнаралық байланыс Информатика


Сабақтың барысы және уақытының өлшемі

Сабақ кезеңдері

Кезең мазмұны

Уақыты

1

Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу, оқушылардың қатысуын және аудиторияның дайындығын тексеру, сабақ өткізу жоспары

5 мин

2

Білімдерін тексеру




Білім бағалау өлшемі

Жалпы сұрау.

    1. Жұмыс үстелі деген не?

    2. Файл деген не?

    3. Бума дегеніміз не?

5 баға жүйесімен

10 мин

3

Жаңа тақырыпты жеткізу әдісі

Түсіндірілетін сұрақтар тізімі

Ауызша, конспект арқылы

1)Сыртқы құрылғыларды баптау.

2) Бағдарламаларды орнату және өшіру.

3) Жергілікті және ауқымды желілерді баптау.

4) Қолданушының жазбасын есепке алу.

30 мин

4

Тақырыпты бекіту

Жалпы сұрау:

  1. Драйвер дегеніміз не? Ол не үшін қажет?

  2. Бағдарламаларды орнату жолдары?

  3. Бағдарламаларды өшіру жолдары?

  4. Протокол дегеніміз не?

  5. ТСР\ІР протоколының атқаратын қызметі қандай?

10 мин

5

Сабақ қорытындысы

Түсінік бере отырып, бағалау

3 мин

6

Үй тапсырмасы

Қолданылатын әдебиет

В.Яворский, А.Әміров Операциялық жүйелер, Астана, 2008

2 мин


Жаңа тақырыппен танысу


Драйвер- компьютер құрамына кіретін әртүрлі құрылғыларды басқаруға арналған арнайы программалар. Әрбір құрылғыға өзінің драйвері сәйкес келеді. мысалы, принтер драйвері, сканер драйвері, жүйелік картаның драйвері.

Компьютерге қосылған әр құрылғы драйвер көмегімен жұмыс жасайтын көрінеді. Мәселен, шина, юзби сияқты құрылғылардың драйвері Windows операциялық жүйесінде бірге жүруі мүмкін, бірақ бізге көбіне дыбыс картасы, видеокарта, чипсет құрылғысының драйверін өзіміз орнатуға тура келеді. Драйвер болмаған жағдайда, дыбыс шықпай, монитордағы терезені жылжытқанда қалқып жылжуы, желілік сымды қосқанда желіге қосылмай қою сияқты проблемалар орын алады.

Драйвер іздеудің жолдары әрине көп те шығар, бірақ практикада кездескен бірнеше жолын осында қарастыра өтсек:

1. Аналық тақшаның (мат. плата) қорабында бірге келетін драйвер дискісі көмегімен орнатуға болады. Кей жағдайда, дыбыс картасы мен видео карта аналықтақшаға орнатылған болып келеді. Тиісінше, олардың драйверін бір дисктен алып орната салуға болады. Бұндай орнатылып қойған құрылғылар әлсіз болып келетн көрінеді, мәселен видео карта жады 16-128 мб шамасы болуы мүмкін. Тек, әр компьютердің өз дискісінің драйверлерін ғана орнату керек.

2. Құрылығыны ІД арқылы іздеп орнату. Ол үшін: «Мой компьютер» үстіне тышқанның оң жағын шертіп, «Управление» ашу керек, кейін «Диспетчер устройств». Тізімдегі кез-келген құрылғының үстіне тышқанның оң жағын басып, «Свойства» кейін «Сведение» деген жерінде құрылғы ІД жазылып тұрады.

Сол ақпаратты көшіріп (ctrl+c) алып, интернеттегі іздеу жүйесі арқылы драйверді алуға болады. Оның жеңілдетілген түрін ұсынатын жақсы ресурс та бар: www.drp.su

Сонымен қатар, driver.ru сайты да жақсы сайт, әсіресе принтер драйверлерінің көбін осы сайттан алуға болады, ондағы тиісті ОЖ қатысты драйверді алуға болатын мүмкіндігі бар.

Осы құрылғылардың ішінде мысалы, сканерді орнатуға тоқталайық. Сканер - қағаз бетіндегі барлық ақпаратты компьютерге түсіру үшін қолданылатын құрылғы. Айта кететін нәрсе, сканер ақпаратты тек сурет күйінде түсіреді. Яғни, jpg, bmp, png секілді форматтарда.

Сканерді қолданбас бұрын оны кей жағдайларда алдымен драйверлерді орнатып алу қажет болуы мүмкін. Сондықтан іске кіріспес бұрын, қораптағы қолданушыларға арналған кітапшаны байыппен оқып шығыңыз. Драйверді орнату қажеттілігі болса, сканер комплектінде болатын дискті қосып драйверді орнатып алыңыз. Ондай қажеттілік болмаса, құрылғыны сенімді түрде компьтеріңізге жалғай беруіңізге болады. Әдетте, бұл үшін USB шнур қолданылады.

Компьютерде орнатылған барлық бағдарламалар Басқару панелінде Бағдарламаларды орнату және өшіру категориясында көрініп тұрады.


IPX/SPX протоколы.

IPX (Internet Package Exchange - желі аралық пакеттер алмасу) – желілік деңгейлі протокол, байланыс орнатуа бағытталмаған. (connectioneess). Ол белгілі бір орынға пакеттерді тасымалдаудың ең жақсы жолын іздеу және адрестеуді басқарады және пакеттерді маршруттауға жауап береді.

SPX (Sequenced Package Exchange – пакеттерді тізбектеп алмастыру) – байланыс орнатуға негізделген транспорттық деңгейдегі протокол. Желі бойынша берілгендерді тасымалдау алдында байланыс орнатуды қамтамасыз етеді.

  • TCP/IP протоколы 1972 жылы пайда болған. ІP протокол (Іnternet Protocol) — жүйеаралық өзара әрекеттердің протоколы. Ол пакетті адресіне жіберу және қажет пунктіне беру жолында тұрған бірнеше жүйелерден өту мүмкіншілігін жасауға жауапты протокол.Internet протоколы – желілік деңгейде жұмыс істейді. IP адрес арқылы желі аралық пакеттерді маршруттау спецификалары мен ережелер жинағын әртүрлі желілерге береді. IP протоколы локальді желі арасында және бөлек компьютер арасында байланыс орнатады.

TCP протоколы (Transmіssіon Control Protocol) — қателері бар пакеттерді автоматты түрде қайтадан жіберетін, мәліметтерді жіберетін басқару протоколы; бұл протокол жіберілген ақпараттарды пакеттерге бөлу, қабылдаушы пакеттеріндегі ақпараттардың дұрыс қалпына келтіруі үшін жауапты; OSI (ашық жүйелердің өзара әсерлесу моделі) модельдің транспорттық деңгейінде жұмыс істейді.

IP – байланыс орнатады, ал TCP – берілгендерді тасымалдау үшін жауап беруші бөлік ретінде қарастыруға болады.

Әрбір Интернетке қосылан компьютерлердің баалары бірдей, өте сирек кездесетін екі мекен-жайы: сандық ІP-мекен-жай (цифровой ІP-адрес) және символды домналық мекен-жайы (символический доменный адрес) бар. Мекен-жайды (адрестерді) таайындау мынадай схема бойынша жүргізіледі: Жүйелі ақпараттық Орталық халықаралық ұйымы локальды жүйелердің қожалары (иелеріне) мекен-жайлардың топтамасын береді, ал қаландары нақты мекен-жайларды өз еріктеріне бөледі.

ІP-компьютердің адресі, оның ұзындығы 4 байт. Әдетте бірінші және екінші байттар жиі адресін, ал үшінші байт жүйе бөлімшесінің мекен-жайын, ал төртіншісі – бөлімше жүйенің тармаының адресін анықтайды. ІP-ке ыңайлы бөлу үшін адрес нүктелермен бөлініп 0-ден 255-ке дейінгі төрт таңбалы сандармен жазылады, мысалы: 145.37.5.150. Жүйне адресі — 145.37; адрес жүйе бөлімшесінің — 5; компьютердің жүйедегі адресі — 150.

Сандық адрестен домендік (англ. domaіn — област), адрестің айырмашылығы оның символикалығында және оны адам есте жақсы сақтайды. домендік адрестің мысалы, barsuk.les.nora.ru. бұл жердегі домен barsuk — компьютердің анық атауы, өз ІP-адресі бар, домен les — өзі компьютерге берілген топтың атауы, домен nora les — доменіне атау берген өте ірі топтың атауы, және т.с.с. Домендік адрес мәліметтер жіберу процессінде ІP-адресіне өзгереді.

TCPP протоколы бойынша ақпараттарды жіберу схемасы мынадай:

  • ТСР протоколы ақпаратты пакеттерге бөліп, оларды нөмірлейді;

  • одан соң ІP протоколының көмегімен барлық пакеттер қабылдаушыға тапсырылады, сол жерде барлық пакеттердің қабылданғаны жайында ТСР протоколының көмегімен тексеріледі;

  • барлық пакеттер қабылданып болан соң ТСР протоколы оларды қажетті тәртіп бойынша орналастырады және бір тұтас етіп жинайды.

TCP/IP протоколының функционалдық схемасы:

Жергілікті желілерді пайдаланылатын программалық жабдықтарына қарай екіге бөлуге болады:

Біріншіден – арнаулы файл-серверлер бөлініп берілген желілер, бұлардың құрамындағы бір немесе бірнеше компьютерлерде арнаулы желілік операциялық жүйе іске қосылады. Олардың негізгі қызметі - әрбір жеке компьютер иесіне желі реурстарын пайдалануды қамтамасыз ету.

Екінші топ – бір рангілік желілер. Мұнда файл-сервер немесе баспа сервері ретінде пайдаланылатын жеке компьютер болмайды. Кез келген станцияда отырған адам өз компьютерін сервер ретінде пайдаланып, басқа компьютерлермен мәліметтер алмаса береді, құрылғыларын да ортақтастыру мүмкіндігі бар.


Ауқымды желілер топтамасы

Ауқымды желі – олардың ара қашықтығына ешбір шек қойылмайды. Әр түрлі мемлекеттердегі, айта берсек, әр құрлықтарда орналасқан компьютерлерді бір-бірімен байланыстыратын ауқымды желілер бар.

Егер басқа мекемеден мәліметтер алу жұмыстары жиі кездесетін болса, онда модем сатып алу, компьютердің ауқымды желілерінің біріне қосылу амалын қарастырған жөн.

Компьютерлерді ауқымды желімен байланыстыру үшін модем сатып алып, оны кез келген бір телефонға жалғау жеткілікті.

Ауқымды және жергілікті желілердің қолданылу мақсаттары әр түрлі, бұл екеуі де компьютерлік технологияның зор жетістіктері қатарына жатады.

Интернет (англ. Іnternet — жүйелер арасы) — дүние жүзіндегі ондаған мың жүйелерді біріктірген әлемдік алып компьютерлік жүйе. Оның қызметітілек білдірушіні кез-келген ақпаратпен үнемі қамтамасыз ету. Интернет шексіз ақпараттық ресурстар пайдалы мағлұмат, оқу, ойын ұсынады білетін адамдармен араласуға мүмкіндік туғызады, қашықтықтағы қызмет көрсетулерді, файлдарды электронды почта жіберуді және де басқа ақпараттық ресурстарды ұсынады. Интернет дүние жүзіндегі адамдарды бір-бірімен араласуы үшін жаңа, ешқандай баламасы жоқ тәсілдермен қамтамасыз етеді.

Жергілікті желінің ерекшеліктерінің бірі принтерлерді ортақ қолдану мүмкіндігі. Бұл жағдайда барлық желі үшін бір ғана принтердің болуы жеткілікті.


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-446263
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>